Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1. Көркем сөздің алыбы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3. Абай . Әуезов шығармашылығының шыңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Қай елде болмасын, халық мәдениетінің асқар шыңын, халық санасының шалқар жеңісі мен тұнық тереңін, рухани өмірдің ең жоғарғы күмбезін танытатын ардагер, абзал есімдер болады ғой. Сондай есім өткен ғасырда Абай болса, біздің заманда, көп ұлтты халық тәрбиелеп өсірген маңдай алды шоғырдың арасында Мұхтар Әуезов есімі ерекше көз тартады. Бұл есім бүгінде бүкіл әлем дүниесінің әйгілі де ардақты.
Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік шыңы – ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, ХІХ ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М.Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.
Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері М.Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Оның шығармашылық қарымы ауқымды да бай. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы – бұл ұлы қаламгер дарынының толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұхтар Әуезов. І том. Алматы «Жазушы», 1991.
2. Мұхтар мұрасы. Ғылыми мақалалар мен зерттеулер. Алматы «Қазақстан», 1997.
3. Егемен Қазақстан, 2005, 19 ақпан.
4. Егемен Қазақстан, 2005, 12 қаңтар.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Көркем сөздің алыбы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
Абай - Әуезов шығармашылығының шыңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Қай елде болмасын, халық мәдениетінің асқар шыңын, халық санасының шалқар жеңісі мен тұнық тереңін, рухани өмірдің ең жоғарғы күмбезін танытатын ардагер, абзал есімдер болады ғой. Сондай есім өткен ғасырда Абай болса, біздің заманда, көп ұлтты халық тәрбиелеп өсірген маңдай алды шоғырдың арасында Мұхтар Әуезов есімі ерекше көз тартады. Бұл есім бүгінде бүкіл әлем дүниесінің әйгілі де ардақты.
Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік шыңы – ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, ХІХ ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М.Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.
Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері М.Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Оның шығармашылық қарымы ауқымды да бай. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы – бұл ұлы қаламгер дарынының толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енді.
1.Мұхтар Әуезовтың өмірі
Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйек күні бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданы) туған. Оның атасы Әуез де, әкесі Омархан да арапша оқыған сауатты да ауқатты адамдар болды.
Мұхтарды жасынан ауыл мектебіне беріп оқытады. Баланың сауатын ашып, білім алуына олардың өздері де көмектеседі. Болашақ жазушының жасынан көзі ашылып, орыс, қазақ мәдениетіне бірдей ықылас қоюына көбіне-көп атасы Әуез айрықша еңбек сіңірген. Мұны Мұхтардың өзі де естелігінде анық айтып жазыпты.
Әуез Абаймен құрбы, дос екен. Оның үстіне ауыл аралас, қой қоралас дегендей, көші-қонысы бір, көрші болыпты. Әкесінен он бір жасында, шешесінен он алты жасында қалған Мұхтар ата тәрбиесінде өсіп, ата нұсқауымен бала күнінен бастап Абай өлеңдерін, Абай аудармаларын оқитын болған.
Мұхтардың әкесі Омарханның ықтиярына ағасы Қасымбек немере інісін 1908 жылы Семейге апарып медресеге берудің орнына, орыс мектебіне береді. Содан Семейде бес жыл қалалық училищеде, төрт жыл мұғалімдік семинарияда оқу жас өспірім Мұхтардың орыс және Батыс Европа әдебиетімен кең танысып, жазушылық ынта-ықыласының, үміт-сенімінің арта түсуіне тағы бір себеп болған. Оқи жүріп, ол алғашқы қадамында өлең, әңгімелер жазған. Талантты жазушының жұрт білетін тұңғыш туындысы – Еңлік – Кебек Драмасы.

М.Әуезовтың шығармашылығы
Еңлік – Кебектің пьесасы халық жүрегін қашаннан қатты толқытқан тақырыпты қозғайды. Ол кәдімгі әйел теңдігі, махаббат бостандығы делінетін тақырып. Ел арасында аңызға айналып, кейін поэма сюжетін туғызған тарихи оқиға енді Еңлік-Кебек пьесасына материал болады. Мұнда патриархалдық-феодалдық салт пен әдет-ғұрыптың қыспағында сүйгеніне еркін қосыла алмаған асыл жастардың бас бостандығы үшін талпынған жан қиярлық күресі, қайғылы тағдыры көрсетілген.
Жиырмасыншы жылдардың бас шенінде М.Әуезов совет мекемелерінде жауапты қызметтер атқара жүріп, баспасөз жұмысына да ат салысады, бірнеше әңгімелер жазады. Соның ішінде ең көрнектісінің бірі – 1921 жылы жазылған Қорғансыздың күні атты әңгімесі. Бұл әңгіменің М. Әуезов творчествосы үшін де, жалпы қазақ прозасы үшін де мәні зор.
Еңлік-Кебек М.Әуезовтың драматургтік талантының жарқ еткен бірінші көрінісі болса, Қорғансыздың күні де, сөз жоқ оның прозаиктік талантының бірінші көрінісі. Жазушы өмір бойы талантының осы екі қырын егіз қатар берік ұстап өтті және кейін келе екеуінде де талай-талай құнды туындылар қалдырды.
Еңлік-Кебек пен Қорғансыздың күнінде болсын немесе жиырмасыншы жылдары жазған басқа шығармаларында болсын, жас автордың күшті жағы да, әлі жеттікпеген осал жағы да бірдей бой көрсетіп отырды. Күшті жағы қайсы еді? Ауыл өмірін, ауылдағы тұрмыс, әдет-ғұрыпты жақсы білетіндігі, халықтың тілі мен әдебиетіне жетіктігі, туған жерді, кең даланы шексіз сүйетіндігі сонымен бірге әділетсіздікке, озбырлыққа, надандыққа жаны төзбейтін сыншылдығы. Осы жайлар М. Әуезов творчествосының алғашқы басқышында романтикалық әсерлілік пен сыншыл өткірлікті және нәзік психологизмді өзінше ұштастырып, өзіндік жазу машығын қалыптастырғанын байқаймыз. Бұған, әрине, оның жастай оқыған классикалық шығыс, әсіресе орыс, әдебиеті үлгілерінің де қабаттас ықпалы болған.
Алайда М. Әуезовтың жиырмасыншы жылдары жазған драмалық және прозалық шығармалары шынайы сурет, эпизод, образдары бар, әсерлі, тартымды болып келгенмен, үлкен өмір шындығының революциялық даму межетін айқын мезгеу дәрежесіне жете бермейді. Мысалы, Еңлік-Кебектегі екі дүниенің озбырлығына қарсы айтылған уытты сын Еңлік пен Кебек тәрізді жастардың таза махаббатына бағытталған лирикалық жылы сезім мен романтикалық пафос осыны дәлелдейді. Сондай-ақ Қорғансыздың күніндегі арамза Ақан болыс пен оның алааяқ ат қосшысы Қалтай қудың қорғансыз жандарға істеген жан түршігерлік айуандығы қатты ыза, жиренішпен әшкерленуі, ал нәзік жанды Ғазиза мен оның қайсар кемпір әжесіне деген әрі сүйініш, әрі аяныш сезімнің автор жүрегінен жалын атуы – міне, бұлар да сол кездегі Әуезов қолданған творчестволық тәсілдің екі жақты қырын танытатын сипаттар еді.
Геройларының ішкі дүниесіне үңіліп, жан құбылыстарын бейнелеуге шеберлік, нәзік лиризм, табиғат ұбылыстарының да көріністерін адам көңіліне сәйкес суреттеу тәсілі М.Әуезов талантына әуелден тән қасиет. Бұған Қорғансыздың күніндегі сұмдық қорлық көрген Ғазизаның дүниеден түңіліп, молаға кету алдындағы жан тебіренісі мен ызғырық боранның сұрапыл суреті айғақ бола алады.
М. Әуезов 1921 жылы жазған Қорғансыздың күні мен 1928 жылы жазған Қилы заман повесінің арасындағы бір топ прозалық шығармаларының қай-қайсысында да (Толстой мен Тургеневтің, Чехов пен Горькийдің дәстүрінде адам әрекеттерінің психологиялық дәлелдемелерін бейнелеуге бейімділігін көреміз. Мысалға Ескілік көлеңкесінде атты әңгімесін алып қарайық. Бәйбіше әкесінің ескішіл тәрбиесінде болған бай қызы Жәміш өлген апасы Қадишаның орнына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойы
Мұхтар Әуезов – абайтанушы ғалым
Абайтану ғылымы туралы
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Авторлық стиль және мұхтар әуезовтың көркем аудармалары
Жазушының драмалық шығармалары
М.Әуезов қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушы
Мұхтар Әуезов шығармаларының ерекшелігі мен орта мектепте оқытылу мәселелері
Пәндер