XVII-XVIII ғ. ғ. егіншілік жүйесі



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
• Жалпы егіншілік жүйесіне қысқаша сипаттама
• Егіншілік жүйсінің түрлері
• XVII.XVIII ғ егіншілік жүйесі
III. Қорытынды
Егіншілік жүйесі – жерді дұрыс пайдалануға, топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, одан әрі арттыруға, сақтауға, егілетін дақылдардан тұрақты мол өнім алуға бағытталған өзара байланысты агротех. мелиоративтік және ұйымдастырушылық шараларының жиынтығы. Егіншілік жүйесіне жер жағдайына, ауа райының ерекшеліктерін еске ала отырып, ауыспалы егіс жүйесін қолдану, дақылды жақсы жерге егу және сапалы тұқым себу, жерді органик., минералдық тыңайтқыштарментыңайту, суғармалы жерге егілген дақылдарды дер кезінде қандыра суғару, қол еңбегін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру, арамшөппен, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен күресу, т.б. жатады. Ғылым негізде дұрыс құрылған ауыспалы егіс жүйесі жердің құнарлылығын арттыра түседі, барлық дақылдардың өнімділігін көтеріп, оның сапасын жақсартумен қатар, ауыл шаруашылыгы машиналарын, техникалык, материалдық ресурстарды, қарқынды технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
1. Қ.Ш.Жаңабаев , С.С.Арыстанғұлов «Агрономия негіздері»
2. Ізтаев Ә., Отыншиев Б. «Астықтану және диқаншылық негіздері» , Алматы «Қайнар» 1994ж
3. Құрманбаев С.Қ. «Агроландшафтная система земледелия»

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ОӨЖ

Тақырыбы: XVII-XVIII ғ егіншілік жүйесі

Тексерген : Cағандықов С.Н.
Орындаған : Аққазынова Ж.
Тобы: АГ-213

Семей 2015 ж

Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Жалпы егіншілік жүйесіне қысқаша сипаттама
* Егіншілік жүйсінің түрлері
* XVII-XVIII ғ егіншілік жүйесі
III. Қорытынды

Егіншілік жүйесіне қысқаша сипаттама
Егіншілік жүйесі - жерді дұрыс пайдалануға, топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, одан әрі арттыруға, сақтауға, егілетін дақылдардан тұрақты мол өнім алуға бағытталған өзара байланысты агротех. мелиоративтік және ұйымдастырушылық шараларының жиынтығы. Егіншілік жүйесіне жер жағдайына, ауа райының ерекшеліктерін еске ала отырып, ауыспалы егіс жүйесін қолдану, дақылды жақсы жерге егу және сапалы тұқым себу, жерді органик., минералдық тыңайтқыштарментыңайту, суғармалы жерге егілген дақылдарды дер кезінде қандыра суғару, қол еңбегін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру, арамшөппен, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен күресу, т.б. жатады. Ғылым негізде дұрыс құрылған ауыспалы егіс жүйесі жердің құнарлылығын арттыра түседі, барлық дақылдардың өнімділігін көтеріп, оның сапасын жақсартумен қатар, ауыл шаруашылыгы машиналарын, техникалык, материалдық ресурстарды, қарқынды технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Дақылдардың құрамына, олардың үлес салмағына қарай ауыспалы егіс жүйесі әр түрлі аталады. Республиканың топырақ-климатжағдайына байланысты Қазақстанда аймақтық Егіншілік жүйесі енгізілуде. Белгілі бір аймақтың ерекшеліктеріне қарай осы жүйенің өзі топырақ қорғау жүйесі, суғармалы жүйе және тау жүйесі, т.б. болып бөлінеді. Топырақ қорғау жүйесі Қазақстанның солтүстік, батыс және орталық аудандарындағы егіс танаптарына енгізілген. Мұнда дәнді дақылдардан кейін пар жыртылады, оған көбіне жаздық дақылдар егіледі. Суғармалы жүйе республиканың оңт. шығысындағы егіс танаптарына енгізілген. Мұнда арнайы ауыспалы егіс игерілген, көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдар алмастырылып отырылады. Тау Егіншілік жүйесін Алматы облысының шаруашылықтары пайдаланады. Мұнда дәнді дақылдардан кейін пар жырту ауыспалы егістігі игерілген. Дәнді дақылдар мен мал азықтық дақылдар егіледі.

Егіншілік жүйесінің түрлері
Жалпы адамзат ерте заманда қолданған және қазіргі кезде қолданып жүрген егіншілік жүйесі үшке бөлінеді: қарапайым, эксткенсивті және интенсиві. Егіншеліктің қарапайым жүесі топырақтың табиғи құнарлығын пайдалануға негізделген. Бұл - егіншіліктің алғашқы кезеңіне және ерекшелік. Ол үшін ерте заманда адамдар орман алқаптарында егін салу үшін ағаштарды кесіп не өртеп егістік жер дайындаған. Осылай орманнан тазартылған жерлерге 3-5 жылдай дәнді дақыл егілген. Танаптарда арамшөптер көбейіп, топырақтың құнарлығы азайып, өнім төмендей бастағанда, бұл жерді тастап, орманнан жаңа жер дайындаған. Диқандар тастап кеткен танаптарда қайтадан табиғи шөптер мен ағштар өсіп, көп жылдар өткен соң, жердің құнарлығы қайтадан қалпына келген. Егіншіліктің экстенсивті жүйесі қарапайым жүйесіне қарағанда көп жоғары тұр. Бұл жүйенің нәтижесінде егіске жарамды жерлерді пайдалану едәуір жақсарды. Халық санының өсуіне байланысты егін алқабының аумағы үлкейді. Жерге жеке меншік пайда болды, енді диқан бұрынғыдай кез келген жерді егістіккке арнап жыртуы мүмкіндігінен айырылды. Сөйтіп топырақ құнарлығын қалпына келтіру мерзімін қысқарту қажеттігі туды. Ондай тәсіл табылды, ол - танапты парға қалдыру. Жерді парға қалдырғанда, армшөптерді құртуға, топырақтың құнарлылығынын көтеруге мүмкіндік туады, яғни танапта ештеңе егілмесе де, жаз бойы бапталып, күтіледі. Сөйтіп егіншіліктің пар жүесі шықты. Кейін парға қалдырылған танаптарға ор қалдырылған танаптарға органикалық, минералдық тыңайтқыштар берілетін болды.
Алғашқы ауыспалы егіс екі танаптан тұрады. Бір танапты парға қалдырып, екіншісіне астық дақылдары егілді. Бірте-бірте екі танапты ауыспалы егіс пайдаланыла бастады. Танапқа бір жыл күздік дақыл, екінші жылы жаздық дақыл егіліп, үшінші жылы оны парға қалдыратын болады. Егістіктің қарапайым түріне қарағанда, пар жүйесі астық дақылдарынан анағұрлым мол өнім жинауға, егіске жарамды жердің жыртысына, тіпті үштен екісіне астық егуге жағдай жасайды. Міне икстенсивті жүйенің маңызы оcы.

XVII-XVIII ғасырдағы егіншілік жүйесі

XV ғ. Еуропаға келген қайта өрлеу дәуірі дүниетанымның толық дамуына үлкен ықпал етті. Энгельстің айтуы бойынша бұл дәуір үлкен алға даму өзгерістерін алып келді.... Қайта өрлеу дәуірінде көрнекті өкілдерін атай отырып, басқалардың арасынан Леонардо да Винчи, Ф. Бекона, Н. Макиавеллиді ерекше көрсетті. Осы ғасырдың сипаттамасын келесі авторлардың жеке үзінділерінен табуға болады, олар: Ваксман (1937); Вильямс, Саввинов (1953); Виленский (1958); Ковда (1973); Прянишников (1945); Рассел (1955); Яриков (1910) және т.б. Бізді қызықтырып отырған тақырып бойынша мынадай жалпы қорытынды жасалды: егіншілік мәселесіне қатысты сұрақтар XVI-XVII ғ. әсіресе ХVIII ғ. айтарлықтай дамыды. Егіншілік ғылым ретінде қалыптаса қоймады, дегенмен, оның жеке салаларына байланысты ғылыми білім біршама қалыптасты. Өсімдік қоректенуінде топырақтың рөлі, оның құрамы, өзімдік қоректенуінің физиологиялық негізі және өсімдік өміріндегі фотосинтез бен минералдық қоректердің маңызы жайлы көптеген гипотезалар айтылды. XVIII ғ. Еуропада агрономиялық, экономика - географиялық және басқа да ғылымдардың жылдам дамуына сауда және өнеркәсіптік өндіріс, сауда, ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықта қалыптасуы, өндірістің капиталисттік тәсілінің тереңдеуі және дамуы әсер етті. Дарвинизмнің пайда болуы биологияның дамуына ғана емес, сондай-ақ, агрономияға да маңызды серпіліс берді. Дарвинизмнің негізі - даму - Дарвин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және мәдениетіндегі ескерткіштер
Қазақтардың тұрағы
Қазақтардың шаруашылығы және патриархалдық - феодалдық қатынастары
Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығы
XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ӨМІРІ
Қазақ хандығы қүрылғаннан кейін XV-XVIІI ғ.ғ. Қазақтардың әлеуметтік және экономикалық жағдайын, таптық құрлымын жан-жақты сарапқа салып, талдау және қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың жағдайы
Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері негізінде, араб-парсы және еуропалық саяхатшы-тарихшы, географтардың мәліметтерін сараптау арқылы, жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау
Қазақ мәдениетінің саяси құрылымы және оның рухани -құқықтық дамуының ерекшеліктері
Ежелгі Қазақстан
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Пәндер