Кәсіпорындардың өнім сапасы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті

«Геодезия және Құрылыс» кафедрасы

«5В072900 Құрылыс» мамандығы

«Құрылыстағы экономика және менеджмент» пәні

СРО №2

Тақырыбы:

Кәсіпорындардың өнім сапасы

Орындаған: Үмыткаров Е. Ж.

СТ - 217

Тексерген: Габдуллина Л. Б.

Семей

2015

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Құрылыс кәсіпорынындағы еңбек өнімділігін арттырудың жолдары . . . 4

Құрылыс кәсіпорынында еңбекақы төлеу жүйесінің ерекшеліктері . . . 7

Құрылыс кәсіпорынындарының өнімдеріне баға белгілеу ерекшеліктері . . . 9

Құрылыс кәсіпорынындарының өнім сапасын анықтау және арттыру жолдары . . . 13

Қорытынды . . . 15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 16

Кіріспе

Кәсіпорын - бұл дербес шаруашылық жүргізетін бірлік, меншігінде бар еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарын өңдеп, тұтынушыларға қажет дайын өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін, кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды құру келісім шарты негізінде жұмыс істейді.

Жалпы, өндіріс, өнімді шығару кез-келген экономиканың негізін құрайды. Ал өнімді шығаратын немесе жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін кәсіпорындарды мемлекет экономикасының, халықшаруашылық комплексінің негізгі буындары ретінде қарастыруға болады. Кәсіпорындар қаншалықты тиімді жұмыс жасауы олардың қаржылық жағдайының тұрақтылығымен жалпы мемлекеттің индустриалды қуаттылығы және экономикалық сауаттылығы анықталады. Ал кәсіпорындардың жұмысы, тиімді әрекет етуі оның құрылымына, кәсіпорынды құрайтын бөлімшелер мен бөлімдердің арақатынасын дұрыс ұйымдастыруына, жұмыскерлер арасында қызметтерді, жұмыстарды тиімді бөлуіне байланысты болады. Яғни кез-келген кәсіпорын тиімді қаржылық-шаруашылық қарекеті үшін оның дұрыс ойластырылған құрылымы болуы керек.

Казіргі таңда Қазақтан Республикасының нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде кәсіпорындардағы ұйымдастыру мәселесі өте маңызды болып келеді. Меншік фирмалары өзгеріп оларға сәйкес кәсіпорындардың құрылымдары да өзгеруде.

Нарықтық экономика уақытында кез-келген кәсіпорын, ұйымның басты мақсаты пайда табу болып табылады. Яғни құрылым жасағанда нарық талаптарын, фирма мақсаттары мен міндеттерін есепке алып, оларға негізделу қажет.

Кез-келген кәсіпорын тиімді әрекет жасауы үшін оның дұрыс ойластырылған, өз мақсаттары мен міндеттеріне сай құрылымы болуы тиіс. Кәсіпорынның жалпы құрылымын өндірістік және ұйымдастырушылық болып бір-бірін толықтыратын екі құрылым етіп корсетеді. Құрылымдардың әрқайсысы басқару объектісің құрылымын әр түрлі жақтардан сипаттайды.

  1. Құрылыс кәсіпорынындағы еңбек өнімділігін арттырудың

жолдары.

Қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдардың әлемдік нарықтағы отандық өнеркәсіптердің бәсекеге қбілеттілігін арттыру мақсатында, нарықтық экономикасы дамыған шет елдердің тәжірбиесін қарастырған жөн.

Нарықтық экономикаға өту жоғарғы сапаға жеткен әлемнің жетекші фирмаларының тәжірбиесін зерттеу қажеттілігін негіздейді. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің жетекші фирмалары сапаға жету үшін барлық қызмет алға қойылған белгілі бір мақсатқа бағытталуы керек деп есептейді. Сапаны арттырудағы негізгі рөлді тұтынушылардың талаптары мен тұтынушының бағалауларындағы қателіктері ақпараттар алады.

Бірқатар елдерде жүргізілген зерттеулер бойынша сапаға аз көңіл аударған компаниялар уақыттың 60 пайызын ақауларды жөндеуге кетендігін көрсеткен.

Сапаны арттырудың мәні Жапония мысалында жақсы көрінеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өнеркәсіптері артта қалған, техникасы тозған, өндірген өнімнің сапасы өте төмен Жапония еліне ұлт ретінде жойылып кету қауіпі туды. Өнеркәсіпшілер өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын іздестірумен белсенді айналысып, Жапондық басқарушылар бүкіл әлем бойынша тәжірбиелерді зерттеген. Сондай-ақ АҚШ және Еуропа елдеріндегі жетекші өнеркәсіптік фирмалардың жетекшілерімен кездесіп, тиімді жақтарын қарастырған. Жапондық басқарушылар сапаны статистикалық бақылау және сапаны кешенді басқару ұғымдарына көп көңіл аударған сонымен қатар әр түрлі елдердің тәжірбиесін зерттей оырып, өнім сапасы мен өз жұмыскерлеріне жоғарғы талаптар қойылған.

Қорытындысында, Жапон елінде сапаның жапондық стандарттары және «Сапа мәдниеті» деп аталатын түсінік пайда болған. «Сапа мәдениеті» - өндірістік операциялардың орындалу сапасынан және қызмет көрсету сапасынан тұратын кешенді түсінік. Осылайша Жапония кәсіпорынның іс - әрекетінің жаңа әдістемесінің бастамасы болып, сапаны жалпылай басқаруға көшті. Бұл жаңа жүйе микродеңгейден басқа өнім өткізу нарығын бақылау, нарықтық коньюктураны талдау, сатудан кейінгі қызмет көрсетуден тұрады. Сапаны жалпы басқару тұтынушылар сұранысының өнім сапасына ықыласын күшейтті және сапа меннджер жұмысын бағалау критерилерінің санына кірді. Сондықтан компания менеджерлері сапаға басқарудың бір кезеңі ретінде қарамай, үлкен мән берді.

1950 жылыдың соңында, АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде сапаны бақылаудың әр түрлі формалары пайда болды. Солардың бірі нөлдік дефекті немесе дефектісіз еңбек аталған болатын. Мұндай қолданылған шаралар, материалды және моральды ынталандырулар қызметкерлердің өз жұмысын ақаусыз, сапалы орындауына алып келеді.

1950 жылдары Жапонияда сапа үйірмелері белсенді қызмет етті. Сапа үйірмелері сапаны және қызметкерлерді басқарудың жапондық тәжірбиесі мен тұжырымдамасынан пайда болды. Сапа үйірмесі іс әрекетінің маңызды формасы шеберлер мен жұмыскерлерді оқыту болды. «Шебер үшін сапаны бақылау» деп аталатын журнал шығарыла бастады. Бұл үйімелердің негізгі мақсаттары:

- Кәсіпорынның дамуына және өндірісті жетілдіруге үлес қосу;

- Адамға құрмет көрсету кезінде, жұмыс орнында қуанышты жағдай құру;

Адам қабілетін оятуға және оның шексіз мүмкіндіктерін анықтауға қолайлы жағдай жасау. Мұндай сапа үйірмелерінің саны Жапонияда 1965 жылы 3700-ге жетті. Жапондық сапаны басқару жүйесіндегі функцоналдаудың ерекше сипаттамасы дефектісіз еңбек әдісімен кәсіпорын қызметкерлерін жан жақты оқыту, технологияны сақтауды қатаң тексеру, өнім сапасын басқарудағы жұмысшыларды сапаны жақсату іс - шараларына тарту болып табылады. Соңғы жиырма жыл ішінде өнімнің сапасын жақсарту бойынша Жапонияны тәжірбиесіне көңіл ауғаны белгілі. Олардың тауарлары жоғары сапалығымен, американдық және батыс еуропалық тауарларынан анағұрлым төмен бағасымен ерекшеленеді. Сонымен Жапонияда сапаға деген көз қарас келесідей:

  • Басқару және технология облысындағы ғылыми өңдеулердің

кең қолданысы;

  • Өз фирмасына деген патриоттық тәрбие;
  • Барлық басқару операцияларында өндірісті талдау мен бақылауда компьютеризацияның жоғарғы дәрежесі;
  • Кооперативті рухтың дамуы.

Батыс Еуропа, Жапония, АҚШ фирмаларында өнім сапасын жалпы бақылау үш міндетті шартты ұсынады:

-Сапа іс-әрекетінің негізгі стратегиялық мақсаты ретінде, фирманың жоғары жетекшілігімен мойындалуы. Сондықтан нақты міндеттер қойылып, оны шешуге белгілі бір қор бөлінеді. себебі сапаға қойылатын талапты тұтынушы аяқтайды. Өнім сапасы тұрақты өсіп отыруы қажет және бұл үздіксіз өзгеріп отыратын мақсат.

-Өнім сапасын арттыру бойынша шаралар кәсіпорынның барлық бөлімшелеріне тиісті болуы қажет. Көбінесе өнім сапасын арттыруға, жаңа бұйымды дайындау кезеңінде көп көңіл бөлінеді.

Белгілі бір жұмыс орнында үздіксіз оқу процесінің жүруі және жұмыскерлерді ынталандыру.

Американдық экономист А. Фейгенбауманның пікірінше қатаң бәсекелестік шартында, (АҚШ-та өндірілетін өнімнің 70% импорт өнімі тарапынан қатаң бәсекелестікте) фирма жетістікпен дамуы, келесідей қағидалармен жетекшілік етуінде:

- сапа фирма қызметінің бағыттарының бірі емес, ол кәсіпорынның барлық функцияларына қатысты үздіксіз процесс;

- сапаның артуы оның қалыптасуына әрбір фирма қызметкерлерінің қатысу деңгейінен тәуелді;

- сапа өнімнің өзіндік құнын төмендетуде кедергі жасамайды, керісінше жағдай жасайды;

- сапа жаңа техниканы және технологияны пайдалануды білдіреді;

- сапаны тікелей және тиімді басқару қажет.

Бұйым сапасын арттыруға қойылатын талап, жыл сайы өсіп отырады, қазіргі уақытта әлемдік нарықтың сипаттамаларының бірі. Жаңа бұйымды талқылау жүйесі келесі шарттарды қанағаттандыруы тиіс:

  • бұйымды талқылау кезінен бастап, барлық техникалық

жаңалықтармен қатар сапа қарастырылуы қажет;

  • ғылыми зерттеу және тәжірбиелі - конструкторлық жұмысты

жоспарлау, сипаттамалары жоғары бұйым варианттарын

жобалауды шектемей ұйымдастырылуы қажет;

  • бұйымды талқылауды жеделдету талқылау жүйесінің

тиіділігінің негізгі белгісі болуы қажет.

1980 жылдың соңында нарықтық экономикасы дамыған елдер сапа менеждментін сертификациялау және ендіру, талқылаумен айналысты. Сапа менеджментіне жүйелі ыңғай қалыптасты. Өнім сапасына ғана емес көрсетілетін қызмет сапасына көңіл аударылды. АҚШ пен Жапония модельдерін жүзеге асырудың басты ерекшелігі олардың тұтынушыға бағытталуы. Американдық компанияларда өнім сапасының қалыптасуындағы негізгі элементі - тұтынушының талаптарын талдау болып табылады. Сапаны реттеу процесінің соңғы элементі де тұтынушының талабы болады, осылайша кері байланыс жүйесі құрылады. таңдап алынған сапа көрсеткіштері жоспарланған өз мәніне өндіріс процесінде жетеді. Эксплуатация, техникалық қызмет көрсету, жөндеуге кепілдік беру, сол өнім түріне қажеттілікті қанағаттандыру деңгейі жөнінде қосымша ақпараттар береді.

Сапаны басқарудың Жапондық жүйесінің қызмет етуінің ерекшелігі бұл кәсіпорын қызметкерлерін технологияны сақтауды қатаң бақылау, өнім сапасын басқаруға жұмыскерлерді тарту әдістері арқылы жан жақты оқыту болып табылады. Еуропа, Америка және Жапонияның өнеркәсіптік екі тұжырымдама неғұрлым кеңінен таралған.

TQC тұжырымдамасы (Total Qualiti Control) және CWQC (Company Wide Qualiti Control) . TQC тұжырымдамасы сапа мәселесіне мамандандырылған құрылымдық функционалды бөлімшелерді дұрыс құруды ұсынады. Өнім сапасының жауапкершілігі фирманың жетекшілігінің жоғары деңгейіне ұсынылады. SWQC тұжырымдамасы басқару функциясының орталықсыздандыруға негізделген және сапаны басқаруға кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің қатысуын ұсынады.

Бұл ыңғай тұтынушының талаптарын жан жақты қанағаттандырумен байланысты. Жүйелі ыңғайға негізделе отырып, сапаны басқаруға негізгі акцент сапаның тұрақты деңгейінен өлшемді өндіруге кепілдік беретін шараларды жүзеге асырумен араласады, осылайша сапаны қамтамасыз ету кәсіпкерлердің басты стратегиялық міндеті ретінде қарастырылады. Бұл қағида сериясы ИСО стандартты тұжырымдамасымен жүзеге асты.

  1. Құрылыс кәсіпорынында еңбекақы төлеу жүйесінің

ерекшеліктері.

Еңбек ақы - жұмыскерлердің іс жүзінде істеген жұмысы үшін және жұмыс уақытына кіретін уақыт үшін ақшалай және натуральды формада алатын сыйақылар жиынтығы.

Еңбек ақы қажетті өнімнің негізгі формасы болып табылады. Қажетті өнімді еңбек бойынша берілетін төлем (мемлекеттік сектор) ; жұмыс күші құны бойынша берілетін төлем (кооператив, акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорын) ; акция дивидендтері; жеке еңбек қызметінен түсетін табыс; тұтынудың қоғамдық формалары, сақтық және мейірімділік қорлары ретінде қарастыруға болады.

Еңбек ақы тікелей еңбек нәтижелерімен байланысқан. Оңтайлы ұйымдастырылған еңбекті төлеу жүйесі жұмыс нәтижелеріне жақсы әсер береді, яғни жұмыскерлердің ынтасын көтереді.

Еңбек ақы - тұтынуға жіберілетін қаржының негізгі бөлігі, ұжымның жұмыс нәтижелеріне тәуелді болатын табыстың бір бөлігі болып табылады және жұмыскерлер арасында істеген еңбек көлеміне және сапасына, салған капитал үлесіне тәуелді бөлінеді.

Еңбекті төлеуді ұйымдастыру келісіні көздейді: кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбегін төлеу формаларын және жүйелерін анықтау;

кәсіпорын жұмыскерлерінің жеке жетістіктері үшін қосымша берілетін төлемдердің шарттарын және көлемін анықтау;

қызметкерлердің лауазымдық жалақылар жүйесін құрастыру;

жұмыскерлерге сый-ақы берудің көрсеткіштерін және жүйесін дәлелдеу.

Еңбекті төлеу қағидалары:

шығындар және нәтижелер бойынша төлеу қағидасы;

өндіріс нәтижелігінің өсуі негізінде еңбекті төлеу деңгейін көтеру қағидасы;

қоғамдық еңбек өнімділігі өсімінің еңбек ақы өсімінен жоғары болу қағидасы; еңбек нәтижелегін өсіруге материалдық мүдделіктің болуы қағидасы. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек ақы жүйесі жұмыскерлерді еңбек өнімділігін өсіруге және біліктілікті көтеруге ынталандырады.

Еңбек ақы түрлері, еңбекті төлеу формалары, жүйелері:

Еңбек ақыны тарифтік және тарифсіз жүйелер бойынша ұйымдастыруға болады.

Тарифтік жүйе

Тарифтік жүйе келесі элементтерден тұрады:

Тарифтік-біліктілік анықтамалық (ТБА) - әртүрлі жұмыстардың сипаттамасы және осы жұмыстарды орындайтын жұмысшыларға қойылатын талаптар бар құжат. Әр жұмысқа сәйкес бііліктілік разряды көрсетіледі. Бұл құжатты жұмысшылар еңбегін тарифтеу, яғни нақты разрядты беру үшін қолданады.

Тарифтік сетка - бұл тарифтік разрядтар мен оларға сәйкес болатын тарифтік коэффициенттердің шкаласы. Тарифтік коэффициент - эберілген разрядтың ставкасы бірінші разряд ставкасынан қаншаға артық екенін көрсететін шама. Жалпы алғанда 21 разряд бар.

Тарифтік ставка - уақыт бірлігі үшін анықталған еңбекті төлеу шамасы. Тарифтік ставка минимальды еңбек ақы деңгейімен байланысты болады. Ол үкіметпен белгіленеді және инфляцияға байланысты мерзім сайын индексацияланады.

Аудандық коэффициент - жергілікті климаттық және басқа жұмыс шарттарын есебке алады.

Еңбек ақы құрылымы

Негізгі еңбек ақы Қосымша еңбек ақы

Тарифтік қорға қосымша төлемдерге ТБА мен көзделмеген жұмыс үшін берілетін төлемдер кіреді (түнде жұмыс істеген үшін, оқушыларды оқыту үшін, бригадаға басшылық жасау үшін, жұмыс зияндылығы және т. с. с үшін) .

Сағаттық еңбек ақыға қосымша төлемдерге орындалмаған еңбек үшін емес, заңмен белгіленген жағдайлар үшін берілетін төлемдер ( 1 күн ішінде мемлекеттік, қоғамдық міндеттерді орындау үшін, 1 күн ішінде әкімшілік рұқсатпен алынған демалыстар үшін, кәсіпорын жауапты болған тоқтап қалулар үшін және т. с. с. ) .

Күндік еңбек ақыға қосымша төлемдер - бұл сағаттық еңбек ақыға берілетін төлемдер сияқты, бірақ бір күннен артық уақыт үшін.

Тарифсіз еңбекті төлеу жүйесі

Бұл жүйе, көбінесе жұмыс орындарға баллдық баға беруге негізделеді. Ол үшін эксперттер тобы берілген жұмыс орынға сипаттама және қойылатын талаптарды белгілейді, нәтижесінде оны баллмен бағалайды. Балл санына қарай жұмыс орындарды жеке класстарға бөледі. Кәсіпорынның жалпы балл сомасын тауып, еңбек ақының жоспарлы қорын есептейді және өнім бірлігіне немесе тауар айналымы бірлігіне саналған еңбек ақы мөлшерін есебке алатын коэффициентті анықтайды.

- бәсекелестің тауарлық өнімі.

Одан кейін бір баллдың құнын анықтайды:

Одан кейін әр жұмыс орны бойынша минимальды еңбек ақы мөлшерін анықтайды. Ол үшін бір жұмыс орын баллдарының минимальды сомасын бір балл құнына көбейтеді. Сосын еңбек ақының жоғарғы мөлшерін табады, ол үшін жұмыс орынның максимальды балл санын бір балл құнына көбейтеді.

Еңбек ақы пайда бөлігі ретінде анықталады. Әр жұмыскерге белгілі бір балл мөлшері беріледі тіркеледі. Барлық баллдар кәсіпорын бойынша қосылады да бір балға саналған пайда үлесін табады:

Еңбекті төлеудің айлықтар жүйесі.

Бұл кәсіпорында белгіленген лауазымдық айлықтар негізінде берілетін ақша. Кәсіпорындағы жылдық еңбек ақы мөлшері келесі түрде табылады:

Европада сыйақылар еңбек ақының 50% дейін құрайды, АҚШ-та - 400% ке дейін. Олар акциялар немесе басқа бағалы қағаздар пакеттері түрінде берілу мүмкін.

Еңбек ақы формалары және жүйелері.

Еңбек ақыны берудің 2 формасы бар:

кесімді: еңбек ақы деңгейі шығарылған өнім көлеміне тәуелді болады. Бұл форма бойынша еңбек өнімділігін өсіру ынталандырылады, бірақ өнім өңдіру нормаларын және кесімді еңбек бағаларын есептеуді қажет етеді. Еңбек бағасы - бұл өнім бірлігі үшін берілетін еңбек ақы деңгейі.

  1. Құрылыс кәсіпорынындарының өнімдеріне баға белгілеу

ерекшеліктері.

Баға және баға белгілеу нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Баға - күрделі экономикалық категория. Бағада іс жүзінде экономиканың жалпы коғам дамуының барлық негізгі мәселелері түйінделген және шоғырланған. Бұл тауарларды өндіру және сатып өткізу, олардың кұнын қалыптастыру жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты құру, бөлу мен пайдалануға қатысты болады.

Барлық тауар-ақша қатынастары баға арқылы іске асады. Ең жалпы, абстракты түсінік бойынша, баға тауар құнының ақшалай көрінісі болады. Өз кезегінде, тауар құны оны өндірудегі қажетті қоғамдық еңбек шығындарымен анықталады.

Баға белгілеу - тауарлар мен көрсетілген қызметтерге бағасын қалыптастыру процесі.

Баға белгілеудің негізгі екі моделін бөліп көрсетуге болады:

- қандай да бір тауар нарығында сатып алушылар сұранысы мен сатушылар ұсынысы арасында өзара әрекет ету негізінде нарықтық баға белгілеу.

- орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу - шығындық баға белгілеу шеңберінде өндіріс пен айналым шығындары қойылу арқылы бағаларды мемлекеттік мекемелердің бағаны анықтауы.

Өз тауарлары мен көрсетілетін қызметтеріне баға қою кәсіпорын қызметіндегі негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Әрбір кәсіпорын баға белгілеу мәселесін өзінше шешеді. Ірі компанияларда баға белгілеу мәселесімен орта деңгейлі басқарушылар айналысады. Ұсақ кәсіпорындарда бағаны эдеттегідей, оның басшылары анықтайды. Өз кезегінде, коммерциялық нәтиже көбіне баға деңгейіне бай­ланысты болады. Баға әрқашан адамдардың сауда жасау кезіндегі таңдауын анықтайтын негізгі фактор болған.

Бағаның тауар құнынан жоғары немесе төмен қарай ауытқуларын анықтайтын факторлар өндірушінің өзіне, басшылары мен ұжымның қызметіне байланысты, ішкі және кәсі порынға тәуелді емес сыртқы факторлар болып екіге бөлінеді.

Ішкі факторлар:

- жарнама деңгейі (ол қаншама тартымды да ұтымды болса, өндіруші бағаны да соншалыкты көтере алады) ;

- өндірілген өнімнің ерекшелігі, (оның өңделу деңгейі қаншалықты жоғары, сапасы ерекше болса, бағасы да соншама жоғары болады) ;

- өндіріс процесінің ерекшеліктері (аз көлемде шығарылатын және жеке өндіріс өнімдерінің өзіндік құны және осыған сәйкес, бағасы да жоғары болады; жаппай өндірілетін тауарлардың шығыны салыстырмалы түрде төмен болғандықтан, өнімдердің бағасы да онша жоғары болмайды) ;

- өндірушінің нарықтық стратегиясы мен тактикасы (бір немесе бірнеше рынок сегменттеріне бағытталған) ;

- өнімнің өмірлік кезеңдерінің ерекшеліктері;

- өндірістік процестің жинақылығы;

- тауардың өндірушіден түтынушыға дейін жетуінің ұзақтылығы;

- сату және сатқаннан кейінгі кезеңде сервис қызметін ұйымдастыру;

- өндірушінің ішкі және сырткы нарықтардағы имиджі.

Бағаның құннан ауыткуына әсер ететін сыртқы факторлар:

- тауар өндірілетін ел мен кәсіпорын өнімдерін сататын елдердегі саяси тұрақтылық;

- еркін нарықта кандай да бір кажетті ресурстардың (еңбек, материалдык, қаржылық) болмауы;

- мемлекет жүргізетін экономикалық саясаттың сипаты;

- инфляцияның деңгейі және динамикасы;

- нарык көлемі;

- әрекет етуші және болашактағы сатып алушылық сұраныстың көлемі мен ерекше белгілері;

- біртекті өнімді өндірушілер арасында бәсеке болуы және оның деңгейі

Айналымға қызмет көрсету сипаты бойынша бағаның келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:

- сатып алу және сатудың көтерме сауда бағасы. Көтерме баға деп өндірушілер шығарған тауарларын басқа кәсіпорындарға, өткізуші ұйымдарға ірі партиямен сататын бағаны айтамыз;

- сатып алу бағасы бойынша ауыл шаруашылык өндірушілері өз өнімдерін мемлекетке, кәсіпорындарға, өнеркәсіптік кәсіпорындарға қайта өңдеу үшін сатады;

- бөлшек сауда бағасы арқылы тауарлар жеке немесе үсақ са­тып алушыларға негізінен халықка өткізіледі;

- смета құны - салынған құрылыска (ғимараттар, үйлер) төленетін баға;

- халыққа көрсетілген қызметтердің бағалары мен тарифтері

- тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықтар, туристік және қонақ үй, денсаулық сақтау, тұрмыстык қызмет көрсету қызметтеріне койылған бөлшек бағаның ерекше түрі.

Айналым саласында (көтерме - өткізуші бөлшек саудада) баға шегерімі мен баға үстемесі қолданылады. Жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар бағасы мен жеткізуші кәсіпорынның көтерме бағасы арасындағы жабдыктаушы-өткізуші үстемесі болады. Сатып алу және сатудың көтерме бағасы мен көтерме және бөлшек бағалар араларындағы айырмашылық сауда үстемесін (шегерімін) көрсетеді.

Мемлекеттің әсер етуі мен реттеуіне нарықтағы бәсеке деңгейінебайланысты келесі баға түрлері ерекшеленеді:

Еркін бағалар (нарықтық бағалар) - осы нарықтағы қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс негізінде өнімдер мен қызмет көрсетуге өндірушілердің орнататын бағалары. Еркін бағаға жататындар:

- сұраныс бағасы - сатып алушы нарығында қалыптасатын бағалар;

- ұсыныс бағасы - сатушылардың ресми ұсынысында көрсетілетін шегерімсіз нарыктық баға;

- өндіріс базасы - барлық авансыланған капиталға орташа пайданы қосу арқылы өндіріс шығындары негізінде анықталатын баға;

- реттелетін бағалар - мемлекеттік басқару органдары ор­нататын бағалар. Реттелетін бағалар кепілді және кепілдемелі, ұсынылатын, шектеулі, төменгі қорғаныс болады. Реттелетін бағалардың арасынан шектелуі бағалар мен бекітілген бағаларды бөліп көрсетіледі:

- шектеулі бағалар - кәсіпорындар, белгіленген бағадан жоғары деңгейде баға белгілей алмайтын бағалар;

- бекітілген бағалар - белгілі деңгейде қойылатын бағалар. Олардың өзгеруі бекіткен нарық субъектісінің немесе органының шешімімен ғана болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың негізгі әдістемелік тәсілдемелері
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері
Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы
Сапаның экономикалық маңызы
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсеке қәбілеттілігін арттыр
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігіне талдау мен бағалау
Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық–экономикалық механизмін қалыптастыру жолдары
Өндіріс факторлары:біріктіру әдістері және тиімділік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz