Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау.

Тексерген: Жайлаубаева А. Р

Орындаған: Жакенова Г. Е.

Тобы: ВМ-401

2015-2016 оқу жылы

Семей қаласы

Жоспар

Кіріспе.

1. Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді анықтау.

2. Қанның сарысуындағы фосфорды анықтау.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қан плазмасы (қан сарысуы) - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі.

Ол организмнен тыс ұйыған қаннан бөлініп алынады. Күрамы жағынан қан плазмасына ұқсас, бірақ сарысуда фибриноген болмайды. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты - қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок) ; 0, 12% глюкоза; 0, 7% май; 0, 9% тұз болады. Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферменттергормондар бар. Плазмадағы нәруыздар (7-8%) 3 топқа бөлінеді: альбуминдер (4, 5%) ; глобулиндер (1, 7-3, 5 %) және фибриногендер (0. 4) . Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады. Құрамында фибриноген нәруызы болмайтын қан сарысуы сарысу деп аталады . Қан сарысуы мен сарысудың айырмашылығы: қан сарысуы қаннын сұйық бөлігі, ал сарысу ұйыған қаннан кейінгі сұйықтық (қан ұйығының сығындысы) . Альбумин мен глобулин нәруыздары жасушадағы су мен денедегі сұйықтықты реттеуге қатысады. Минералды калий, кальций, магний тұздары болады. Нәруыздар қан ұюына қатысып, плазмаға жабысқақтық қасиет береді.

1. Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді анықтау.

Кальцийді анықтауға арналған реактивтер: (бидистилденген суда дайындап, полиэтиленді шөлмектерде сақтайды) : КОН 0, 1 н ерітіндісі; индикаторлық сұйық (1 г флуорексон және 100 г натрий нитраты) ; 0, 1 М трилон Б ерітіндісі (37, 21 г трилон Б және 1 л дейін су) ; 0, 001 М трилон Б ерітіндісі (1 мл 0, 1 М трилон Б ерітіндісі және 100 мл дейін су) : кальцийдің негізгі стандартты ерітіндісі (24 сағат аралығында 100-120 0 С-та кептірілген химиялық таза СаСО 3 2, 497 г + 8 мл концентрленген НСІ және 1 л дейін су) ; кальцийдің стандартты жұмыс ерітіндісі (1 мл кальцийдің негізгі ерітіндісі және 9 мл су; 1 мл ерітіндіде 0, 1 мг кальций болады) .

Қан сарысуындағы жалпы кальцийді анықтау (Вичев және Каракашов әдісі бойынша) . Пробиркаға 1 мл КОН 0, 1 н . ерітіндісін және индикатор сұйықтығының бірнеше үгіндісін салғанда, ақшыл-қызыл түсті сұйық пайда болады. Егер жасылдау флюоресценция пайда болса (ерітіндіде кальций қалдықтары болғандықтан), онда трилон Б 0, 001 М. ерітіндісімен ақшыл-қызғылт түске дейін титрлейді. 0, 1 кальцийдің стандартты жұмыс ерітіндісін косады, нәтижесінде жасылдау флюоресценция пайда болады. Трилон Б 0, 001 М. ерітіндісімен ақшыл-қызғылт түске боялғанға дейін титрлейді. Соңында пробиркаға 0, 1 мл зерттелінетін қан сарысуын құяды. Флюоресценция пайда болғаннан кейін трилон Б 0, 001 М. ерітіндісі мен оның түсі жойылғанша титрлейді.

Есептеуді мына формуламен жүргізеді:

20150926_140803-1

Мұндағы Х-зерттелінген қан сарысуындағы кальций мөлшері, 100 мл/мг; А-қан сары суын титрлеуге жұмсалынған трилон Б 0, 001 М ерітіндісі мөлшері, мл; Б-кальцийдің стандартты жұмыс ерітіндісін титрлеуге жұмсалынған трилон Б 0, 001 М ерітіндісінің мөлшері, мг; 0, 1-зерттеуге алынған қан сарысуының мөлшері, мл; 100-100 мл қан сарысуындағы кальций мөлшерін есептеуге арналған коэффициент.

Кальций мөлшерін мына формуламен де анықтайды, (ммоль/л) :

20150926_140814-1

Мұндағы Х-қан сарысуындағы кальций мөлшері, ммоль/л; 1000-мл литрге аударуға арналған коэффициент; 40, 08 - кальцийдің салыстырмалы молекулярлық салмағы.

Сау малдардың қан сарысуындағы жалпы кальций мөлшері мына аралықтарда болады (100 мл/мг) ; ірі қарада - 9, 5-13, 5; қойда - 9, 5-13, 5; ешкіде - 11-13; жылқыда - 10-14; шошқада - 10-14; итте - 10-12, 5; тауықта - 15-27.

Қалыпты жағдайда қан сарысуындағы кальций мөлшері мынадай болады: (ммоль/л) ; ірі қарада - 2, 38-3, 38; тауықта - 3, 75-6, 75; қойда - 2, 38-3, 38; ешкіде - 2, 75-3, 25; жылқыда - 2, 5-3, 5; шошқада - 2, 5-3, 5; итте - 2, 5-3, 13.

Қан сарысуындағы жалпы кальций мөлшерінің азаюы (гипокальцемия) ашыққанда, рахитте, остеодистрофияда, остеофлюорозда, уремияда, гломерулонефритте және бүйректің басқа созылмалы ауруларында, төлдегенннен кейін парез болғанда, бронхопневмонияда, экссудаттивті плевритте, қан аздықта, лейкозда, сусамырда, жіті түрде өтетін зілді ауруларда, созылмалы сепсисте, тетанияда, қалқанша маңы безі жетіспеушілігінде (гипопаратиреозда), жіті панкреатитте, лейшманиозда, жұқпалы плевропневмонияда және басқа ауруларда байқалады.

Жалпы кальций мөлшерінің көбеюінің (гиперкальцемия) себептері алиментарлық остеодистрофияда, деформациялық артритте, гипервитаминозда, остеомада, гиперпаратиреозда, дентофлюорозда, жүрек ақауларында, перитонитте, гангренада (шіруде), сарғаю байқалатын және тағы басқа ауруларда кездеседі.

2. 2. Қанның сарысуындағы фосфорды анықтау.

Фосфорды анықтауға арналаған реактивтер : үш хлорлы сірке қышқылы; молибденді реактив (5 г аммоний молибдатынан және 60 мл дистильденген судан тұратын, 15 мл концентрленген Н 2 SO 4 және 25 мл дистильденген суда жасалынған ерітінділерді араластырып дайындайды) ; НСІ 0, 1 н. ерітіндісінде жасалынған 1 % аскорбин қышқылы; фосфордың негізгі стандарт ерітіндісі (эксикаторда Н 2 SO 4 үстінде тұрақты салмағына дейін кептірілген 4 , 394 г КН 2 РО 4 және 1 л дистильденген су) ; фосфордың стандартты жұмыс ерітіндісі (2 мл негізгі ерітіндісі және 100 мл дейін дистильденген су + 20 мл 20 % үш хлорлы сірке қышқылы ерітіндісі; 3 мл ерітіндіде 0, 05 мл фосфор болады) .

Қан сарысуындағы бейорганикалық фосфорды анықтау (Аммон және Гинсберг әдістері бойынша С. А. Ивановскийдің модификациялауымен) . Анықтауды екі сатылы жүргізеді.

Бірінші сатысы - белоктарды тұнбаға шөктіру. Центрифугалық қондырғыға 3 мл дистильденген су, 1 мл зерттелінетін қан сарысуын және 1 мл 20 % үш хлорлы сірке қышқылын құйып, мұқият араластырады. 5 минут уақыт өткеннен кейін 15 минут аралығында минутына 3000 айналымда айналдырады (немесе күлсіз сүзгі арқылы өткізеді) .

Екініші сатысы - түсті реакция. Пробиркаға (тәжірибе) 2, 5 мл мөлдір центрифугатты (немесе сүзгіден өткен сұйықты), 0, 5 мл молибден реактивін, 1 мл 1 % аскорбин қышқылын және 6 мл дистильденген су құяды. Бір уақытта басқа пробиркаға (стандарт) 3 мл фосфордың стандартты жұмыс ерітіндісін, 0, 5 мл молибден реактивін, 1 мл 1 % аскорбин қышқылын және 5, 5 мл дистильденген су құяды. 10 минут уақыт өткеннен кейін екі пробиркадағы сұйықтарды жасыл түсті сүзгімен ені 10мм кюветтерде колориметрлейді.

Есептеуді мына формуламен жүргізеді:

20150926_140830-1

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау жайлы
Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау туралы
Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау жайлы ақпарат
Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау туралы ақпарат
Жануарлар қанындағы гемоглобиннің жалпы мөлшері
Ветеринарлық медицина мамандығы бойынша зертқаналық - практикалық сабақ өткізудің әдістемелік нұсқаулары
Остеодистрофия
Аскорбин қышқылының ертіндісі
Биохимия лабораториясы
Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz