Төл ауруларынының алдын алу қағидалары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Төл ауруларынының алдын алу қағидалары.
Орындаған: Советов Жандос
Тобы: ВМ- 201
Тексерген: Билялов Е. Е.
Семей қаласы 2015
Жоспары.
1. Кіріспе.
2. Ас қорыту жүйесінің аурулары.
3. Ауыз қуысының қабынуы.
3. 1. Себептері.
3. 2. Белгілері.
3. 3. Барысы.
3. 4. Анықтау.
3. 5. Емдеу.
3. 6. Алдын- алу сақтандыру шаралары.
4. Қолданылған әдебиеттер.
Төл аурулары.
Аналық малдың жатырында қажетті жағдайлардың бұзылуынан дұрыс өсіп жетілмеген, шала туған төлдер әртүрлі ауруларға шалдығады. Мұндай төлдер ұрықтанғаннан кейін дұрыс күтіп, азықтандырылмаған аналық малдардан алынады. Төлдердің жатырда өсіп даму кезі- олардың өмірге келгеннен кейінгі өсіп жетілуін, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруын бірден- бір қамтамасыз ететін кезең. Міне сондықтан да төл ауруларының алдын алуды олардың аналық малдың жатырында дұрыс өсіп- дамуын қамтамасыз етуден бастау керек.
Төл ауруларын тудыратын екінші бір ерекшелік олардың организімнің физиологиялық қызмет атқаруға қалыптасуы үшін белгілі бір уақыт мөлшерінің керек болуы. Сол уақыт аралығында дене мүшелерінің физиологиялық қызметі дұрыс қалыптасып үлгермеген төлдердің организімі, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына тап болғанда оған төтеп бере алмай, ондай төлдер әртүрлі ауруларға жиі шалдыққыш келеді. Ауру жіті түрде барлық организмге тарайды. Сондықтан ондай төлдерді емдеуді аурудың алғашқы белгілері біліне салысымен бастаған жөн. Ол үшін төлдерді бағып - күтетін адамдар мен мамандарлдың жаңа туған төлге мұқият көңіл аударғандары жөн.
Аурудың себептерін, даму барысын ескере отырып, организімнің ауруға қарсы тұру қабілеттілігін қалыптастыру мақсатымен жан жақты емдеу тәсілдерін қолданған жағдайда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады. Енді кейбір төл ауруларына, олардың белгілеріне, емдеу тәсілдеріне тоқталайық.
Ас қорыту жүйелерінің аурулары.
Ас қорыту жүйесінің аурулары төлдердің арасында басқа жүйелердің ауруларына қарағанда жиі кездеседі. Оның себебі ас қорыту жүйесінің ағзалары басқа жүйелердікіне қарағанда сыртқы ортамен үнемі байлансыта болып тұрады. Ас қорыту жүйесінің ауруларының себептері жиі малдардың қоректенуімен тікелей байланысты. Сондықтан да ол арулар тамақтандырудың дұрыс болмауынан жиі болып тұрады. Олар: рационның құрамының дұрыс болмауы; төлдерді бір азық түрінен екінші түріне кенеттен ауыстыру; рционның құрамында бөгде заттардың - пестицидтердің болуы.
Аурулардың қосалық түрлері жүрек пен бүйрек, өкпе, бауыр ауруларында; сондай-ақ індетті және инвазиялық ауруларда инвазилық ауруларда пайда болады.
Бұл аурулардан сақтандыруда малдарды диспансерлік тексеруден өткізіп отырудың маңызы өте зор. Мұндай жағдайда малдардың азықтарының құрамына, оларды дайындау технологиясына; малды күтіп- бағу гиенасына көңіл бөлген дұрыс. Әсіресе төлдердің серуендеуі, ультракүлгін сәулесіне шомылуы, таза сумен, ауамен, минеральды заттармен, витаминдермен қамтамасыз етілуі қажет.
Рационның құрамындағы қорытылатын протейннің, каротиннің, минералды заттардың мөлшерлерін; малдың қанындағы - белокты, витаминдерді, микроэлементтерді; сүт пен зәрдегі кетон денелерінің мөлшерлерін; сүрлемнің қышқылдығы мен сапасын ауық- ауық тексеріп, отыру қажет. Мұндай тексерулер төлдерді ас қорыту жүйесінің ауруларыннан сақтандыру шараларын дұрыс ұйымдастыруға көмегін тигізері сөзсіз.
Ауыз қуысының қабынуы - stomatitis catarrthalis.
Ауыз қуысының кілегей қабығының қабынуы көбінесе катаральды түрінде ұрттың, тілдің, таңдай мен еріннің кілегей қабықтары қабаттаса қабынуы мүмкін; ал шоғырланған түрінде жекелей қызыл иектің *гингивит* тілдің (лингвист) , таңдайдың (палантинит) қабынуларын ажыратуға болады. Сондай- ақ аурудың барысында жіті және созылмалы түрлерін; шығу тегі жөнінде- басалқы және қоссалқы түрлерін ажыратады.
Себептері. Аурудың басалқы түрінің себептерін механикалық, физ- қ, био-қ, және хим- қ факторларға бөлуге болады. Көбінесе өсімдік азықтарының өткір, қатты заттарымен, немесе бөгде заттармен жарақаттануы мүмкін; ауыз қуысын тексерген кезде дұрыс қолданылмаған тәсілдер: төлдердің тісі шыға бастағанда, не олар ауысарда; дұрыс өспеген азу тістерде (әсіресе торайларда жарақаттануы мүмкін) ; ыстықтай тамақ бергенде кілегей қабықтың күйіп қалуы; улы өсімдіктерді қабылдағанда, немесе жоғары концентрациядағы дәрілерді қолданғанда; таза емес азықтарды, әсіресе улы заттармен өңделген, немесе саңырауқұлақ тәрізді заттармен жарақаттанған азықтармен тамақтандырғанда жиі кездеседі. Емшектері ауру малдардың сүтімен қоректенген төлдердің де ауыз қуысы қабынуы мүмкін.
Аурудың қосалқы түрі індетті ауруларда; жұқпалы емес аурулардан: жұтқыншақтың қабынуы асқынғанда, алдыңғы қарыншақтардың ауруларында, асқазанның, бауырдың қабынуларында, кейбір қан жүйесінің ауруларында кездеседі.
Аурудың созылмалы түрі резистенттік қабілетті нашарлаған, күйі төмен төлдерде; жоғарыда келтірілген себептер қайталанып әсер еткенде пайда болады.
Белгілері. Аурудың барлық түрлерінде олардың асты шайнау процесі бұзылады. Ауыз қуысының кілегей қабығының ауырсынғандығы; неғұрлым азықтың жұмсақ бөктерін таңдап, өте ақырын, сақтықпен шайнау, қатқылдау бөлігін ауыз арқылы шығарып тастау байқалады.
Аурудың бастапқы кезінде кілегей қабықтың қызарғаны, аздап ісініп, құрғақтанғаны байқалады. Кілегей қабықтың ісінуі қан айналасына кедергі жасайтындықтан вена қанының шоғырлануы мүмкін. Артынан барып қабынудың даму салдарынан кілегей қабық суланып, ауыздан созылмалы сілекейдің аққанын байқауға болады. Ауыз қуысындағы сілекей бездерінің түтікшелерінің бітелуінен кілегей қабықта ақшылсары бүртікшелер пайда болады. Кейінен олардың орнына, тез жазылатын, ұсақ жарақаттар пайда болады. Ауыз қуысынан жағымсыз иіс сезіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz