Дүниежүзілік авиация. Әуе көлігінің жаңа түрлері туралы мәлімет


беру министрлігі
университет
СӨЖ №4
Тақырыбы: Дүниежүзілік авиация.
Орындаған: Советхан А.
Группа: ОП - 413
Тексерген: Жумадилова Г. А.
Семей қаласы, 2015 жыл
Авиация - Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен ұшуды білдіретін ұғым. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді. Авиация азаматтық авиация және әскери авиация болып екіге бөлінеді. Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-спорттық, арнайы мақсатқа арналған, ал әскери авиацияға әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады.
Дүниежүзілік авиация.
Дүниежүзілік әуе тасымалында әзірше Солтүстік Америка басым болып отырғанына қарамастан, XXI ғасырдың екінші онжылдығында Азия-Тынық мұхит аймағы көшбасшылыққа шығатын болар. Азия-Тынық мұхит аймағы географиялық себептер бойынша бөлшектенбегендіктен және бөлшектенуі мүмкін болмайтындықтан, Батыстан Шығысқа қарай бұлайша ығысудың зор маңызы бар. Қытайды есептемегенде, Азия елдерінің көпшілігінде елге келетін бір ғана нүкте бар. АҚШ әуе компаниялары мұны асқан қиындықпен түсінді. Қазіргі уақытта АҚШ-тың екі әуе компаниясы - Northwest және United - ғана Тынық мұхит арқылы ұшады, оның екеуі де Токионы негізгі келу әуежайы ретінде пайдаланады. Бұл аймақты бөлшектеп пайдалануға тырысқан басқа американдық әуе компаниялары, жұмсартып айтқанда, одан ығыстырылып қалды.
Қазақстанның азаматтық авиациясы
Азияаралық барлық әуе маршруттарының орталық бөлігін алып жатқан Қазақстанның осынау геосаяси жағдайды пайдалана отырып, өзінің азаматтық авиациясын дамытуға сирек кездесетін мүмкіндігі бар. Еуропа мен Азия арасындағы жалпы транзиттік әуе қозғалысының шамамен 30 пайызы ҚР арқылы өтетін Атлант мұхиты аралық маршруттар желісіне келеді.
Қазіргі уақытта көптеген шетелдік әуе компаниялары Қазақстан арқылы жүйелі рейстер атқаруда. Мысалы, British Airways, Cathay Pacific, Lufthansa, KLM, Air France, Аэрофлот, Swiss Air, Азал Карго, Turkish Airlines, EL AL Israel Airlines, Korean Airlines, Crgolux және басқалары. Тасымалдау бағыты батыста Лондоннан шығыста Манилаға дейін алуан түрлі. Қазақстан әуе желісінің ұзындығы 2004 жылы 400 мың км-ге жетті, бұл дүниежүзілік әуе жолдарының 4, 2 пайызын құрайды. Қазақстан халықаралық ынтымақтастық саласында әуе қатынасы туралы 40-тан астам келісімдерге қол қойды, олардың ішінде 13-і жақын шетелдермен жасалды. «Казаэронавигация» тәулігіне 250-300 рейске қызмет көрсетеді, оларды 90 пайызы транзиттік рейстер болып табылады. Қазақстан Республикасынан өтетін әуе жолдарының ұзындығы 61 мың км-ден асады, олар 72 әуе дәлізіне бөлінген.
2006 жылдың басында Қазақстанда 54 әуе компаниясы қызмет етсе, оның 31-і жолаушылар мен жүк тасымалдады, оның 8-і жүйелі негізде, 28 әуе компаниясы - авиация жұмыстарын атқарды. Тұтас алғанда, республиканың әуе компаниялары 2005 жылы ішінде 1, 66 млн жолаушы және 20, 4 мың тонна жүк тасымалдады, бұл 2004 жылдың деңгейіне тиісінше 127 және 114, 7 % құрады. Жолаушылар айналымы 24, 6 %-ға өсіп, 3, 3 млрд ткм құрады. Жүк айналымы 1, 5 есе артып, 99 млн ткм құрды.
Қазақстан Республикасында 21 әуежай жұмыс істейді. Қазіргі уақытта халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге мынадай 14 әуежайға рұқсат етілген: Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Павлодар, Семей.
Қазақстан Республикасының әуежайлары 2005 жыл ішінде 3, 4 млн жолаушыға қызмет көрсеткен, бұл 2004 жылдың көрсеткішінен 114 % жоғары. Өңделген жүк, поштаның көлемі 1, 5 есе артып, 70, 3 мың тонна болды. Мұнда өндірістік көрсеткіштер Астана, Алматы, Атырау, Ақтау әуежайларында барынша артқан.
Әуе көлігі.
Астананың халықаралық әуежайы халықаралық стандарттарға сай жасалып, жабдықталған біртұтас казіргі заман инфрақұрылымы болып табылады. Қазақстанның әуе нарығында барлығы 21 әуежайдың ішінде Астана әуежайы 2-орынды иеленеді: 15% рейстер жіберу, 20%-ға дейін жолаушылар ұшыру, игерілетін жүк, пошта, багаж 6%.
Инвестициялык қызмет көрсету аясында әуежайда жасанды ұшу-қону жолағын (ЖҮҚЖ) кайта қалпына келтіру жобасы іске асырылды. Бүгінгі таңда Астана қаласының әуежайы жолаушы ұшағын екі бағытта қондыру жолағымен және финнің «Вайсала» фирмасының қазіргі заманғы метеоқұралдарымен ИКАО ІІІ категориялы метеоминимумы бойынша жарық сигналдарын беруші құралмен жабдықталған Қазақстандағы бірден-бір әуе айлағы болып табылады. Бұл ауа райының қолайсыздығына қарамай, кез келген уақытта барлық салмақтағы әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. 2007 жылы Астана қаласы әуежайында атқарылған қызмет: игерілген жүк - 4, 7 мың тонна; жүк айналымы - 21, 1 млн т/км; қызмет көрсетілген жолаушылар - 1, 2 млн адам, жолаушылар айналымы - 4403, 3 млн ж/км. 2008 жылдың ақпанында ИКАО III категориялы сертификатын алды, ол әуе кемелерінің барлық түрлерін, жердегі көлік құралдарын және қызметкерлерін басқаруға, бақылауға, реттеуге мүмкіндік береді. ИКАО III категориялы метеоминимумын енгізу әуежайға ұшыру-қондыру жолағының көріну қашықтығы 200 метр шамасымен шектелгеннің өзінде әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді.
Ұшқыш апараттары:
- Зымыран;
- Әуе шары;
- Дирижабл;
- Әуе кемесі;
- Тікұшақ;
- БПЛА
Беспилотник.
БПЛА - бортында экипаж жоқ әуе көлiгі. Ауада ату және жер нысандарының нақты уақытта мониторинг арналған.
Классификациясы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz