Биологиялық белсенді заттар



1. Биологиялық белсенді заттар
2. Гормондар
3. Олардың жіктелуі қасиеттері
Организмде белгілі бір әрекетгерді (функцияларды) реттейтін өзіңдік әсері бар органикалық қосылыстарды биологиялық белсенді заттар дейді. Оларды төрт топқа бөледі: гормондар, гормоноидтар, парагормондар, телегрондар .

Ішкі секреция бездерінің өнімдерін (инсулин, тироксин, гидрокортизон т.б.) гормондар деп атайды. Олар қан арқылы бүкіл денеге тарап, гормондық реттеу тетігін қалыптастырады. Жеке торшаларда түзіліп, солардың өзіне ғана әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды торшалық гормондар дейді. Ал торшаларда түзіліп, ұлпаларға жайылып, олардың қызметіне әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды ұлпалық гормондар немесе гистогормондар деп атайды.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Биологиялық белсенді заттар
2. Гормондар
3. Олардың жіктелуі қасиеттері

Организмде белгілі бір әрекетгерді (функцияларды) реттейтін өзіңдік әсері бар органикалық қосылыстарды биологиялық белсенді заттар дейді. Оларды төрт топқа бөледі: гормондар, гормоноидтар, парагормондар, телегрондар .

Ішкі секреция бездерінің өнімдерін (инсулин, тироксин, гидрокортизон т.б.) гормондар деп атайды. Олар қан арқылы бүкіл денеге тарап, гормондық реттеу тетігін қалыптастырады. Жеке торшаларда түзіліп, солардың өзіне ғана әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды торшалық гормондар дейді. Ал торшаларда түзіліп, ұлпаларға жайылып, олардың қызметіне әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды ұлпалық гормондар немесе гистогормондар деп атайды.
Парагормондар деп ұлпаларда зат алмасу өнімі ретінде бөлініп, физиологиялық белсенділік көрсететін заттарды (мысалы, көмір қышқыл газы, мочевина) атайды. Ішкі секреция бездерінен тыс, басқа мүшелер мен ұлпаларда түзіліп, организмдегі зат алмасу процесі мен көптеген физиологиялық әрекеттерді реттеуге қатысатын химиялық құрылымы жағынан әртекті физиологиялық белсенді заттарды (мысалы, гастрин, серотонин, гепарин, секретин, гистамин, ацетилхолин т.б.) гормоноидтар деп атайды. Олар қысқа мерзім ішінде әсер етеді, ұлпа белоктарымен қосылып кетеді, немесе тез бұзылады.
Бір организмнің сыртқы секрециялық бездерінде түзіліп, басқа дарақтарға әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды (ферромондар, алломондар т.б.) телегрондар дейді.
Метаболизмдік гормондар организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын реттейді. Зат алмасу процесіне гормондар қажетті ферменттердің түзілуін жандандыру, бәсеңдету немесе тоқтату нәтижесінде әсер етеді. Мысалы, инсулин, глюкагон, адреналин гормондары көмірсулардың алмасуын реттейді, өсу гормоны белоктардың түзілуін жандандырып, көмірсулар мен майлардың алмасу қарқынын өзгертеді; тироксин қуаттың өндірілуін күшейтіп, белоктардың, көмірсулардың, майлардың тотығуын жақсартады.
Морфогенездік гормондар торшалардың генетикалық аппараттарына әсер ету арқылы торшалардың өсуін, көбеюін, жіктелуін бағыттап, реттеп отырады. Олар организм мүшелерінің, бөліктерінің, белгілерінің дамуындағы реттілікті қамтамасыз етеді.
Үйлесімдік гормондар жеке мүшелердің қызмет әрекетін өзгертіп, оларды өзара сәйкестендіреді, үйлестіреді. Мысалы, адреналин жүрек жұмысын күшейтіп, оның жиырылу күшін арттырады, шеткей қан тамырларын тарылтады, қарын мен ішек қимылдарын баяулатады
Атқаратын қызметіне, әсер бағытына қарай гормондар үш топқа бөлінеді. 1) Эффекторлық гормондар -- олар тікелей нысана мүшелерге әсер етеді. 2) Троптық гормондар -- эффекторлық гормондардың түзілуі мен бөлінуін жандандырады. 3) Рилизинг гормондар -- гипофиздің троптық гормондарының бөлінуін және гипоталамустың нейросекрециялық қызметін реттейді.
Гормондарға оларды биологиялық белсенді заттардың басқа топтарынан ерекшелендіретін бірнеше қасиет тән.
1. Алшақ (дистанциялық) әсер -- гормондар өздері түзілген бездер-
ден алшақ орналасқан мүшелер қызметіне әсер етеді.
2. Өзіндік әсер -- әрбір гормон организмде жүретін белгілі бір
процеске ғана әсер етеді. Дегенмен, жеке мүшелер қызметіне немесе
белгілі бір процесті реттеуге бірнеше гормон қатысуы мүмкін. Олар-
дың әсеріне бірыңғай (синергиялық), не кереғар (антагонистік) болуы мүмкін
3. Зор биологиялық белсенділік. Гормондардың аз мөлшерінің өзі
үлкен биологиялық жауап тудырады. Мысалы, 1г адреналин 10 млн
бақаның оқшауланған жүрегінің жиырылу күшін арттырып, жұмысын
жиілетеді. 1 г инсулин 125 мың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиялық активті заттар биотехнологиясы
Биологиялық белсенді заттар және олардың қауіпсіздігі
Биологиялық активті қоспалар
Ксенобиотиктер туралы
Биологиялық белсенді қоспалардың технологиясы
ББЗ - Биологиялық белсенді заттар
Биологиялық белсенді қоспаларды алу технологиясы және оны шұжық өнімдерінде қолдану
Биологиялық белсенді заттар комплексін бөлудің технологиялық сызбанұсқасын ұсыну
Биологиялық белсенді заттарды стандарттау
Жуғыш зат құрамы
Пәндер