Қажетті қорғану


МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

  1. Қажетті қорғану 6
  2. Аса (мәжбүрлі) қажеттілік 26
  3. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру 29
  4. Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру 31
  5. Орынды тәуекел 35
  6. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу 39
  7. Бұйрықты немесе өкімді орындау 41

Қорытынды 43

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 45

Қосымша А 47

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда барлық елдерде адамдардың өмірін, тыныштығын мемлекет тарапынан қорғау, сондай-ақ адамдардың өзін-өзі қорғай алуы - өзекті мәселелердің бірі болып болып отыр. Барлығына мәлім Қазақстан Республикасының Конституциясының 17-бабында: “Адамдардың қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге және жазалауға болмайды” - деп бекітілген. Барша мемлекетте адам және оның өмірі құнсыз болып есептеледі. Қандай да болмасын мемлекеттің қоғамдық өмірінде құқық бұзушылықтар кездесіп жатады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев елдің тыныштығы, бейбітшілігі мықты болсын деп, қоғамда болып жатқан құқық бұзушылықтың саны сиресін деп шаралар қолдануда. Қоғамдық тыныштықты орнату мақсатында 2004 жылы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы” туралы заңына қол қойды. Ол қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың өз еркімен қатысуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Егер қоғамдық тәртіпті реттеуге азаматтардың өздері ат салысатын болса, қылмыстардың саны да азайар еді. Бір сөзбен айтқанда, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алудың тиімділігі, менің ойымша, құқық қорғау мен мемлекеттік органдардың және жұртшылықтың үйлестірілген жұмысын қажет етеді.

Адамның, азаматтың, тұлғаның жасалған қылмыстық іс-әрекетке қатыстылығының бар-жоғын анықтаудың мәні зор. Бұл жұмыс өте көлемді, бірақ маңызды. Өйткені, бір әрекеттің қате жолмен кетуі адамның өмірінде үлкен із қалдыруы мүмкін. Сондықтан біз осы курстық жұмыста іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мән-жайлар жайында баян етпекпіз.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Курстық жұмыс барысында іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мән-жайлардың ұғымын, оның қажетті қорғану, аса қажеттілік, қылмыскерді ұстау, жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру, орынды тәуекел ету, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрықты немесе өкімді орындау сияқты түрлеріне талдау жасап, олардың негізгі айырмашылықтары мен негізгі нысандарын, негізгі аспектілеріне, элементтеріне талдау жасадық. Жұмыстың басты өзектілігі іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың және олардың негіздері туралы толық мағлұмат алуға болады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Курсттық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті - іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мән-жайлардың қыр-сырын ашып, толық сипаттама беру мүмкіндігі.

Зерттеу жұмысының нысаны. Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын жағдайлардың адамның нақты жүрыс-тұрысымен, оның өмірімен байланыстылығын көрсету, бағалау.

Зерттеу жұмысының пәні. Курсттық жұмыстың негізгі көтерген мәселесі -іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайларды жан-жақты ашу, талдау.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Курсттық жұмыс жазу барысында негізінде Ағыбаев А. Н., Әбілезов Е. Т., Жүнісов Қ. Т. сияқты авторлардың «Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім» кітаптарын, сонымен қатар «Тура би», «Заң және заман», «Заңгер» сияқты мерзімді баспа басылымдарында жарияланған бірқатар мақалаларды қарастырдық.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Курсттық жұмыс жазу барысында негізгі жалпылау, сараптау, талдау, зерттеу, жинау әдіс-тәсілдері қолданылған.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Бұл курсттық жұмыстың басқа жұмыстардан ерекшелігі іс-әрекеттердің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар жөнінде толық мағлұмат алуға болады. Жұмыста берілген мағлұматтарға сүйене отырып, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын жайлардың не екендігін, оның қандай түрлері, қандай элементтерден тұратындығы туралы мағлұмат алуға және оларға жан-жақты анықтама тауып, толыққанды жете түсінуге болады.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық мәнділігі. Бұл курсттық жұмыстағы көтерілген іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар туралы мәселеден жоғары оқу орын студенттері Қылмыстық құқық пәні бойынша теориялық мәлімет алуға болады. Сонымен бірге мұндағы көтерілген бірсыпыра тыңи жаңалықтар Мемлекет және құқық тарихы мен негіздері, Саясаттану және Халықаралық құқық пәндерімен тығыз байланысты болғандықтан студенттерге жаңа ғылыми жобаларда тәжірибе ретінде қолданылуға болады.

1 ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУ

Еліміздің қылмыстық-құқық теориясында ғылыми доктринада, қылмыстық іс-әрекетті жоятын мән-жайлардың топ жинағына қарамастан Қазақстан қылмыстық заңдылықтар атқаруында ұзақ уақыт бойы қажетті қорғану мен аса қажеттіліктің белгісін құраған екі ғана норма іске асырылды.

1997 жылдың 16-шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет қажетті қорғану мен аса қажеттіліктің қатарына, олармен бірге басқа да қылмыстық іс-әрекетті жоятын мән-жайлардың белгілерін қарастыратын болды. Яғни олар, қылмыскерді ұстау кезінде зиян келтіру, орынды тәуекел, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрықты немесе өкімді орындау. Сол сияқты 2001 жылдың 16-наурыздағы Қазақстан Республикасының № 163 Заңымен Қылмыстық кодекс 34-1 Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру атты бабымен толықтырылды. Аталған бап, қылмыстық іс-әрекетті жоятын мән-жайлардың қатарын кеңейте түсті. Қылмыстық іс-әрекетті жоятын мән-жайлардың орын алуы әрекеттердегі қылмыстың құрамын жояды.

Кеңірек қарастырсақ, қажетті қорғану, қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру, аса қажеттілік және орынды тәуекел жағдайында жасалған әрекеттер қоғамға пайдалы болып келеді [36, 96 б] . Барлық осы белгілер бойынша, құқық қорғау мүдделеріне белгілі бір зиян келтіру, адамның жеке басының құқықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғау сияқты пайдалы мақсатқа жету үшін қажеттілік тудыратын мән-жайлар болып табылады. Қажетті қорғануды тереңірек қарастыратын болсақ, қажетті қорғану барысында заң тұлғаның құқықтарын, оның заңды мүдделерін қорғайды. Сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушының өзіне зиян келтіру арқылы қорғайды. Тағы бір айта кететін мәселе қажетті қорғанудың негізгі мақсаты болып заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау болып табылады. Ал қажетті қорғану кезінде қол сұғушының өзіне зиян келтірілсе ол қажетті сипат алады. Қажетті қорғану әрбір адамға өзінің заңды мүдделерін қорғау үшін, сондай-ақ үшінші тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауда жүзеге асырылады. Қажетті қорғанудың объектісі ретінде жеке тұлға оның құқықтары мен заңды мүдделері, сондай-ақ қоғам мен мемлекет бола алады. Қажетті қорғану барысында адамның өмірі мен денсаулығы, жыныстық еркіндігі немесе жыныстық қол сұғылмаушылығы қорғала алады. Сондай-ақ қажетті қорғану тұлғаға қарсы әрекет, мысалы: жағынан шапалақпен тартып жіберу, қоғамдық орындарға балағат сөздер жазылған үнтаспалар немесе плакаттарды ілуге қарсы қолданыла алады. Бірақ ауызша, яғни сөзбен айтылған балағат сөзге қажетті қорғану қолданылмайды. Қажетті қорғану азаматтардың субъективтілік құқығы болып табылады. Бұл құқықты кез-келген азамат қолдана алады. Барлығына мәлім қажетті қорғану барысында жәбірленушіге оның өміріне қауіп төніп тұрады, сондықтан мемлекет тарапынан жәбірленушіге қалай, қандай тәсілмен қорғану керек деген міндетті тәртіп бекітілмеген. Мұнымен қатар, егер келтірілген зиян өзінің сыртқы формальды белгілері бойынша Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген әрекеттердің құрамына сай келсе, қажетті қорғану қылмыстық іс-әрекетті жоятын мән-жайлар қатарына жатқызылады.

Қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу мүмкіндігі болса да, немесе мемлекет органдарына, я болмаса басқа тұлғаларға көмек сұрауына байланыссыз, әрбір адамның қажеттті қорғану құқығы бар.

Қажетті қорғану қылмыспен күресуде маңызды және тиімді әдістердің бірі болып отыр [17, 142 б] . Қажетті қорғану Конституциялық азаматтардың құқығы бола отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қоғамға пайдалы әрекет ретінде, қылмыстың болдырмауын ескерту немесе қылмыспен күресуде белсенділікті арттырады.

Қажетті қорғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Себебі қорғану қиянат жасауды тыюдың, оған тойтарыс берудің белсенді нысаны болып саналады. Заң бойынша барлық азаматтар - кәсіби немесе өзге де даярлығын, қызмет жағдайына қарамастан қажетті қорғануды жүзеге асыруға бірдей негізде құқылы. Заңда лауазым адамдары немесе басқадай құқық қорғау органдары үшін қажетті қорғануды қолданудың ерекше талаптары белгіленбеген. Көптеген азаматтар үшін қажетті қорғануды қолдану олардың жеке құқығы болып табылады. Қажетті қорғану кезінде зиян қол сұғушыға келтіріледі. Қажетті қорғану барысында зиян әртүрлі, мысалы денсаулыққа әртүрлі санаттағы зиян келтіру, соққы беру, бас бостандығынан айыру, т. б тәсілдер арқылы келтіріледі. Әлеуметтік зерттеулер қорытындысы бойынша қажетті қорғану кезінде қол сұғушының денсаулығына 620 жағдайда зуыр зиян келтіріледі. Қажетті қорғану кезіндегі қол сұғушыға келтірілген зиян, жәбірленушіге келтірілетін зияннан ауырырақ болуы мүмкін. Мысалы, әйел адамды зорламақ болған тұлғаның өмірін қию заңды, себебі мемлекет жәбірленуші адамның мүддесін көздейді. Қажетті қорғану барысында мемлекет жәбірленушіге қандай құралдармен, қандай тәсілмен қорғану керек деген ережелерді бекітпеген. Кейбір жағдайларда қарусыз шабуыл жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қатар егер қарусыз қол сұғушыларға жәбірленуші тарапынан қарумен зиян келтірілген болса, ол заңды болып есептеледі [6, 57 б] . Мысалы: Таласов және Икласов Каримов деген азаматтың үйіне қарай есеп айырысу мақсатымен жақындады. Таласов және Икласов есікті бұзып кіріп Каримов ұйықтап жатқан бөлмеге дөп басып кірді де Каримовты соққыға жыға бастады, сол кезде Каримов төрде ілініп тұрған қаруды алып Таласовқа бағыттап, оның өмірін қиды. Бұл жағдайда Каримовтың қаруды қолдану заңды болып саналады, себебі қажетті қорғану барысында жәбірленіші қалай қорғануды өзі таңдайды. Қажетті қорғануға байланысты басқа да жағдайларды қарасытратын болсақ, Исмаилов деген азамат өзінің таныстарымен Смагулов және Абдраимов деген азаматтармен мотоциклмен су басына шомылуға келді. Жағажайға келгеннен кейін бұлар шөп шабылып жатқанын көріп, бір-бір құшақ шөп алмақ болып келіспеушілік орын алады. Ұрыс-керіс үстінде Исмаилов шалғымен Смагуловқа соққы бермек болып соған қарай жөнеледі, бірақ Смагулов қашып кетіп, енді Исмаилов Абдраимовты шалғымен соққыға жықпақ болады, ал Абдраимов мотоциклге тез арада жүгіріп барып қызметте істеп жүргенде берілген ПМ 9 маркалы пистолетін алып шығып, атамын деп ескертті, бірақ бұған қарамастан Исмаилов Абдраимовқа соққы берді енді тағы соққы беремін деп әрекеттенгенде Абдраимов қорғану барысында пистолетпен Исмаиловтың денсаулығығна ауыр дене жарақатын салды. Бұл жағдайда қол сұғушыға тән белгілер де, қорғануға тән белгілер де бар. Бірақ бұл жағдайдағы Абдраимовтың әрекеті қажетті қорғану барысында істелген деп есептеледі. Себебі Исмаиловтың әрекеті қоғамға қауіпті және Абдраимов қажетті қорғанудың шегінен шыққан жоқ. Тәжірибеде басқа да жағдайлар кездеседі мысалы: тұлғаға қауіп төне тұра, ол қажетті қорғанудың орнына қол сұғушымен есеп айырысу мақсатында оған, оның өміріне және денсаулығына қарсы қол сұғады. Бұл жағдайды тек қажетті қорғану деген сылтау ретінде қарасытырамыз. Қажетті қорғануды жүзеге асырудың негізгі шарттары бар. Ең алдымен қиянат қоғамға қауіпті болуы керек, яғни қиянат арқылы заң қорғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіретін немесе келтіру қаупін тудыратын жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болады.

Әсіресе адамның өміріне, денсаулыққа, қоғамдық тәртіпке, меншікке қарсы қылмыстарға қарсы қажетті қорғануды, соттық тәжірибеде көп кездестіруге болады. Қоғамға қауіпті қол сұғушылық міндетті түрде жаза қолданылатын болуы тиіс емес. Бірақ ол шынымен де қоғамға қауіпті болуы керек. Қол сұғудың кейбір субъективті негіздеріне орай олардың қылмыс деп саналмайтын жақтары да болады. Мысалы: психикалық ауруға ұшыраған адамның қол сұғуымен іс жүзіндегі қателігі кінәсін жоятын әрекет жасаған адамның қол сұғуы, тағы басқалар [5, 76 б] . Солай бола тұрғанымен де осындай жағдайлардың бәрінде қорғануға заңды түрде жол берілгенін анықтау керек.

Қажетті қорғану кейбір мүдделердің заңды бұзылуына, атап айтқанда заңды түрде бас бостандығынан айыруға қарсы, міндетті бұйрықтың орындалуына қарсы қолдануға болмайды.

Қажетті қорғанудың екінші тағы бір маңызды шарты қол сұғушылық көрініп, білініп тұруы тиіс, яғни оның жасалуы қолға алынып басталуы немесе оның жүзеге асуы заңмен қорғалатын құқық пен мүддеге төнген қаупі тура көрініп тұруы тиіс. Қол сұғушылықтың тура қаупі оны орынды әрі заңды етеді. Қорғану әрекетін заңды деп тану тиісу міндетті түрде басталған болуы керек деп талап қоюға болмайды. Тиісудің тікелей қаупі төніп тұрғанда ғана оны болады деп ұйғарамыз. Дайындалған немесе болады-ау деген шабуылға қарсы қорғану жасауға болмайды. Шынымен қылмыс жасау ниетімен келе жатқан адамды, қылмыс жасайтын жеріне жетпей жатып денесіне жарақат салып немесе өлтіріп алған жағдайда бұл әрекетті қажетті қорғану деуге болмайды. Мұндай жағдайда тіпті қажетті қорғанудың шектен асып кетуі жайында да сөз қозғай алмаймыз, өйткені бұл жағдайда әлі шабуыл жасалған болуы мүмкін.

Болады-ау деген шабуыл көзге көрінген жағдайда оған қарсы шабуыл жасау қорғанудың қажетті ескерту шаралары арқылы қолданылуы тиіс. Бірақ бұл шараның өзі қажетті қорғанудың шегінен асып кетпеуі тиіс. Сондай-ақ қажетті қорғануды аяқталған, яғни болып кеткен шабуылға қолдануға болмайды. Сол сияқты ар-намысқа тиген адамның денесіне жарақат салу немесе ұрып соғу қажетті қорғануға жатпайды.

Қажетті қорғанудың келесі үшінші шарты қол сұғушылық шын мәнінде орын алуы керек. Жасалған қажетті қорғану қол сұғушы субъектінің ойша қиялдағанындай емес, шындыққа жанасатын ақиқат болғанда ғана жасалған әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоя алады [6, 86 б] . Шабуыл болып көрінетін қимылды тойтаруға бет алған (жалған қорғану деп аталатын) әрекет сол әрекетті жасаған адамның кінәсінің түрін анықтау үшін іс жүзіндегі қателіктің мәні жалпы ережеге байланысты қарастырылуы тиіс. Ниет пен абайсызды белгілері жоқ іс жүзіндегі қателік болғанда ғана жалған қорғанумен жасалған әрекет орынды деп саналып, оған қылмыстық жауаптылық артылмайды. Жалған қорғануда адам әдетте шындығында болмайтын шабуылды болады деп жорамалдап қателесуі мүмкін. Іс жүзінде қателікпен, жалған қорғанумен жасалған әрекет қоғамға қауіпті болса да, ол қасақаналықпен жасалған қылмыс деп саналмайды. Ол сонымен бірге, егер субъект шындығында шабуыл болғанын немесе зиян келтіруге кінәлі емес екендігін алдын ала болжап білсе, егер істің мән-жайына байланысты болжауға мүмкіндігі болмаса, әрекет абайсыздықта жасалған болып саналады. Қорғауға байланысты қажетті қорғанудың шарттары мынаған келіп саяды:

  1. Қорғау қол сұғушыға белгілі бір зиян келтіру жолымен жүзеге асырылуы тиіс. Оның үшінші бір адамға бағытталуы тиіс емес. Шабуыл жасаушы бір адамға емес, үшінші бір адамға зиян келтіру жолымен қайсібір мүддені қорғау қажетті қорғану болып санамайды. Оған аса қажеттілік жөніндегі ережені қолдануға болады. Қажетті қорғану актісін жүзеге асыруда қорғану нәтижесінде шабуылдаушы тұлғаға зиян келтіру талап етілмейді. Қажетті қорғанудағы қорғаудың ерекшеліктерінің ең бастысы шабуылдаушыға зиян келтіргенде көрінетін еті тірлік яғни белсенді мінез болып саналады.
  2. Қорғауға құқықпен қорғалатын ұжымдық, жеке меншіктік, өзінің және басқаның мүдделеріне қол сұғылғанда жол беріледі. Қылмыстық заң жасалған шабуылдың ғана емес, жекеленген азаматтардың тұлғасына немесе мүлкіне, өкімет, мемлекет мүддесіне тікелей қылмыстық қол сұғушылықққа куә болған үшінші біреудің де қорғану құқығын қарастырады. Осы жөнінде сот органдары жиі қателіктер жіберіп және азаматтардың қажетті қорғануды жүзеге асырудың заңмен белгіленген құқықтарын негізсіз шектейтін кездері де болып қалады. Басқа адамның әрекетінен қорғану әрекетін жүзеге асыру жәбірленушінің үшінші бір адамды қорғауы жөніндегі келісімді анықтаудың қажеті жоқ.
  3. Қорғау қажеттіліктің шегінен аспауы тиіс. Қылмыстық заң көп уақытқа дейін қажеті қорғаудың шегін белгілемей келді. Оны дүниеге әкелу сот тәжірибесі мен қылмыстық құқық теориясының міндеті болды. Қандай жағдайда болса да қажетті қорғану әрекетінің заңдылығы үшін қылмыскерге келтірілетін зиянның арасындағы теңдестіктің талап етілмегені ақиқат. Қажетті қорғанудың заңдылығы үшін қылмыстық заң шығарушылар келтірілген зиянның мәні алдын ала ескертілген зиянға қарағанда задау болуы тиіс екендігі жөніндегі ұйғарымды ұсынады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 32-бабының 3 бөлігінде былай көрсетілген: Нәтижесінде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіретін, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіпті дәрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі қажетті қорғаныс шегінен шығу деп деп танылады [2, 21 б] .

Жалған қорғану.

Қажетті қорғанудан басқа жалған қорғану деген түсінік бар.

Ол қорғанушыға мына төмендегідей мән-жайға байланысты тууы мүмкін.

  1. Қорғанушы жәбірленушінің қоғамға қауіпті емес әрекетін қоғамға қауіпті деп қателесуінде;
  2. Қол сұғушылық, қиянат келтіретін тұлға ретінде басқа бір тұлғаны қателесіп қол сұғушы ретінде болжауы.

Жалған қорғану - қоғамға қауіпті әрекет, яғни жалған қорғануды жүзеге асырған адам кінәлі деп танылып, қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Жәбірленушіге деген әрекетінің қате екенін сезбеген, сезуге міндетті болмаған және де оны сезуге мүмкіндігі болмауы. Егер қиянат келтірілсе, абайсыздықта істелген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Ол тек қатесін сезуге міндетті болуы немесе сезе алатын болса.

Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы ерекше. Жалған қорғану деп қиянат келтірушіліктен жорамалды түрде қиянат келтіреді екен деп ойлап, оның байыбына бармай қорғануды айтамыз. Яғни, жалған қорғануда төніп тұрған қиянат, қауіп жоқ.

Жалған қорғану қорғанушының әртүрлі объективтік жағдайларға байланысты істелген қатесі болып табылады. Мысалы, қорғанушы жәбірленушінің қоғамға қауіпті емес әрекетін қоғамға қауіпті екен деп қателесуі мүмкін. Мысалы, Жұман деген азамат кешкілік қараңғы түскен кезде күндегі әдетінше жұмыстан соң қалың бақтың арасындағы жалғыз аяқ жолмен үйіне қайтады. Бір қарағанда ол өзінің артынан келе жатқан бір адамның сүлбесін байқайды. Сол адамнан қауіптенген ол жүрісін жылдамдатып, бақ ішінен жылдам шықпақшы болады [17, 139 б] . Оның артынан келе жатқан адам да жүрісін жеделдетіп, оған таяу келеді. Өзінше қылмыскер шабуыл жасайды деп ойлаған Жұман кілт тоқтай қалады да, жүгіріп келе жатқан әлгі адамды таяқпен ұрып құлатады. Нәтижесінде бейтаныс адамға ауыр дене жарақатын келтіреді. Істі тергеу кезінде анықтағанда Жұманның артынан қалмай келе жатқан адам соның тұрған жерінің тұрғыны болып шықты. Қараңғыда ол да жалғыз жүруден қорқып алдында келе жатқан адамнан қалмауға тырысып, желе-жортып Жұманды қуып жетіп артынан ілесіп отырады. Жұманның әрекеті жалған жағдайда істеген қорғану деп танылған.

Жалған қорғану - қоғамға қауіпті әрекет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қорғануға қатысты қажетті қорғанудың заңға сыйымдылық шарттары
Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану
Қажетті қорғану туралы
ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жaлғaн қoрғaну жәнe oның қылмыcтық құқықтық cипaттaмacы
Жалған қорғану
ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ
Қажетті қорғану жағдайында болды деп тану
Коғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz