Орман және орман-парк шаруашылығы



Кіріспе
1 Орман парк шаруашылығы
2 Баянауыл ұлттық табиғи паркі.
3 Іле Алатауы ұлтық парк
4 Қарқаралы ұлттық паркі
5 Алтынемел табиғи ұлттық паркі
6 Көкшетау паркі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиетер
Қазіргі экономикалық жағдайларда орман шаруашылығын жүргізудің мақсаттары мен міндеттері өзгеріссіз қалып отыр, бірақ осы мақсаттарға жету механизмі түбегейлі өзгерді. Аймақтық орман пайдалануды ұйымдастыру және орман шаруашылығын басқарудың жаңа механизміне көшу арқылы орман шаруашылығының табыстылығын арттыру аса маңызды. Бұл олардың қаржылық тұрақтылығын айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Орман кодексімен анықталатын Қазақстан Республикасы орман шаруашылығының негізгі саясаты орман шаруашылықтарының экологиялық және ресурстық әлеуметін, орман ресурстарын ұтымды және таусылмайтындай етіп пайдалануын, оларды қорғау, сақтау және ұдайы өндірісіи жоғарылату мақсатында ормандарды иелену, басқару бойынша реттеу қатынастары болып табылады. Орман қатынастарын зерттеу орман биосферасыныд ғаламдық экологиялық, әлеуметгік және экономикалық мәні бар аса мацызды комионенттерінің бірі болыи табылатыны негізге алына отырыи жүзеге асырылады. Орман Қазақстанның маңызды стратегиялық ресурсы болып табылады.
1. Гаель А.Г. Ленточные боры Прииртышья / А.Г. Гаель //— Труды, лаборатории лесоведения АН ССС. – Алматы, 2005. – 125 с.
2. Атрохин В.Г. Рубки ухода и промежуточное пользование. / В.Г. Атрохин И.К. Иевинь. – М. :Агропромиздат, 2007. – 148 с.
3. Бородин М.А. Основы расчета и проектирования повышения производительности лесов. / М.А. Бородин , В.В. Степин. – М., Лесная промышленность, 2006. – 190 с.
4. Вибе Г.Г. Создание и реконструкция лесных культур на автоморфных почвах Западного Казахстана./ Г.Г. Вибе, – Алма-Ата: Кайнар, 2003.-216 с
5. Грибанов Л.Н. Ленточные боры Алтайского края и Казахстана. / Л.Н. Грибанов, – М.: Сельхозгиз, 2009. – 185 с.
6. Грибанов Л.Н. Степные боры Алтайского края и Казахстана / Л.Н. Грибанов, – М.: Гослесбумиздат, 2005. – 204 с.
7. Грибанов Л.Н. Сосновые леса Казахстана и биологические основы хозяйства в них./ Л.Н. Грибанов, – Свердловск: Гослесбумиздат, 2003. -110 с.
8. Макаренко Е.А. Типовые нормы выработки, нормы времени на рубки ухода за лесом в равнинных условиях./ Е.А. Макаренко, – М.: Сельхозгиз, 2004. – 158 с.
9. Дерябин Д.И. Реконструкция лесных насаждений. / Д.И. Дерябин – М.: Лесная промышленность, 2003. – 214 с.
10. Калинин Л.Б. Основы лесного хозяйства, таксации леса и охраны природы./Л.Б. Калинин – М., Агропромиздат, 2008 -330 с.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы: Орман және орман-парк шаруашылығындағы

Орындаған: Сейсембинова М.О
Тексерген: Самиева Г.Т
Топ: Лд -211

Семей
2015

ЖОСПАР
Кіріспе
1 Орман парк шаруашылығы
2 Баянауыл ұлттық табиғи паркі.
3 Іле Алатауы ұлтық парк
4 Қарқаралы ұлттық паркі
5 Алтынемел табиғи ұлттық паркі
6 Көкшетау паркі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиетер



КІРІСПЕ
Қазіргі экономикалық жағдайларда орман шаруашылығын жүргізудің мақсаттары мен міндеттері өзгеріссіз қалып отыр, бірақ осы мақсаттарға жету механизмі түбегейлі өзгерді. Аймақтық орман пайдалануды ұйымдастыру және орман шаруашылығын басқарудың жаңа механизміне көшу арқылы орман шаруашылығының табыстылығын арттыру аса маңызды. Бұл олардың қаржылық тұрақтылығын айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Орман кодексімен анықталатын Қазақстан Республикасы орман шаруашылығының негізгі саясаты орман шаруашылықтарының экологиялық және ресурстық әлеуметін, орман ресурстарын ұтымды және таусылмайтындай етіп пайдалануын, оларды қорғау, сақтау және ұдайы өндірісіи жоғарылату мақсатында ормандарды иелену, басқару бойынша реттеу қатынастары болып табылады. Орман қатынастарын зерттеу орман биосферасыныд ғаламдық экологиялық, әлеуметгік және экономикалық мәні бар аса мацызды комионенттерінің бірі болыи табылатыны негізге алына отырыи жүзеге асырылады. Орман Қазақстанның маңызды стратегиялық ресурсы болып табылады. Еліміздің Қазақстан-2030 Стратегиясы ормандарды бөлуде келесі басымдықтарды анықтайды: орман және аң фаунасы жағдайын, пайдалануын, ұдайы өндірісін, қоргалуы мен сақталуын мемлекеттік бақылау; орман ресурстарын басқару; ормандарды қорғау және сақтау;
Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк -- ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 ұлттық парк ұйымдастырылған.
Сонымен, зерттеу тақырыбының өзектілігі өзіндік түсім көздерін арттыру есебінен қаржыландыруды тұрақтандыратын орман шаруашылығы мекемелерін басқарудың жаңа ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін құру болып табылады. Қазіргі экономикалық жағдайларда орман шаруашылығын жүргізудің мақсаттары мен міндеттері өзгеріссіз қалып отыр, бірақ осы мақсаттарға жету механизмі түбегейлі өзгерді. Аймақтық орман пайдалануды ұйымдастыру және орман шаруашылығын басқарудың жаңа механизміне көшу арқылы орман шаруашылығының табыстылығын арттыру аса маңызды. Бұл олардың қаржылық тұрақтылығын айтарлықтай жоғарлатуға мүмкіндік береді.

1 Орман парк шаруашылығы
Ұлттық парк -- ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Ұлттық табиғи парктердің қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі.
Қазақстанда 5 ұлттық парк ұйымдастырылған.
Еліміздегі алғашқы ұлттық парк - Баянауыл ұлттық табиғи паркі. Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде құрылған, ауданы 50,7 мың га. Парк аумағына енетін таулы-орманды ландшафтылары тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі. Қарағай, қайың ормандары өскен, гранитті, үгіліп мүжілген Баянауыл таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан. Мұнда құстардың 54 түрі, сүтқоректілердің 54, балықтың 8, өсімдіктің 438 түрі бар. Биік жері- Ақбет тауы, биіктігі 1026 м. Табиғатының қолайлы жағдайына байланысты Баянауыл тауларын шөлді даладағы таулы-орманды шұрат деп атайды. Бұл аймақ жаппай демалыс пен туризмнің дамыған жері. Мұнда көптеген демалыс үйлері, емдеу мекемелері, туристік базарлар орналасқан. Паркте ұзақ уақыт үгілу әрекетінен қайталанбас жартас, шоқылар қалыптасқан. Олар сыртқы түріне орай Жалауыз кемпір, Найзатас, Тас және Ат басы, т.б деп аталады.
Іле Алатауы ұлтық парк 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 181,6 мың га. Іле Алатауының солтүстік беткейінде Түрген шатқалынан бастап, батыста Қаскелең асуына дейінгі ерекше Ландшафтыларды қорғау және деалыс, тынығу мақсатынла пайдаланылады. Мұнда қорғауға аңның 43 түрі, құстың 138 түрі, балықтың 8 түрі, өсімдіктің 1282 түрі алынды.
Қарқаралы ұлттық паркі 1998 жылы құрылған. Ауданы 90,3 мың га. Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында орналасқан. Қарқаралы және Кент тау жүйелерін қамтиды. Осында әйгілі Шайтанкөл орналасқан. Мұнда аңның 39 түрі, құстың 55 түрі, балықтың 11 түрі, өсімдіктің 68 түрі қорғалады.
Алтынемел табиғи ұлттық паркі 1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Ауданы 212,1 мың га. Алтынемел тауын қамтиды. Мұнда аңның 6 түрі (таутеке, қарақұйрық, құлан, қызыл қасқыр және т.б.) сонымен бірге құстың 231 түрі, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған.
Көкшетау паркі 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 135,8 мың га. Мұнда аңның 305 түрі, құстың 223, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман және орман-парк шаруашылығындағы жаңа техника мен технологияның ролі
Орман шаруашылығын жоспарлау жайлы ақпарат
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қатон - Қарағай ауданыны орман жүйелерінің сипаттамасы
Парктің көз тартар жерлері
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар
Экологиялық туризм жүйе ретінде
Орман шаруашылығы аумағын өртке қарсы орналастыру жобасы
Шарын МҰТП жерінің экспликациясы
Қазақстандағы сəндік бақ шаруашылығы
Пәндер