Өндірістік ғимараттарда шуды төмендетудің құрылыс – акустикалық әдісі


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Өндірістік ғимараттарда шуды төмендетудің құрылыс - акустикалық әдісі

Орындаған : Тайжұма А. А.

Топ:ТП-211

Тексерген : Окасов А. Р.

Семей 2015

Мазмұны:

  1. Ғимараттарда шудың таралуы
  2. Акустикадағы геометриялық құрылымдар
  3. Шуды өлшеу принциптері мен оны мөлшерлеу

Дыбыс өрістерінің түрлері. Дыбыс өрісі деп-дыбыс толқындары орналасқан кеңістікті атайды. Дыбыс өрістерін классификациялауда дыбыс толқындарының таралу шартын есепке алған жөн. Еркін дыбыс өрісі дегеніміз дыбыс толқындары идеалды еркін кеңістікте ешбір шағылусыз таралатын өріс. Бұл шарттар жер бетінен үлкен қашықтықта ашық ауада не жаңғырықсыз камералар мен бөлмелерде кездеседі, бұл жағдайда қабырғаға түсетін дыбыс толқындары толық жұтылады. Еркін өрісте таралатын дыбыс толқындарына дыбыс қысымы деңгейі төмендеуі құбылысы тəн. Бұл қасиет еркін дыбыс өрісінде қысым жəне дыбыс қарқындылығымен кері квадраттар заңына сəйкес келеді. Бұл математикалық қатынас бос еркін өрісте бөлінетін дыбыс қуатын анықтауға мүмкіндік береді. Диффузды дыбыс өрісі. Диффузды дыбыс өрісіне дыбыс толқындарының көп ретті шағылуы сəйкес келеді, нəтижесінде толқындар барлық бағытта бір амплитуда жəне ықтималдылықпен тарайды. Диффузды дыбыс алаңының аналогы реверберациялық камералар мен бөлмелердегі алаңдар болып табылады. Диффузды дыбыс алаңында дыбыстың қосынды қарқындылығы нольге тең екеніне қарамастан дыбыс қысымын бір жақты дыбыс қарқындылығымен біріктіретін Jх қатынас бар. Бір бағытты дыбыс қарқындылығы дыбыстың тек бір бағытта ғана қарқындылығын ескеріп, келесі бағыттағы қарқындылығын есепке алмайды. Дыбыстың бір бағытты қарқындылығын стандартты интенсиметриялық аппаратура көмегімен өлшеуге болмайды. Бірақ бұл шама қажет, себебі дыбыс қысымын өлшеу нəтижелері негізінде диффузды алаңдағы дыбыс қуатын анықтауға болады. Сəйкесті əдіс ИСО 3741 ұсыныстарында жазылған. Бөлмедегі дыбыс алаңын кеңістіктің əр нүктесіне тік жолмен емес, бір не бірнеше шағылудан кейін түсетін толқындар түрінде көруге болады. Шағылған толқындар қуаты бағыттары бөлменің геометриялық пішіні мен бөлмедегі акустикалық энергияның жұтылу дəрежесіне тəуелді.

Геометриялық акустика дыбыстың таралу сипаты жайлы толық көрініс береді жəне дыбысжұтқыштардың біркелкі орналасупауын бағалауға, бөлменің өлшемдері мен пішінін бағалауға мүмкіндік береді. Бірқатар жағдайда дыбысты тік бұрыш ретінде түсіндіреді, яғни ол үшін оптиканың негізгі заңы дұрыс: «Түсу бұрышы шағылу бұрышына тең». Есептеу нүктесіндегі дыбыс энергиясы дыбыс көзінен келетін сфералық толқындағы энергия қосындысымен сфералық толқындары бар шағылған энергиялар қосындысына тең. Бөлмеде бірнеше рет шағылған дыбыс сəулесі параллелеипипед шектеріне параллель орналасқан жазықтықтың 2 не 3 үш проекциясында жазылып көрсетіле алады. Дыбыс таралуының жылдамдығын біле отырып, бір дыбыс сəулесінің екінші сəулеге сəйкес кешігуін айқындап, бөлменің акустикалық дефекттерін айқындауға болады. Дыбыс сəулелерінің таралуын сəуле эскизі деп атайды. Шектеулі өлшемді беттен сəуле шағылуы дыбыс толқынының ұзындығы, бөлу беттері өлшемдері, олардың дыбыс көзі мен қабылдау көзіне оранласу бағытына тəуелді. Егер шағылу беттері кем дегенде 1, 5 есе толқын ұзындығынан артық болса дыбыс толқындары шашырауы бағытты болады. Бұл шарт бұзылса дыбыс толқындары шашырайды жəне дыбыс толқындарының шашырауын салу қажеттілігі болмайды. Қисықсызықты беттер үшін қисықтықтың ең кіші радиусы толқын ұзындығынан екі еседен кем болмауы керек. Геометриялық акустика тек дыбыс сəулесі түсу бұрышынан шағылу коэффициентінен тəуелсіз болғанда ғана дұрыс. Іс-жүзінде қоршау конструкциялары геометриялық оптика заңдарына сəйкес дыбысты шашыратумен қатар, қоршаудың əр нүктесінің маңында дыбыстың бөлшетеп шашырауы болады, бұл геометриялық оптика тұрғысынан анықтала алмайды. Дыбыс энергиясын шашырау жəне шағылу құрамаларына бөлу іс-жүзінде өте күрделі.

Өндірістік шулар спектрлік құрамы, уақыттық көрсеткіштер, əсер ету уақытына байланысты келесі түрлерге бөлінеді: а) спектрлік құрамына сəйкес - төменгі жиілікті (шу спектрінде дыбыс қысымы амплитудаларының максималды мəндері 300 Гц төмен жиіліктерде), орташа жиілікті (шу спектрінде дыбыс қысымы амплитудаларының максималды мəндері 300 Гц-800 Гц жиіліктерде), жоғарғы жиілікті (шу спектрінде дыбыс қысымы амплитудаларының максималды мəндері 800 Гц жоғары жиіліктерде) ; б) спектрдың сипаттамасына қарай - тоналды (шуда жеке тондар естіледі) жəне кеңжолақты; в) уақыт сипаттамасына байланысты - тұрақты (дыбыс қысымы тұрақты жəне зерттелетін кезеңде ±3 дБ өзгереді), импульсті (соққылы), жарылыстық не үзікті (əсері берілген уақыт аралығында кезеңді не кезеңсіз өзгереді) ; г) əсерінің ұзақтылығына қарай - ұзақ мерзімді (қосынды ұзақтығы ауысым бойынша үздіксіз не үзілістермен 4 сағаттан кем емес), қысқа мерзімді (ұзақтығы ауысымда 4 сағаттан кем) . Дыбыс қысымының шектеулі рұқсат ететін деңгейі орташа геометриялық жиіліктердің октавалық жолақтарынд 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000, 16000 Гц нормаланады. Импульстық шулар (жарылу, соқтығысу) əдеттегі шуөлшермен өлшенбейді. Тербелмелі жылдамдықтың рұқсат етілген мəндері жиілік артқан сайын төмендейді. Бұл тəуелділік діріл шарттарында жұмыс істейтін жұмыскерлерді зерттеу негізінде анықталған, олар жарақат құбылыстары тербеліс жиілігі артуымен жүретінін көрсетеді. Дірілдің адамға, өлшеу құралдарына, жұмыс істеу механизмдеріне, машиналар орындалған металлға əсерімен күресу үшін діріл энергиясының таралуына кедергі болатын діріл оқшаулау төсемелерін пайдалану қажет. Шу жəне дірілді зерттеуге пайдаланатын қазіргі заман аспаптарының басым бөлігінде тербелу үрдістері өлшемдері (дыбыс қысымы, тербеліс үдеуі) оларға өлшемі мен жиілігіне пропорционал кернеу мен ток күшіне өзгертіледі.

Жұмыс орнында шу көздері жұмыс істеп тұрған станоктар, технологиялық құрал-жабдық, мехникалық құрал-жабдықтар, қосымша құрал-жабдықтар (желдеткіштер, сорғылар) жəне т. б. Акустикалық жұмыс орны дегеніміз жұмыскер орналасқан дыбыс алаңы аймағы. Бұл аймақ шу бір не бірнеше жұмыс істеп тұрған машиналардан бөлінген жағдайда құрылады. Көп жағдайда жұмыс орны деп жұмыс құрал-жабықтары мен пульттерінен 0, 5 м жəне еденнен 2 м биіктікте орналасқан орынды айтамыз. Жұмыс орнында жəне цехта шуды өлшеу шумен күресудің бірінші кезеңі ретінде олар нормалармен бектілген шекті рұқсат етілген нормалардан жоғары болса қажет. Шуды өлшеу келесі кезекпен жүргізілуі керек: 1) ең шуы жоғары өндірістік орындар айқындалып, жұмыс орнындағы шу спектрлері өлшенеді (станоктар алдында, басқару пульттерінде жəне т. б) ; 2) жұмыскер шу əсерінде болатын ауысым ішіндегі уақыт анықталады жəне шудың əсер ету уақыты мен сипатына қарай берілген өндірістің шекті спектрін бекітеді; 3) өлшенген шу спектрлерінің мəндерін октавалық жолақтардағы шекті спектрлер мəндерімен салыстырып, олардың сəйкестік дəрежесін айқындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік ғимараттарда шуды төмендетудің құрылыс – акустикалық әдісі жайлы мәлімет
Өндірістік шу және оны нормалау
Шуды төмендетудің құрылыс – акустикалық әдісі туралы
Шуылды бағалау тәсілдері
Алматы қаласы атмосфералық ауасының автокөліктер газдарымен ластану деңгейін зерттеу
Шуды төмендетудің құрылыс – акустикалық әдісі
Механикалық тербеліс
Өндірістік ортаның жағымсыз әсер факторлары және олардың адамдарға әсері.
Қоршаған ортаның шумен ластану туралы жалпы сипаттама
Жылу және дыбыс изоляциялық материалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz