Басқару еңбегі



1. Басқару еңбегінің мазмұны
2. Басқару еңбегінің сипаты, ерекшелігі
3. Іскерлік этика
4. Іскерлік этика және оның сипаты, ережелері
5. Сөйлеу мәдениеті
Өндірісті басқару үрдісі тек техника, технология, экономикамен ғана емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі адамдардың моральдік-эстетикалық қарым-қатынас саласымен де байланысты болады.
Басқару этикасы – басқару жүйесі қызметкерінің басқару үрдісінде адамдармен қарым-қатынасындағы өзін ұстай білу ережелерінің жиынтығы.
Этика нормаларының қатыстық сипаты бар, яғни адамдардың қалыпты қылықтарының жағымды, жағымсыз жақтарын білу.
Этика адам мінез-құлқын қоғамдық бақылау нысаны болып саналады. Ілтипат, қарапайымдылық, шынайылық, еңбек адамына неғұрлым зор құрмет – бұл басқару этикасының негізгі теориялық сипаттамасы. Оларды басқарма қызметкерінің мінез-құлық мәдениетінен көруге болады, олар, ең алдымен, - сыпайылық, қарапайымдылық, дәлдік, жауапкершілік, жоғары кәсібишілік, табандылық, өнімділік өзара іс-әрекетте өзін қалай ұстаса, бағынысындағылармен ресми емес жағдайда өзін солай ұстауы керек.
1. . «Менеджмент негіздері»/Ахметов Қ.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Басқару еңбегі

Орындаған: Кененбаева А.А.

Тобы: Дя – 307

Тексерген: Кушуков Г.С.

Семей қаласы

2015 жыл

Жоспар:

1. Басқару еңбегінің мазмұны

2. Басқару еңбегінің сипаты, ерекшелігі

3. Іскерлік этика

4. Іскерлік этика және оның сипаты, ережелері

5. Сөйлеу мәдениеті

Өндірісті басқару үрдісі тек техника, технология, экономикамен
ғана емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі адамдардың моральдік-эстетикалық
қарым-қатынас саласымен де байланысты болады.
Басқару этикасы – басқару жүйесі қызметкерінің басқару
үрдісінде адамдармен қарым-қатынасындағы өзін ұстай білу ережелерінің
жиынтығы.
Этика нормаларының қатыстық сипаты бар, яғни адамдардың қалыпты
қылықтарының жағымды, жағымсыз жақтарын білу.
Этика адам мінез-құлқын қоғамдық бақылау нысаны болып
саналады. Ілтипат, қарапайымдылық, шынайылық, еңбек адамына неғұрлым зор
құрмет – бұл басқару этикасының негізгі теориялық сипаттамасы. Оларды
басқарма қызметкерінің мінез-құлық мәдениетінен көруге болады, олар, ең
алдымен, - сыпайылық, қарапайымдылық, дәлдік, жауапкершілік, жоғары
кәсібишілік, табандылық, өнімділік өзара іс-әрекетте өзін қалай ұстаса,
бағынысындағылармен ресми емес жағдайда өзін солай ұстауы керек.
Басқару қызметі – мән-мағынасы бар қызмет, мақсаты –
ұйымдастырудың нәтижелілігін арттыру. Иелік етудің жаңа шарттары,
менеджерлердің білім деңгейін көтеру және жетілдіру басқару мәдениетінің
дамуына түрткі болды.
Басқарудағы басты элемент – адам. Оның білімі, біліктілігі,
тәжірибесінен басқару еңбегінің қызметін және өндірістің соңғы нәтижесін
көруге болады. Өндіріс пен басқарманың мәдениет деңгейі басқару кадрларының
даярлық деңгейіне байланысты болады. Өндірістің экономикалық және
әлеуметтік дамуы осымен тығыз байланысты. Өндірісті басқару мәдениеті мен
өндіріс мәдениеті түрлі ұғымдар болып табылады.
Өндіріс мәдениеті – өндірістің техникалық-экономикалық деңгейіне қойылатын
нормативтік талаптар жиынтығы, яғни жаңа техника мен технологияларды
енгізу, кәсіпорынның барлық жерлеріне НОТ, еңбек пен тұрмыстың әлеуметтік
жағдайларын жақсарту, эргономика, экология және қауіпсіздік техникасы
талаптарын сақтау.
Қазіргі заман өндірісін басқару мәдениеті элементтерінің іріленген
жиынтығына мыналар жатады:
1) басқару қызметкерлерінің жеке басының мәдениеті;
2) басқару үрдісі мен еңбек шарттарының мәдениеті;
3) құжаттармен және ақпараттармен жұмыс мәдениеті.
Барлық элементтер органикалық өзара байланыста болады, алайда соның
ішіндегі бастысы - басқару аппараты қызметкерлерінің жеке мәдениеті.
Жеке бас мәдениетінің бірнеше сипаты болады: жұмыскердің жалпы мәдениеті;
жеке адамгершілік-саяси және іскерлік қасиеттерінің болуы, экономика
дамуының замануи талаптарына сай келеді, яғни басқару ғылымын және озат
тәжірибесін білу, қазіргі заман техникасы мен технологиясын қолдана білу.
Жұмыскерлердің жеке бас мәдениетінен басқару әдістерін тиімді меңгеру және
белгілі бір қызметті табысты орындау үшін қажетті түрлі әлеуметтік
қасиеттер кешенін байқауға болады. 

Іскерлік қарым-қатынастың қалыптасуы өте күрделі. Оны нақты бір
адам – директор, жұмысшы, шебер, жабдықтау жөніндегі маман және т.с.с. –
орындайтын жұмыстың белгілі бір функционалдық міндеттерінен тікелей көруге
болады. Бұл міндеттердің табысты орындалуы адамдардың жеке ерекшеліктеріне,
олардың қызметінің ұйымдастырылу деңгейіне және еңбек ұжымындағы моральдік-
психологиялық климатқа байланысты болып келеді. Бұл факторлардың барлығы
бір-бірімен байланысты ғана емес, олардың бір-біріне әсері де бар.
Еңбек ұжымында іскерлік қарым-қатынастар құратын принциптерді
қарастырайық:

- өз пікірін айту және бастамашылық;
- бірлік;
- ақпараттану;
- бағынысындағыларды бағалаудағы әділдік;
- еңбек пайдалылығын мойындау;
- құрмет.
Іскерлік қарым-қатынастар басқару қызметін атқару
үрдісіндегі  адамдардың өзара қарым-қатынастарына тікелей қатысты мінез-
құлық нормаларына көңіл аударады. Олар қызметтік этика деп аталатын осы
нормаларды сақтау маңыздылығын атап өтеді. 
Басқару қызметкері үшін түрлі жеке және жалпы өндірістік
міндеттерді шешуге жеке тұлғаны жұмылдыруда эстетикалық факторларды қолдану
маңызды әрі өзекті болып табылады. 
Тәжірибе көрсеткендей, кәсіпорын әкімшілігі станоктар мен жабдықтардың
сыртқы қалпы, жұмыс киімі, цехтардың қабырғаларының түсіне, қызметкерлер
мен басшылар жұмыс істейтін кабинеттердің жайлылығына, интерьеріне, демалыс
бөлмесіне, сондай-ақ үй-жай мен ұйымға қарасты аймақты көріктендіріп,
жасылдандыруға көп көңіл аударады. Еңбек өнімділігі, басқару әрекеттерінің
нәтижелілігі осыған байланысты және эстетика саласына жатса да, бұлардың
барлығының маңызы зор.
Менеджердің киімі мен сыртқы келбеті – басқару эстетикасының
маңызды факторларының бірі. А.П. Чехов адам бойында барлығы да – келбеті,
киім киісі, жаны және ойы да сұлу болу керек деген.
Қарапайым, әдемі, орынды және заманға сай киіне білу – адам мәдениетінің
бір түрі. Басқарма қызметкерінің сыртқы келбетінің қарапайымдылығын және
жақсы киім талғамын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНЖЕНЕР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘРЕКЕТ
Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшеліктері
Менеджер этикасы және әлеуметтік ролі
Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы жайлы ақпарат
Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы кәсіптік этика
Еңбек құқығының қағидалары
Басқару қызметінің мәдениеті және іскерлік этикасы
Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы жайлы
Басқару еңбегінің мәдиниеті мен этикасы
Іскерлік мәжілісті ұйымдастыру және өткізу
Пәндер