Вирустар туралы ақпарат


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті Аграрлық факультет «Ветеринарлық санитария» кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: 1. Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. 2. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары.

Орындаған: Тусупбекова А. А. Тобы: ВС - 303 Тексерген: Омарбеков Е. О.

Семей қ. 2015 ж.

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Вирус. Вирустардың жіктелуі

2. 2 Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вирус (лат. vīrus - «у») - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан -кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды. У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.

Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы - нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/30/Virion.png/350px-Virion.png

Вириондардың икосаэдрикалық құрылымы

Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа) . Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар - нуклеин қышқылдары мен ақуызды қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар - нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 - 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді) ; негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 - 200Һ106, ал РНҚ-дағы вирустардікі - 106 - 15Һ106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60ӘС-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90ӘС-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80ӘС-қа дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық заттарға (қышқыл, сілті) төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, полиомиелит вирусы фенолдың 0, 5%, күкірт қышқылы аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы немесе марганецқышқыл калий (1%) ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды. Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді: жасушаға ену; жасушада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың жасушадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына жасуша қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда жасушамембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана жасушаның зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір жасушаны «іштей жеген» вирустар көршілес жасушаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустарды молекулалық биология зерттейді. Вирустар нуклеин қышқылдарының гендік қызметін ашу үшін (генетикикалық кодты анықтау) пайдаланылады. Вирустардың облигатты паразитизмнің себебеі оларда жасушалық құрылым мен меншікті зат алмасу процесі болмайды. Дақылдау әдісін таңдау вирустың мақсатына байланысты. Жасуша дақылын алғашқы (егілетін) жартылай егілетін және егілетін деп бөлінеді. Алғашқы 5-10 пассажѓа тњтеп беретін жасуша дақылы жатады. Алғашқы дақылды дайындау бірнеше этаптан тұрады: ұлпаны ұсақтау трипсинизация жолымен жасушаларды ажырату, жасушаларды трипсиннен ажырату, біртекті изоляцияланған жасушаларды қоректік ортада суспензиялау егілетін бір қабатты жасуша дақылдарын қатерлі және қалыпты жасуша тізбегін құрайды. Оларға қатерлі ісік жасушалары, адамның, маймылдың бүйрегінің қалыпты жасушалары жатады. Жартылай егілетін дақылдарға адамның диплоидты хромосома жиынтығын сақтайтын жасуша жүйесі ретінде беріледі. Вирустың жасуша дақылында өсуін цитопатиялық эффектісі, жасушада қосымшалар түзілуі, теңбіл дақтардың түзілуі бойынша және гемадсорбция феномені мен түрлі түсті реакция бойынша бағалайды. ЦПҚ-жасушаның микроскоппен көрінетін өзгерістері. Қосымшалар - арнайы бояу әдістерінде ядро мен цитоплазмада кездестіруге болатын вирустық бөлшектердің, вирустық ақуызтардың жұмысы. Теңбіл дақтар (бляшкы) - вирустардың әсерінен жасушадағы бұзылған бөліктер, оны бірқабатты жасуша дақылында вирустарды өсіру кезінде байқауға болады. Гемадсорбция реакциясы - вируспен залалданған жасуша дақылдарының өзінің беткейінде эритроциттерді адсорбциялау қабілеті, түрлі-түсті (цветная проба) сынақ индикаторлы қоректік орталардың түсіндегі өзгерістерге негізделген. Вируспен залалданбаған жасушаның өсуі салдарынан метаболизм өнімдері жинақталып, қоректік орта түсінің өзгеруі туады. Залалданған тіндер дақылдарында кейбір вирустар өзінің цитопатикалық әсерін бірнеше күннің ішінде, басқалары 1-2 апта өткен соң, вирустың қасиетіне, санына байланысты және жасушаның ерекшелігіне байланысты көрінеді.

Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты. XІX ғасырдың соңында Д. И. Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді. «Бұл организмдерді Д. И. Ивановский латынша вирустар, яғни «у» деп атады/ Қазір бірнеше мық есе ұлғайтып көрсететін микроскоптардың құрастырылуы вирустарды же; те зерттеуге мүмкіндік туғыздыл. Олардың 200-ден астам түрлері анықталды. Сондықтан вирустар микробиологияда жеке класс ретінде қарастырылады, сөйтіп оларды вирусология ғылымы зерттейді.

Вирустардың жіктелуі

Вирустарды жіктеудің алғашқы ұмтылысы ХХ ғасырдың 40-жылдарында болды. Вирусология микробиологияның бір бөлігі деп есептелетіндіктен вирустарды классификациялау да бактериялар үшін критериялар бойынша атқарылды. Бірақ, көп кешікпей бактериялар таксономиясына қарағанда вирустар таксономиясының айырмашылығы болатыны айқын болды. 1966 жылы Мәскеуде вирустар номенклатурасы бойынша Халықаралық комитет құрылды. Әрбір 5 жыл сайын жаңа вирустардың ашылуына немесе белгілі вирустардың жаңа қасиеттерінің анықталуына байланысты вирустар номенклатурасы жаңартылып отырады. 2. 2-кестеде вирустардың қазіргі кездегі классификациясы берілген. Бұл классификация бойынша 4 иерархиялық деңгей қарастырылған: түр, туыстастық, тұқымдастық (кейде тұқымдасша) және қатары. Қатар, тұқымдастық, тұқымдастықша (подсемейство) және туыстастықты -virales, -viridae, -virinae, -virus сөздерін қосып белгілейді. Бүгінгі күнде 3 қатар, 64 тұқымдастық, 9 тұқымдасша, 233 туыстастық және 1550-ден астам түрлер анықталған. Вирустардың қазіргі заманғы классификациясы негізіне мынадай критерийлер жатады:

• нуклеин қышқылының типі (РНҚ немесе ДНҚ), оның құрылымы (тізбекше немесе жіпше саны) ;

• липопротеидті қабатының болуы;

• вирус геномының стратегиясы;

• вирионның морфологиясы және мөлшері, симметрия типі, капсомерлер саны;

• генетикалық өзара әсерлесу феномендері;

• қабылдағыш иелер шеңбері;

• патогенділігі, соның ішінде жасушаларда патологиялық өзгерістер және жасушаішілік қосындылар пайда болуы;

• географиялық таралуы;

• антигендік қасиеттері.

Вирустарды классификациялаудың негізгі критерийлері жасалғанына қарамастан, қандай тұқымдастыққа жатқызуға болатыны анық емес вирустардың түрлері бар. Әсіресе ол өсімдіктердің вирустарына қатысты.

Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері

Вирустар - адам, жануар, құс, өсімдік және бактериялардың вирус ауруларын қоздырушылар. Вирустар - тек клетканың ішінде ғана тіршілік ететін тоғышарлар. Себебі олар тек тірі клеткалар немесе организмдер ішінде ғана өсіп жетіледі. Вирустар жоғары сатыдағы организмдер сияқты жыныстық жолмен де, бактериялар сияқты бөліну жолымен де көбеймейді. Сондықтан да көбею деген сөздің «репродукция» латынның re - қайталану, pioducere - өндіру, пайда болу деген сөздерінен шыққан термин қолданылады. Вирустарда ерекше дисьюнктивтік көбею жолы кездеседі. Бұл ерекшелікті мынандай жағдайдан байқауға болады: зақымдалған клеткада вирус жолғалып кетеді де, олардың компонеттерінің құралуы біраз уақытқа созылады. Вирус белгілі бір мерзімде және кеңістікте өсіп жетіледі. Мысалы, вирустардың нукоин қышқылы клетканың ядросында пайда болады, белоктары - цитоплазмада, ал вирус - цитоплазма мембранасының ішкі жағында жиналады да, қабықшасы вирус клеткадан шыққан кезде бүршіктену жолымен пайда болады.

Клетка мен вирустың өзара байланысқа түсуі өте күрделі, көп қырлы процесс. Бұл жағдай көптеген факторларға байланысты:

• Вирустың және клетканың түрлеріне байланысты. Организмде клеткалар саны өте көп. Тек жаңа туған жас баланың организмінің өзінде 2 млрд клетка бар;

• Клеткалардың вирустарға сәйкестігіне немесе вирустарға қарсы тұрарлық қасиетіне байланысты. Мысалы, ортомиксовирустар тыныс жолдарының эпителиальдық клеткаларына ғана әсер етеді. Себебі бұл вирустарға аталған клеткалар ғана сәйкес келеді. Сондай -ақ осындай клеткалардығана зақымдайды;

• Вирустардың біркелкі тазалығына және санына да байланысты. Демек, вирустар неғұрлым көп болса, соғұрлым вирус пен клетка арасындағы байланыс мүмкіндігі де артады. Торшаға енген вирустардың бәрі бірдей клетканы зақымдамайды. Вирустардың белгілі бір бөлігі клеткаға кірер қақпаларда жойлады;

• Әр түрлі физикалық, химиялық факторлардың әсеріне де байланысты. Мысалы, вирусқа қарсы тұратын мал организмі қызуының жоғары болуы вирустар үшін қолайсыз жағдай болып есептеледі. Вирустардың көпшілігі үшін қышқылдар, негіздер аса қауіпті;

• Организмнің иммунологиялық күйіне де байланысты. Вирусқа қарсы тұратын организмде иммунологиялық жауап өте айқын болады. Мұндай организмде вирустар антиденелер арқылы жәе клеткада вирусқа қарсы пайда болатын заттар арқылы тез жойылады;

• Макроорганизмнің генетикалық статусына да байланысты. Вирустар миллиондаған жылдар бойы өздері өсіп-өнетін белгілі бір иелерге бейімделген. Мысалы, адамдарда ірі қара обасының вирусы әсер етпейді. Себебі адамдарда генетикалық қарсы тұрарлық қабілет бар. Вирус пен торша аралығында болатын процесті мынандай түрде көрсетуге болады.

І фаза

1. Адсорбция - вирустың клеткаға жабысуы. 2. Вирустың клеткаға енуі. 3. Депротеинизация - вирустың клетка ішіндегі бөлінуі (вирус геномы сыртындағы белоктан тұратын қабықшадан бөлінеді) .

ІІ фаза

Вирус геномының іске асуы «геномнің экспрессиясы»( латынның іске асырамын сөзінен шыққан) . 1. Транскрипция - ДНҚ-ын РНҚ-на көшіру. 2. Трансляция - вирустың белок молекуласының құралуы. 3. Репликация - геномының көбеюі: ДНҚ немесе РНҚ молекуласының екі есе көбеюі. 4. Вирус компоненттерінің жиналуы (құрылуы) . 5. Вирустың клеткадан шығуы.

Вирустардың көбею сатылары - көрсетілген фазалар - барлық уақытта да осындай бола бермейді, клетка мен вирус арасындағы байланыстың кейде өзгеше де болуы мүмкін. Демек, вирустар репродукциясы дегеніміз - олардың көбеюінің дисьюнктивтік түрін көрсетеді. Себебі, вирус компоненттерінің пайда болуы, жиналуы клетканың әр жерінде болады және өзара белгілі бір байланыста емес. Дегенмен вирионның құралуы шарт. Себебі вирустардың тірі организм сияқты ұрпақтан ұрпаққа жетіп, өз түрін сақтап қалуы осыны талап етеді. Сонда ғана вирустар сақталады. Ал вирустардың көбеюі үшін негізгі шарт - олар тек тірі клеткаға енуі қажет, себебі тек клетка ішіне енген вирус қана ауру туғыза алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық қорларды түгендеу
Компьютерлік вирустар және оның түрлері
Компьютерлік вирусология
Криптографиялық қорғау
Компьютердің қорғаныс қабілеттерін арттыру бағдарламаларын жетілдіру
Компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау
Веб - сайттарды жіктеу
Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі
Компьютерлік вирустардың пайда болуы және олардан қорғану
Ақпараттық қауіпсіздік туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz