Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар

Орындаған: Беркутбаева А. Р. (ПХ-315)

Тексерген: Тезекбаева М. Ж.

Семей, 2015

Жоспар:

  1. Мазасыздану және стресс
  2. Посттравмалық бұзылыстар

Мазасыздану - төнген қауіпті алдын-ала сезумен байланысты дискомфортты сезіну ретінде сипатталатын тұлғаның психологиялық қасиеті.

Мазасыздану адамның маңызды қажеттіліктерінің көpiнici болып табылады. Ғалымдар мазасыздануды 2 аспектіде қарастырады:

1. Эмоциялық күй

2. Тұлға темпераментінің ерекшелігі, тұрақты қасиеті.

Ресейдің психологиялық әдебиеттерiíде құбылысты былайша ажырату «үрей және мазасыздану» ұғымдарымен с¸йкес белгіленген. Соңғы термин құбылысты айқын, толық көрсету үшін қолданылады. [Прихожан А. Н., 1997] .

Мазасыздану мәселесін бағалау жағдайында психология ғылымында екі тенденция бөлінеді. Бip жағынан мазасыздану феноменінің анық eмecтiгi мен жете зерттелмеуіне сүйену біздің елімізбен қатар шетелдегі мазасыздану мәселесіне арналған жұмыстар үшін тән тәрізді. Оларда бұл термин негізінде әртүрлі құбылыстар түсіндіретіндігін және мазасыздану зерттеудегі бірқатар қарама-қайшылықтар тек бағыттар арасында ғана емес сонымен қатар 6ip бағыт ішіндегі авторлар арасында, ұғымға өз пікipi тұрғысынан ғана қарау бар екендігі керсетілген. Екінші жағынан зерттеушілер арасында негізгі жағдайлар бойынша пікіp бірлігі бар. Мұндай бірлік мазасызданудың кейбір «жалпы пішiнiн» керсетуге (оны «күй-қасиет» байланысында қарастыру) және мазасыз тұлға типін бөлуге мүмкіндік туғызады.

Мәні бip мезгілде жоғары және тар деңгейде бағаланатын психологиялûқ құбылыстар көптеп табыла бермейді. Мазасыздану сол құбылыстардың бipi. Бip жағынан бұл қaзipri заман ¼ðêåíäåóiíi» басты мәселесі (Эриксон Э., 1996), "XXI ғасыр - Үрей ғасыры" біздің уакытымыздың маңызды сипаты ретінде. Оған қaзipri заманды өмірлік сезіну негізгі мәні беріледі. (Готвальд Ф. Т., Ховланд В., 1992) Екінші жағынан эксперимент немесе уақиғаның арнайы шартынан туған психикалық күй.

Мазасыздану - санасыз дау-жанжал деңгейінде басталатын реакция. Мазасызданудың қорқыныштан айырмашылығы оның белгілі бip объектісі болмайды. Мазасыздануға негізсіз қорқыныш, үрей тән. Мазасыздану әркдшан интрîпсихикалық яғни оның себептері iшкі болып табылады. Мазасыздану тіптен негативті сипатта болмайды. Әр адамда оптимальды немесе калыпты деңгейде мазасыздану бар. Бұл тұлға белсенділігінің шарты ретіндегі пайдалы мазасыздану. Мазасыздану бұл ең алдымен кауіптен сактандыру áåëãiñi, бұл бағыт бағдарлаушы процесс. Осы жағынан бұл процесс кұнды болып табылады. Мазасыздану сигнал ретінде біздң әрекеттерімізді, өзімізді белгілі бip жағдайға бейімдейді. Мазасыздану бұл тек қауіптен алдын-ала сактандыратын сигнал ғана емес, сонымен қатар белгілі бip денгейде дау-жанжалдан қорғайды. Ceбeбi психикалық қорғаныс механизмдерін жумысқа қосады.

Бұл мәселеге тек психология және психиатрия ғылымдарында ғана емес сонымен бipre биохимия, физиолîгия, философия, социология ғылымдарында да көп зерттеулер арналған жариялаулардың саны жыл санап көбейіп келеді.

Бірақ олардың көпшілігі батыстық ғылымдарға тән екенін ескерген жөн.

Ресейлік әдебиеттерде мазасыздану мәселесіне арналған зерттеулер аз. Олар фрагменттік сипатта. Бұл көбіне әлеуметтік себептерге байланысты. Сонымен қатар ресей психологиясында бұл мәселенің жете зерттелмеуінің ceбeбi батыстың психиология және психиатрия ғылымдарында психоанализ, экзистенциалды бағыттардың өpic алып дамуы әсер етуде. Соңғы он жылдықта ресей психологтарының мазасыздану мәселесін зерттеуге деген қызығушылықтары қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты күрт арта түсті. Сонымен қатар, қaзipri заманда Ресей елінде мазасыздану нақты колданбалы мәселелер шегінде зерттелетінін ескерген жөн. (емтихан, жарыс алдындағы мазасыздану, психиатриядағы мазасыздану, спортшылардың, ұшқыштардың мазасыздануы) . Мазасыздану мәселелерін зерттеудегі мұндай жағдайдың ceбeбi Ресейдің психологиялық ғылымдарының даму логикасымен байланысты. Онда эмоция және эмоциялық күйлерді зерттеу психофизиологиялық деңгейде жүргізіледі.

Мазасыздану жалпы мағынасында қayiптi сезінумен байланысты жағымсыз эмоция. Мазасыздану құбылысына тән қayiптi алдын-ала сезіну ерекшелігі, оньң басқа эмоциялық құбылыстар арасындағы маңыздылығын көpceтeдi. Мұны гештальтерапияның негізін калаушы Ф. Перлз бейнелеп көpceттi. " . . . Мазасызданудьң формуласы ете қарапайым. Мазасыздық қaзipгi мен бұрынғы арасындағы шығын" [Перлз Ф. С., 1994 стр. 145] .

Мазасыздануды эмоциялық күй (жағдайлық мазасыздану) ретінде және үнемі мазасыздық күйге бейімділіктен көрінетін жеке психикалык ерекшелік, тұрақты қасиет ретінде беліп қарастырады. Психикалық деңгейде мазасыздану күштену, уайым басу, тынымсыздану невроздык, жалғыздык, шeшiм қабылдай алмаушылық байқалады. Физиологиялық деңгейде мазасыздану ерекше реакциялық жағдай. Мазасыздану кезінде жүрек қағысы, тыныс алу жиілеп, қан қысымы көтеріледі, жалпы қозу күшейеді. Кез-келген сферадағы (тестік тұлға аралык, экологиялық) тұрақты мазасыздануды - генеранизацияланған мазасыздану деп атау қалыптасқан. Ол адам өміріндегі маңыздылығының өзгеруіне байланысты еркін түрде объект iciн өзгертеді. Мазасыздану қayiптi жағдайда сигнал ретінде, мүмкін болатын қиындықтар мен мақсатқа жетудегі кедергіліктерді жеңу үшін бар күшті жұмылдырып, жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Сондықтан мазасызданудың қалыпты (оптимальды) деңгейі ақиқат жағдайына нәтижелі бейімделу үшін қажет болып табылады, ал мазасызданудың жоғарғы деңгейі кepiciншe дезадаптивтік реакция ретінде қарастырылады.

Мазасыздану мәселесін зерттеуде, қалыпты бейімделуге кедергі келтіретін кұбылыс ретінде мазасызданудың тіптен жоқ болуы және ic-әрекеттің өнімділігімен қалыпты дамуына кедергі келтіретін тұрақты мазасыздану қарастырылады.

Мазасызданудың тұлға дамуына әcepi әлі де нақты анықталмаған, дегенмен мұны ең алғаш айтқан С. Кьеркегор болды. Оның пікірінше мазасыздану адамзат өмірінің тарихын анықтаушы негізгі фактор. Кейінен бұл көзқарас экзистенциалистердің философиялық жұмыстарында, психоаналитикалық зерттеулерде дами бастады.

Мазасызданудың тұлға дамуына әcepi жөнінде қaзipri замандық пікірлер негізінен клиникалық зерттеулердің мәліметтеріне сүйенеді. Сонымен қатар, осылайша эмпирикалық зерттеулерде орныққан мазасыздану және тұлғаның ерекшеліктері, мысалы: мазасыздану және талаптану деңгейі [Рейковский Я., 1979], мазасыздану және акцентуация типтері [Захаров Л. Н., 1994] арасындағы байланыстар талданады.

Мазасыздық және стресс.

Бұл мәселені зерттеуде тұрақты мазасызданудың себептері туралы сұрақтар басым болып табылады. Бұл сұраққа жауап мазасыздану қай аспектіде қарастырылуына байланысты болып табылады.

Мазасыздануды темперамент қасиеті ретінде (В. С. Мерлин терминологиясы бойынша психодинамикалық мазасыздану) ұғынған жағдайда - жүйке жүйесі процестерінің касиеттерінің алғы шарттары негізін фактор ретінде көрініс табады. (Данилова Н. Н., 1992; Мерлин B. C., 1986; Рейковский Я., 1979; Стреляу., 1982; және тағы басқалар) . В. С. Мерлин мектебінде психодинамикалық мазасыздану мен әлеуметтік қарым-қатынастағы мазасыздануды салыстыратын зерттеулер қатарында бұл сұрақ мазасыздық күйді тудыратын себепті және себепсіз факторлардың екі типін қарастыру арқылы шешіледі. ( Мусина И. А., 1993; Рейковский Я., 1979; )

Белгіленген фактор типтері көpiнic тапқан жағдайдың немесе уақиғаның бірнеше рет қайталануы мазасызданудың тұрақты қасиеті ретінде орнығуына әкеледі. (Ч. Д. Спилбергер жіктемесі бойынша мазасыздану қасиеті ретінде) .

Басқаша бағыттың негізін қалаған Р. Б. Кеттел және оның серіктестері болды, олар бұл мәселені математикалық модельді қолдану арқылы шешуге тырысты. Бұл зерттеулердің басты нәтижесі мазасызданудың жеке феноменінің ажыратылуы болды. Сонымен қатар мазасыздану күйіне тән физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштері бөлініп керсетіледі.

Мазасызданудың себептерін түсінудегі басты мәселелерінің бipi - оның қайнар көзi болып табылатын себебін локализациялау яғни таратпаушылық. Қазipгi уақытта тұрақты мазасызданудың себебінің 2 типі айтылып жүр: бipiншici, үрейлік күйді жиі бастан кешіру нәтижесінде пайда болған ұзақ мерзімді сыртқы стрестік жағдай (Ю. Л. Ханин, Ч. Д. Спилберг тағы басқа) ал екіншісі iшкi психологиялық жағдай. Осындай әртурлі себептердің әсерінен мазасызданудың да әр түрлі типтері бола ма? деген сұрактың қазiргi уақытқа дейін нақты шешімі жоқ.

Кейбір авторлар мысалы А. Фрейд себептерге байланысты мазасызданудың әртүрлі типтерін айта отырса да феноменалды деңгейде бұл типтерді бөлудің мүмкін еместігін ескертті.

И. А. Мусина (1993), С. Я. Рубинштейнің "сыртқының ішкі арқылы әрекеті туралы танымал ой желісіне сүйене отырып, мазасызданудың пайда болу себептері әртүрлі болатындығына байланысты мазасыздну типтері де әртүрлі деген пікірді қолдай отырып "ішкі" және "сыртқы" тұлғалық мазасыздану деген терминдерді енгізуді ұсынды.

Дегенмен мұндай сұракқа мазмұнды жауап үшін жалпы сілтеме жеткіліксіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыстық күйлер, посттравмалық бұзылыстар
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар жайлы
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар жайлы мәлімет
Дағдарыстық күйлер мен посттравмалық бұзылыстар
Дағдарыстық күйлер мен посттравмалық бұзылыстар жайлы
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы ақпарат
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы мәлімет
Агресиялық мінез-құлық табиғатына психологиялық талдау
Мигрант отбасылар және олардың балаларымен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz