Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)



1) Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014.2015 ж.)
2) Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
3) Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
Республикадағы шөлейттер мен шөлдер 167 млн га жерді алып жатыр. Суарылған жағдайда бұл алқапты тек мал жайылымы ретінде ғана пайдалануға болады. Кейінгі жылдары көлдетіп суландыру жолымен тиісті нәтижеге жету мүмкіншілігі белгілі болып отыр. Жайылымдарды суландыруға артезиан суын пайдаланудың болашағы зор.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда халық саны 16 млн 954 мыңға жетіпті. Ал 1920 жылы елімізде не бары 4 миллион 400 мың халық болған. Оның 7 %-ы қалада, 93 %-ы ауылда тұрған екен. Қазақстанда 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелген, оның 57%-ы қалада, 43-і ауылда тұрған. Ал қалада тұратын ерлер 48,5%, ауылда тұратын әйелдер саны 51,5% болған.
Тәуілсіздік алғанға дейiн Қазақстан халқының демографиялық жағдайы - тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуiмен, қалада тұрушылар үлесiнiң шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының бiркелкi болмауымен сипатталды.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

СӨЖ

Тақырыбы: 1) Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
2) Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
3) Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.

Орындаған : Камсызова А.Е.
Тобы: ВС-403
Тексерген: Мурзалимова А.К.

Семей 2015ж.
Жоспар
1) Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
2) Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
3) Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.

Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай
Республикадағы шөлейттер мен шөлдер 167 млн га жерді алып жатыр. Суарылған жағдайда бұл алқапты тек мал жайылымы ретінде ғана пайдалануға болады. Кейінгі жылдары көлдетіп суландыру жолымен тиісті нәтижеге жету мүмкіншілігі белгілі болып отыр. Жайылымдарды суландыруға артезиан суын пайдаланудың болашағы зор.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда халық саны 16 млн 954 мыңға жетіпті. Ал 1920 жылы елімізде не бары 4 миллион 400 мың халық болған. Оның 7 %-ы қалада, 93 %-ы ауылда тұрған екен. Қазақстанда 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелген, оның 57%-ы қалада, 43-і ауылда тұрған. Ал қалада тұратын ерлер 48,5%, ауылда тұратын әйелдер саны 51,5% болған.
Тәуілсіздік алғанға дейiн Қазақстан халқының демографиялық жағдайы - тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуiмен, қалада тұрушылар үлесiнiң шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының бiркелкi болмауымен сипатталды.
1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қалаларында байқалды. Жалпы ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құраған.
Бүгінгі таңда ресми статистикалық мәлiмет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде тұрады.
Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5,5 адамды құрайды. Ал Қытайда мысалы, бұл көрсеткіш бір шаршы метрге 140 адамнан келеді.
Саны жағынан әлемдегі халқы ең көп Қытайда ұлттың қартаюы мен гендерлік баланс (гендерлік асимметрия) сияқты айтулы демографиялық проблемалар бар. Мәселен, неке жасындағы еркектердің саны әйелдерден 18 млн. адамға көп. ҚХР демографиялық саясат және бала тууын жоспарлау жөніндегі мемлекеттік комитеттің деректері бойынша ауылдық аудандардағы ерлер мен әйелдер арасындағы қатынас 122,85:100 құрайды, бұл жалпы ұлттық көрсеткіштен - 119,58:100 астам. 2020 жылы 20-45 жастағы ерлердің саны әйелдерге қарағанда 30 млн. адамға астам болады деп болжануда. Мұндай жағдайда Қытай елден өз азаматтарының кетуін көтермелейтін болады, бұл көрші мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне келеңсіз әсер етуі мүмкін.
Үндістан елінің халқы 2010 жылғы жүргізілген халық санағының мәліметіне сүйенсек, соңғы 10 жылда 181 млн. адамға жетіп, жалпы саны 1,21 млрд - тан артқан. Сөйтіп Қытай елінен небары 120 миллион адамға аз болып отыр. Сонымен қатар бұл елде де қыз балалардың дүниеге келуінің соңғы 50 жылда тұрақты төмендеуі байқалады. Үндістан елінің үкіметін де, Қытай еліндегідей бұл демографиялық мәселе қатты алаңдатып отыр. Екі елдегі бұл проблеманың негізі дәстүрлі түрде әрір отбасында ұл баланың болуы себеп болып отырғанын мамандар алға тартады.
Сонымен Қытай мен Үндістан елдері халықатрының санының артып отырғаны белгілі. Үкіметтердің халық санын төмендету бойынша жасап отырған әрекеттері гендерлік тұрақсыздыққа әкеліп тіреп отыр. Бұдан әрі де қыз балалрдың өмірге келуі төмендей берсе, демографиялық дағдарыс өте үлкен даулы мәселеге алып келуі әбден мүмкін.
АҚШ халық саны жағынан Қытай мен Үндістаннан кейін әлемде үшінші орын алады және үнемі халық өсімі тіркеліп отырған батыстағы жалғыз ел болып саналады. Көрсеткіштер болжамы бойынша халық саны АҚШ-та 2041 жылы 400 млн. адамға жетпек.
Ал, дамыған Германиядағы демографиялық ахуал өзгеше және де көңіл аударарлық. Демография жөніндегі мамандардың айтуынша халық саны азаюда, оның себебі бала тууды ынталандыруда емес, қоғамдағы әйелдің әлеуметтік рөлінің өзгеруінен болып отыр. Неміс әйелдерінің ұрпақ қалдыруы тым кейіндеп және сиреп барады.
Германия статистика ведомствосының деректері бойынша 35 жасқа дейінгі неміс әйелдерінің 40%-ының әлі балалары жоқ. Немістер ұлт ретінде қартаю үстінде. Денсаулық сақтау саласындағы ілгерілеушілік және әлеуметтік ахуалдың жақсаруы арқасында өмір ұзақтығы әйелдерде 84 жасқа дейін, ерлерде 78 жасқа дейін ұлғайды. Алайда, сонымен қатар бала туу төмендеп кетті. Германиядағы бала туушылық коэффициенті 1,3 құрайды, бұл халық санын толықтыру үшін жеткіліксіз. Мұндай келеңсіз серпін кезінде болжамдар бойынша ел тұрғындарының саны қазіргі 82 млн адамнан 2050 жылға қарай 67 млн. адамға дейін азаюы мүмкін, яғни елдің әрбір үшінші тұрғынының жасы 60-тан асатын болады.
Ұлттың қартаюы, халық санының аздығы елдің экономикалық әл-ауқатына қатер төндіреді. Халық санының төмендеуі экономикалық инфрақұрылымның одан әрі өсу үшін әлеуетінің болмауына әкеледі. Тұтынушылық құны жоғары тауарлар өндірісі мен жалпы өндіріс өсімі халықтың тұтынушылық әлеуетінің әлсіздігіне байланысты қиындыққа тап болады.
Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырмашылығы құрылымында 9 жасқа дейiнгi балалар 22,0%. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейiнгi жастар 43,9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесi 6,1%. Орташа арифметикалық жас -- небәрi 25 жас. Яғни қазақ халқының басым бөлiгi жастар мен балалар. Қазақстанның демографиялық өсуі жылына 1,2 пайызды құрап отыр дейді сарапшылар, яғни жан басына шаққанда халықтың өсімі 250 мың адамға шақ келеді
Сонымен қатар Орталық Азияның өзге елдерінде мысалы, Тәжікстан, Өзбекстан секілді елдерде демографиялық өсу өте қарқынды жүруде. Сонымен демографиялық проблемаларды шешу жолдарын таңдау қандай да бір мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени деңгейіне байланысты болады. Билік көп жағдайда бала тууда материалдық ынталандыруды жөн санайды, алайда нәтижелері әрқалай болып жатады.
Уақыт өте келе жоғарыд аталған мелмекеттерде алғашқы қатарда болып азық-түлік қауіпсіздігінің мәселесі күн тәртібіне шығуы мүмкін көрінеді. Демограф, ғалым М.Тәтімов қандай қарқынды өсім болса да қазақстандықтар үшін жоғарыдағыдай елдерде туындауы мүмкін мәселелер орын алмайтындығына сенімді екенін айтады.
Еліміздің 93 млн. гектардан артық ауылшаруашылығына тиесілі жердің бар екенін ескерсек, агроөнеркәсіптік кешеннің қарқынды дамуында оның өте зор әлеуетінің бар екенін және елдің тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне оң әсер ететінін, алдағы уақытта тіпті импортқа шығуын айқындайды [1].

Азық - түлік мәселесі
Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған 2010 жылғы Жолдауында Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - маңызды мәселе. 2014 жылға қарай азық-түлік өнімдерінің ішкі нарығының 80 пайызын отандық азық-түлік өнімдері құрауы тиіс. Бізде бұған толық мүмкіндік бар, - деп бүгінгі таңда ғаламдық мәселенің біріне айналып отырған азық-түлік қауіпсіздігі төңірегінде отандық өнімдердің орнын ерекше атап көрсетіп, бұл саланы ойдағыдай дамытуға қол жеткізуімізкеректігін қатаң тапсырды.

Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жаһандық жайы адамзат өміріне күрделі қауіп төндіруде. Жер шары тұрғындарының саны өскен сайын халықты азықпен қамтамасыз ету мәселесі де ушығып отыр. 2050 жылы адам саны 9,5 млрд-қа дейін жетеді деген болжам бар. Сондықтан да азық-түлік дағдарысы және оның алдын алу - әлем жұртшылығын алаңдатып отырған басты мәселе. Қазіргі таңда азық-түлік тапшылығы орын алып, ашаршылықтан зардап шегіп жатқан елдер де аз емес. Дүниежүзінде бүгінгі күні созылмалы аштық дертіне шалдыққандардың саны 925 млн адамға жетеді, бұл Жер шары тұрғындарының 14 пайызына тең. Сондай-ақ әлем елдерінің 29-ы азық-түлік тапшылығын өткір сезінуде. Бұл маңызды мәселе турасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы ақпарат
Бірлестіктер экологиясы мен экожүйедегі энергия
Бірлестіктер экологиясы мен экожүйедегі энергия жайлы ақпарат
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. 1 табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. 2 әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.) 3 өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы мәлімет
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы ақпарат
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Пәндер