Иммунитет туралы



Кіріспе
Негізгі бөлім:
1) Клеткалық иммунитет
2) Гуморальдық иммунитет
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Имунитет дегеніміз, организмнің өзінің лимфоретикул жуйесі арқылы антигенге есте қалатын жауап беруі. Ол жауап организм реактивтілігін котеріп, сесибилизация берсе –оны оң иммунды реакция дейміз. Сүтқоректілірдің организміндегі соматикалық жасушалардың генетикалық тұрақтылығын иммунитет жүйесі қадағалайды. Осыған байланысты организмнің иммунитет жүйесін орагнзм құрамының ерекшелігін сақтайтын функционалдық жүйе ретінде қарайды. Арнайы иммунитет реакциялары кез-келген генетикалық бөгде хабарды тасымалдаушыларға қарсы: індет агенттеріне, ісік жасушаларына, тегі бөтен жасушаларға, бөгде ақуыздарға, полисахаридтерге және басқа агенттерге қарсы жүреді. Иммунитет жүйесінің мүшелік, жасушалық және молекулалық негіздері бар. Иммундық жүйе екі бөлікке бөлінген - гуморальдық иммунитет жүйесі және жасушалық иммунитет жүйесі. Иммундық жүйе – морфофункционалдық жүйенің бүтіндігі болып табылатын, ағзаның ішкі ортасындағы антигендік тұрақтылықты қадағалайтын , миграция және рецикуляция жолдарымен байланысатын арнайы лимфоидтық мүшелер мен тіндердің өзара жиынтығы.
1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Жалпы иммунология», Алматы, 2008
2. К.А. Жуманбаев «Клиникалык иммунология жэне аллергология», Караганды, 2008

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Аграрлық факультет

СӨЖ
Тақырыбы: 1. Клеткалық иммунитет.
2. Гуморальдық иммунитет

Орындаған:Бейсембаев А
Топ:Вс-403
Тексерген: Нуркенова М.К

2015
Жоспар
* Кіріспе
* Негізгі бөлім:
1) Клеткалық иммунитет
2) Гуморальдық иммунитет
* Қорытынды
* Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Имунитет дегеніміз, организмнің өзінің лимфоретикул жуйесі арқылы антигенге есте қалатын жауап беруі. Ол жауап организм реактивтілігін котеріп, сесибилизация берсе - оны оң иммунды реакция дейміз. Сүтқоректілірдің организміндегі соматикалық жасушалардың генетикалық тұрақтылығын иммунитет жүйесі қадағалайды. Осыған байланысты организмнің иммунитет жүйесін орагнзм құрамының ерекшелігін сақтайтын функционалдық жүйе ретінде қарайды. Арнайы иммунитет реакциялары кез-келген генетикалық бөгде хабарды тасымалдаушыларға қарсы: індет агенттеріне, ісік жасушаларына, тегі бөтен жасушаларға, бөгде ақуыздарға, полисахаридтерге және басқа агенттерге қарсы жүреді. Иммунитет жүйесінің мүшелік, жасушалық және молекулалық негіздері бар. Иммундық жүйе екі бөлікке бөлінген - гуморальдық иммунитет жүйесі және жасушалық иммунитет жүйесі. Иммундық жүйе - морфофункционалдық жүйенің бүтіндігі болып табылатын, ағзаның ішкі ортасындағы антигендік тұрақтылықты қадағалайтын , миграция және рецикуляция жолдарымен байланысатын арнайы лимфоидтық мүшелер мен тіндердің өзара жиынтығы.

Жасушалық иммунитет -- не антиденелер, не комплемент жүйесі қатыспайтын иммундық жауап қайтару түрі. Жасушалық иммунитет барысында макрофагтар, табиғи киллерлер, антиген тәрізді цитотоксикалық Т-лимфоциттер және антигенге жауап ретінде цитокиндер бөлінеді. Иммунды жауап - антидене түзу және сезімталдығы күшейген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етіп,бөтен антигендерді танып, жойып жіберу. Иммундық жауапқа қатысатын клеткалардың әртүрлі папуляциясы генетикалық және функциялық ерекшелігімен сипатталады. Олардың үстіңгі айырмашы маркерлеріне қарай жіктелу классификациясы СД қолданады. СД1маркерлі клетканың түрі - Т-лимфоцит қызметі: антигенді ұсынуға қатысады. СД8 маркерлі клетканың түрі - Т-лимфоцит. Қызметі: цитотокцикалық Т-лимфоциттердің маркері, тимуста ГКСпен жіктелген. СД25 маркерлі клетканың түрі - Т-В-NK-клетка, тимоциттер, макрофагтар. Қызметі: рецептор ИЛ-2 мен белсендіретін пролиферация шақыратын. СД19,20,21 маркерлі клеткаларының түрі - В-лимфоцит. Қызметі: В-лимфоциттдің белсендіруі мен реттеуі үшін.Практикада иммунды жауапқа қатысатын клеткалардың үстіңгі маркерлерін айыру үшін арнайы моноклональды антиденелер қолданады. Клетқалық иммунды жауаптың негізі - лимфа бездеріндегі Т-хелперлердің (СД4) макрофагтарда өңделген антигендерді мембранасына шығарып БГС II-класы молекуласымен қосылып берілген антигенді тануы.
Оның әсерінен хелперлердің жаңа клондары көбейіп, антиген спецификалық Т-клеткалары пайда болады да магрофактардың бактерицидтілігі және цитоксикалық функциясы белсенеді. Клеткалық иммунитет жауабы Т-лимфоциттердің белсенділігімен жүреді. Олардың бір бөлігі антигенге тікелей әсер етеді(Т-киллер), ал басқалары медиаторлар(лимфокиндер) арқылы байланысады.
Иммуналогилық төзімділіктің механизмі.
Иммуналогиялық төзімділік дегеніміз - белгілі антигенмен кездесу нәтижесінде түзілген, осы антигенге арнайы же осы антигенге жауап беретін лимфоциттердің клонның болмауымен сипатталады. Тимуста аутореактивті клондардың теріс сұрыпталу нәтижесінде жойылатынының молекулярлы механизмдерін анықтайды. Сондай ақ В-лимфоциттерінде аутореактивті клондары сүйек кемігінде өледі. Иммундық жүйенің шеткі мүшелерінде жұмыс атқаратын реттегіш механизмдер анықталады. Бұл механизмдердің бұзылыстары төзімділіктің бұзылуына же аутоиммунды аурулардың пайда болуына әкеледі. Шеткері механизмдерге антиген таныстырушы жасшалардың қызметі жатады. Бұл жасушалар қалыпты жағдайда Т - хелперлердің негізгі костимуляторы болып табылатын В7 ақуызын синтездейді. 2 ші шеткері механизмге аутореактивті клондардың жұмысын басатын супрессор - клткаларының қызметі жатады.Супрессор клеткалар СД8+ Т супрессордан басқа,Тх1 және Тх2 жасушалар жатады. 3. Шеткері мүшелерде имунологиялық төзімділіктің сақталуына антидиотипті антиденелер қалыптасады. 4. Соңғы кездері аутореактивті Т киллердің клондарының аутоантигендерді анықтау кезінде апаптоз нәтижесінде жойылуына назар аударады.
Жасушалық иммунитет реакциялары тимустан шығатын Т-лимфоциттермен іске асады. Тимуспен Т-лимфоцит жасушалық иммунитет жүйесін, басқаша айтқанда Т-жүйені құрайды. В-жүйенің қызметін Т-жүйе қадағалайды. Т-жүйенің орталық мүшесі айырша без, шеткісі - көк бауырдың, лимфа түйіндерінің және басқа лимфа шоғырларының Т-тәуелді аймақтары.

Айырша без (тимус)
Тимус тегі бойынша ескі лимфоидтық орган. Ол лимфа жүйесін түзіп, оның қызметін реттеп, иммунитет жүйесін дамытуға әсер етеді. Тимус қыртысты және милы қабаттардан тұратын бөліктерден құралады. Қыртыс денесінің негізі жұлдызша тәрізді эпителиалдық жасушалардан тұрады. Қыртыс қабатта негізінен иммунитеттен хабарсыз, жоғары митоздық белсенділігі бар лимфоциттер болады. Милы дененің стромасы жақсы дамыған эпителиалдық жасушалардан тұрады. Онда лимфоциттер саны көп емес. Сонымен қатар милы қабатта ретикулярлы жасушалар, макрофагтар, Гассаль денелері болады. Гассаль денелері мен жұлдызша жасушаларда синтездік және секреторлық процестер қатты жүретіні гистохимия әдістерімен дәлелденіп отыр. Оларда биологиялық белсенді заттар, сонымен қатар, тимус гормондары синтезделеді. Тимус - эндокриндік мүше. Тимус гормондары кальций, фосфор метаболизміне, глюкоза алмасуныа, бұлшық ет тонусына, өсу және жыныстық жетілуге әсер етеді. Дегенмен, айырша бездің негізгі эндокриндік қызметі - иммуногенезді реттеу. Оның үстіне тимус гормондары лимфоцит дамуын айырша бездің өзінде ғана емес, одан сырттай, шеткі иммунитет мүшелерінде дамуын да қадағалай отырып сүйек кемігіндегі бастаушы преТ-лимфоциттердің дифференциялануына әсер етеді. Тимус гомондарының екі түрі бар: Тимопоэтиндер - тимустық қыртысты қабатындағы жетілмеген Т-лимфоциттердің дамуына әсер етеді. Тимозин және оның аналогтары - айырша бездің ішіндегі Т-лимфоцит дамуын және олардың шеткі мүшелердегі жетілу процесін қадағалайды. Осы гормон жақсы зерттелген, молекулалық салмағы төмен, құрамында глютамин және аспарагин қышқылы, аминқышқылдары көп полипептид, Т-лимфоциттерге әсер ету механизмді циклді нуклеотидтермен (цАМФ және цГМФ) әрекеттесуге негізделген. Тимозин таза күйінде жеңіл бөлініп алынады. Дәрі ретінде қолданылатын аналогтары тимозин, тимактивин деп аталады. Тимопоэтин мен тимозиннен басқа айырша безде иммунохабардар жасушалардың айналымына, дамуына, көбеюіне әсер ететін бірқатар гуморалдық факторлар синтезделеді. Олардың қатарына тимустың гуморалдық факторы, сарысудың тимустық факторы, тимустық гомеостатикалық гормон, т.б. жатады. Тимус құрылысының морфологиялық ерекшелігі бойынша оның әр аймақтарының кіші бөліктерінің ішкі ортасы әртүрлі. Лимфоциттерге әртүрлі әсер жасай алады. Нәтижесінде осы жасушалар әртүрлі гормондық әсер алып, қызметі жағынан әртүрлі Т-лимфоциттер субпопуляциясы құралады. Гемато-тимикалық кедергінің арқасында айырша без басқа мүшелер мен жүйелер әсерінен бөлектенген. Бұл кедергі тамыр эндотелиінен, тимусденесінің эпителиінен және олардың арасындағы жіңішке талшықты дәнекер ұлпадан құралады. Осы кедергінің арқасында жасушалар мен бірқатар қомақыт молекулалар қан тамырынан тимус ұлпасына өте алмайды. Жаңа туған баланың айырша безінің салмағы дене салмағынан 1300 бөлігіне тең. 1 жастан 3-ке дейін тимус салмағы өсіп, онан әрі жеткен қалпында тоқтайды. 20 жастан бастап біртіндеп семе бастайды. Ол процесс негізінде қыртыс қабатында жүреді. Кәрі адамда толық жойылады десе де болады, бірақ семген заты сақталады. Тимустың иммунитеттік жасушалық жүйесінің орталық мүшесі екендігі айырша безі алынып тасталған жануарларда тәжірибе жүзінде дәлелденген.
Т-лимфоциттер дифференциялануы
В-лимфоциттер секілді Т-лимфоциттер де сүйек кемігінің көпқабілетті бағана жасушаларынан шығады. Сүйек кемігінде жартылай бағана жасушалардың бастапқы жасушалары пайда болады. Олар айырша безге өтіп оның қабық қабатына орналасады (1 сурет). Онда олар тимус гормоны - тимопоэтиндер әсерімен Т-лимфоциттерге айналады. Бұл жасушалар Т-лимфоциттердің негізгі белгісін Ө-антигенін қабылдайды. Бұл антиген тимустан тараған лимфоциттердің бәрінде болады, ал В-лимфоциттерде кездеспейді. Т0-лимфоциттер жылдам алмасып тимустың өзінде біразы жойыла бастайды. Олар иммунохабарсыз Т-митогендер әсерін қабылдамайды (Т-лимфоциттердің көбеюін іріктеп жүргізетін заттар: конкавалин А, фитогемаглютинин). Айырша бездің қатпарлы қабатындағы Т0-лимфоцит тек аз ғана бөлігі тимус гормоны тимозиннің әсерімен Т1-лимфоциттерге айналады. Т-лимфоциттер айырша без мезенхимасында орналасып тимустағы жасушалрадың 5-7% ғана құрайды, алайда оның бар иммунокомпетенттігін қамтамасыз етеді. Т1-лимфоциттер Т-митогендер әсеріне қабылдай алады. Қан мен лимфа ағымымен Т1-лимфоциттер шеткі лимфоидтық мүшелердің Т-тәуелді аймағына барып орналасады. Онда әбден жетіліп иммунохабардар Т2-лимфоциттерге айналады. Көк байыр мен лимфа түйіндерінен шыққан Т-лимфоциттер, қан мен лимфаға өтіп бүкіл дене бойын аралап жүреді, осылай иммунитеттік бақлауды іске асырады. Т2-лимфоциттер ұзақ өмір сүре алатын жасушалар, 4-6 ай бойы қызмет жасайды. Т-митоген әсерінен жақсы қабылдайды. ФГА реакциясы шеткі қан айналымында жүретін Т-лимфоциттердің функционалдық қабілетінің тесті болып табылады. Т1 және Т2-лимфоциттер антигенмен кездескенге дейін әртүрлі қызмет жасауға бейімделеді: бір бөлігі антигенмен әсерлесетін жасушаларға (Т2) икемделген, екінші бөлігі Т-лимфоцитттердің субпопуляцияларының тегін береді (хелперлердің, супрессорлардың, киллердің). Олар негізінен Т-лимфоциттер. Антигенмен әсерлесетін жасушалар (АӘЖ) антигенді алғаш танып айыруға (антиген организмге енгенде) қатысады. АӘЖ жасушалар антигенді "бөтен" деп тапса АӘЖ белсеніп Т-Т-хелперге айналады. Антигенді тану процесінде АӘЖ - дың антиген танығыш рецепторлары тимустәуелді антигеннің таратушысының антиген детерминантының ансамблімен әрекеттеседі. Т-Т-көмекшілер медиаторлар көмегімен реакцияға Т-лимфоциттер субпопуляциясын лимфоциттер пре-жасушалардың екінші түрін түсіріп, олардың дамуына қолдау жасайды. Т-Т-көмекші бөліп шығаратын медиатордың әсерімен бастапқы жасушалар белсеніп, сезімталданған Т-лимфоциттерге айналады. Антиген организмге қайта енгенде осы жасушалар оны өздері айырып танып, қарқынды түрде көбейіп, керекті қызметтерінатқарады. Т-жасушалардың негізгі қызметіне: антигенді айырып тану, нысана-жасушаларға әсер ету, иммунитет жауабын реттеу, иммунитеттік қапер, иммунитеттік төзімділікті түзу жатады.

Антигенді айырып тану
Антигенді айырып тану макрофаг, Т, В-лимфциттер кооперациясы кезінде жүреді. Антидене синтезделу үшін В-лимфоцит екі сигнал алу керек: арнайы және өсіргіш (пролиферативті). Бұл гуморалдық иммунитет реакциясының қажетті шарты болып табылады. Арнайы сигналды В-лимфоцит антиген детерминантасымен әрекеттескенде қабылдайды. Ол антиген өзгешелігін қамтамасыз етеді. Ал В-лимфоциттерді көбейтетін сигналды антиген детерминантасының тасымалдаушысын айырып таныған Т-лимфоциттен алады. Осы процесте антигенді қорытып шығаратын макрофагтар зор роль атқарады. Олар Т-лимфоцитке антигенді тануға көмектеседі. Қазіргі кездегі тұжырым бойынша макрофаг антигенді айырып, қорытылмай қалған бөлігін суперантиген күйінде мембранасына шығарады. Сол антигенді Т-лимфоцит айырып таниды. Макрофаг бетіне шыққан антиген 1а-ақуызбен қосылысатыны эксперимент жүзінде дәлелденген. Т-лимфоциттер жасушалардың тегі өзгермеуін қадағалай отырып түрі өзгерген гистосәйкестіктің антигендерін айырып таниды, сол кезде медиатор бөліп шығарып Т-В-хелпердің көмегімен В-лимфоциттердің көбеюіне нұсқау береді, ал олар антидене жасап шығарады. Антигенннің химиялық құрамына байланысты және оның әртүрлі гистотіркестіктің антигендерімен әсерлесуіне байланысты, Т-лимфоциттердің белгілі бір субпопуляциясы дамып саны көбейеді. Егер негізінен Т және В-хелперлер көбейіп дамыса, онда иммунитет жауабында антигенге қарсы антидене синтезделеді. Т-жасушалардың әрбір субпопуляциясының қызметі плазмалық мембранасында орналасқан арнайы антигенмен әрекеттесетін рецепторларының көмегімен антигенді айырып танумен байланысты. Бұл рецепторлардың химиялық құрамы әлі күнге дейін белгісіз. Т-лимфоциттердің антиген байланыстыратын рецепторларының 4-түрлі сипаттамасы бар: Т-лимфоцит мембранасының бетінде орналасады; Антиген тасымалдаушымен арнайы әрекеттеседі; Сол жасушаның өзінде синтезделеді; Антигенмен әрекетке түскенде өз жасушасын белесндіріп қызметін күшейтеді Т-жасушалардың барлық субпопуляцияларының антиген байланыстыратын рецепторлары болғанмен де, олар антигенді әртүрлі айырып таниды, сонымен қатар В-лимфоциттер секілді клондарға бөлінеді, олар әртүрлі антигендермен әрекеттеседі. Ол Т-жасушалардың субкластарын радиоактивті заттармен өлтіруімен тәжірибе жүзінде дәлелденеді. Радиоактивті тимидинмен белгіленген лимфоциттердің өлімі лимфоциттер популяциясының ішінен сол антигенге қарсы Т-киллер мен Т-қапер жасушалары іріктеп істен шығарады. Аман қалған кіші лимфоциттер сол антигенмен әсерлеспейді, бірақ басқа антигенмен байланысқа түсе алады. Бұл басқа антиген ерекшелікті клондар аман қалғанын көрсетеді. Т-лимфоциттермен антигенді айырып тану генетикалық түрде тағайындалған. Антигенді айырып танудың генетикалық қадағалануы арнайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфекциялық иммунология негіздері.
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Иммунитет туралы түсінік
Өсімдіктің иммунитетінің ерекшелігі
Иммунитет. Иммунитет түрлері жайлы
Жануарларды иммундеу әдістері
Иммунитеттің әлсіреу себептері
Вирустардың органимге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Өсімдіктің жасанды иммунитеті
Пәндер