Педагогикалық училищедегі оқыту формаларын ұйымдастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Педагогикалық училищедегі оқыту формаларын ұйымдастыру.

Орындаған:Рахимбаева А.

Тексерген: Тезекбаева М. Ж.

Семей 2015

Оқыту - қоғамдық қарым-қатынастың субьектісі ретінде адамды дайындау қажеттілігінен туындаган әлеуметтік негізделген процесс. Бұдан шығатын қорытынды - оқытудың әлеуметтік қызметі әлеуметтік талаптарға сәйкес тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны калыптастырудың негізі, қайнар көзі - әлемдік мәдениет, адамзаттьщ ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық байлығы. Дидактикада И. Я. Лернердің тұжырымдамасы кеңінен қолдау тапқан: Білім Іс-әрекеттің әдістері. Шығармашылық тәжірибе Зерттелініп отырған обьектіге, сонымен бірге өз-езіне және басқа адамдарға деген эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас, қоғамдық, ғылыми және кәсіби іс-әрекеттің себеп-салдары мен қажеттіліктері. Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, тұлғаның дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс -әрекет барысы. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарып отырады. Оқыту - таным процесі. Оқыту - даму негізі. Оқыту - жоспарлы процесс. Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.

Дидактикалық жүйелер өткен кезеңге із-түссіз кетпейді. Олар қазіргі кезеңнің талаптарына сай жаңа жүйеге трансформацияланып, бүгінгі күнмен үндеседі. Гербарт дидактикасын, Коменскийдің дидактикасы элементтерін пайдаланды, Ушинский түрлендіріп пайдаланды, Алтынсарин оны лайықтады, ал қазір халықаралық талаптар деңгейіне, бәсекеліктікке бағыттап, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті орта білім беру стандарты талаптарға қатысты нақты сапалы жетілдіруде, үдеріс дамуда.

Оқытуды ұйымдастыруды формалары - ол оқыту мазмұнына қатысты мұғалім мен оқушының қызметтерінің сыртқы келісімдерінің өрнектелуі. Олар дидактикалық жүйелердің пайда болуы және жетілдіруіне сай дамуда. Оқытудың формалары түрлі шама-шарықтарға қатысты жіктеледі.

«Оқыту формасы - оқу материалын меңгеруден оқушылардың өзара әрекеті». Оқыту формасы әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс- әрекетіне тәуелді болады. Ресей педагогы Чередов И. М. бойынша: «Педагогикалық іс- әрекетті бұл бірімен - бірі, өзара байланысты ықпалдасық, әсер етушілік белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің қарым -қатынасы» деп түсіндіріледі. Оқытудың формасы - оқыту үрдісінің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс- әрекетін басқару мен оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас болып саналады. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішімін белгілейді, мұның өөзі оқушылардың білім сапасының көрсеткішімен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.

Педагогикалық сөздікте: «Оқуды ұйымдастыру формасы- оудың -әдіс тәсілдерін тиімді қолдануды жүзеге асыру үшін оқушыларды топтастыру» деп анықтама берілген.

Сабақ - бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері - мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.

Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді.

Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде - динамикалық құбылыс. Ол педагогикалық процестің негізгі даму теңденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды.

Бәрінен бұрын ол оқытудың үш бірлік - білім беру - тәрбие - даму - қызметін тиімді іске асыруда көрінеді, олай болса, оқушылардың табиғи қасиеттерін шығармашыл дамытуға бағытталғандығымен де көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық училищедегі оқыту формаларын ұйымдастыру жайлы
Педагогикалық практика міндеттері
Әдістемелік жұмыстың мысал ретіндегі түрлері
Педагогикалық практиканың міндеттері
Алтынсариннің кезінде салынған екі класты орыс - қазак мектебі үйінің планы
Жоғары және арнайы орта оқу орындарындағы жастардың дене тәрбиесі
Жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі әлеуметтік-педагогикалық атқаратын рөлі
Өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге әлеуметтендіру
Сабақ процесінде оқушының саналығы мен белсенділігін дамыту процесін пайдалану
Статистикалық әдістің мүмкіншіліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz