Психикалық даму және оқыту



Даму психологиясы
Даму психологиясының бөлімдері
Баланың психикалық дамуы
Пайдаланған әдебиеттер
Даму кезінде адамда сандық және сапалық өзгерістер туындайды. Даму психологиясы адамның жеке басының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді, адам жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін азаматтық қасиеттерінің кемелдену жағдайларын, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық зандылықтарымен таныстырады. Даму психологиясы психикалық дамудың қозғаушы күшін, заңдылықтарын және адамның онтогенезде қалыптасуын қарастырады.
Даму психологиясы келесі бөлімдерден тұрады:
• мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы;
• бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы мен жеке басының қалыптасуы;
• жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері мен жеке бастарының қалыптасуы;
• жасөспірімдердің психикалық дамулары мен психологиялық ерекшеліктері;
• ересектер мен егде жастағылардың психологиялық ерекшеліктері;
• қартайған жастағылардың (геронтопсихология) психологиялық ахуалдары.
1. Немов Р.С. Психология: Учеб. для студентов высш. пед. учеб. заведений: В 3 кн. – М., 1994. – Кн.2.
2. Шаповаленко И.В.Возрастная психология (Психология развития и возрастнаяпсихология). — М.: Гардарики, 2005.
3.Немов Р.С. Психология. М., ВЛАДОС, кн.1,2003.
4.Валлон А. Психическое развитие ребенка. - М., 1967.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
 Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

CӨЖ

Тақырыбы: Психикалық даму және оқыту

Орындаған:Қапезқызы Г
Тексерген:Адильжанова Қ.С

Семей 2015ж
Даму кезінде адамда сандық және сапалық өзгерістер туындайды. Даму психологиясы адамның жеке басының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді, адам жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін азаматтық қасиеттерінің кемелдену жағдайларын, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық зандылықтарымен таныстырады. Даму психологиясы психикалық дамудың қозғаушы күшін, заңдылықтарын және адамның онтогенезде қалыптасуын қарастырады.
Даму психологиясы келесі бөлімдерден тұрады:
• мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы;
• бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы мен жеке басының қалыптасуы;
• жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері мен жеке бастарының қалыптасуы;
• жасөспірімдердің психикалық дамулары мен психологиялық ерекшеліктері;
• ересектер мен егде жастағылардың психологиялық ерекшеліктері;
• қартайған жастағылардың (геронтопсихология) психологиялық ахуалдары.
Даму психологиясы — онтогенезде адамның психологиялық және қылықтық дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін мәліметтері бар психологиялық зерттеулер саласы. Дамудың әлеуметті жағдайы — адамның психологиялық және қылықтық дамуы өтетін әлеуметтік жағдай. Дамудың әлеуметтік жағдайы дамудың қандай факторлар жүйесіне байланысты екендігін де қарастырады Дамудың жақын зонасы — психикалық дамудың мүмкіндіктері, адамға сырттан минималды көмек беру арқылы ашылады. Дамудың жақын зонасы ұғымын әйгілі ғалым Л.С.Выготский енгізген. Дамудың жақын зонасы - айналадағы адамдардың кішігірім көмегін немесе демеуінің негізінде балада айқындалатын және соларды пайдаланып оның шынайы дамуына мүмкіндіктер. Дамытатын күштер — балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ересектердің өз алдына қойылатын мақсаттары, яғни баланың өзін өзі жетілдірудегі қажеттіліктері.
Баланың психикалық дамуы жас ішінде бала қимылқозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар жөнді үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіндеп қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай нақтылана бастайды. Бұл тектес қимыл белсенділігінің орасан зор маңызы болады. Солардыд арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді. Мұның үстіне заттардың қасиетіне практикалық икемделу бул қасиеттердің көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді. Егер бала бастапқыда қолын заттардың касиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы бағдарлау кимылдарын жасайтын болса, кейін осы бағдарлау қимылдары интериоризацияланады — көріп қабылдауға ауысады.
Жармасу әрекетінің калыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру т. б. тәрізді қарапайым қимылдар жасау да дамиды. Мұндай іс-әрекеттерді орындай отырып, бала нәрестенің, заттардың толып жатқан қасиеттерімен танысады. Нәресте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер негізінде түрақты, оған тәуелсіз заттардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау заттыққа және түрақтылыққа ие болады.
Баланың психикалық белсенділігінің сипаты өзгереді. Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды. Балада кездейсоқ кимылдарды қайта жаңғырту мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан бұрын сәби оларды алдын ала болжап қоймаса да, осы қимылға байланысты қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдейі қайталауға нәресте кабілетті болады.
Балалық шақтың соңына қарай балалар үлкендердің көптеген іс-әрекеттерін қайталай отырып, үлкен еліктеушілік көрсетеді. Әдейі жасалғаы әрекеттер мен еліктеу ақылдың күшті дамып келе жатқандығын дәлелдейді. Шындығында да, балалар заттармен әдейі (тарсылдатып, сілкілеп, бүрап) әрекеттер жасай бастаған соң, үлкендердің қарапайым әрекеттеріне еліктеуден қайсыбір жетістікке жеткен соң, балалардың әрекеттерінен ойлаудың қарапайым көріністерін байқауға болады. Затпен- қимылдар жасау үстінде бала үшін проблемалық ситуация туады, оны да ол қимылдар жасау жолымен шешуге тырысады. Басқаша сезбен айтқанда, заттық қимылдар үстінде қарапайым проблемалы ситуациялар пайда болып және шешіліп отырады. Сонымен бала өзінің және басқалардың қимылдарына еліктейді отырып ойлауды әрекет үстінде үйренеді.
Ерте сәбилік шақтың аса маңызды жетістіктері (бір жастан үш жасқа дейін). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі қашықтықтан өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жылда болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның туған сәтінен есейгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойланған көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызды.
Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұнда өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез-кұлықтың қарапаным формаларьш да игсреді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз болады.
Бір жастан үш жаска дейінғі балаңың психикасының дамуы бірнеше факторларға байладысты.;
Баланың психикалық дамуына тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік түру қалпына ауысу — ол үшін киын іс.Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. Локомоция программасы әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе- теңдікті жоғалтып алады. Құлап калу қаупін де жеңіп, осынау алғашқы қадамдарды жасау үшін қайта-қайта күш жұмсауға оны не итермелейді? Жүру кезінде жұмыс істеп тұрған аяк, қол, арқа және бүкіл дене бұлшық еттерінеи пайда болатын бұлшық ет сезімі маңызды ынталандырушы болып табылады. Өз денесін өзі билеу сезімі бала үшін өзін-өзі мадатқау қызметін атқарады. Баланың қозғалып жүру ниетін сол сияқты тілеген ақсатына жету мүмкіндігі және, сонымен қоса, үлкендердің қатысуы меи мақұлдауы қолдайды. Өте тез арада, алғашкы әлсіз қадамдардан соң үйлесімді тура бағытты кимылдар жасау қабылеті қалыптаса бастайды. Екі жасқа қарай бала орасан зор ынтамен өзіңің жүрген жолынан кедергілер іздестіреді. Қнындықтар және оларды жену сәбиде жағымды эмоцнялық көціл күй туғызады.
Қозғалып жүруге қабылеттілігінің (дене қимылының табысы бола отырып) псыхологиялық салдарлары. Қозғалып жүруге қабылеттілік арқасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркін де дербес қарым-қатынас жасау дәуіріне енеді. Жүруді игеру кеңістікте бағдарлану кабілетін дамытады. Бұлшық ет сезімі қашықтық пен заттың кеңістікте орналасуын есептеу өлшемі болады. Бүл көру, қимылдау мен сезінудің бірлескен қызметтері аркылы жүзеге асады. Өзі қарап түрған затқа жақындай отырып, бала оның кеңістікте орналасу қалпын практикалық түрде игереді. Жүру арқылы бала езінің таным объектісі болатын нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттармен іе-әрекет жасауға кабілетті болады. Жаңа заттар тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уакытқа дейінгі жасырын болып келғен қасиеттері мен олардың арасындағы байла-ныстарын ашады.
Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен алмасады.Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің коғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар. Адам жануарлармен салыстырғаңда түрақты нәрселер дүниесінде өмір сүреді. Маймылдың да саптаяқтан су іше алатыны әркімге белгілі. Бір-ақ жануарлар үшін заттардың ситуациялық маңызы бар: егер су саптаяққа қүйылған болса, маймыл оны саптаяқтан, егер су шелекте болса, шелектен, ал егер еденде төгіліп жатса, еденнен ішеді. Бала үлкендерден заттардың адам іс-әрекеті арқылы бе-кітілген түрақты маңызын бағдарлауға үйренеді. Баланы қор-шаған заттық дүние — мебель, киім-кешек, ыдыс-аяқ — заттар, олардың адамдар емірінде белгілі бір маңызы бар. Бала ерте сәбилік шақта да бұйымдардың маңызын түсінеді.
Заттың бекітілген мазмұны балаға өзінен-өзі берілмейді. Ол шкафтың есігін сансыз рет ашып-жабуы, сол сияқты ұзақ уақыт қасықпен еденді тарсылдатуы мүмкін, бірак мұндай белсенділік оны заттардың атқаратын міндетімен таныстыра алмайды. Заттардың функциялық қасиеттері сәбиге үлкендердің тәрбиелік және оқыту ыкпалдары арқылы ашылады.Бала түрлі заттармен жасалынатын іс-әрекеттер түрлі дәрежеде ерікті бола-тынын біледі. Кейбір заттар өздерінің қасиеттері жағынан іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін қатаң сақтауды қажет етеді (бұған қорапшаның қақпақпен жабылуы, пирамиданың шығыршықтарын өткізу, матрешкаларды жинастыру тәрізді арақатынастағы әрекеттер жатады). Баска заттарда әркет тәсілдері олардың қоғамдық міндеттен қатаң бекітілген. Олар — зат-құралдар (қасық, қарындаш, балға). Нақ осы арақатынастық және құралдық әрекеттерді игерудің баланың психикалық дамуына неғурлым елеулі әсер ететінін атап өту маңызды. Ерте сәбилік шақтағы игерген зат-құралдардың сан жағынан шағын болуынан келіп кетер ештеме жоқ. Мәселе санда емес, осы заттар балада әрбір жаңа зат-қүралдан оның езіне тән міндетін іздестіруге деген мақсатын қалыптастыратындығында.
Ерте- сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа карай) іс- әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастаііды. Олар осы жас дегенде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті, іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріп, олардың ерте сәбилікшақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.
Заттық іс-әрекеттен алынып, жииақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында акиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сезді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан-ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады. Сөздік карым-қатынас баладан қатынасу кабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы келде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып калса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнаулы оқытудағы Л. С. Выготскийдің теориялары
Мектептегі оқушының психикалық дамуына оқу әрекетінін тигізетін әсері
Психикалық дамудың шарттары қайнар көздері және қозғаушы көздері
Бала психикасы дамуының қозғаушы күші
Психикалық даму негіздері
Психика мен сананың пайда болуы, бала психикасының дамуы
Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі
Психикалық дамуында тежелуі бар балалар
Балалардың психикалық даму белгілері
Психикалық даму және оқыту жайлы
Пәндер