Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері туралы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы:

Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері

Орындаған: Амиргалина Ж. К

Тексерген:Муратбаев Д. М

Семей. 2015 жыл

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 2Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері

2. 2 Жүрек дүрсілі

2. 3 Электрокардиография

ІІІ Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе.

Қан айналу жүйесі - қанның қан тамырларымен тоқтаусыз ағу қызметін атқаратын жүйе. Қан айналу жүйесіне кіреді:

Сүткоректілердің жүрегі өзара тек кан тамырлары аркылы ғана байланысатын оң және сол бөліктерден тұрады. Оң жүрекше бүкіл денеден вена қанын кабылдап, оны оң қарыншаға айдайды. Өкпеде қан көмір қышкыл газын өкпе көпіршіктеріне (альвеолаларға) бөліп, оттегімен канығады да, артерия қанына айналып, өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге келіп құяды. Қан айналу жүйесінің оң қарыншадан өкпе артериясымен басталып, сол жүрекшеде өкпе венасымен аяқталған бөлігін « қан айналудың кіші шеңбері » деп, ал, қан айналу жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде екі қуыс венамен аяқталған бөлігін « үлкен қан айналу шеңбері » деп атайды.

''Жүрек'' - көкірек қуысында орналасқан қан айналу жүйесінің орталык мүшесі. Жүрек еті, қаңқа еттері сияқты, көлденең жолақ ет талшықтарынан құралады. Бірақ қаңка еттерімен салыстырғанда, оның морфологиялык және физиологиялық ерекшеліктері бар. Калың ет пердесі оны оң және сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен карыншаға болінеді. Сонымен, омыртқалы жануарларда жүрек төрт камерадан: екі жүрекшеден және екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар арнаулы тесік аркылы қосылады да, бұл жерде жармалы какпақшалар тек карынша бағытында ашылып, қанды жүрекшеден қарыншаға өткізеді. Қарыншалар жарылған кезде бұл қақпақшалар жабылады да, канның кері - жүрекшелерге өтуіне мүмкіндік бермейді. Жүректен кіші және үлкен шенберлердің басталар жерінде (өкпе артериясы мен қолқаның басталар жерінде) тек тамырлар бағытында ғана ашылатын жарты айшық какпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде бүл какпақшалар жазылып, тесіюі жабады да, канның кері карыншага отуіне бөгет жасайды. Сонымен, кдқпакшалардың арқасында кан жүректен тек бір ғана бағытқа - вена тамырларынан жүрекшелерге, жүрекшелерден қарыншаларға, ал қарыншалардан артерияларга өтеді.

ІІ Негізгі бөлім

1. Жүрек қантамырлар жүйесімен ауыратын науқастарды жалпы қарау, пальпация жасау. Қан айналым жүйесінің ауруымен ауратын науқастарда негізі шағымдар олар: Ентігу; Демігу; Жүректің жиі соғуы; Жүрек жұмысының бұзылуы; Жүрек тұсының ауру сенбептері; Ісіктер; Цианоз; Жүтелу, қан түкіру, Жалпы қарау : Науқастың отырған қалпына терісінің түсіне, ісіктің бар жоғына, саусақ формасына назар аудару керек. Эксудатты плеврит кезінде науқас алға еңкейіп отырады. Тері түсі акроцианоз немесе диффузды цианозға айналады. Аорталық ақау кезінде тері жамылғалары бозарады. Сесистік эндокардит кезінде терінің түсі сүт қосылған кофе тәрізді болады. Науқас жүретін болса онда Ісік аяқ тұсында болады, ал төсекте жататын болса ісік сегізкөз және бел тұсында орналасады. ауру дамғанда ісіктер бүкіл денеге жайылуы мүмкін оны анасарка деп атайды. Ісік кезінде тері бозарады тегіс болады. Жүрек тұсын анықтап қарағанда: Жүрек тұсының томпаюын; жүрек қағысын; жүрек ұшының қағысын көруге болады. Жүрек ұшында ішке қарай тартылуы пайда болса оны “кері жүрек ұшының қағысы ” деп атайды. Аорта клапынының жетіспеушілігі кезінде ұйқы артерияларының пульпациясын көруге болады оны “каротиттер биі ” деп атайды. Пальпация: Жүрекке пальпация жасау жүрек ұшы қағысын жүрек қағысын “мысық дірілі” симптомын анықтауға болады. 1. оң қолдың алақанын науқастың кеудесіне орналастырады. 2. Қолдың негізін төс сүйегіне қаратып саусақ ұштарын қолтық астына қаратып 3-4 қабырға арасына орналастырады. 3. саусақ ұштары жоғары және төмен қимылдап тұрған орынды анықтайды, ол жүрек ұшының қағысы болып есептеледі. 4. пальпацияны тыныс шығару кезінде жүргізу керек. Жүрек ұшының негізгі қасиеттері:1. Жүрек ұшы қағысының ені : кеуде торындағы сілкіндіретін алаңды айтады, егер жүрек ұшының қағысы ның алып жатқан алаңы 2 см артық болса оны жайылған деп атаиды себебі жүрек өлшемінің үлкеюі. ал керісінше 2 см кем болса оны шектелген деп атаиды. себебі май шел қабатының қалыңдауы, өкпе эмфиземасы. 2. Жүрек ұшының биіктігі: жүрекң ұшы аимағындағы кеуде қуысының тербеліс амплитудасының көлемін атайды. физикалық күш түскенде тиреотоксикозда жүрек ұшы қығысының биіктігі үлкейеді. 3. Жүрек ұшы қағысының күші:Пальпация жасайтын саусақтарғажүрек ұшының көрсететін қысымын атайды. Күшейген жүрек ұшының қағысы сорл жақ қарыншаның гипертониясында кездеседі. 4. Жүрек ұшы қағысының серпімділігі:Сол жақ қарынша бұлшық еттерінің тығыздығы гипертонияға ұшырағанда көбейеді. осы жағдайда резистентті жүрек ұшының қағысы туралы айтуға болады. Систолалық және диастолалық дірілді анықтауға, Мысық дірілін анықтауда маңызы зор. диастолалық кезінде анықталған мысық дірілі ол митралды клапан стенозына тән, систолалық кезінде аорта сағасының тарылуына тән.

Жүрек қантамырлар жүйесімен ауыратын науқастардың шағымын тыңдау, жалпы қарау, пальпация аускультация жасау. Қан айналым жүйесінің ауруымен ауратын науқастарда негізі шағымдар олар: Ентігу; Демігу; Жүректің жиі соғуы; Жүрек жұмысының бұзылуы; Жүрек тұсының ауру сенбептері; Ісіктер; Цианоз; Жүтелу, қан түкіру, Аускультация: Жүрекке аускультация жасау негізінен жүректің 5 нүктесіне жасалады. Систолалық және диастолалық үн. жүректі дем алуын ұстатып тұрып жасайды. Жүрек үндерінің өзгеруі 1-2 үннің бірдей әлсіреуімен немесе күшеюімен сипатталады. екі үннуң әлсіреуі миокардтың жұмысы төмендегенде, ал күшеюі ауыр күш түскенде, уайымдағанда, тиреотоксикоз кезінде байқалады.

Қан айналу жүйесі

.

Жүрек жұмысы әр түрлі механикалық және дыбыстық құбылыстармен бейнеленеді. Жүрек еттері жиырылған кезде жүрек өз есінде бұрылып, көкірек кабырғасына соғылады. Осы кұбылысты жүрек кағуы деп атайды. Адам мен итте кеудені жұрек ұш жағымен қақса, малда - бүйір бетімен кағады.

Жүрек кағуын арнаулы құрал - кардиограф аркылы тексереді.

Кан жүректен қуылып, тамырлармен жылжыған кезде денеде әлсіз тербеліс туады. Оны арнаулы баллистокардиография әдісімен зерттейді. Бұл әдіс жүрек еттерінің жиырылу күші мен оның әр түрлі бөліктерінің жиырылуындағы үйлесімдікті зерттеуге мүмкіндік береді. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші организмнің сыртқы және ішкі орта жағдайларына байланысты. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші артса, белгілі уақыт бірлігінде тамырлар жүйесіне қан көбірек айдалады. Жүректің жиырылуы баяулап әлсіресе, организмнің қан тамырларына келетін қан мөлшері кемиді. Сөйтіп, денеде барлық мүшелердің қанмен жабдықталуы өзгереді. Жүрек қызметі автономиялы нерв жүйесінің қатынасында рефлекторлы жолмен өзгеріп отырады. Парасимпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер жүректің жиырылуын баяулатып әлсіретсе, симпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер оны күшейтіп, жиілетеді. Гуморальдық реттелу жүректің жиырылуын күшейтіп, жиілететін бүйрек безінің гормоны адреналинге, кальций тұздарына және басқа биологиялық әрекетшіл заттар жүрек қызметіне қарама-қарсы әсер етеді. Нервтік және гуморальдық жолмен реттелуі жүрек әрекетінің қоршаған орта жағдайларында өте дәл бейімделуіне мүмкіндік береді. Дене еңбегін атқарған кезде, бұлшық еттерден, сіңірлерден шығатын импульстер жүрек қызметін реттеп отыратын орталық нерв жүйесіне келеді. Бұл симпатикалық нервтер бойымен жүрекке келетін импульстер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің шамасы артады. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші көбейеді.

Жүрек жиырылу жиілігінің баяулауын брадикардия , тездетуін тахикардия дейді. Аускультацияның дамуы стетоскоптың күрделдірумен байланысты деуге болады. Алғашқы стетоскоптар цилиндр тәрізді болып келді, оның кеңейген жағы дәрігердің құлағына, ал екінші енсіз шеті науқастың денесіне тақалып қойылатын. Стетоскоптар әр түрлі материалдардан: ағаш, қола, піл сүйегі, пластмасса және т. б. жасалған. Дыбыс стетоскоптың ішіндегі ауамен емес, оның қабырғаларымен өткізіледі. Кейіннен жұмсақ материалдан жасалған стетоскоптар енгізілді. Профессор Н. И. Филатов балаларды тыңдауға арналған өзінің стетоскопын ұсынған, оның бір ұшы екіге бөлініп, зерттеушінің құлағына кигізіледі. Кейін біртіндеп дыбыс қозғалыстарының берілуін күшейтетін аппараттар - фонендоскоптар ойластырылып табылды. Оның құрылыс ерекшеліктері: фонендоскоптың бір жақ шеті бетіне мембрана тартылған металдын жасалған қуыс болып табылады. Осы шетін адам денесіне тығыз жанастырып қойғанда дыбыс құбылыстары мембранаға беріліп, ол тербеліске келеді де, сол мүшеде белгілі бір дыбыс естіледі. Металды қуыс резонанс теориясы бойынша дыбысты күшейтеді, күшейтілген дыбыс түтіктің бойымен зерттеушінің құлағына жетеді. Ескертетін жағдай: фонендоскоп дыбыстарды күшейтумен қатар өзгертеді, оған қарағанда стетоскоппен естілетін дыбыстар таза болады. Әрбір дәрігер бір құралмен ғана тыңдап қарағаны дұрыс. Себебі: әрбір фонендоскоп немесе стетоскоп дыбыс құбылыстарын өткізуде бір - бірінен ерекшеленеді. Үнемі тыңдап дағдылану нәтижесінде ғана аускультация әдісінің барлық мүмкіндіктерін меңгеруге болады.

Екі жармалы қақпақшаның қызметі жетіспеушілігінде пайда болатын систолық шуыл науқас жатқанда жақсы естіледі. Екі жармалы қақпақшаның тарылуында науқас сол жақ бүйіріне қарай еңкейген кезде де анық естіледі.

2. 2Жүрек дүрсілі - қарынша систоласымен бір уақытта көкірек қуысының қабырғасының қайталанып шығып отыруы. Жүрек дүрсілінің ең айқын білінетін орны : ірі қара малда - сол жақтан 4-ші қабырға аралығында, шынтақтан 2-3 см жоғары, ауданы 5-7 см2 ; ұсақ малдарда: ірі қара малдардікі сияқты; жылқыда - сол жақтан 5-ші қабырға аралығында, ауданы 4-5 см2 ; шошқада- сол жақтан 4-ші қабырға аралығында, ауданы 2-4 см2 ;

Жүрек дүрсілін тексергенде келесілерді анықтайды:

1. Перикардитте, плевритте, пневиотораксте, гидротораксте жүрек дүрсілінің ығысыуы болады.

2. Өкпе эмфиземасында, плевритте, перикардитте жүрек дүрсілінің әлсізденуі болады.

3. Қызбада, перикардитте, инфекциялық ауруларда, улануда жүрек дүрсілінің кұшеюі болады.

4. Плевритте, перикардитте, перноститте, миозитте жүрек аймағының ауырсынуы болады.

Жүректі нұқу кезінде табады:

1. Салыстырмалы тұнық- бұл жүректің төске тиіп, өкпемен жабысып тұрған бөлігі. Нұқу кезінде топастау дыбыс естіледі.

2. Абсолютті тұнық - өкпенің жүрек сайында орналасқан, төске жанасып тұрған бөлігі. Нұқу кезінде топас дыбыс естіледі.

Жүрек шекарасын 2 сызық бойынша табады:

Жауырынның артқы бұрышынан шынтақ төмпешігіне дейін.

2. Шынтақ төмпегінен артқа қарай және жоғары 45° бұрышты мықынға дейін.

Ірі қара малда салыстырмалы тұнықтың жоғарға шекарасы иық буыны деңгейінде, ал артқысы -5-ші қабырғаға жетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері жайлы
Қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторларының маңыздылығы
Артериялық гипертония жаһандық мәселе
Психологиялық стресстің негізгі ерекшеліктері
Жүрек соғуын тоқтатпасын
Әртүрлі жастағы дені сау балалардың жүрек-қантамыр жүйесін функциональды және құрал-саймандармен зерттеу әдістері
Қой эхинококкозының диагностикасы мен емеделуі
Педагогикалық бақылау құралдары мен әдістері
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер
Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz