Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары



1.Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары
2.Инфляцияға қарсы саясат және шаралар
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиет
Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 процент құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 процент құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті мәселелердің бірі – инфляция.
Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары.
1993 ж. бұрынғы кеңестік республикалардың “егемендіктер парадының” басталуы және жаңа экономикалық жағдайларға ешқандай дайындықтардың болмауы Қазақстанда өте ауыр әлеуметті – экономикалық жағдайға әкеп соқтырды. Өндіріс көрсеткіштері іс жүзінде экономиканың барлық сферасында құлдырады.
1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.
2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Срс
Тақырыбы: ҚР инфляцияға қарсы саясаты

Орындаған: Әскербек Г .
Тексерген: Қуантқан Б
Тобы: Вс - 403

Семей 2015-2016 жыл
Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: 2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 процент құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 процент құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз, соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан Голланд ауруының алдында тұр. Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті мәселелердің бірі - инфляция.
Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары.
1993 ж. бұрынғы кеңестік республикалардың "егемендіктер парадының" басталуы және жаңа экономикалық жағдайларға ешқандай дайындықтардың болмауы Қазақстанда өте ауыр әлеуметті - экономикалық жағдайға әкеп соқтырды. Өндіріс көрсеткіштері іс жүзінде экономиканың барлық сферасында құлдырады. Мұның бәрі шоқырақтау инфляциясымен қатарласа жүріп, 1994 ж. жазында гиперинфляцияға өсіп жетті. Саяси және экономикалық себептер1993 жылдың қараша айында республиканы жедел түрде ұлттық валюта - теңгені ендіруге мәжбүр етті, оның өзі алғашқы тоғыз ай ішінде аса тездікпен салмағын "жоғалтып" жатты. Осындай қиын жағдай бір мезгілде экономиканы ырықтандырумен қоса қатаң монетарлық саясатты жүргізуге бағыт берді.
Монетарлық қатаңдықтың нәтижесінде республикада инфляция ауыздықталды. 1999 ж. инфляция 11,7 % болды, ол 1994 жылмен салыстырғанда 100 есе аз еді.
Айтарлықтай дәрежеде мүмкіндігінше инфляцияны тез ауыздықтау Қазақстанда жүргізіліп жатқан нарықтық реформаны құқық бойынша ресімдеудің шараларын белгілеумен байланысты болды. Республикамыз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мынадай маңызды экономикалық заңдарды қабылдады: "Шет елдік инвестициялар туралы" Заң, "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" жаңа Заң, "Бюджеттік жүйе және басқалар туралы" Заң.
Үкімет "Стратегия - 2030" сәйкес инфляция қарқынының жыл ішінде 5 - 6% шамасында болуына ұмтылып отыр.
Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:
* ақшалай - несиелік және бюджеттік саясатты қаталдандырады;
* ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді өрістетуге көмектесетін қаржылық механизмді дамытады;
* жинақтаушы зейнетақы қорларға ақшалай қаржылардың айтарлықтай бөлігін қауіпсіз инвестициялауды қамтамасыз етуге ұмтылады;
* бюджеттік жетіспеушілікті қаржыландыруға құнсызданбайтын көздерді пайдаланады;
* мемлекеттік құнды қағаздардың айналым мерзімін ұзартады және т.б.
Инфляцияның класикалық көзі - мемлекеттік бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991 жылы бюджеттің бөлігінде 20,4%, 1992 - 8,6%, 1993 - 11,9%, 1994 - 10,2%, 1995 - 17,4%, 1996 - 15,4%, 1997 - 17,7%, 1998 - 18%, 1999 - 14,3%, 2000 - 9,8%, 20016,4% құрайды. 2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 4,7 миллиард теңгені (ЖІӨ - ге 0,12%) құраса, 2003 жылы ол 53,4 миллиард теңгені немесе ЖІӨ - ге 1,2% құрады.
КСРО халық шаруашылығында инфляцияның барлығын көптеген жылдар бойы мойындамай келген. Инфляция бұл тек капитализмге ғана тән, ал социализм жағдайында, жоспарлы экономика тұсында, ол болуға тиіс емес деген фактілер оған себеп болды.Шындығында да, директивті түрде баға белгілеу барысы, халықтың күнделікті қажеттілігіндегі тұтыну заттарының бағаларын тұрақты деңгейде ұстап отыруға мүмкіндік берді. Бірақ тұтыну бағаларының деңгейі бір өзі ғана инфляцияны өлшейтін құрал болып табылмайды. Инфляция, сондай - ақ өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы көтерме сауда бағасының деңгейімен, ЖІӨ дефляторымен де сипатталуы мүмкін.
Өнімнің көтерме бағасы,олардың дайындауға кететін шығындардың өсуімен байланысты өсіп отырды. Экономиканың әр түрлі секторларындағы табыстарды мемлекет тарапына қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек сауда бағасы тұрақты болып отырды. Сонымен қатар тауарлардың тапшылығына байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір тауарлардың бөлшек саудада болмағанына қарамай, төменгі бағалары сақталып қалды. Мұның барлығы жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға мүмкіндік берері сөзсіз.
Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі қазіргі инфляцияның себептеріне: 30 - жылдардан басталған өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісінің дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік; қорғанысқа кететін үлкен шығыстар; Қазақстандағы өнеркәсіптердің өндіру салалары мен ауыл шаруашылығының дамуына салынған капитал жұмсалымдарының тиімсіздігі; баға белгілеудегі қателіктер және бағаның өзіндік құннан өте көп мөлшерде алшақ болуы. Бағаны ырықтандырмайынша нарықтық қатынастарға өту мүмкін еместігінің салдарынан, бағаның бірден өсуіне, инфляцияға жол берілді.
Экономикадағы инфляцияның деңгейін сипаттайтын басты көрсеткішке тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) жатады. Ол үй шаруашылығының "тұтыну қоржынына" жататын жекелеген тауарларға, қызметтерге оның үлес салмағын ескере отырып, бағаның өсуі индексі негізінде анықталады. ТБИ Қазақстанда 1991 жылдан бастап анықталды. "Тұтыну қоржыны" 275 тауарлар мен қызметтер түрін қамтиды. Бағаның құрылымы мен тұтыну тауарларының өзгеруіне байланысты ТБИ қайта қаралып, өзгеріп отырады. 1996 жылы шілдеден бастап, 1995 жылғы әрбір жанұя бюджетін зерттеу нәтижесінен келіп "тұтыну қоржынындағы" тауарлар мен қызметтер үлесі былай анықталынды: тамақ өнімдері - 62,6% (бұрынғысы - 58,2% болған), азық - түлік емес тауарлар - 23,2% (30%); ақылы қызмет - 14,2%(11,8%).
Инфляцияға қарсы саясат және шаралар.
Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. XX ғ. 60 - шы жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.
Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізілді. Табыстар саясатын шартпен екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолданып нақты табыстар мен бағаның өсуін төмендетуге тырысқан жағдайлар болған. Нысаналарға еркін орындалуға тиісті ережелердің жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы ставкалары өсуінің максималдық шегі пайдаланылған. Жалақы ставкаларының өзгерістері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланыста болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда - жанама түрде баға арқылы реттеледі.
Әдетте, бақылауды пайдалану үшін бағалар мен жалақыны белгілі уақыт мерзімі бойынша тұрақты етіп ұстап отыру туралы заң қабылданатын. Жалдамалы жұмыскерлер үшін табыстар саясатының дискриминациялық дәрежесі жоғары болады, өйткені мемлекет органдары және өндірушілер бағадан гөрі жалақыға бақылау жүргізуді ұнатады. Практика жағынан келсек, жалақыдан гөрі бағаларға бақылау жүргізу оңайға түспейді, өйткені тауарлар топтарының саны көп болады. Бұдан басқа, экономикада еңбек өнімділігінің өсуі автоматты түрде ұлттық табыстағы жұмысшылардың үлесін салыстырмалы және абсолютті төмендетеді.
Табыстар саясатының бір вариантына әлеуметтік контракт жатады. Бағаның өсуі мен жалақының арасында тұрақты компромисс орнату үшін үкімет ірі кәсіпорындар мен кәсіподақтарының арасында келіссөз ұйымдастырады. Табыстар саясаты қашан болмасын дискуссия тудыратын. Осы саясаттың қарсыластарының айтуы бойынша, кәсіпкерлер мен кәсіподақтар жетекшілері өздерінің мақсатты қызметтерінен - барынша көп пайда табу - бас тарта алмайды, сондықтан олар үкімет белгілеген нысаналарды өз еркімен орындамайды.
Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарылату пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін. Бағалардың өсуіне шек қоюды болдырмайтын келесі әдіс, ол буып - түйілген
дайын өнімдердің сапасы мен салмағын төмендету. Осыдан басқа, бағаға әкімшілік бақылау жүргізу нарықтың қызметін дұрыс атқаруына, ресурстар мен капиталдардың еркін жылжуына кедергі болады. Нәтижесінде, экономикада тапшылық жинақтала түседі, тұтынуды нормалау қажеттігі туады. Табыстар саясатының жақтаушылары бойынша, егер кәсіпкерлер мен жұмыскерлер үкіметтің инфляциямен күресуге күші де, құралдары да жеткілікті деп сенсе, онда бұл саясат инфляциялық күтімдерді сөндіруге көмек береді. Нарық қызметінің тиімділігі туралы әңгіме құрғанда мына жағдайды атап өту қажет: монополиялық күштердің - тауар өндірушілердің және ресурстар иелерінің - бар болуының өзі ресурстардың бөлінуін бұрмалайды. Экономикада инфляцияның (әсіресе сұраныс түрткі болған) болуы осы тұжырымды дәлелдейді. Сондықтан, бағаға бақылау жүргізу жағдайды түзетуге көмек бере алады.
XX ғ. 60 - шы жылдары нарық экономикалық елдерде жүргізілген табыстар саясатының тиімділігі күткендей болмады. Сондықтан 70 - ші жылдардың ортасында практика жүзінде барлық дамыған елдер оны жүргізуден бас тартты.
Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың дефляциялық шаралары жатады. Алғашқыда олар циклға қарсы саясат көлемінде қолданған болатын. Орталық банк инфляцияның күшеюіне байланысты ақша массасының өсуіне, берілетін несиенің көлеміне, есепке алу ставканың өсуіне және ашық нарықта сатылатын мемлекеттік құнды қағаздардың міндетті резервтерінің нормасына бірте - бірте шектеу енгізеді.
Айналымдағы ақшаның көлеміне шек қоюдан басқа, мемлекет фискалдық әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысады: мемлекеттік сатып алуға және инвестицияларға шек қойып, жеңілдіктерді жойып, немесе, тікелей және жанама салықтарды өсіріп, амортизациялық реттейтін ережелерді қатайтады.
Инфляцияны төмендету мақсатымен валюта саясатының инструменттері пайдаланылуы мүмкін: шет елдерден келетін ақшаға шек қою, ұлттық валюта курсын көтеру.
Дефляциялық шаралардың тежеу жасайтын әсері алдымен экономикалық өсуді баяулатты және жұмыссыздықты өсірді, ал бағалардың төмендеуі елеулі болмады. Стагфляцияның пайда болуы дефляция саясатының кейбір инструменттерінен бас тартуға мәжбүр етті.
Стагфляциямен күресудің неоклассикалық бағыттың балама жолдары бар. Оның мәні: инфляцияны төмендетуде қандайда болмасын құралдарды қолданбау үшін, экономикадағы осы және басқа процестерді қолдан шығарып алмауды көздеу керек.
Филлипстің қисық сызығына рестриктивтік шектеу монетарлық және фискалдық саясатты қолданып қалайда қайтып келудің қажетіне тырысу керек емес, жиынтық ұсыныстың қисық сызығына тікелей ықпал ету қажет. Осы үшін қаржылық және ақша саясатын азғана өзгертіп, қатал стандарттарды, мақсатты қаржыландыру мен несиелендіруді, салаларды селективтік қолдауды, протекционистік шараларды, табыстар саясатының элементтерін қолдануды пайдалануға болады. Соңғы вариантты қолданудың тиімділігі жоғары және бұның әлеуметтік шығындры төмен.
Үкімет үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізудің екі бағыты болады: оны бірте - бірте ұзақ мерзімді көздеп жүргізу немесе оны шұғыл жүргізу (естен тандыру терапиясы). Барлық жағдай елдің көлеміне, оның экономикасының болмысына, әлемдік нарыққа кірудің дәрежесіне және шарттарына, өзгерістерді халықаралық қаржы мекемелерінің қолдауына, ел ішіндегі әлеуметтік - саяси жағдайға және т.б. байланысты болады.
Қазақстанда инфляцияның дамуы "сұраныс пен ұсыныс" инфляциясының әр қилы ұштасуын қолдану арқылы жүріп отырды.
Қазақстанда ақша массасының өсуінің үш себебін атап өтейік:
* Біріншіден, бюджеттік тапшылықты қаржыландыру үшін Орталық банктерден келген несиелер;
* Екіншіден, Орталық банктің коммерциялық банктерге несиесі - қайта қаржыландыру үшін несиелер;
* Үшіншіден, ТМД мемлекеттеріне несие - олардың Қазақстанмен саудадағы тапшылығымен байланысты.
Аталған несиелердің көздері, негізінде ақша массасы өскен және инфляция жандана түскен ақшалай түрдегі базаны кеңейткен болатын.
Қазақстанның өтпелі экономикасында алғашқыда инфляцияға қарсы шаралар тек естен тандыру терапиясының монетаристік әдістері қолданылды. Бұлар күткен нәтиже бермеді.
Қорытып айтқанда, Қазақстандық экономикадағы инфляциялық процестер шаруашылықтың жалпы құлдырауымен, экономикалық байланыстардың бұзылуымен, тым өсіп кеткен басқару аппаратын қаржыландырумен байланысты. Сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты жайлы
Инфляцияның әлеуметтің экономикалық зардаптары
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы
Инфляцияның экономикадағы ролі мен мәні
ҚР –ның инфляцияға қарсы саясаты
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты
Инфляция,оның Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау және Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясаты
Инфляцияға жалпы сипаттама
Инфляцияның мәнін ашу, оның түрлері және ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін анықтау
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясат
Пәндер