Әдеби байланыс: Х.Оралтай және Қ.Шабданұлы шығармалары



1. Хасен Оралтай өмірі мен шығармашылығы;
2. Бағила Төребекқызы: «Ұлтшыл тұлға . Хасен Оралтай»;
3. Қ.Шабданұлы өмірі мен щығармашылығы;
4. Қажығұмыр әлемі және «Қылмыс»;
5. Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі;
Хасен Оралтай (1933 - 2010) - шетелде тұратын қазақ қайраткері, ұлт азаттық қозғалысын зерттеуші, тарихшы, публицист, түрік, қазақ, ағылшын, неміс т. б. тілдерде жазылған еңбектердің авторы. Алаш сыйл. лауреаты (1994), Түркістан қазақ-түрік халықаралық ун тінің құрметті проф. (1994). Қазақ халқының тарихына, этнографиясына, әдебиетіне, саясат мәселелеріне арналған түрік тілінде жазылған «Қазақ түріктері» (Измир, 1961), «Ұлы түрікші Мағжан Жұмабайұлы» (Измир, 1965), «Шығыс Түркістан тарихындағы басты мәселелер» (Стамбул, 1975), «Коммунизммен шайқас» (Измир, 1965) кітаптары шыққан. Мәжит Айтбаевтың «Абылай» дастанын және өлеңдерін (1971), тұңғыш рет «Қазақша-түрікше» сөздік бастырды. Түрік халықтарының тарихи тағдырына арналған материалдар жарияланатын «Биік Түркелі» журналын (17 сан) өз қаржысына шығарып тұрды (1962-1986). Стамбулда 1973 ж. басылған «Алаш» кітабында қазақ халқының ғасырларға созылған ұлт азаттық қозғалысына шолу жасалынды, әсіресе, Алаш қозғалысына, Алаш Орда партиясына, Алаш өкіметіне дұрыс баға берілді. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тынышбаев, М. Дулатов, Ж. Досмұхамедов, X. Досмүхамедов, М. Шоқаев, А. Бірімжанов, Ә. Ермеков, О. Қарашев, М. Жұмабаев, Р. Мәрсеков, Т. Рысқұлов, С. Асфендияров, Н. Төреқұлов, О. Жандосов, С. Қожановтың т. б. Шығ.
1. Оралтай Х. «Елім-айлап өткен өмір». - Алматы: «Білім», 2005.
2. «Елдіктің қамын ел болып ойлайық». «Ана тілі» // - 1998. №14.
3. Оралтай Х. «Елім-айлап өткен өмірден» соң. - Ізмір. 2006.
4. Ахметбекұлы А., Зейіпханұлы Е. Қажығұмар Шабданұлы // Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. Алматы: «Білік» баспа үйі, 1999. 337-б.
5. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 2005. 286-б.
6. Шабданұлы Қ. Өтініш хат // Қазақ әдебиеті (Алматы). 2006-ж., қаңтардың 20-26. № 3.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Әдеби байланыс: Х.Оралтай және Қ.Шабданұлы шығармалары

Орындаған: Шарыпова М. Қ - 213 топ
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.

Семей қаласы 2015 жыл

Жоспары:
1. Хасен Оралтай өмірі мен шығармашылығы;
2. Бағила Төребекқызы: Ұлтшыл тұлға - Хасен Оралтай;
3. Қ.Шабданұлы өмірі мен щығармашылығы;
4. Қажығұмыр әлемі және Қылмыс;
5. Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі;

Хасен Оралтай өмірі мен шығармашылығы
Хасен Оралтай (1933 - 2010) - шетелде тұратын қазақ қайраткері, ұлт азаттық қозғалысын зерттеуші, тарихшы, публицист, түрік, қазақ, ағылшын, неміс т. б. тілдерде жазылған еңбектердің авторы. Алаш сыйл. лауреаты (1994), Түркістан қазақ-түрік халықаралық ун тінің құрметті проф. (1994). Қазақ халқының тарихына, этнографиясына, әдебиетіне, саясат мәселелеріне арналған түрік тілінде жазылған Қазақ түріктері (Измир, 1961), Ұлы түрікші Мағжан Жұмабайұлы (Измир, 1965), Шығыс Түркістан тарихындағы басты мәселелер (Стамбул, 1975), Коммунизммен шайқас (Измир, 1965) кітаптары шыққан. Мәжит Айтбаевтың Абылай дастанын және өлеңдерін (1971), тұңғыш рет Қазақша-түрікше сөздік бастырды. Түрік халықтарының тарихи тағдырына арналған материалдар жарияланатын Биік Түркелі журналын (17 сан) өз қаржысына шығарып тұрды (1962-1986). Стамбулда 1973 ж. басылған Алаш кітабында қазақ халқының ғасырларға созылған ұлт азаттық қозғалысына шолу жасалынды, әсіресе, Алаш қозғалысына, Алаш Орда партиясына, Алаш өкіметіне дұрыс баға берілді. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тынышбаев, М. Дулатов, Ж. Досмұхамедов, X. Досмүхамедов, М. Шоқаев, А. Бірімжанов, Ә. Ермеков, О. Қарашев, М. Жұмабаев, Р. Мәрсеков, Т. Рысқұлов, С. Асфендияров, Н. Төреқұлов, О. Жандосов, С. Қожановтың т. б. Шығ. Түркістаннан шыққан қазақ зиялыларының өмірбаяны, қоғамдық қызметі көрсетілді. Абай дәстүрлерінің Алаш азаматтары шығармаларында тамыр жаюын жан- жақты баяндады. Қытайдағы зорлықшыл үкіметтің тепкісіне көнбей азаттық үшін алысқан қазақтардың үлкен бір азапты көшін (1947-54) Тибет, Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға бастап барған әйгілі батыр, өз әкесі туралы Арыстан туған Әлибек Хәкім (Жұлдыз, 1993, № 7) шығармасын жазды. Желтоқсанның (1986) қанды оқиғалары тұсында X. дүние жүзіне дабыл қағып, жазықсыз қараланған қазақ ұлтын қорғау туралы үн көтеріп, қоғамдық ойды-ұйымдастырды, сөз сөйледі, мақалалар, кітап жазды. Сол тарихи 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстан оқиғалары еңбегі түрік тілінен аударылып, қазақша жарияланды (Жұлдыз, 1992, № 2). Мюнхендегі Азаттық радиосында қызмет істеген (1967 жылдан) Х. дүниежүзі қазақтарына тарих, қоғам, заман туралы ақиқатты жеткізуге көп еңбек сіңіріп, ұлы Абай көздеген ұлттық сананы, еркіндік мұраттарын қалыптастыруға үлес қосты.
Сәуірдің 14-і күні Мюнхендегі үйінде журналист-зерттеушi, халықаралық "Алаш" сыйлығының иегерi Хасен Оралтай 77 жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Хасен Оралтай 1988-1995 жылдары Азаттық радиосының қазақ бөліміне басшылық еткен болатын. Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында дүниеге келген Хасен Оралтай өткен жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде еркіндікке жетуді армандаған қазақтың үлкен тобын Шығыс Түркістаннан алып шығып, небір тар жол тайғақ кешу арқылы Батысқа бастаған халық батыры Қалибек Хакімнің ұлы. Кейін Хасен Оралтай әкесінің Шығыс Түркістандағы қазақтарды қытай коммунистерінің шеңгелінен құтқарудағы қиындықтары мен еркіндік жолындағы күресі жайлы өмір шежіресін Елім-айлап өткен өмір деген кітабында баяндаған. Азаттық радиосы арысынан айрылған Хадиже бәйбішеге қазаның арты қайырлы болсын деп көңіл айтып, хабарласқан болатын:
Қазан айының 15-інен бері қатерлі ісік дертімен ауырып жатып қалды. Германиялық дәрігерлер оның денсаулығын әбден зерттеді, жақсы болады деген еді. Бірақ рак ауруы миына, жүрегіне дейін әсер етіп, жағдайы төмендеп кетті-деп күрсіне әңгімеледі Хадиже Оралтай.
Хасен Оралтайдың Түркияда тұратын немере қарындасы, халықаралық саясат ғылымының докторы Мәриям Хакім марқұмның өмірлік жолындағы ұстанымы жайлы былай дейді:
Хасен Оралтайдың өмірі "елім" деп еңіреген едігелер тарихын жазумен өтті. Ағамыз XX-шы ғасырда Шығыс Түркістан аталатын қазақ жерінде ел үшін, жер үшін, қазақ үшін жүргізілген арпалыс пен қазақтың еркіндікке деген талпынысының нәтижесінде шет елдерге, Батысқа босып барған қазақтардың өмір шежіресін жазған-ды. Хасен Оралтай ғұмырын алты Алаштың ұлтшыл зиялыларының тарихы мен Қазақстанның бүкіл көкейтескен маңызды мәселелерін жазып жариялауға арнады.
Хасен Оралтайдың жазушылық, өз білгенінше тарихшылық ролі алдымен Шығыс Түркістан қазақтарының Ұлт азаттық күресін қолына қалам алып, алғашқы қарлығаш болып әлемге жариялаудан бастады. Осыдан жарты ғасыр бұрын (1961) алғашқы кітабы "Еркіндік Жолында. Шығыс Түркістан Қазақ Түріктері" еңбегі Түркияның Ізмір қаласында баспадан шықты. Өмірінің соңғы кезеңіне дейін әрі өзі жазған, әрі өзі ұйымдастырған еңбектердің барлығының көздеген мақсаты - қазаққа пайдалы, қазаққа қатысты, қазақтың өткені мен келешегі үшін өзекті мәселелерге арналды.
1954-1967 жылдары Түркияда тұрған Хасен Оралтай ұлт-азаттық жолында күрескен алаш азаматтарының ұранымен газет, журнал, кiтап шығарумен айналысты. 1968 жылдан Мюнхендегі Азаттық радиосына қызметке келген Хасен Оралтай 1988 жылдан бастап 1995 жылға дейін Азаттықтың қазақ бөлімін басқарған.
1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының советтік жүйеге қарсы көтерілісі туралы күллі әлемге Азаттық радиосы алғашқы болып жар салған еді. Кейін Хасен Оралтай қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісі жайында Батыс баспасөзінде жарық көрген түрлі мақала, деректерді жинақтап кітап етіп басып шығара отырып, сол еңбекте советтік Қазақстандағы алғашқы толқу турасында өзіндік баға да берген болатын.
Хасен Оралтай Азаттыққа қызмет еткен 27 жылда советтік бұғаудағы қазақтың өзекті мәселелерін ұдайы көтерумен болды. Қазақстан халқына еркін де, бейтарап ақпарат жеткізуге тырысты.
Бұл тұрғыда Мәриям Хакім:
Қазақ үшін бойын кернеген ой-пікірін жеріне жеткізе айтып, сөзі жеткенше қалам сермеп, тарихта қалдыруға тырысқан жан еді. Азаттық радиосында жұмыс істеген кезден бұрын да, кейін де, қарлығаш қанатымен су сепкендей болса да, қазақтың өзекті мәселелерінің жаршысы мен жыршысы жұмысын атқаруға талпынды, - дейді.
Хасен Оралтай ұлттың мүддесін қорғау жолында өз ұстаным-сенімдерін ашық танытқанда шен алуды, пайда табуды көздемеген еді деп еске алады Мәриям Хакім.
Хасен Оралтайдың бүкіл ғұмыры жат жұртта өткенімен, ол жүрегі әрдайым қазақ деп соққан, әрбір сөзіне қазақ аман болсын деген тілегін қосып отыратын қазақ ұлтының шын жанашыры бола білген еді.
Хасен Оралтай 2007 жылы Қазақстан Журналистика академиясының БАҚ саласындағы жалпыұлттық Алтын самұрық мәртебелі сыйлығымен марапатталды.
Алаш рухын асқақтатып өмір сүрген Хасен Оралтайдың тұтас ғұмыры әкесінің басынан кешкен қанды күндердің жалғасындай елім деп еңіреп өтті дейді Азаттық радиосына пікірін білдірген Еуразия халықаралық жазушылар одағының мүшесі, Жас қазақ үні газеті бас редакторының орынбасары Жәди Шәкен. Ол:
"2008 жылы Еуропа қазақтары көші тарихының көсемдерінің бірі, Алаш ардақтысы Қалибек Хакімнің 100 жылдық мерейтойының Алматыда аталуына да көп еңбек сіңірді. Әрі осы Халықаралық конференция негізінде 2009 жылы Білім баспасынан Қалибек Хакім туралы естеліктер атты кітап шығаруға атсалысты. Алаш рухын асқақтатушылардың соңғы тұяқтарының бірі болған Хасен Оралтайдың тұтас өмірі әкесінің басынан өткен қанды күндердің жалғасындай елім деп еңіреп өтті. Жатқан жеріңіз жаннат, топырағыңыз торқа болсын, аяулы аға!", - деген жүрекжарды сөздерін айтты Азаттық радиосына.

Бағила Төребекқызы: Ұлтшыл тұлға - Хасен Оралтай
Ол кісіні мен 1995 жылы Түркістан қаласында қазақ қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Қазақ диаспорасының бүгіні мен ертеңі атты халықаралық конференцияда көрдім. Есімде, тарихшы қыз өз баяндамасын орысша бастағанда Мұндай баяндаманы тыңдай да алмаймын, отыра да алмаймын деп залдан шығып кетіп, жиналыс басында отырғандар не істерлерін білмей, абдырап қалған болатын. Шығып кету себебі ұлттық тіліміздің қор болып, оны құрметтемеуі ағамыздың ашуын келтіргенін, ұлттық болмысының жоғары екенін байқауға болады. Бұл - түрік әлеміне танымал тарихшы-ғалым, жазушы-журналист Хасан Оралтай еді. Бойындағы талант-дарынын, қажыр-қайратын ұлт мүддесіне, ұрпақ келешегіне жұмсаған айтулы алаш азаматы Хасан Оралтай кереғарлықтың шынайы сиқын ашып көрсетуде, адамдардың өшкен рухын, намысын, санасын оятуда замандастарынан оқ бойы озық тұрды. Сондай талантымен танылған сырттағының сырын, іштегінің шерін біліп, халқын қуанышқа бөлеген, өзі мәрт, жаны жомарт, ісіне мығым, ақылшы еді. Халқымыздың Ғалымның хаты өлмейді дегені рас-ау! Әр тұлғаның артында қалдырған ісі жас ұрпаққа өнеге.
Елдіктің қамын ел болып ойлайық атты мақаласында 2 Түркішілдік дегенім - қазақшылдық деп түркішілдік ұғымы тереңде жатқандығын сөз етеді. Түркішіл болу үшін - қазақшыл болу керек. Қазақшыл болу үшін де қазақтың ұлттық тарихы мен әдебиетін, ана тілі мен ұлттық салт-сана дәстүрлерін толық біліп, оны жанындай ардақтауы тиіс. Сонымен бірге, бүкіл түркітектестердің басым көпшілігінің, сондай-ақ, қазақ халқының ұлттық, дін-ислам дінінен айрылмау керек. Басқа діндерге еріп, кейін қазақ арасында діндер айырмашылығы болуына жол ашатын шетелдік зымияндардың тұзағына түспеген жөн.
Түркі бірлігі мен түркішілдік деген идеяның ешкімге, яғни, түркітектес емес халықтарға төндіретін қауіп-қатері жоқ. Бұл шабуылдаушы шовинистік идея, мұрат-мақсат емес, қорғанушы мұрат-мақсат. Қазақстанда түркішілдік, яғни, қазақшылдық идея деген мұрат-мақсатымен ешкімге қауіп төнбейтінін адал ниетті әркімнің мойындары сөзсіз.
Байқап қарасақ, Хасан Оралтайға түркі бірлігі, түрікшілдік деген мақсат-мұрат тосыннан айтылған жаңа құбылыс емес. Жалпы айтқанда Түркішілдік, яғни, ұлттық гимнін Арғы атам ер түрік, біз қазақ еліміз - деп бастайтын АЛАШШЫЛДЫҚ. Бұл жолда бүкіл саналы ғұмырын өткізген, әке жүрегінің күрескерлігін көрген, үлкен түркішіл, алашшыл тұлғалардың ұстанымын берік қалыптастырғанын көруге болады.
Азат рухта қаруланған Хасан Оралтай Алаш идеясынан сусындамас бұрын табиғи түрде әке тәрбиесінен үлгі алды. Әке салған сара жолмен жүрді. Әкесі танымал, азаттық үшін жан аямай күрескен, халқын еркіндікке жеткізген Қалибек Райымбекұлы - Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт-азаттық күрес серкелерінің бірі. Тарих қатпарының терең қойнауында Қалибек Хакімнің бейнесін берер мол мәліметтер бар. Ұлт рухын жоғалтпау үшін малым жанымның, жаным арымның садағасы деп, жанын аузына тістеп, от пен суды кешіп өтіп, ұрпаққа ұлағаттылықты аманаттаған Қалибек Хакім қазақ тарихындағы азаттық көштің бел ортасындағы ұлт қаһарманы.
Оның сол кездегі басты мақсаты - елінің ел қатарлы өмір сүруі үшін ұлттық теңдік пен еркіндікке қол жеткізу үшін күресу еді. Қалибек Хакім Райымбекұлы Түркияға Нағыз түрік - қазақ, нағыз қазақ та - түрік деген таныммен, қазақы болмыспен барған қайсар тұлға. Ол өз ұлтын шексіз сүйген, азаттығы мен теңдігін армандаған, ғұмыр бойы сол үшін күрескен тұлға. Көрегендігі сол өз перзентіне ұлттық намыс, рух, адал тәрбие бере алғандығында, алысты көздеген болжампаздығында. Көшіп бара жатқан жолда Үндістан шекарасына ілініп, Кашимир жеріне жете сала ұлы Хасанды бір жылдық ағылшын тілді мектепке береді. Оның маңыздылығы сонда, қарағанға аз уақыт болып көрінетін бұл оқу кейін қазақтың басқыншылыққа қарсы азаттық қозғалысының қайнаған ортасында жүріп ержеткен, әкесінен өнеге көріп, таным-түсінік жағынан әбден пісіп жетілген екінші бір күрескердің болашағына кең жол ашқан еді. Ағылшын тілінен сауаттылығы жат жерде, бөтен елде азаттық жолындағы қажырлы жұмысына жәрдемші, өмір жолының қалыптасуына аса ықпал жасағандығы анық еді. Оған кейінгі өмір жолы дәлел. Нақтырақ айтсақ, Еренқабырғаның қарапайым қазағын жер шарының жарымын айналдырып Түрік жеріне апарған ұлттық рух - Алаш топырағында ешқашан сөнбеген, ғасырдан-ғасырға ұласып лаулаған азаттық күрес алуы Хасан Оралтайдың жанкешті қызметі арқылы Мұстафа Шоқай салған үлкен арнамен тоғысты.
Мұстафа Шоқай - Түркістан халықтарының бірлігі мен тәуелсіздігі идеясын ту етіп ұстанған аса көрнекті саяси қайраткер, жалынды публицист, аудармашы, жазушы, ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының ең жарқын өкілдерінің бірі. Мұстафа Шоқай - қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл түркі жұрты үшін ерекше тұлға. Қазақтың мемлекеттігін, түркі халқының қамын ойлаған, түркі жұртының басын қосуды армандаған үлкен мемлекет қайраткері. Жалпы, Мұстафа Шоқай Алаш көсемдерімен бірге болған, бірлесіп шешкен шешімдеріне сәйкес оның шетелге шығуы(АҚШ-қа) 1918 жылы жоспарланған. Қалай да аман қалып, ұлтына шет елде жүріп қызмет жасауды мақсат тұтады. Халқым деп соққан жүрек соны мүмкіндігінше жүзеге асырады. Хасан Оралтайдың да тағдыры дәл солай болмаса да қаншама қиындықты жеңіп, жат елдерде халқының азаттығы үшін күресті, аянбай, адал қызмет етті. Екеуінің ортақ тоғысар, идеялас тұсы да осы шығар. Мұстафа Шоқайдың да, Алаш көсемдерінің де идеялары бір-бірімен үндес, астарлас, біртұтас. Оны терең түсініп, қазақты біртұтас ел деп танысақ, Алаш идеясын біртұтас қазақ идеясы деп қарасақ және сол мойындауымыз шын болса, онда әлемнің әр түкпіріндегі қазақ елінің азаттығы үшін, ұрпағының келешегі үшін күрескен қазақтың біртұтас ұлт күрескерлерін тануымыз керек, олармен мақтануымыз керек. Солардың бірегейі - Хасан Оралтай. Хасан Оралтай 1973 жылы Түркияда Алаш - түріктектес халықтардың ұраны атты кітап шығарды. Сонымен бірге Елімайлап өткен өмір атты ғұмырнамалық кітабы шет жерде жүрсе де, жан айқайы естіліп, тәуелсіздікті аңсап, ұлт мүддесін қайта-қайта еске салуымен құнды. Аталған кітаптың көркем әрі көрнекті қыры - деректің дәлдігінде, боямасыз шындығында, авторлық көзқарастың бүкпесіз ашықтығында. Қазақ еліне қатысты көптеген тарихты, автордың ұлты үшін жасаған еңбектерін осы кітаптан оқып білуге болады. Ақын Мағжан Жұмабай шығармашылығы жөнінде де терең пікір айтып, тұңғыш толымды еңбек жазған - Хасан Оралтай еді.
Хасан Оралтай ешкімге ұқсамайтын тұлға. Халқына, ұлтына өшпес ізгі махаббатымен ұқсамайды. Ұлттық намысы бұзылмаған қазақ. Бірде: Ұлтшыл деген сөзден шошымаған лазым. Сүйсең, ұлтыңды - шын сүй! Сонда өзге ұлттарға да көзқарасың артады. Құрметпен қарай түсесің! десе, енді бірде: Мен - ұлтшылмын! Қазақ ұлтшылымыз... Қазақ ұлтшылдығы деген шовинистік ұлтшылдық емес. Мәселен, орыс, қытай ұлтшылдығы дегеніміз - басқа елдерге үстемдік жүргізісі келетін шовинистік ұлтшылдық. Қазақ ұлтшылдығы дегеніміз - қорғану ұлтшылдығы. Мен ұлтшыл ретінде тілімнің тазалығын, тарихымның бұрмаланбауын, дінімнің бүлінбеуін талап ете аламын - деп ұлтына деген перзенттік құрметін көрсетеді.
Хасан Оралтай өзін мұратшылдар қатарына жатқызады. Мұратшылдықтың түрікшесі - үлкүжүлүк. Үлкүжү адам еш уақытта алған бетінен қайтпайды, биік адамзаттық мұрат жолында күреседі, қалап алған идеясына қалтқысыз қызмет жасайды - дейді белгілі саясаткер, пікірлес інісі, марқұм Батырхан Дәрімбет Хасан Оралтаймен бірге болған он күн атты тізбекті мақаласында. Әр мақалада автор Хасан Оралтайдың мұратшыл, Алашшыл, қазақшыл екендігін айтып отырады. Ол кісі қазақ ұлтына қатысты қандай да бір жағдай болмасын бейжай қарай алмайтындығын ризашыл сүйіспеншілікпен баяндап отырады.
Хасан Оралтай шетелде жүрсе де Қазақстанның ішкі тынысын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бақылап отырды. Қазағының жетістігіне сүйініп, әттеген-айына қынжылатын: Кез-келген мемлекет ұлттық қоғам арқылы дамиды. Ұлттық мәселелерді шешу жағына келгенде, біз Түркиядан үлгі алуымыз керек. Түркияның негізін қалаған марқұм Кемал Ататүріктің Түрікпін деу қандай бақыт деген жақсы сөзі бар еді. Егер кімде-кім мен қазақпын, қазақстандықпын десе, оның арғы-тегін тектеу керек емес. Сондай-ақ, ешкімді қазақ бол деп зорламауымыз керек. Бірақ, бұл елдің Қазақстан екенін әркім білуі керек. Ол үшін ана тілі болуы қажет3.205, - дейді. Қарап отырсақ, Азаттық радиосының қазақ бөлімінде қызмет еткен 28 жылында қазақ тілінің мәртебесін қалай да көтермекке тер төкті, соның нәтижесінің арқасында қазақ тіліндегі хабарлар 5 минуттан 6 сағаттық хабарға дейін көтерілген. Ағамыз қай жерде жүрсе де ана тіліне деген жанашырлығы, қазақ тілін қорғауға деген күресі бір сәт те толастаған емес.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы 2005 жылғы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Сарыбайға жазған хатында елшілік маңдайшасындағы жазудың немісше-орысша жазылғанын көріп: ...Жарқындарым-ау, Сіздердің ана тілдеріңіз, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі жоқ па?! Қазақша қайда? - деп, хат жолдайды. Елшілік қателерін мойындай отыра, оны түзетуді жауапкершілікке алатындықтарын айтып, жауап хат келеді. Ұлтшыл қаламгер: Бір ел дегенде ең алдымен ойға оралары, көзге түсері оның ана тілі екені көп түсінік талап етпейтін шындық. Ана тілі - арымыз оны ардақтау ұлттық парызымыз. Әлемнің қай түкпірінде жүрсе де, әр қазақ ана тілінің қамқоршысы болуы тиіс. Олай ету ұлтын, тәуелсіз елі - Қазақстанын сүйгендіктің басты белгісі саналады. Ана тілсіз халық, халықсыз тәуелсіз ел болмайды, - деп толғаныспен ғибратты хатын аяқтайды.
Қазіргі кезде зиялы қауым жазып жүрген қарапайым қазақы хаттардың мәні, танымы мен талғамы мол екенін аңғара бастадық. Одан ұлтқа қажетті құнды дүниелерді азат ойлы азаматтардың мақсат-мүдделерін түсіне бастадық. Мұндай хаттар легі Хасан Оралтайдың да мұрағатынан көптеп табуға, оны жинастырып жүйелеуге келер уақыт еншісінде. Әсіресе, тағдыр тауқыметімен Германияда қалып қойған ақын Мәжит Дара Аяпбекұлының Хасан Оралтайға жазған хаттарынан елге деген сағыныш, ұлтқа деген сүйіспеншілік, шынайы шындықтар жазылады. Сонымен бірге Қазақстандағы зиялы қауым өкілдерімен, дос-жарандарымен, Шығыс Түркістандағы ақын-жазушылар, туған-туыс, танымайтын жанашыр қазақ, қалың оқырмандармен жазысқан хаттар ұлтшыл тұлғаның келбетін аша түспек. Хаттарды жинап, жүйелеу, бастыру келешек ұрпақ қолында.
Хасан Оралтай қай уақыт болмасын, әр кез баспасөз беттерінде Қазақстан туралы пікірлерін білдіріп отырды. Оның президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдап, қорғап сөйледі: Назарбаевты қолдап қорғаушы дүниеде екі адам болса, соның бірі мен, өйткені ол менің тәуелсіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби байланыс Хасен Оралтай және Қажығұмар Шабданұлы шығармашылығы
Әдеби байланыс. Хасен Оралтай және Қажығұмар Шабданұлы
Шетелдегі қазақ әдебиеті және әдеби байланыс
«Қылмыс» романы
Шабданұлы Қажығұмар
Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы
Қ.Шабданұлы "Қылмыс" романын талдау
Ахмет Байтұрсынов өмірі туралы
Сабақтастық. Алаш идеялары және Қазақстан мұраттары
Тәуелсіз Қазақстан мұраттарының алаш идеяларымен сабақтастығы
Пәндер