Қажеттілік мотивациялық процестерің негізі ретінде


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы университеті

Реферат

Тақырыбы: Қажеттілік мотивациялық процестерің негізі ретінде

Орынаған: Мухаметкалиева Е. ПХ-315

Тексерген: Едігенова А. Ж.

Семей 2015 жыл

Жоспар:

  1. Мотив және мотивация ұғымдарына қысқаша түсінік
  2. Қажеттілік туралы ұғым
  3. Қажеттілік мотивация негізінде

Мотив отандық және шетелдік психологияның фундаментальды мәселелерінің бірі болып есептеледі. Психологияда бұл мәселені жан-жақты қарастырылуы, мотив адамның белсенді іс-әрекетінің қозғаушы күші ретінде рөл атқаруымен сипатталады.

Мотивация психология ғылымында жеке бастың мінез-құлқы, іс-әрекеті мен белсенділігін реттейтін фактор ретінде қарастырылып келеді. Ал жеке тұлғамен іс-әрекет барысында оның мотивациялық ерекшеліктерін ескермей әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. Егер де қазіргі психология даму тенденцияларын қарасақ, онда оның логикалық орталығы мотивация мәселесі болып жатқанын байқау қиын емес (Б. Ф. Ломов) . Тұлға психологиясының «ядоросы» болып есептелетін (С. Л. Рубинштейн) мотивация адам өмірінің маңызды іс-әрекеті мен мінез-құлқтық ерекшеліктерін анықтайтын маңызды көрсеткіш болып табылады

Қажеттілік - индивидтің мәдени деңгейі мен оның жеке тұлғасының ерекшелігіне сәйкес спецификалық пішінге келген мұқтаждық. Мысалы, қарт адамға тілдесуге деген қажеттілікті теледидар алмастыра алса, жастар үшін оның орнын би кештері алмастырады. Қажеттіліктер нақты қоғам немесе әлеуметтік топтың мәдени құрылымына байланысты әдіспен қанағаттандыра алатын объектілермен білінеді.

Қоғамның прогрессивті дамуына қарай оның мүшелерінің қажеттіліктері де өседі. Адамдар олардың қызығушылықтары мен тілектерін туындататын объектілердің түрлерімен күннен күнге жиі кездесетін болды. Сатушылар жиі қажеттілік пен мұқтаждықты шатастырады. Бұрғылау колонкаларын өндіруші тұтынушыға оның бұрғысы керек деп ойлайды, бірақ шынында тұтынушыға ұңғыма (скважина) қажет. Ұңғыманы тезірек және арзанырақ жасай алатын басқа тауар пайда болатын болса, онда тұтынушыда жаңа қажеттілік (жаңа тауарға деген) пайда болады, ал мұқтаждық сол бұрынғы болып қалады.

Адамдар қажеттіліктері шексіз болып табылады, бірақ адамдар ең төменгі құн, уақыт және ақпарат шығындарын жасағандағы ең жоғарғы қанағаттандыру беретін тауарларды ғана сатып алады.

Кәсіби мотивацияны зерттеуде негізгі орын, тұлғаның кәсіби іс-әрекет жағдайларына деген қатынасын зерттеу мәселесіне беріледі. Кәсіби қатынастар мәселелері Ресей және шетел психологтары А. Г. Асмолова, В. Вруум, Ф. Герцберг, Г. Г. Дилигенский, А. Г. Здравомыслова, О. Н. Зотова, Я. Л. Коломенский, Р. Л. Кричевский, А. Ф. Лазурский, К. Левин, Б. Ф. Ломова, В. С. Магун, А. С. Макаренко, Д. Мак-Грегор, В. Н. Мясищев, Дж. Хакман және Г. Р. Олдхем, Х. Хекхаузен, В. С. Ядов, П. М. Якобсон және т. б. ғалымдардың зерттеу пәні болып табылады. Тұлғаның кәсіби іс-әрекетке қатынасының ерекшеліктерінің талдауы, іс-әрекетті жоғары және жеткілікті деңгейде орындауға адамды ынталандыратын себептерді ізденудің мәнді жағы болып табылады.

Ф. И. Тейлордың зерттеулері негізінде пайда болған еңбек психологиясының пайда болуынан бастап еңбектегі міндеттерге адамда жағымды қатынас қалыптастырудың негіздері ретінде, алғаш рет еңбек мотивациясы қарастырылды. Адамның кәсіби іс-әрекетке жағымды қатынасы адамды іс-әрекетке ынталандыратын күштердің, оның белсенділігінің себептерін талдаумен байланысты.

Негізгі қажеттіліктерді жүзеге асырумен байланысты адамның еңбекке деген жағымды қатынастарының ерекшеліктері адамды өзін-өзі жетілдіруге, кәсіби іс-әрекетте жоғары деңгейіне жетуге, өз жұмысын жеткілікті орындауға ынталандырады. Адамның еңбекке деген қатынастардың ерекшеліктерінің құрылымын зерттеуге байланысты 3 бағытты бөлуге болады: 1) когнитивтік; 2) аффективтік; 3) мінез-құлыққа байланысты. Когнитивтік бағыттың зерттеушілері қызметкердің еңбекке қатынасын еңбек жағдайларына байланыстырады. Аффективтік бағыттың зерттеушілері адамдардың эмоционалдық қарым-қатынастарының факторлары мен олардың кәсіби іс-әрекет процесіндегі мінез-құлқы және ұжымдағы психологиялық ахуалға, қызметкерлердің өзара қарым-қатынас жасауына көңіл бөледі. Адамды өзінің кәсіби іс-әрекетін топтың, басқа адамдардың әсері арқылы орындауға ынталандыратын ішкі және сыртқы қатынас жасау ерекшеліктері зерттелді. Мінез-құлықты зерттеу бағытындағы зерттеушілер қызметкердің мінез-құлқының өзгеруін еңбек жағдайлары мен еңбек мазмұнына байланыстырып қарастырады.

Осы бағыттағы зерттеулердің негізін салушы Ресейде психологияны эксперименттік ғылым ретінде ұйымдастырған А. Ф. Лазурский. Ол тұлға қатынастарын кең мағынада қарастырды - тұлғаға байланысты барлық ерекшеліктерді (қоршаған орта, материалдық заттар, басқа адамдар, әлеуметтік топтар, кәсіби іс-әрекет, рухани заттар: ғылым, дін, адамның өзінің рухани өмірі) ескере отырып зерттеді. Автор индивидтің қатынастарының ерекшеліктерін өзін қызықтырған заттарға байланысты қарастырды: қатынастар жағымсыз, жағымды немесе ешқандай сезім білдірмейтін қатынастар болады. А. Ф. Лазурский қатынастардың 3 жағын бөлді: 1) белгілі бір құбылысқа нақты қатынастың бар болуы немесе жоқтығы (қызығушылықтың, бейімділіктің) ; 2) қызығушылықтың сапалы ерекшелігі, арнайы формасы (қызығушылық формасы катынастардың әр түрлілігіне байланысты) ; 3) қатынастардың даму деңгейі және жіктелуі; 4) қатынастардың көлемі мен кеңдігі (адамды қызықтыратын объекттер саны) .

А. Ф. Лазурскиймен бірігіп, тұлғаның қатынастар теориясының негізін салушы В. Н. Мясищевтің көзқарастары қалыптасты. Автордың айтуы бойынша, қоғамдық қатынастар жүйесі адамда қоршаған ортадағы заттарға субъективті қатынасты қалыптастырады, яғни бұл кәсіби іс-әрекет процесінде де байқалады. Тұлғаның субъект және объект қатынастары, қоршаған ортадағы заттармен тұлғаның жеке даралық, саналы байланысының біртұтас жүйесі ретінде қарастырылады.

Қазіргі уақытта когнитивтік бағыттағы зерттеулер Ресей зерттеушілерінің жұмыстарында толық көрсетілген (А. Г. Здравомыслов, О. И. Зотова, В. С. Магун, В. Н. Мясищев, В. П. Рожин, П. М. Якобсон, В. С. Ядов және т. б. ) . Олардың көрсетулері бойынша адамдардың қарым-қатынасын талдау тұлғаның жеке даралық іс-әрекетін анықтауға мүмкіншілік береді. (В. Н. Мясищев. Ю. П. Гиппенрейтер, К. Замфир, т. б. ) .

Жеке даралық іс-әрекетті қоғамдық қатынастар жүйесінде адамдардың қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы ретінде қарастыра отырып, зерттеушілер (А. Ф. Лазурский, В. Н. Мясищев) іс-әрекеттегі қандай қатынастар және олар қалай жүзеге асатынын, мотивтер жүйесі қалай қалыптасатынын зерттеу керек деп көрсетті. А. Г. Здравомысловтың, В. П. Рожинның және В. А. Ядовтың зерттеулерінде қызметкерлердің еңбекке деген қатынастары қарастырылды. Зерттеушілер еңбек мотивациясының, еңбек іс-әрекетіндегі мотивтердің құрылымының, құндылықтар жүйесі мәселесінің теориялық сұрақтарын қарастырады. О. И. Зотова қызметкерлердің еңбек іс-әрекетіндегі жұмысқа қатынасын анықтайтын мотивтердің күрделі жүйесін зерттеді. Адам іс-әрекеті мен оның қажеттіліктерінің қанағаттану мәселесіне байланысты В. С. Магун жүргізген зерттеулер еңбек процесіндегі жетіспеуші-ліктерді қызметкерлердің санасына және тұлға қажеттіліктері мен оны қоршаған адамдардың өз әрекеттері мен басқа адамдардың әрекеттеріне саналы түрде ауысуы айқындалды, сонымен қатар, іс-әрекет тиімділігі мен қажеттіліктердің қанағаттандырылуының арасындағы байланыс зерттелді. Іс-әрекет тиімділігі мен тұлға қажеттіліктерінің қанағаттандырылуының арасындағы байланысты зерттей отырып, В. С. Магун, бұл байланыс жағымды және жағымсыз болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Осыған байланысты статистикалық зерттеулер тұлға қажеттіліктері мен іс-әрекет тиімділігінің арасындағы байланыстың осы 2 түрін анықтай отырып, келесі фактілерді шығарды: "адам қаншалықты жақсы жұмыс істесе, соншалықты жоғары деңгейде оның қажеттіліліктері қанағаттандырылған", "қызметкердің жұмыс істеу тиімділігі жоғарылаған сайын, оның қажеттіліктерінің қанағаттану деңгейі төмендейді".

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру аспектісі
Мотив белсенділікті оятушы ықпал
Адам мотивациялық сферасының құрылымы, қызмет етуі және дамуы
Баланы мектепке психологиялық-педагогикалық дайындаудың негіздерін анықтау
Мектеп жасына дейінгі бала
Эмоция және дене
Еліміздегі жоғарғы әскери оқу орындарындағы қазақ бөлімінде оқитын болашақ офицер мамандардың кәсіби маңызды сапалық қасиеттерін эксперименттік тұрғыдан зерттеу
Аура мейрамханасы
Психологиялық ғылымның принциптері, ұғымдары және категориялары
Мектеп жасына дейінгі балаға сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz