Гуманитарлық ғылымда биографиялық әдістің тарихы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Гуманитарлық ғылымда биографиялық әдістің тарихы
Орындаған: Ауесханова Н. Д
Тексерген:Адильжанова Қ. С.
Семей 2015
Биографиялық әдіс гуманитарлық білімнің ерекше бағытын құрайды. Вильгельм Дильтей биографиялық әдісті гуманитарлық зерттеулердің жоғары және негізгі формасы деп есептеген. Оның нышандары Ерте Египетте табылған. Ежелден биографияның обьектісі атақты адамдар болып табылған. Антикалық әлемде атақты Светонияның «он екі цезарлердің өмірбаяны», Плутарханың өмірбаяны жазылған.
Орта ғасырларда дін маманы- филосов Августин Блаженнің б. з. б IV ғасырда «Исповедь» жазылып, атақтылардың өмірі жайлы жанрлар тарады. Осылайша, XIII ғасырда кардинал Боневентура «Франциска Ассизесдің өмірі» жайлы жасса, ал Ресейде осындай сияқты тақуа православтер туралы жазылған. Өмірлік әдебиет құнды сілтемеге ие және халықты тәрбиелеуге қызмет етті. Қайта өрлеу дәуірінде (Б. Челлинидің) автобиографиялары танымал болған. Орыс биографилық әдебиеттерінде жер иеленуші Болотова Андрей Тимофеевичтің өмірбаяны (XVIII ғ. ) , желтоқсаншылардың өмірбаяндық жазбалары және де тағыда басқалары, орыс суретшісі Мария Башкирцеваның (XIX ғ. ) күнделігінде басылып шыққан. Осындай туындылар біруақытта психология мен тарихтың, әдебиеттің негізгі жанры болып табылады.
XIX ғасырда әдеби өмірбаяндық жазбалармен қатар, биографиялық материалдардың негізінде, әдебиеттану, тарихи зерттеулер, психологиялық таным мақсатында аналитикалық туындылар пайда болды.
Биография тарихи ғылым жанры мен әдісі ретінде.
Тұлға тарихи ғылым үшін, тарихи драманың әрекет етуші тұлғасы ретінде қызықты. Оны тарихи процесске әсер ету сипаты мен деңгейі бойынша бағалайды. Бірінші кезекте кейіпкердің қоғамдық іс-әрекеті қатысады, ал жеке өмір фактілері, тарихта маңызға ие емес, кездейсоқтық ретінде қарастырылады.
Маркстік тарихи ғылымда, тарих психологизациясына қарсы күрес әрқашан жүрген. Ол тарихи материалдарды түсіну, қоғамдық-экономикалық формация теорияына қатысты тарихи процестердің обьективті заңдылықтарын зерттеуде байқалған. Биографиялық әдіс тарихи ғылым жанр ретінде маркстік ғылымдар жағынан, тарихи зерттеуде артық субьективизмді енгізгені үшін, тарихи процесте атақты тұлға ролдерін тым екпіндеуі үшін, тарихи дамудың обьективті факторларына назардың жетіспеушілігінен, әрқашан сынға ұшырап отырған. Кеңес тарихи ғылымында тарихи процестердің обьективті факторлары әрқашан басымдылықты байқатқан. Атақты адамдардың тұлғасы мен өмірлік жолдары тарих себептерін түсіндіру мақсатында емес, ал сол дәуір және оның нақты жағдайлары туралы көзқарасты байыту үшін зерттелінген.
Осыған қарамастан, 60-70 жылдары КСРО-да революция ғылымына дейінгі орны бар, психологияның тарихпен байланысы қайта жаңарды. Кеңес тарихшылары арнайы, яғни биографиялық құжаттарда болатын ақпараттарды қарқынды қолдана бастады (1, 2, 3) . Қазіргі уақытта бұндай байланыс тарихи психологияның дамуына алып келіп, осы аймақта алғашқы отандық кітаптар жазылып, диссертациялар орындалды (4, 5) .
Шет елдерде психологиялық факторлерге аса көңіл бөлетін, атақты дамуға ие психотарих пайда болды (6) . Балаларды тәрбиелеу, жыныстық қатынастар, ас қорыту, әртүрлі дәуірдегі адамдардың тіршілік әрекетіндегі әдеттері деген сұрақ, тарихи зерттеу пәнімен тең түседі. Тарихи санада адамдардың жеке өмірлерінде азғандай тарихқа деген қызғушылығы пайда болып, психологизм немесе антропологизм тенденциясы өседі. Тарих адам өмірінің кемеліне келген, адами құштарлықтардың қайнауы мен тұлғалық әрекеттердің шұбырау ретінде көрсетіледі. Сондықтан биографияға деген назарлар тарихи зерттеу жанры ретінде сөнбейді, керісінше, өседі.
Тарихи ғылым ежелден тұлғаны тарихтың ең көп беделді персонажы ретінде қарап, атақты тұлғалардың іс-әрекетін өткен шақ нәтижесі ретінде зерттеп, биографиялық әдіске жүгінген. Тарихи биография жанрында XIX ғасырда атақты ағылшан тарихшысы және философы Томас Карлейль жұмыс істеген. Кеңес ғылымында биографиялық жанрында академик Е. В. Тарленің атағы шыққан (оның атақты кітаптары «Наполеон», «Талейран») . Ұлы Франция революциясын зерттеуші, «Наполеон Бонапарт», «Три портрета» кітаптарын жазушы, тарихи кескіннің шебері кеңес тарихшысы А. З. Манфред болды. Россия-КСРО-ның саяси қайраткерлері туралы кітаптары мен тарихи-биографиялық очерктері арқасында, біздің заманымызда Д. Н. Волкогоновта көпшілікке танымалдылыққа ие болды.
Биография ғылыми-тарихи жанр ретінде, көп жағдайда философия тарихы аймағында жоғары бағаға ие (7) . Бұл жанрда философтардың мысалы, И. Кант, М. Бакунин, Г. Гегель, Г. Лейбниц сияқты философтар туралы айқын кітаптары пайда болған. Н. А. Бердяевтің философиялық автобиографиясы маңызды құбылыс болып табылған.
Атақты тарихи тұлғалардың өмірбаянын зерттеу кезінде, маңызды жазба деректемелері болып, арнайы құжаттары болып табылады. Қазіргі заманғы психолог-биографист, өткен- кеткен жайлы айғақтық және мәтіндік деректемелер туралы ақпарат алуда тарихшыдан жұмыс тәсілдерін ала алады. Тарихи деректеметануда өмірбаяндық жазбалар құжаттарының класификациясы, мәтіндік анализ (ішкі және сыртқы сын деп аталатын) деректемелерінің сыни әдістері жасалынған. Тарихшылар мұрағатты (архив) жинап және өңдей алады, және бұлардың тәжірибелері психологиялық биографиялық зерттеуде тәжірибені қабылдау маңызды.
Тарихи ғылымда өмірбаяндық жазбалар деректемелерінің әртүрлі формалары көрсетіледі: жалпы өмірлік жол туралы елестетулер (өмірбаян), жеке өмір периоды туралы елестетулер, жаңа жағдайлар ізі бойынша күнделіктер мен жазбалар, әдеби жазбалар- елестету бойынша жазушы (журналист) арқылы жазылған және соның атынан жазылған жағдайларға қатысушылардың жазбаша құжаттары, оның туындылары. Өмірбаяндық жазбалар деректемесіне жазбалар, замандастар туралы еске түсірулер, қазанамалар (некрологи) және т. б. жатады.
Тарихшылар деректемелермен жұмыс жасауда, олардан ақпаратты шығарып алу, сенімділікті жоғарлатуға мүмікдік беретін, келесідей операцияларды ұсынады:
1) өмірбаяндық жазбалардың эпизодқа бөлінуі;
2) эпизодтардың анализі (қатысушылардың шеңбері, мәліметтердің әртүрлігі, олардың құрылымын анықтау) ;
3) еске түсіруде саңылаулардың (пробелов) көрінулері;
4) әңгімелеу, баяндау логикасын зерттеу (автордың жеке айтқан сөзі арасында қарама-қайшылық бар ма, жоқ па) ;
5) өмірбаяндық жазбалардың әртүрлі варианттарының тұрақты мазмұнын анықтау үшін қажетті мәтіндік анализ.
6) Басқа да авторлардың өмірбаяндық жазбалар ақпараттарынан деректерді салыстыру (8) .
Тарихшылар үшін тұлға туралы мәлімет алуда өмірбаяндық жазбалар авторлары, деректердің сыни талдау шарттары ретінде, қосымша мағынаға ие. Осыған орай, оның еске түсірулерін обьективті түрде қорытындылау үшін, өмірбаяндық жазушылардың эридициясы, мотивациясы мен құзыреттілігі ескеріледі.
«Теориялық процесс», «жағдайлар», «тарихи факт» түсінігі сияқты тарих әдістемесіндегі теориялық сұрақтар, өткен шақты тану мен шындықтың обьективті критерийі арқылы анықталады. Тарихи танымның спецификасы, биографиялық әдістің негізін теориялық жасауға деген қатынасынан көрінеді. Психолог тұлғаны оның өмірлік жолындағы фактілері арқылы зерттеуі үшін, ең алдымен осы тұлға өмірінің өткен шақ суретін қайта құру керек. Сондықтанда, тарихи зерттеулердің принциптерін шығармашылық қолдану- психологиялық биографиялық зерттеудің қажетті шарттары. Тарихи ғылымда негізгі тарихи құбылысты- жағдайды түсінудегі анықталмағындық болып қалады. Бірақ соған қарамастан, психолог-биографист білу керек маңызыдысы, ол жағдайлар табиғатын түсінудегі құнды идеялар мен оның құрылымдары.
Әдебиеттанудағы биографиялық зерттеулер
Жалпа әдебиеттану мен өнертануда, суретші тұлғасы мен оның өміріне деген қызығушылық бар. Көркем өнер туындыларын түсіну тарихи контекст пен автор қашан өмір сүргендігі туралы, уақыты жайлы білімдерінсіз мүмкін емес. Дәл осы биография арқылы зерттеуші өнер туындыларын жасау дәуірі атмосферасына енеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz