Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау туралы ақпарат



1.Кіріспе
1.Қан
2.Негізгі бөлім
2.1 Малдан қан алу
2.2 Қан физиологиясы
3.Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер
Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
1. Клиникалық және қолданбалы диагностика - Алматы , 2009.
2. Ермахан Әмірбек «Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы» Алматы 2006 ж

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы: Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау

Орындаған : Узбеханова Ж.О
Тексерген: Муратбаев Д.М.

Семей 2015ж

Жоспар :
1.Кіріспе
1.Қан
2.Негізгі бөлім
2.1 Малдан қан алу
2.2 Қан физиологиясы
3.Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Қан (гр. haemo ;лат. sanguis -- қан) -- ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.

Негізгі бөлім
Малдан қан алу - қан алынатын жердің жүнін қырқып, немесе қырып, теріні спиртпен тазалайды да, тамырды стерильденген арнаулы инемен теседі. Қанды аз мөлшерде алған жағдайда малды онша күш жұмсамай ұстаған дұрыс. Кейбір жағдайларда ұсақ мал мен құстан қанды тікелей жүрек қарыншасынан алады. Жылқы, ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері. Аздаған қанды құлақтың вена тамырларынан алады. Тамыр орналасқан жерді тазартқан соң, оны арнаулы инемен теседі де, шыққан қан тамшысын шынытүтікшемен сорып алады. Тамырдан шыққан бірінші тамшыны құрғақ таза мақтамен сүртіп тастаған жөн, сонда қан тамшысы жайылды, оны сорып алу оңайлайды. Көп қанды ойыс венадан алады. Ол үшін малды қимылдамайтындай етіп байлайды да, теріні тазартып, қан алатын тамырды бас бармақпен баса ұстайды. Қан тамырға жиналып, тамыр анық көрінеді. Арнайы стерильденген инемен тері мен тамырды көлбей теседі (ине шамамен 45º бұрышпен қадалу керек). Қан аға бастаған инеге таза ыдысты тосып, керекті мөлшерде қан алады. Соңғы кезде қан алу үшін арнаулы аспап - автоматтар пайдаланады. Созылмалы тәжірибелерде терең орналасқан қан тамырларынан (қақпалық, бауыр, артқы қолқа, мес қарын тамырлары және басқа веналардан) ұзақ уақыт қан алу үшін қатетерлеу әдісі қолданады.

Қан физиологиясы
Қан плазмасынан тіндік сұйықтық түзіледі де, жасушаларды қоректендіреді. Қан тіндік сұйықтық көзі болғандықтан оны организмнің әмбебап ішкі ортасы деп атайды. Қан мен тіндік сұйықтық арасындағы физиологиялық механизмдер гистогематикалық бөгеттер деп аталады. Олар капиллярлардың эндотелилерімен көрсетіліп қанды жасушалардан бөліп тұрады. Гистогематикалық бөгеттер қан мен тін арасындағы алмасу үрдістерін реттеп, организмнің ішкі ортасының құрамы мен физикалық - химиялық қасиеттерінің тұрақтылығын қуаттап тұрады. Организм ішкі ортасының құрамы мен қасиеттері: тұрақты, сондықтан олар патология кезіндегі өзгерістерді тез көрсетеді. Сол себептен медицинада қанның клиникалық анализдары кеңінен қолданылады. Қан құрамы және тығыздығы. Қан тұтқырлығы нәруыздар және эритроциттер барлығымен қамтамасыз етіледі. Плазма тұтқырлығы 1,7 - 2,2 ал қан тұтқырлығы 5,1 шамасында. Қан тығыздығы эритроциттер мөлшеріне, оларда гемоглобиннің барлығына және плазманың нәруыздық құрамына тәуелді. Қан тығыздығы: 1,050 - 1,060. Қан құрамы. Қан плазмадан және пішінді элементтерден тұрады. Егер қанға оны ұйытпайтын зат қосып, біраз уақыт қойса, онда ол екіге бөлінеді: үстіңгі сарғыштауы плазма, ал астыңғы қызыл түсті эритроциттер мен тромбоцит, ал лейкоциттер қызыл тұнбаның үстіне ақшыл болып жиналады. Плазма мен пішінді элементтердің көлемдік арақатынасы гематокрит деп аталады. Қан плазмасы оның құрамы. Плазма судан ( 90 - 92%) және құрғақ ( 8 - 10 % органикалық және бейорганикалық ) заттардан тұрады. Органикалық заттары:
1. Нәруыздар - альбуминдер ( 4 - 5 %), глобуминдер ( 2 - 3,5 %), фибриноген ( 0,2 - 0,4%) . Нәруыздардың жалпы мөлшері 7 - 8 %;
2. Құрамында азоты бар нәруыз емес қосындылар ( амин қышқылдары, полипептидтер, мочевина, несеп қышқылы, креатинин, креатинин, аммиак )11 - 15 ммольл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық бақылау құралдары мен әдістері
Қанның физикалық қасиеттерін анықтау. Қан алу
Субөнімдердің тұтынушылық қасиеттері
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
ШАЙДЫ БҰРМАЛАУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Орта мектеп жасындағы дене дамуының ерекшеліктері
Модельдеуге кіріспе әдістемелік құрал
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Пәндер