Ми – жұлын жарақаттары туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ми - жұлынжарақаттары
Орындаған : Қанатова Б.
Тобы: ВМ-201
Тексерген : Жақиянова М. С.
Семей 2015 ж
Жоспар:
1. Ми-жұлын жарақаттары
2. Ми сілкінуі
3. Жұлынның үзілуі
4. Пайдаланған әдебиеттер
Бас аумағындағы жаралар жылқылар мен иттерде жиі, басқа жануарларда сирек кездеседі. Жарақаттанудың түріне және жарақаттаған кұралға байланысты, олар кесілген, тесілген, соғылған, жыртылған, оқ тиген және аралас түрде (мысалы, соғылған - кесілген және т. с. ) болуы мүмкін.
Кесілген жараларда көбінесе бастың жұмсақ тканьдары - тері, шандыр, мускул, тамырлар, нервтер және сүйек қабығы жараланады; тесілген жаралар көбінесе ауыз не мұрын қуыстарына және жақ буындарыныңқуысына қарай өткен түрде болады; соғылған және оқ тиген жараларда сүйек қабығы мен бас сүйектері жарақаттанады; жыртылған жараларда көбінесе танау, езу, еріндер, қабақтар және құлақтар жарақаттанады.
Б а р ы с ы. Бастың терісі мен мускулдарынын аз қозғалатындығынан және қанның жақсы бастағы жаралар көбінесе тез жазылады, дегенмен аурудың барысы жарақаттанудың түріне байланысты болады. Бәрінен де кесілген жаралардЫың барысы қолайлы өтеді, олар көбінесе бірінші өбісу жолымен жазылады, бірақ бет нервісі кесілген кезде оның паралич болып қалуы мүмкін. Тесілген жаралар инфекцияланады, сондықтан олардың барысы қолайсыздау өтеді. Егер сүйек ткані бұзылса, соғылған және оқ тиген жаралар да баяу жазылады. Ми жарақат танған кезде аурудың барысы қолайсыз өтеді, ондай жануарларды сояды не етке жарамаса өлтіріп, көміп тастайды.
Е м д е у. Аққан қанды қан тамырын байлау арқылы не басқа тәсілмен тоқтатады. Содан кейін жараны таза марлямен жабады. Жараның айналасындағы жүнді қысқартып, қырқады не қырып тастайды. Қырқар алдында жүнді сабынды сумен емес, сабынды спиртпен сулауға болады, өйткені сабынды судан инфекцияның жараға екінші қайтара жұғуы мүмкін. Егер жараның айналасындағы жүнге кір және қан жұққан болса, оны мұсатыр спиртінің 2 проценттік ертіндісімен не проф. Оливков ұсынған ертіндісіне (liqur Ammonii caustici 4, 0; Sol. Hydragenii hyperoxydati 3°/o-200, 0) малынған тампонмен тазартқан дұрыс. Содан кейін, жүнінен тазартылған теріні спиртке (динатуратка) не бензинге малынған тампонмен сүртіп, майсыздандырады да дезинфекциялау үшін 10 проценттік не екі еселенген 5 проценттік иодтың спиртті ертіндісін жағады, бұдан кейін кесілген не жалбыраған жaңa жараны түйінді әдіспен тігеді. Жарасы бірінші өбісу жолымен жазылады. Жараның жиектері ісініп, іріңдей бастаған жағдайда тігісін дереу сөгеді, содан кейін жараны жалпы хирургия тарауында көрсетілген асептикалық дәрілердің біреуімен тазартады.
Соғылып-жыртылған, кірленген және инфекцияланған жараны көбінесе байламай, ашық тәсілмен (тікпей) емдейді. Мұндай жараны, ең әуелі сутегінің асқын тотығымен жұмсатып алып, құрғақ, таза марля тампондарымен әбден тазартады, содан кейін көзге көрінген барлық басқа заттарды, оның ішінде өлі тканьды сылып, алып тастайды. Эксудаттың сыртқа ағуына бөгет жасайтын, бітеліп қалған, қалталанған жерлерді қайтадан кеседі не екінші жараны иодоформ-эфирмен (1 : 10) шылап, ақ стрептоцидтың ұнтағын не ескірмеген құрғақхлор известің бір бөлегіне бор қышкылының 5-9 бөлегін араластырып себеді, не басқа бір антисептикалық дәрілерді қолданады. Содан кейін жараны күн сайын не жазылуына қарай сирегірек, хлораминның не хлорацидтың 1, 5 - 2 проценттік су ертіндісімен тазартып, Вишневскийдің эмульсиясымен (Picis liquidae 5, 0; Xeroformii 3, 0; 01. Ricini 100, 0) шылап отыру керек.
Алдын ала сақтық шаралары . Қораның қабырғаларында және астауларда шығып тұрған шегелер, майысқан темірлер, сынған шынылар, ілмешектер болмауын бақылау керек. Жылкыны сыммен не арқанмен ауыздықтауға болмайды, ал оларды қозғалтпау шарасын қолданған кезде арқанбұрауды сақтықпен жасау керек.
Мидың сілкінуі. Мидың сілкінуі бас сүйегінің қатты соғылуынан, жануардың шұңкырға, орға, тік жарға не таудан құлауынан болады.
Клиникалық белгілері. Жатқан жануардың қозғалуға шамасы келмейді, қан тамырының соғысы нашарлап, болмашы ғана дем алады, көздері көбінесе ашық жатады, көздің қарашығы жарықты сезбейді (кішіреймейді) .
Қатты зақымданған жағдайда жануар өледі.
Емдеу. Басына суланған салқын шүберектер не мұз қояды, терісінің астына 20, 0-40, 0 дейін камфора майын құяды, шіміркендіргіш дәрілермен (горчицалы спирт, камфоралы спирт, скипидар) бүкіл денесіне массаж жасайды.
Алдын ала сактық шаралары. Ойлы-қырлы жерде жұмыс істеген кезде арбаның тормозына, аттың қамыты мен шлеясына, сондай-ақ аяқтарындағы тағаларын қарап, бақылап отыру керек.
Мойын омыртқаларының сынуы және шығуы. Үй жануарларының мойын омыртқаларының сынуы, олардың басымен төмен қарай шұңқырға құлаған, не бөгеттен қарғығын кезінде аяғын іліп алып, омақаса құлауынан, сондай-ақ мойыннан қатты ұрудан не оқ тиіп, жаралаудан болады. Арба мен автомобильдің басып кетуінен де омыртқаның сынуы мүмкін.
3-4 мойын омыртқалары сынады, кейде бірінші омыртқасы да сынады, қалған үш омыртқасы өте сирек сынады. Омыртқаның денесі мен оның сабақтарының да сынуы мүмкін.
Сынған кезде, көбінесе сүйек сынықтары жұлынды жаралайды, содықтан бұдан жануар өледі. Ұсақ жануарлардың сынығын рентген арқылы зерттеумен жақсы айыруға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz