Ауыл және орман шаруашылықтары үшін машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету


Арайлым Магашевна, мен өзім жасаған бизнес жоспарды таба алмай қойдым.
Сол үшін интернеттан ала садым, келесі сабаққа іздеп көрейінші. РАХМЕТ.
МазмұныКестелер тізімі3
Суреттер тізімі4
Резюме5
Кіріспе7
1. Жобаның тұжырымдамасы8
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы9
3. Өндірістер бағдарламасы11
4. Маркетингтік жоспар12
4. 1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы12
4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер16
4. 3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер18
4. 4 Маркетинг стратегиясы18
5. Техникалық жоспарлау20
5. 1 Техникалық процесс20
5. 2 Ғимараттар мен құрылыстар20
5. 3 Жабдық және инвентарь (техника) 20
5. 4 Коммуникациялық инфрақұрылым21
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам22
7. Жобаны іске асыру23
7. 1 Іске асыру жоспары23
7. 2 Жобаны іске асыру шығындары23
8. Пайдалану шығыстары24
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар25
10. Қаржыландыру қажеттілігі27
11. Жобаның тиімділігі28
11. 1 Cash-flow проекциясы28
11. 2 Пайда мен залалдардың есептері28
11. 3 Баланс проекциясы28
11. 4 Қаржы индикаторлары28
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер30
12. 1 әлеуметтік-экономикалық мәні30
12. 2 Қоршаған ортаға әсер30
Қосымшалар31
РезюмеЖобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Павлодар облысында (бұдан әрі - Павлодар облысы) Ауыл және орман шаруашылықтары үшін машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсынуды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің бағыттары:
- ауылшаруашылық және орман бағытындағы техникалар мен жабдықтарды ағымдағы және күрделі жөндеу;
- ауылшаруашылық және орман бағытындағы техникалар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету.
Мыналар нысаналы топтар болады:
- Павлодар облысы халқының ауылшаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары мен шаруашылықтары;
- Павлодар облысының орман шаруашылығы кәсіпорындары .
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:
Жобаның 5 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіштері. :
12% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 7 жылда 17 281 мың теңгені құрады.
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- Павлодар облысының бюджетіне қосымша кірістердің түсуі;
- ауылшаруашылық кәсіпорындарының, орман шаруашылығы кәсіпорындарының және шаруа қожалықтары мен халықтың машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету қызметтерін сапалы және уақытылы жасауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.
КіріспеСоңғы уақытта ауылшаруашылық техникасы жаңаруда, ескілерінің орнына жаңа техника келуде, комбайндар ғарыш кемелеріне, ал тракторлар жарыс болидтарына ұқсайды. Тек сыртқы түрі ғана өзгерген жоқ. .
Заманауи ауылшаруашылық техникаларында қолданылатын бөлшектердің сеімділігі жоғары және «тозып біткенше» жұмыс істеуге есептелген. Өйткені техниканың алқапта жұмыс істеу уақыты барынша қысқа, бұл техникалар сөткесіне 24 сағат және жұмасына 7 күн жұмыс жасауы тиіс. Осындай режимдегі басқа техникалар сияқты қозғалтқыш бөлшектері тез тозады да олар жиі жөндеуді талап етеді. .
Соңғы кездері АӨК-де Еуро-3 стандарттары бойынша заманауи техникалар саны көбейді. Осы техникалардың бәрі бұрынғыға қарағанда сапалы жөндеуді талап етеді. Сондықтан да фермерлер, бағасы қымбат заманауи техника иелері өз машиналарын жөндеу үшін күрделі заманауи ауылшаруашылық техникаларын жөндей алатын сервистік орталықтарды таңдайды.
Орман шаруашылықтарында да техникалық және маусымдық қызмет көрсету жұмыстары мен мамандандырылған жабдықтарды талап етпейтіе ағымдағы жеңіл жұмыстарды, ал мамандандырылған жбдықтары мен білікті кадрлары бар жөндеу кәсіпорындары еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды жүргізулері тиіс.
1. Жобаның тұжырымдамасыЖобаның тұжырымдамасы Павлодар облысында Ауыл және орман шаруашылықтары үшін машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсынуды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің бағыттары :
- Ауыл және орман шаруашылықтары үшін машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсынуды ағымдағы және күрделі жөндеу;
- ауыл және орман шаруашылықтары бағыттарындағы техникалар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету.
Мыналар нысаналы топтар болады:
- ауылшаруашылық құрылымдары, шаруа қожалықтары мен Павлодар облысы халқының шаруашылықтары.
- Павлодар облысының орман шаруашылығы кәсіпорындары .
Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарда жоспарланған айналымдарын ескере келе қызметті жеке кәсіпкерлік шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.
Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет болады. .
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасыҚазір бірде бір өндіріс техникасыз тұра алмайды. Тракторлар - ауылшаруашылық, құрылыс өндірісінің, орман шаруашылыңғы мен халық шаруашылығының басқа да салаларының қажымайтын жұмыс көздері. Техниканы пайдалану - көп жұмысты қажет етеді. Шаруашылық жүргізушілер техниканың жиі жөнделетінін және бөлшектерінің жиі ауыстырылатынын жақсы біледі. Автомобииль және трактор техникасына көп күш түседі. Тракторларды пайдалану үнемі сауықтыруды, жөндеу мен бөлшектерін ауыстыруды қамтиды.
Ауылшаруашылық техникаларының әлемдік нарығы қазіргі уақытта «тұтыну нарығы» болып табылады. Жетекші фирмалар - тракторлар мен ауылшаруашылық машиналарын шығарушылар өз техникасын тұтынуы үшін бәсекелестік күрес жүргізеді. Осы жағдайларда техниканың сапасы және басқа да тұтыну қабілеттерімен қатар оны іске асыруда сервистің маңызы зор.
Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге сервистік қызмет көрсетудің шетелдік тәжірибесі оларға қызмет көрсету жүйесінің қағидаттары, фирмалардың өздері шығаратын техникаларының барлық пайдалану мерзімінде және машинаның барлық режимінде жұмыс істеуіне жауапкершіліктері Қазақстан Республикасы экономикасының аграрлық секторында техникалық сервисті дамытудың маңызды факторы болып табылады.
1-кесте - Қызметтердің тізбесі
Бұл барлық тізбе емес, ол тапсырыс берушінің қажеттілігіне байланысты жаңа қызметтермен толықтырылуы мүмкін.
3. Өндірістер бағдарламасы
2- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.
2-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы
Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер (ұсынылатын стоматологиялық қызметтер ретінде тұтынушылардың басымдық берулерін айқындау мақсатында) нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады. .
Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылардың орташа табыстары арқылы айқындалатын сатып алу қабілеттіліктері ескерілді.
Бағаны қалыптастыру нарықтық бағаларға негізделген.
3-кесте - Қызметтердің жоспарлы бағалары, мың теңге
Ауылшаруашылық өндірісін ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтарын тиімді пайдаланбайынша мүмкін емес.
2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Павлодар облысының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерінде 8, 5 мың трактор, 4, 8 мың трактор тіркемелері, 3, 6 мың тұқым сепкіш, 1, 1 мың астық жимнау комбайны, 2, 3 мың жүк автомобилі, 0, 6 мың дискілі тырмалар, 0, 7 топырақ қопарғыш, культиватор, 1, 6 мың соқа, 0, 4 мың қатар бастырғыш, 2, 3 мың шөп шапқыш (тракторға орнатылғандарын қоса алғанда), 1, 6 мың екі жанында орналасқан тырма болды.
Ақпарат көзі: Павлодар облысының статистика департаменті
Аталған күнге ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерде сүтті өңдейтін және қайта өңдейтін 31 жабдық, 19 - астықты ұнтақтайтын және өңдейтін жабдық, 22 - май мен тоң май экстрактары немесе дайындау, 21 - ет өңдейтін және 45 - нан-тоқаш тағамдарын шығаратын жабдық бар.
Ақпарат көзі: Павлодар облысының Статистика департаменті
Павлодар облысының Агроөнеркәсіп кешенін дамыту тұжырымдамасына сәйкес облыстың машина-трактор паркінің 80% ескірген техникадан тұрады, бұл агротехникалық шараларды оңтайлы мерзімде жүргізуге мүмкіндік бермейді, топырақтың бұзылуына және өнімді жеткілікті ала алмауға әкеледі. .
Өткен жылы ауылшаруашылық кәсіпорындары 131 тракторды, 44 астық жинайтын комбайн мен 23 жүк автомобилін жөндеді.
Ақпарат көзі: Павлодар облысының Статистика департаменті
Тракторларды жөндеу мен техникалық қызметке нақты жұмсалғаны - 142, 8 млн. теңге, оның ішінде 84, 7% ағымдағы жөндеу үлесіне тиеді, тиісінше астық жинайтын комбайндарға - 91, 0 млн. теңге және 89, 1%, ал жүк автомобильдеріне- 73, 2 млн. теңге және 86, 3%.
Сервистік қызмет көрсету саласындағы тұтынушылардың басымдық берулерін анықтау нәтижелері келесі суретте көрсетілген.
.
1-сурет - Жөндеу тәсіліне қатысты қазақстандық тұтынушылардың басымдық берулері, %
Ақпарат көзі : «БизнесЭксперт-М » ЖШС
Суретте көрсетілгеніндей, ұсақ кәсіпорындар, шаруа қожалықтары мен халық шаруашылықтары техниканы өздері жөндейді, ал ірілері мен орташалары сервис қызметін пайдаланады. .
Өз күштерімен жеңіл олқылықтарды ғана жөндеуге болатынын назарға алу қажет: механикалық қораптарды, алдыңғы білікті, тормоз жүйелерін жөндеу.
Машиналардың күрделі қираған жерлері (үдемелі қозғалтқыштар мен гидравликалық қораптардың ақауы) арнайы диагностиканы талап етеді.
Әдетте ірі кәсіпорындар өз шеберханаларында, қозғалтқыштардың кейбір түрлерін қоспағанда, отандық және жақын шетелдерден келген техникаларды жөндейді.
Ал батыстан әкелінген қымбат машиналарды техниканы жеткізетін фирмаларда орналасқан сервистік қызметтердің көмегімен жөндейді. Заманауи техника жоғары технологиялы болғандықтан ол диагностикалық жабдықтарды пайдалануды талап етеді.
2-сурет - Қазақстандық тұтынушылардың сервисті таңдауына шешуші факторлардың әсері, %
Ақпарат көзі: «БизнесЭксперт-М » ЖШС
Сервистік қызмет көрсетуді таңдаудың негізгі өлшесі орындау мерзімі мен ден қою жеделдігі (23%), одан әрі басымдығы бойынша алдындағы тәжірибесі мен ұсынымдар (17%), таңдаудың барынша төмен өлшемі құны болып табылады (16%), көшпелі бригадалардың болуы (15%), жөндеу кепілдігінің болуы (10%) және сервистің орналасқан жері (9%) . Қалған өлшемдердің м аңызы шамалы.
4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестерКәсіпорынның негізгі бәсекелестері ауылшаруашылық техникалары мен қосалқы бөлшектерді өндірушілер, сондай-ақ ҚР мен Павлодар облысының жөндеу-қалпына келтіру кәсіпорындары болып табылады.
Ауылшаруашылық машиналары өндірісі (жаткалар КЖВП-9. 1 және
ауылшаруашылық тех. үшін қосалқы бөлшектер
СҚО, Тайынша ауданы
Тайынша қаласы
Ауылшаруашылық машиналары өндірісі үшін қосалқы бөлшектер ( тіркемелі ЖВПР-9. 1 жатка лущильщик ЛДГ-15,
ППт-3А жинақтауышы, шоп ұнтақтайтын «John Deer» және «Енисей» комбайндары)
«Рудныйпромагросер-
вис» ЖШС
Ақпарат көзі: ALL. BIZ порталы
Ауылшаруашылық машиналары нарығында ұсыныс әлі қалыптаспаған деп айтуға болады. Оның секторлары да анықталған жоқ: жаңа техника жеткізу; бұрын пайдаланылған техника қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдары, кепілді және кепілден кейінгі қызмет; күрделі жөндеу және базалық тораптар мен агрегаттарды қалпына келтіру.
Ауылшаруашылық техникасын шығаратын кәсіпорын техника жеткізумен қатар кепілді және сервистік қызмет көрсетуді және оқытуды жүзеге асырады. Аталған барлық ұйымдар, «Поиск Моторс» ЖШС компаниясы және «Тоболь РМЗ» ЖШС компаниясынан басқа, ауылшаруашылық техникасын күрделі жөндеумен айналыспайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz