Жүрек қантамырлар жүйесін тексеру әдістері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ» КАФЕДРАСЫ
БӨЖ
Тақырыбы : Жүрек қантамырлар жүйесін тексеру әдістері
Орындаған: Мырзабекова Н. Т
Тобы: ВС-303
Тексерген: Муратбаев Д. М.
Семей 2015жыл
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Журек қан - тамырлар жүйесі
2. Жүрек дүрсілін карау және пальпациялау
3. Жүректі тыңдау (аускультация)
4. Жүрек шуылдары
5. Қан айналым жүйесі
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Жүрек пен қан тамырлар
жүйесі
- мал организміндегі ең басты жүйенің бірі. Оның негізгі қызметі - ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және түрлі нәрлі заттармен қамтамасыз еткізіп, зат алмасуынан қалған керексіз заттарды денеден шығару. Малда жүрек пен қантамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады. Кейде, негізгі ауруды жойғаннан кейін малдың шығынға ұшырауына жүрек пен қан тамырларының қайтадан орнына келмейтіндей болып өзгеруі себепкер болады. Бұл аурулар арнайы бағыттандырылған шаруашылықтар мен өнеркәсіптік кешендерде жиі кездесіп тұрады. Осы бағыттағы өндіріс барысында кездесіп тұратын себептер (малдың тығыз орналасуы, үздіксіз жұмыс істеп тұрған тетіктердің шуылдары, т. т. ) малды ылғи үрейлендіріп, жүйкелерін қажытып, жүрек пен қан тамырлар жүйесінің қызметтерін бұзуларына әсер етуі.
Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі көбінесе жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуінен болады. Тыныс алу және басқа да жүйелер мен ағзалардың аурулары әр түрлі дәрежеде жүрек пен қан тамырлары қызметтерінің бәсеңдеуіне себепші болады.
Жүрек дүрсілін карау және пальпациялау.
Жүрек дүрсілін карау және тұсын пальпациялау мынандай клиникалық әдістермен зерттелінеді. Жүрек дүрсілін кдрауды мал тұрып тұрган кезде жүргізеді. Жарықты малдың сол жағына, жүрек тұсына түсіріп алдыңғы сол жақ аяғын барынша алға карай жылжытады. Жүрек дүрсілін жүрек түсындағы, кеуде куысы кабырғасының немесе жүнінің дірілі арқылы аныктайды. Күйлі, жүні ұзын малда жүрек дүрсілі аныкталмауы мүмкін.
Жүректің соғуы жиілеген сайын кеуденің дүрсілі күшейеді де, ал сиреген кезде діріл әлсірейді немесе мүлдем анықталынбайды. Жүрек түсының дүрсілін сипаған кезде мал тұрып тұруы тиіс. Ұсақ малды орындық үстінде зерттейді. Олардың алдыңғы аяктарын алма кезек барынша ілгері жылжытады. Тексеруді сол жактан бастайды. Малды зерттеу кезінде оң колды шоқтықка қойып, сол қолмен жүрек тұсынан көкірек жақтауының дүрсілін сезініп, оның орнына, күшіне, көлеміне, таралуына, ырғағына көңіл аударады.
Жүрек тұсының ауырсынуын бүгілген саусақтармен 3-5 кабырғалар аралығын нұқып аныктайды. Ірі кара малдың алдыңғы аяғын ілгері жылжыта алмайтын жағдайда ауырсынуын қолды жауырын мен кеуде аралығына енгізіп сипап сезеді. Осындай әдіспен оң жағын оң қолмен тексереді. Үсақ малдардың екі жағын бір уақытта сипайды. Кұстардың төс сүйегі маңын сипайды.
Сау малдьщ жүрек тұсын сипаған кезде көкірек жақтауында жүрек түрткісі немесе дүрсілі сезіледі. Сипау арқылы ауруларға байланысты түрлі өзгерістер анықталынады-сезімталдығы күшейеді, ауырсынады, перикардитте діріл сезіледі.
Жүректі тыңдау (аускультация)
Жүректі тыңдау. Жүректі тыңдаған кезде онын соғу дыбыстарының дұрыстығына көңіл бөліп түрлі патологиялык жағдайларда кездесетін өзгерістерін және жүрек тұсыңда пайда болатын патологиялык шуылдарды анықтау. Жүректі тыңдау екі жолмен жүргізіледі-
тікелей кұлақпен және аспаптар аркылы.
Тікелей тыңдау ірі малдарда екі тәсілмен жүргізіледі.
Бірінші тәсілі - жайма мата аркылы сол жақ анканеус бұлшық еттер тобының артынан сол құлақпен тыңдайды.
Екінші тәсілі - малдың аддыңғы сол жақ аяғын ілгері жылжытып, жүрек тұсын оң құлакпен тыңдайды. Бірінші тәсіддін екінішсіне қарағанда пайдалы артықшылығы бар, себебі мал бірінші тәсілді колданғанда өзін тыныш, байсалды ұстайды.
Жүректі кұралдар арқылы тыңдау стетаскол, фонендоскоп немесе стетафонендоскоп аркылы жүргізіледі. Тыңдау арқылы жүректің какпакшаларында пайда болатын дыбыстар күшін анықтайды. Ұсақ малды, ауырып амалсыз калыпта тұрған малды фонендоскоппен, стетаскоппен, стетафонендоскоппен тыңдаған ыңғайлы. Жүректі тыңдаған кезде оның жиілігіне, ырғағына, дыбыс күшіне, тембіріне және жүрек шуылы бар-жоғына көңіл бөледі.
Жүрек шуылдары
Жүрек шуылдары: жүрек шуылдарына жүрек саздарына жүрек ырғағына байланысты, қалыпты жүрек саздарының ерекшеленетін жүрек тұсынлағы барлық дыбыстың кұбылыстары жатады. Шуылдардың ырғағы естілу орнына байланысты. Олар эндокардиальды (органикалык функциональны) және экстракардиальды перикардиальды, плевроперикардиальды, кардиопултифиальды болып бөлінеді.
Эндокардиальдар шуыл жүректің ырғағына байланысты болады, олар ысылдағанда жел үрлегендей, ызылдағандай болып естіледі.
Органикалық эндокардиальды шуылдар кақпақшалардың ішкі кұрылысының өзгерісінен пайда болады. Ол кезде қақпақшалар толық жабылмайды да, кақпақшалардың саңылауында ақау пайда болады. Сондықтан ол тарылып, кақпақшалардың дембрендары ұлғаяды.
Жүрек қақпақшаларының мұндай өзгерістерін жүректің акаулары деп атайды.
Жүректің 4 саңылаулары және 4 қақпақшалары болады. Сондықган да 8 ақау кездеседі. Жүрек шуылдары систолалық және диастолалық болып екіге бөлінеді. Жүректің органикалық шуылы тұрақты болып келеді. Малды жүгірткен кезде үлғаяды, дерминдердың естілетін орны кақпақшалардың нақты естілетін орнымен сәйкес келеді. Олар артериялық жөне венозды тамырларының соғуынан, жүрек шекарасының өзгеруінен пайда болуы мүмкін.
Функционалды эндокардиалды шуылдар-әркашан систолалык болып келеді, ол шуылдар жай естіледі, жүректің көлемі ұлғайғанда, жүрек бұлшық етінің гипотониясында анемияда кездеседі.
Жай жүрек ақауларының әр түрлері кездесуі мүмкін.
Перикардиальды шуылдар - үйкеліс және шалпыл дыбыс жүрек пен жүрек калтасында пайда болады, ол жүректің дүрсілімен сәйкес келмейді. Тыңдаған кезде нақты, құлақ түбінен естілетін шуылдар (әсіресе жүректің абсалютті шекарасында) . Олардың орны өзгеріп түрады. Көбінесе олар созылмалы перикардитте кездеседі (фибриналды, іріңді, іріңді- дембронозды) .
Үйкеліс дыбыстары неше түрлі болыл шығады, ал шуылдар тырсылдағандай, тырналғандай, шалпыл дыбыс жаңа тері қытырлағандай, бұрқылдағандай, гүрілдегендей, ысылдағандай болып естіледі.
Журектің перикардиалды шуылдары систолада да, диастолада да естіледі, кей кездерде үадіксіз естіле береді. Бул шуылдардың нақты естілетін жері болмайды. Жүректің ақаулары шуылдарымен салыстырғаңда жүректің кез-келген жерінен естіледі.
Қан айналу жүйесі - қанның қан тамырларымен тоқтаусыз ағу қызметін атқаратын жүйе. Қан айналу жүйесіне кіреді:
- жүрек
- қан тамырлары.
''Жүрек'' - көкірек қуысында орналасқан қан айналу жүйесінің орталык мүшесі. Жүрек еті, қаңқа еттері сияқты, көлденең жолақ ет талшықтарынан құралады. Бірақ қаңка еттерімен салыстырғанда, оның морфологиялык және физиологиялық ерекшеліктері бар. Калың ет пердесі оны оң және сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен карыншаға болінеді. Сонымен, омыртқалы жануарларда жүрек төрт камерадан: екі жүрекшеден және екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар арнаулы тесік аркылы қосылады да, бұл жерде жармалы какпақшалар тек карынша бағытында ашылып, қанды жүрекшеден қарыншаға өткізеді. Қарыншалар жарылған кезде бұл қақпақшалар жабылады да, канның кері - жүрекшелерге өтуіне мүмкіндік бермейді. Жүректен кіші және үлкен шенберлердің басталар жерінде (өкпе артериясы мен қолқаның басталар жерінде) тек тамырлар бағытында ғана ашылатын жарты айшық какпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде бүл какпақшалар жазылып, тесіюі жабады да, канның кері карыншага отуіне бөгет жасайды. Сонымен, кдқпакшалардың арқасында кан жүректен тек бір ғана бағытқа - вена тамырларынан жүрекшелерге, жүрекшелерден қарыншаларға, ал қарыншалардан артерияларга өтеді.
Жүрек қабырғасы үш қабаттан түрады: ішкі қабаты эндокард , ортаңғысы - миокард , ал сыртқысы - эпикард деп аталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz