Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар туралы мәлімет


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар. Қызметкерлердің жеке басын қорғау құрал жабдықтары

Орындаған:Қыдырханов Ғ. М

Топ: БЖ-315

Тексерген: Бейсембаев Ш. Т

Семей 2015

Жоспары;

1. Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар. 1. Қызметкерлердің жеке басын қорғау құрал жабдықтары

1. 1-ші топтағы -аз қауіпті жүктерге- құрылыс материалдары, тағам өнімдері, жеміс жидектер және машина бөлшектері жатады. Ондай жүктерді орамдарымен, ыдысымен немесе ыдыс, орамсыз тасымалдайды.

1. Жәшіктегі, бөшкедегі және басқа да жеке жүктерді тығыз қою қажет, қозғалу кезінде машинаның жүк салатын қорабында қозғалмауы үшін, араларына төсем салу керек;

2. Машинаның жүк салатын қорабының қабырғасынан асып тұратын жеке (жәшік, орамды) жүктерді, мықты арқан немесе жіппен байлау керек ( металл арқан және сымды қолдануға тиым салынады) . Жүк биіктігі көпірден өту кезіндегі жол бетінен жүктің жоғары нүктесіне дейін 3, 8м-ден жоғары болмауы керек;

Жанғыш жүктерге (2-ші топ) - бензин, керосин т/б өрт қауіпті мұнай өнімдері жатады.

Жанар май құйылған бөшкелерді көлікке тиеу кезінде олар бір бірімен соғыл-мас үшін араларына төсем қойып және тығындарын жоғары қарату керек. Тиеп-түсіру жұмыстарын жүк тиегіштермен, бөшке тиегіштермен немесе көлбеу траптармен атқару қажет. Бөшкелерді транспорттан көлбеу жазықтықтармен домалатып түсірген кезде, қарсы бағытта арқанмен ұстап ақырын түсіреді. Көлбеу траптар мықты болып, тайғанақ болмауы керек. Олардың көлбеулігі 30 градустан аспауы керек.

Бөшкелерді, барабандарды домалатып қозғалтқанда жұмысшы жүктің артында болуы керек, және жүктің домалау жылдамдығы адамның қозғалыс жылдамдығынан аспауға тиіс. Жүкті тек орта тұсынан итеріп домалату қажет. Шаңды және ыстық жүктерге (ІІІ топ) минералды тыңайтқыштар, әкті материалдар, цемент, асфальт, битум және тағы басқа жатады. Оларды көліктермен, насостармен, арнайы механизмдермен түсіріп, автоцистерналармен тасымалдайды.

Ыстық жүктерді ( асфальт, битум) автосамосвалдармен тасымалдау керек. Күйіктің алдын алу үшін жүк тасымалдаушылар арнайы киім кию керек. Респираторлармен жұмыс істегенде жұмысшылар кезеңді түрде демалу керек. Хлорлы әкті қолмен түйеу кезінде респираторлар мен фильтрі бар газқағалар кию керек.

Күйдіргіш сұйықтықтарды (төртінші топ) екі адам тиеу мен түсіру керек. Тоқылған тығыз корзиналарға салынған шыны тарадағы қышқылдар, сілтілер және басқа сұйықтықтарды қолмен тиейді. Бұл жұмысты тек қауіпті жүктермен жұмыс істеуге оқытылған жұмысшыларға тапсырады. Мұндай жүктерді абайлап тасымалдау керек. Ережелермен қарастырылған қорғаныс киімдермен жұмыс істеу керек. әрбір дананы тиемей тұрып жақсылап қарау керек. Шыны ыдысты сыртқы жәшігіне ағаш жоңқалармен немесе опилка-лармен салу керек. Бутылкасы бар корзинаны көтермей тұрып, түбі мен корзина ұстағышының беріктігіне көз жеткізу керек. Көліктің кузовындағы сұйықтықпен толған шыны тараны мықтылап бекіту керек, қозғалыс кезінде және кенет тоқтағанда ол жылжып түспеу үшін, қышқыл және сілтіден қалған бос бутылкаларды тасымалданғанда еңкейтпеу керек, себебі

сұйықтық қалдығы адамға құйылып, жарақаттауы мүмкін.

5 топтағы жүктерді тиеу және түсіру жұмыстарын орындаған кезде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтамау- жарылыс пен жазатайым оқиғаға әкеледі.

Қысымды, сығылған газы бар баллондардытиеу және түсіру жұмыстарынекі жұмысшы атқаруы керек. Газы бар баллондарды вентильдерін металл колпактармен жауып тасымалдайды, түсірген кезде вентилі төмен қарамауы керек, боллондарды бір біріне соқпау керек, жерге лақтыруға болмайды. Оттегі және ацетилен баллондарын көлікке тиегенде, арнайы ұяшыққа орналастырып, үш қатарға дейін ғана тиейді және машина бортынан аспауы керек.

Агрессивті және өрт қаупі бар сұйықтар ашық автокөліктерде тасымалдануы керек. Қысылған, сығылған және жарылыс қаупі бар сұйықтардытасымалдау кезінде тиым салынады:

Кабинада және автөкөліктің қасында, сонымен қатар жүктердің орналас-қан жерінде, тиеу және түсіру орнында(қашықтығы 10 м-ден кем емес) темекі шегуге.

Елді мекендерде, қоғамдық орындарында- жауапты органдар мүшелерінің рұқсатынсыз, фторлы және бромсутек қышқылдары, күкірт сутегі, фосген, хлор, күкірт қос тотығы және азот қос тотығы сияқты заттарды тиеу және түсіру жұмыстарын атқаруға.

Көлемі бойынша қауіпті жүктерді( алтыншы топ) механикаланды-рылған әдіспен тасымалдайды; Қолмен сирек тиейді, оны көлікке немесе трактор принципіне көлбеу қойылған жазықтық арқылы, жіп көмегімен орын-дайды.

Ағаштарды немесе басқа ұзын жүктерді тиеу кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек;

- көтергіш механизмнің ілмегін жүктің ауырлық ортасына қою керек; - жүкті екі жерінен тең ілу қажет; жүк ілетін арқандарды бекіту, ағытуды- жүк толық тоқтағанда және арқандар босағанда ғана орындау керек.

- жүк арқандарын тақтай, бөрене байламдары астынан арнайы ілгектермен өткізу қажет.

Егер көлік немесе автоприцеп платформаларының тіректері болса, ағаш, құбырларды тиегенде араларына төсем қою керек. Тіректерді, жүкті тиеген соң жоғары жағынан сыммен байлайды. Бөрене және құбырларды тиеу, түсіру кезінде көлбеу жазықтықпен домалатады. Жұмысшылар тиеу және түсіру кезінде көлік кузовынан немесе прицептен алшақ тұрулары керек.

Ұзын заттарды түсіру кезінде берік ұстағыштарды пайдалану керек. Ұзын жүктерді тасымалдағанда жұмысшылар иық жапқыш кию керек. Түсіргіш көліктер арасындағы қашықтық 5 метрден кем болмау керек.

Пиломатериалдардың штабильдерін қою кезінде келесі қауіпсіздік шараларын орындау керек;

- көтерілетін пакеттен, оныңқозғалысына қарама қарсы 3 метрге қашық тұру ; - пакетті ілгекпен бағыттау, оның сабы 1 метрден қысқа болмау керек; - ұстаушы құралдарды жүкті штабильге түсірген соң ғана алу;

- пакет астындағы темір арқанды тек қолмен суырып алу.

Бөрене штабелінің биіктігі 6 метрден, үлкен диаметрлі темір құбырлардан жасалған штабельдер - 1, 2 м, кіші диаметрлері - 2, 2 м; шойын құбырлары - 1 м. аспауы керек. Бөренелердің домалап түсуін алдын алу үшін қалыңдығы 40 мм-ден кем емес аралық төсемдерді және сыналарды қолдану керек.

Орман штабелдерінен бөренені түсіру үшін жұмысшыларға штабель үстіне көлбеу жазықтық арқылы немесе бөренелердің бас жағына қойылған баспалдақ арқылы шығуға рұқсат етіледі. 6 баллдан асқан жел кезінде, нөсер жаңбыр, тұман кезінде штабельдерді жинауға немесе алуға тиым салынады. Ауырсалмақты жүктер. Ауырсалмақты жүктерді тиеу, түсіру, және тасымалдау кезінде қауіпсіздік шаралардың ерекшелерін сақтамау, үлкен қауіп әкеледі. Оларды келесі шарттарды сақтап, тасымалдау керек. Жүктерді тасымалдайтын катоктар мықты, ұзындығы жеткілікті болу керек; катоктардың шеттері тасымалдайтын жүктен 30 см ден артық шықпау керек, катоктарды жүктің астына әкелгенде ломдарды және рейкалық доикраттарды қолдану керек. Жүкті көлбеу жазықтықпен төмен тасымалдағанда, ұстаушы құрылғыларды қолдану керек. Ауыр жүкті байлау және астына темір арқандарды әкелу тек арнайы ломдар немесе рейкалық домкраттар көмегімен жүзеге асырады. Осы мақсатта кез келген бөгде заттарды қолдануға тиым салынады. Аса қауіпті жүктер (жетінші топ) тек жарақат қаупі болып қоймай, умен улану қаупін тигізеді. Сондықтан өте абай болу керек. Тиеу және түсіру тек арнайы оқыту және инструктаждан өткен тәжірибелі жұмысшыларға тапсырылады. Қатты әсер ететін улар мен улылығы жоғары пистицидтер орамы мен ыдыстарының «Байқаңыз, У!» деген жазу бар маркировкасы болуы керек. Егер химикаттар өрт қауіпті болса, - «Өрт қауіпті!» деген жазу болу керек. Пестицидтермен жұмыс кезінде тыныс алу мүшелерін қорғау - уланудың алдын алуының негізгі шарасы болып табылады. Жұмысшылардың респираторлары және противагаздары болуы керек. Улы химикаттармен бірге басқа заттарды тасымалдауға тиым салынады.

Улы заттарды механикаландырылған әдіспен тиеу мен түсіруді арнайы қоймада немесе платформаларда жүргізу керек, олардың едені вагонның еденімен бір деңгейде болу керек. Жүк тиеуші құрылғының машинисі және жұмысшылар нормада көрсетілген арнайы киімдермен, жеке қорғану құралдарымен қамта-масыз етілулері қажет.

2. Арнаулы киім, және жеке қорғану заттарының жіктелуі. Арнаулы жұмыс киімдеріне қойылатын талаптар. Арнаулы киім - қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім қолғап, өзге де нәрселер.

Жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім.

Ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.

Арнаулы киім тұрмыстық және өндірістік киім болып екіге бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар. Қызметкерлердің жеке басын қорғау құрал жабдықтары
Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар
Автокөлікті пайдалану кезінде еңбекті қорғау
Кәсіпорындағы еңбек қорғауды басқару жүйесінің құрылымы
Қорлармен басқару жүйесінің есебінің қойылымы
Газгольдерді орнатуда дайындық жұмыстары оларға қойылатын талаптар,газ сақтайтын газгольдерлер
Орташа тоннажды контейнерлер алаңы
Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі. Оқу құралы
Көлік жүйелерін жетілдіру
Сертификаттаудың мақсаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz