Мұхамеджан Тынышбаев



Жоспар

Кіріспе

1. Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі

2. Мұхамеджан Тынышбаевтың қоғамдық.саяси қызметі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі
Тарихшылардың, қоғамтанушылардың ендігі міндеттері тарихымыздың “ақтаңдақ” беттерін, құлдық психологиядан, жалған концепциялардан азат етіп, өткенімізді тарихи шындық тұрғысынан зерделеп, тарихтану ғылымының гуманистік борышын орындауға адал қызмет етулері болып табылады. Осы орайда, кезінде тәуелсіздігіміз үшін курескен, сондықтан да кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болған, саяси жүйе кейімдерін кейінгі ұрпақ санасынан біржола ығыстыруға күш салған тұлғалардың тарихымызға қайта оралуы аса қажет. Сондай ірі қайраткер әрі ғалымның бірі – Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1938). М. Тынышбаев тәрізді тұлғаның қайраткерлігіне және еңбегіне объективті баға беру, ұлттық тарихымыз үшін ғана емес, егемен Қазақстанның жас ұрпағын ручани және саяси тұрғыдан тәрбиелеу үшін де керек.

Зерттеу жұмысының мақсаты
Жұмыстың басты мақсаты – М.Тынышбаевтың ғұмырының барлық кезеңдерін қамти отырып, оның қоғамдық-саяси қызметін, ғылыми және кәсіби қызметін, бұрын тарихымызға белгісіз болып келген немесе қасақана бұрмаланған тың деректерге сүйеніп, тарихи шындық тұрғысынан зерттеу. Осы мқсаттан мына міндеттер туындады:
- М.Тынышбаевтың туған ортасын, оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына ықпал жасаған жағдайларға ықпал жасау;
- М.Тынышбаевтың 1916жылғы көтеріліске көзқарасын және оған қатысуын анықтау;
- Уақытша Үкіметтің Түркістан комитеті құрамындағы жұмысын жаңа көзқараспен зерттеу, және ондағы М.Тынышбаевтың белсенді қызметін көрсету.
- М.Тынышбаевтың әлі де тарихымызға белгісіздеу “Түркістан автономиясын” ұйымдастырудағы және “Алашорда” үкіметі құрамындағы саяси іс-әрекетіне талдау жасау;
- М.Тынышбаевтың зерттеушілік және өлкетанушылық еңбегін оның Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөліміне мүше ретіндегі жұмыстары арқылы көрсету.

Жұмыстың тарихнамасы
М.Тынышбаевтың өмірі мен қызметі туралы алғашқы зерттеулер қатарына, Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді баспасөзде жарияланған бірлі-жарым мақалаларды жатқызуға болады. Мәселен, оның идеялас серіктестері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов және М.Дулатов шығарған “Қазақ” газеті 1917жылғы №247-санында: “М.Тынышбаев – II Государственный Дума ағзасы, инженер. Саясат ісіне жетік, халыққа таза жолмен қашаннан қызмет етіп жүрген алдыңғы қатар зиялы азамат” деп көрсетіп, оның 1905,1916 және 1917 жж-ғы қоғамдық-саяси қызметі туралы “...Мұхамеджан қазақта бір болса өзі, екі болса екінші кісі екендіг” – деп бағалайды. Кеңес үкіметі тұсында М.Тынышбаевтың қоғамдық-саяси қызметі ғана зерттеушілер назарында болып, ал ғылыми және кәсіби қызметі мүлде ұмыт қалдырылды.

Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, негізгі мәліметтерді қамтитын 2 бөлімнен: 1) Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі; 2) Мұхамеджан Тынышбаевтың қоғамдық-саяси қызметі және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі көрсетілген.
Осы уақытқа дейінгі жазылған отандық тарихымызда, жеке тұлғалардың, қайраткерлердің қызметі өз дәрежесінде баяндалды деп айтуға әлі ерте. Ал XX-ғасыр басындағы күрделі тарихи оқиғаларға белсенді түрде тікелей араласып, терең із қалдырған М.Тынышбаев сияқты ірі қайраткерлердің қызметі мен қоғамдық-саяси көзқарасын жан-жақты талдау арқылы, біз отандық тарихымызды одан әрі терең түсінуге жол ашпақпыз. (1)
Кеңестік тарихнамада ұлттық қозғалыстар, саяси партиялар тарихы тым бір жақты, қатаң таптық көзқарас тұрғысынан зерттелгендігі белгілі. Онда негізінен, марксиситік доктрина қағидаларының дұрыстығы, большевиктердің стратегиясы мен тактикасының толықтай салтанат құратындығы айтылатын. Ал, басқа партиялар мен қозғалыстардың негізі жоқтығы, халықтан алшақтығы, сондықтан олардың болашақта болмай қоймайтын жеңілісі дәлелденетін. Әдетте, Ресей империясында пролетариат диктатурасының және бірпартиялық жүйесінің орнауы заңдылық болып табылатын, оның объективті тарихи процесс екендігі, ал басқа балама жолдың тек тұйыққа әкеліп, тірейтіндігі санаға терең енгізіле түсіндірілетін.
“Отаршыл революция (Түркістан тәжірибесі)” атты еңбегңнде большевиктік зерттеуші Г.Сафаров та Түркістан өлкесіндегі ұлттық қозғалысқа, оған жетекшілік жасаған М.Тынышбаев, М.Шоқай, М.Қари және т.б. қайраткерлердің 1917-жылғы қоғамдық-саяси қызметіне тоқталады. Тарихи таным мектебінің, революцияға дейінгі дәстүрі сақталған бұл зерттеуде, 1905 жж-ры басталған ұлттық-мәдени қозғалыстың біртіндеп, татар және қазақ зиялылары әсерімен саяси прогрессиві-ұлттық сипатқа ие болғаны объективті тарихи процесс ретінде бағаланды. 80-жж-дың 2-ші жартысынан басталған қоғамдағы оң өзгерістер және 1991жылы Қазастанның өз тәуелсіздігін жариялауы отандық тарих ғылымына да игі әсерін тигізді. Тарихымыздың “ақтаңдақ” беттерін жаңа көзқарас тұрғысынан зерттелген еңбектер жарық көрді.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мұхамеджан Тынышбаев. Бедствия. Алматы, 1992

2. Төлентаева К. Қазақсатан тарихы. Алматы, 2006

3. Қазақ ССР тарихы 1-том

4. Тынышбаев М. История казахского народа. Алматы, 1993

5. Аманжолова Д. Партия Алаш: история и историография. Семипалитнск, 1993

6. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы, 1995

7. Жүгенбаева Г. Автореферат. М.Тынышбеавтың өмірі мен қызметі. Алматы, 2002

8. Көтеріліс және М.Тынышбаев // Қазақ тарихы. 1996ж, №3. 5-10бб

9. Империяға қарсы шыққан қазақ // Қазақ тарихы. 1997ж, №1. 49-53бб

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі

2. Мұхамеджан Тынышбаевтың қоғамдық-саяси қызметі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі
Тарихшылардың, қоғамтанушылардың ендігі міндеттері тарихымыздың
“ақтаңдақ” беттерін, құлдық психологиядан, жалған концепциялардан азат
етіп, өткенімізді тарихи шындық тұрғысынан зерделеп, тарихтану ғылымының
гуманистік борышын орындауға адал қызмет етулері болып табылады. Осы
орайда, кезінде тәуелсіздігіміз үшін курескен, сондықтан да кеңестік
тоталитарлық жүйенің құрбаны болған, саяси жүйе кейімдерін кейінгі ұрпақ
санасынан біржола ығыстыруға күш салған тұлғалардың тарихымызға қайта
оралуы аса қажет. Сондай ірі қайраткер әрі ғалымның бірі – Мұхамеджан
Тынышбаев (1879-1938). М. Тынышбаев тәрізді тұлғаның қайраткерлігіне және
еңбегіне объективті баға беру, ұлттық тарихымыз үшін ғана емес, егемен
Қазақстанның жас ұрпағын ручани және саяси тұрғыдан тәрбиелеу үшін де
керек.

Зерттеу жұмысының мақсаты
Жұмыстың басты мақсаты – М.Тынышбаевтың ғұмырының барлық кезеңдерін
қамти отырып, оның қоғамдық-саяси қызметін, ғылыми және кәсіби қызметін,
бұрын тарихымызға белгісіз болып келген немесе қасақана бұрмаланған тың
деректерге сүйеніп, тарихи шындық тұрғысынан зерттеу. Осы мқсаттан мына
міндеттер туындады:
- М.Тынышбаевтың туған ортасын, оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына
ықпал жасаған жағдайларға ықпал жасау;
- М.Тынышбаевтың 1916жылғы көтеріліске көзқарасын және оған қатысуын
анықтау;
- Уақытша Үкіметтің Түркістан комитеті құрамындағы жұмысын жаңа
көзқараспен зерттеу, және ондағы М.Тынышбаевтың белсенді қызметін
көрсету.
- М.Тынышбаевтың әлі де тарихымызға белгісіздеу “Түркістан автономиясын”
ұйымдастырудағы және “Алашорда” үкіметі құрамындағы саяси іс-әрекетіне
талдау жасау;
- М.Тынышбаевтың зерттеушілік және өлкетанушылық еңбегін оның Орыс
географиялық қоғамының Түркістан бөліміне мүше ретіндегі жұмыстары
арқылы көрсету.

Жұмыстың тарихнамасы
М.Тынышбаевтың өмірі мен қызметі туралы алғашқы зерттеулер
қатарына, Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді баспасөзде жарияланған бірлі-
жарым мақалаларды жатқызуға болады. Мәселен, оның идеялас серіктестері
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов және М.Дулатов шығарған “Қазақ” газеті
1917жылғы №247-санында: “М.Тынышбаев – II Государственный Дума ағзасы,
инженер. Саясат ісіне жетік, халыққа таза жолмен қашаннан қызмет етіп
жүрген алдыңғы қатар зиялы азамат” деп көрсетіп, оның 1905,1916 және 1917
жж-ғы қоғамдық-саяси қызметі туралы “...Мұхамеджан қазақта бір болса өзі,
екі болса екінші кісі екендіг” – деп бағалайды. Кеңес үкіметі тұсында
М.Тынышбаевтың қоғамдық-саяси қызметі ғана зерттеушілер назарында болып, ал
ғылыми және кәсіби қызметі мүлде ұмыт қалдырылды.

Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, негізгі мәліметтерді қамтитын 2 бөлімнен: 1)
Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі; 2) Мұхамеджан Тынышбаевтың қоғамдық-саяси
қызметі және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер мен
сілтемелер тізімі көрсетілген.
Осы уақытқа дейінгі жазылған отандық тарихымызда, жеке тұлғалардың,
қайраткерлердің қызметі өз дәрежесінде баяндалды деп айтуға әлі ерте. Ал XX-
ғасыр басындағы күрделі тарихи оқиғаларға белсенді түрде тікелей араласып,
терең із қалдырған М.Тынышбаев сияқты ірі қайраткерлердің қызметі мен
қоғамдық-саяси көзқарасын жан-жақты талдау арқылы, біз отандық тарихымызды
одан әрі терең түсінуге жол ашпақпыз. (1)
Кеңестік тарихнамада ұлттық қозғалыстар, саяси партиялар тарихы тым
бір жақты, қатаң таптық көзқарас тұрғысынан зерттелгендігі белгілі. Онда
негізінен, марксиситік доктрина қағидаларының дұрыстығы, большевиктердің
стратегиясы мен тактикасының толықтай салтанат құратындығы айтылатын. Ал,
басқа партиялар мен қозғалыстардың негізі жоқтығы, халықтан алшақтығы,
сондықтан олардың болашақта болмай қоймайтын жеңілісі дәлелденетін. Әдетте,
Ресей империясында пролетариат диктатурасының және бірпартиялық жүйесінің
орнауы заңдылық болып табылатын, оның объективті тарихи процесс екендігі,
ал басқа балама жолдың тек тұйыққа әкеліп, тірейтіндігі санаға терең
енгізіле түсіндірілетін.
“Отаршыл революция (Түркістан тәжірибесі)” атты еңбегңнде
большевиктік зерттеуші Г.Сафаров та Түркістан өлкесіндегі ұлттық
қозғалысқа, оған жетекшілік жасаған М.Тынышбаев, М.Шоқай, М.Қари және т.б.
қайраткерлердің 1917-жылғы қоғамдық-саяси қызметіне тоқталады. Тарихи таным
мектебінің, революцияға дейінгі дәстүрі сақталған бұл зерттеуде, 1905 жж-ры
басталған ұлттық-мәдени қозғалыстың біртіндеп, татар және қазақ зиялылары
әсерімен саяси прогрессиві-ұлттық сипатқа ие болғаны объективті тарихи
процесс ретінде бағаланды. 80-жж-дың 2-ші жартысынан басталған қоғамдағы оң
өзгерістер және 1991жылы Қазастанның өз тәуелсіздігін жариялауы отандық
тарих ғылымына да игі әсерін тигізді. Тарихымыздың “ақтаңдақ” беттерін жаңа
көзқарас тұрғысынан зерттелген еңбектер жарық көрді.
1. Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі
Мұхамеджан Тынышбаев – 02.05.1879-жылы Жетісу облысы, Лепсі уезі,
Мақаншы-Садыр болысында дүниеге келген. Алаш қозғалысының көрнекті
қайраткері, тарихшы ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері. 1900-
жылы Верныйдағы ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітірген. Гимназияда
оқып жүргенде М.Тынышбаев өзінің іздемпаздығымен, жан-жақтылығымен
ерекшеленіп, 1899-жылы Верный қаласында өткен А.С.Пушкиннің 100 жылдық
мерейтойында баяндама жасады. Гимназия директоры Жетісу облысы әскери
губернаторына жолдаған өтінішінде Тынышбаевты “тамаша шәкірт қана емес,
нағыз талант иесі” екендігін мәлімдеп, жоғары оқу орнында білім алуына
арнайы стипендия бөлінуді сұрады.(2) 1900-жылы жол қатынасы институтына
түсіп, 1906-жылы бітірді. Студент кезінде қоғамдық-саяси өмірге белсене
араласып, баспасөз беттерінде отарлық билікті сынайтын мақалалар жазып,
патша үкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт-насихат жүргізді.
Патша үкіметіне оппозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына ат
салысты. 1905-жылы қарашада автономияшылдар одағы ұйымының
ұйымдастырылуымен өткен съезге қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде патша
үкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған отырған отаршылдық саясатын
айыптай отырып, ендігі уақытта ұлттық езгідегі халықтарға автономия
берілуін талап етті. Институтты бітірген соң инженер маман ретінде Орта
Азия теміржол құрылысына айрықша өкілетті нұсқаушы инженер болып
тағайындалып, Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысты. 1911-
жылы Урсатьевск-Әндіжан теміржол құрылысының бас инженері қызметін атқарды.
Ол 1916-жылғы 25-маусым жарлығына қарсы шыққан халық көтерілісі салдарын
күні бұрын болжап, көтерілісшілерді сабырлыққа шақырды. Патша үкіметінің
жергілікті билік органдарының көтеріліске шыққан қазақтар мен қырғыздарды
жазалауда жасаған озбырлығын әшкерелеуде белсенділік танытты. 1917-жылы
Ақпан революциясынан кейін Тынышбаев Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті
құрамына мүше болып тағайындалды. Ол Түркістан өлкесі орталық атқару
комитеттері өкілдерінің съезіне қатысты. Уақытша үкіметтің Түркістан
комитетінің мүшесі ретінде Жетісу облысындағы 1916-жылы Қытайға ауып кеткен
қазақ-қырғыз босқындарына көмек көрсетуді ұйымдастырды. Бірінші жалпықазақ
съезіне қатысып, онда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа
кандидат ретінде ұсынылды. Түркістан өлкесінде жұмысшы және солдат
депутаттары кеңесінің билкті өз қолына алу жолындағы әрекетіне қарсылық
танытты. Түркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші съезіне қатысып, онда
құрылған Түркістан автономиясының Уақытша үкіметінің төрағасы жіне Ішкі
істер министірі болып сайланды. Көп ұзамай ол бұл қызметтерінен бас тартты.
Оның орнына Мұстафа Шоқай тағайындалды.Екінші жалпықазақ съезінде Тынышбаев
Алашорда үкімет құрамына сайланды. Тынышбаев алаш қозғалысы
қайраткерлерімен бірге қазақ елі дербестігін қалпына келтіруге, елдің
амандығын сақтауға күш салды. Ол осы мақсатта Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов,
Р.Мәрсеков, Ғ.Танашев секілді Алашорда үкіметі мүшелерімен бірге Уақытша
Сібір үкіметімен, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы мүшелері комитетімен және
Колчак үкіметімен келіссөздер жүргізуге қатысты. 1920-жылы 1-қазанда
Ташкент қаласында ашылған Қазақ халық ағарту институтына қызметке
орналасып, осы оқу орнының аяғынан тік тұрып кетуіне көп еңбек сіңірді.
Институт үшін Тынышбаев ел арасынан қаржылай көмек жинауды ұйымдастырды
және осы оқу орнында білім алу үшін Сырдария мен Жетісу облыстарынан қазақ
жастарын жинастырды.Тынышбаев халық ағарту институтында математика, физика,
химия, түркі халықтары тарихы пәндерінен дәріс оқыды. Тынышбаев, сонымен
бірге ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Ол Орыс география қоғамының
Түркістан бөлімінің, “Талап” ұйымының мүшесі болды. “Түркістан ұлттық
бірлігі” ұйымының қызметіне ат салысты.(3) Тынышбаев халқымыздың тарихының
күрделі, бұрын зерттелмеген кезеңдеріне арнап, дерек көздері бай, ғылыми
тұрғыда негізделген іргелі еңбектер жазды. Оның тарихты терең түсіне
білгендігі, зерттеушілігі, қазақ халқының өміріне, кейінгі тағдырына әсер
еткен ірі оқиғаларды түпқазық етіп алып, жүйелі түрде қарастыруынан
байқалады. Бұл пікірге Тынышбаев еңбектеріндегі “Қырғыз-қазақ руларының
шежіресі”, “Қырғыз-қазақтың шығу тегі”, “Қазақ этнонимі туралы”, “Алтын
Орданың күйреуі және Қазақ хандығының құрылу тарихы”, “Ақтабан шұбырынды”
секілді, т.б. тақырыптағы еңбектері дәлел бола алады. Қазақ тарихының көне
дәуірі, орта ғасырлар кезеңі, жаңа заманы ретінде жеке қарастыратын күрделі
мәселелерді кеңінен қмтуға талпынысы, Тынышбаевтың өзіндік қалыптасқан
тарихи көзқарасы бар екендігін аңғартады. Тынышбаев еңбектері ұлттық мүдде
тұрғысында жазылуымен ерекшеленді. Ол қандай да бір халықтың тарихын жазу
үшін сол ұлттың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін жетік меңгеру керек деген
принципті берік ұстанды және бұл принципті өзге зерттеушілердің ұстануын
талап етті. Тынышбаев 1922-жылы Түркістан АКСР-і Су шаруашылығы
басқармасында, 1924-жылы Ташкентте жер суландыру бөлімінде, 1925-жылы
Қызылорда қаласының құрылыс-жөндеу жұмысарында, 1926-жылы Жетісу
губерниялық атқару комитетінің Жол бөлімінде еңбек етіп, өзін білікті
инженер-маман ретінде таныта білді. 1927-жылдан бастап Түркістан-Сібір
темір жолы құрылысында қызмет етті. Осы құрылыстың жобалаушысы, негізгі
маманы болды. Тынышбаевтың кәсіби шеберлігі Түрксіб құрылысын салу
барысында айрықша танылды. Осы еңбектеріне қарамастан, Тынышбаевтың
кеңестік биліктің қуғын-сүргініне ұшырап, Түрксібті салып жатқан кезінде
1930-жылы 3-тамызда тұтқынға алынды. Оған “тап жауы”, “буржуазияшыл-ұлтшыл”
деген айып тағылды. Кейінгі жылдарда үнемі бақылауда болған ол, ақырында
кеңестік саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Алматы қаласындағы Қазақ
Көлік және Коммуникация академиясына Тынышбаев есімі берілген. Алматы
облысы Сарқант ауданындағы бір ауыл және Алматы қаласындағы бір көше
Тынышбаев есімімен аталады.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында есімдері мәңгіге қалып, елінің азаттығы
жолындағы батыл іс-әрекеттің үлгісі болған ғасыр басындағы ұлт зиялыларының
арасында Мұхамеджан Тынышбаевтың орны ерекше. Оның өмір жолын, қоғамдық-
саяси көзқарасын жете зерттеудің демократиялық қоғамымыздың қалыптасуы мен
құқықтық мемлекет құру ісіне тигізер пайдасы мол. Себебі, бір кезде бұл
кісі де өз халқының өркениетке жету мүмкіндігін сол демократия мен
ұлтаралық келісімнен, адамзат дамуының озық түрін дұрыс қабылдай алудан
іздеген еді.
М.Тынышбаевтың қайраткерлік тұлғасын жарқырата ашатын XX-ғасырдың
басы Ресей империясының шовинистік саясатының кушейген кезі болатын.
“Бұратаналарға” деген көзқарас салдарынан барынша күйзелген халықтың жай-
күйін оның: “...қырғыздардың орыс бодандығын қабылдағаннан бастап бірде-бір
бақыты күні не бірде-бір бақытты сәті болған жоқ. Ешкім де қырғыздар үшін
жақсылық жасау былай тұрсын, тіпті жақсылыққа жақын нәрсені де ойлаған
емес.(4)
Үкімет жағынан қуғын мен қысым көру қырғыздардың саяси құқтары мен өз
діндерін тұтыну еркіндігін мойындамаумен ғана шектелмейді; олар
экономикалық жағынан одан да зорына көнуде”, - деп, ашына жазуы содан болса
керек.
Міне, осының бәрі жас Тынышбаевтың көз алдында өтіп жатты. Елінің
ауыр тұрмысы Петербургтегі I Александр атындағы жол қатынасы институтында
оқып жүрген кезінде де ойынан шыққан емес. Бұл жылдар (1900-1906жж)
империяның қоғамдық және мемлекеттік өмірінде түрлі қозғалыстардың, саяси
партиялар мен ұйымдардың дүниеге келуімен, бірінші орыс төңкерісі
дүрбелеңімен ерекшеленетін. Осы кезең туралы Тынышбаевпен бір мезгілде,
1903-1909жж-ры Петербургтегі әскери-медициналық академияда оқыған, кейін
Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі болған Халел Досмұхамедов 1931-жылы 14-
қыркүйектен ОГПУ тергеушісіне берген жауабында былай дейді: “Петербургке
бірінші орыс революциясының қарсаңында, яғни арасында студенттер де бар
демократиялық күштер іштей тынып, наразылық танытып тұрған шақта бардым да,
бірден студенттік өмір иіріміне сүңгіп, өзімнің саяси сауатымды ашуға
кірістім, түрлі партиялардың бағдарламалық талаптарымен таныстым, түрлі
студенттік үйірмелерде болдым, тек сонан кейін ғана орыс мемлекеті өмірінің
мазмұнын түсіне бастадым. Мені және басқа қазақ студенттерін бір де бір
саяси партияның бағдарламалары қанағаттандыра алған жоқ. Социал демократтар
тек жұмысшылар жөнінде кадеттер өзге халықтар турасында бір сөз айтпай, тек
орыс халқының ұлылығы жөнінде айтты, ал оңшылдар болса, орыстан басқа
жұртты кемсітумен болды. Біз бір топ қазақ студенттері кездейсоқ барып
тыңдаған Милюковтың баяндамасында айтылған сөздерді ешуақытта ұмыта
алмаспыз. Ол сөзінде “патша үкіметі жат жұрттарды дөрекі және арсыз түрде
қанап, тура сол істі еппен істеп, көздеген нәтижеге жетуге болатынын
ескермей отыр” деді. Бұл сөз біздің интеллигенция арасында үстемдік құрған
кадет партиясына қатынасымыздың тағдырын шешті. Сол уақытта Петербургте
жүрген он шақты қазақ студенті өз үйірмемізді құрып, Қазан мен Мәскеудегі
сондай үйірмелермен хат алыстық. Осы үйірмеде алғаш рет біздің негізгі
тілектеріміз қалыпқа түсті. Ол: қазақ еліне толық мәдени және саяси теңдік,
автономия берілуге тиіс, мұсылмандық шығыспен емес, батыс елдерімен
қатынасты нығайту, Түркиядан емес, Жапониядан үйрену, Бұқар мен басқа шығыс
елдерінде емес, Ресей мен Батыс елдерінде білім алу, жаңа негіздегі білім
мен мәдениет үшін күресу, бір сөзбен айиқанда, осы үйірмелерде тұңғыш рет
кейін алашордалық қозғалыста үстемдік алған пікірлер бір арнаға түсті”.
Жетісудың екі өзені: Лепсі мен Ақсу бойын ерте заманнан Найман-Садыр
елі мекен еткен. Бұл өңірдің жер-су атауларының өзі зерттелмей жатқан тарих
десе болады. Беріш, Бөгенбай сайы, Тәуке көлі, Абыл көлі, Тәуекел көлі,
Ақан тауы, Тынышбай сайы, санай берсе көп-ақ. Осындай табиғаты жомарт,
тарихы мен өлкеде 1879-жылы – қоян жылы, мамыр айының басында ел жакйлауға
көшіп бара жатқанда, қазіргі Талдықорған облысының Қабанбай ауданы, Жыланды
ауылының желкесіндегі тұманның дөңінде Садырдан тарайтын Тәуімбет Әлдекенің
Тынышбайының шаңырағында қара домалақ ұл өмірге келді. Шілдеханасын
өткізіп, ақсақалдар азан шақырып, есімін Мұхамеджан деп қойды. Садыр елінің
дәстүрі бойынша, жарық дүниеге келген сәбиге өз жайлауында бір-бір тұма
қазып, бұлаққа қосуды әдетке айналдырған. Жайлауға шығып, ел орныққан соң,
молдаға құран оқытып, мал шалдыртып, бастаулар мен қайнарлардың көзін ашып,
жылғалардың арналарын тазалау мейрам-иойға ұласатын Сол жылы Шәугімкеткен
мен Қоратастың арасындағы Қазыққанда Мұхамеджанның атына да тұма қазылып,
Лепсіге құятын тарау-тарау бұлақтың сағасына қосқан.
Мұхамеджанның әкесі – Тынышбай кісілікті, ел-жұртына беделді отағасы
екен. Көнекөз қарттардың айтуынша, патша ұкіметі зорлықпен шырайлы жерлерді
казак-орыстарға тартып алып бере бастағанда, намысқа шыдамай, соның соңынан
дау айтып, ояз бастықтардың есігін тоздыртып, қуынғандардың алдыңғы легінде
Тынышбай да жүрген-ді. Анасы – Шаһизадабану келбетті ақжарқын жан болған.
Тынышбай мен Шаһизадабанудан екі ұл, үш қыз туған. Олар: Ахметжан,
Мұхамеджан, Салмақты, Қадиша, Қампаш. Мұқаң әулетінің ата-қонысы Ешкіөлмес,
жайлауы – Суық, қыстауық – Сарқарын, Басқан. Заманның құйындай соққан
зауалы мен зұматында бүгежектеп, бұқпантайлауды білмеген, бар ғұмырын
халқының болашағы үшін арнаған, сол жолды өмірдің бұралаң-бұлтарысына
табаны таймай, алдына қойған мұрат-мақсатынан әсте танбаған, адал жүрек,
нар тұлғаның балалық жас дәурені – осындай шөбі шүйгін, суы шәрбәт, әсем
табиғаттың аясында өтті.
Бірде Тынышбай үйіне қыдырып келген Лепсідегі медоеседе дәріс беретін
Хамитмағзұм молдаға 5 жасар Мұхамеджан көргеннен-ақ ұнап қалады. Бұл сырын
ол отағасына бүкпесіз білдіріп, ұлын медресеге жіберуін қолқалап көндіреді.
Қабілетті бала, сөйтіп, жылға жетпей, арабша хат танып шығады. (5)
Зерек Мұхамеджанның еңбекқорлығы дүйім жұртқа жайылады. Ол 6-7 жасқа
жейін-ақ ауылдың мұқым ұсақ жандығына көз болып, үлкендердің қолын ұзартып,
алғысын алып жүреді. Әлдеке атасы мен немересінің шынжау болғанмен,
есебінен жаңылмайтын ерекше зейіні мен ұғымталдығына сенгендігі соншалық,
мал санағанда алдына мінгестіріп, жанынан бір елі қалдырмайтын болған.
Қазақтарда ол кезде нақты алыс-беріс, айырбас кең дамыған. Сауда-саттыққа
бүйрегі бұрып тұратын ағайындарды қазекең сарт деп атаған ғой. Сол сарт
ағайындар алдындағы төрт түлік мал мен жанын баққан қазақтарға несиеге
ақшалай, заттай қарыз беріп, келер жылғы туған қозыдан туған уәде бойынша
өз үлестерін үстеме өсіммен қайтарып, алатын болған. Мұндай келісім-шартты
– қызыл қозы деп атаған. Бір жылы сарттарға өрістегі аулының “қызыл
қозының” санасып жүрген ат үстіндегі Мұхамеджан Қасқабас атанған ояз
бастығының назарына ілігеді. Ол тілмашына қаршадай баланың тосындау қылығын
біліп келуді тапсырады. Лезде әлгінің қозы санап жүргенін баяндаған соң,
ояз бастығы енді тілмашына оны тексеріп көруді бұйырады. Отардағы қозыларды
бөліп алып, 3 мәрте қайыра санап шыққанда, бала өз есебінен жаңылмайдв;
сарт екеуін кем, ал тілмаш біресе асырып, біресе жеткізбей, әбден шаасады.
Ақырында сарт өз “қателігіне” ұялып, Мұхамеджанның разы боп, батасын
береді, екі қозысын сыйға тартады. Сол күннен бастап Қасқабас кішкентай
досына іш тартып, қолынан келген қамқорлығын аямайды. Ол 10 жасқа толғанда
Алматыда арнайы “бұраианалардың” балалары үшін генерал-губернатор
Г.А.Калпаковский аштырған гимназияның дайындық бөліміне алынуына тікелей
ықпал етеді. Лепсіден 500 шақырым Алматыға Тынышбай ұлын қос ат жеккен
арбамен 2 апта дегенде әрең жеткізеді.
1890-жылы тамыздың 14-жұлдызында оқуға қабылданған зерделі жастың
қабілеті мұғалімдер қауімін ә дегенде-ақ бірден баурап алады. Жанары ойға
толы, сабырлы да салмақты қыр баласы оқу бағдарламасындағы пәндердің
барлығынан тоқсан қорытындысы сайын өте жақсы деген баға мен үлгілі
тәртібіне орай мұғалімдер кеңесі тарапынан үнемі алғыс алып, кластан класты
1-ші дәрежелі мақтау қағазбен тәмамдап отырады. Гимназия қабырғасында
өткізген жылдары Мұхамеджан ғылымның сан-саласына қатысты әдебиеттерді көз
майын тауысып, құныға оқып, өзінің ізденімпаздығы, алғырлығымен білімін
тереңдете түседі. 1899-жылы орыс әдебиетінің дүлділі А.С. Пушкиннің 100
жылдық мерейтойы ресейде кең аталып өтеді. Көктемнің жазға ұласар жайма-
шуақ уүндері Алматы тұрғындары көшеде ілулі жарнамалардан мамырдың 27-де
сағат 13.00-де гимназия шәкірттерінің күшімен ұлы ақынға арналған әдеби-
музыкалық таңертеңгіліктің ұйымдастырылып отырғандығынан құлақтанады.

2. Мұхамеджан Тынышбаевтың қоғамдық-саяси қызметі
XX-ғасырдың басындағы төл тарихнамада ерекше орын алып, жаңа
методологиылық тұрғыдан зерттеу жүргізуді қажет ететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхамеджан Тынышпаев
Тынышбаев Мұхаммеджан
М.Тынышбаев. Қазақтан шыққан тұңғыш техника маманы
Мұхаммеджан Тынышбаев
Адай уезінің қазақтары
М. тынышпаевтың еңбектері- қазақ тарихының деректері
Мұхаметжан Тынышбаев жайлы
Барлыбек Сыртановтың саяси және құқықтық көзқарастары
Әзімхан Ахметұлы Кенесарин өміріне жалпы шолу
Алаш қозғалысы жайында
Пәндер