Қазақстан Республикасы эталондар базасы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

“ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ”

БАӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы эталондар базасы

Орындаған: Тұрсынов Ә. Қ СМ-405

Тексерген: Кундызбаев Д. К

Семей 2015 жыл

Мазмұны

Кіріспе

Эталон

Қазақстан Республикасы эталондар базасы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Эталон

Эталон - көшірме бірліктерді сақтау және размерлерін жұмысшы эталонға беру үшін қолданылады. ол үнемі мемлекеттік эталонның тура көшірмесі бола бермейді.

Эталон - салыстырма бір - бірімен тікелей салыстырыла алмайтын эталондарды салыстыру үшін қолданылады.

Эталондардың келесі түрлерін ажыратады:

- алғашқы реттік - бірлікті ең жоғары дәлдікпен ұдайы өсіруді және сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл теңдессіз күрделі өлшеу кешендері, олар өлшеулер бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізін құрайды;

- арнайы - бірлікті ерекше жағдайларда ұдайы өсіруді қамтамасыз етеді, оларда бірлік өлшемін алғашқы реттік эталоннан талап етілетін дәлдікпен тура беру жүзеге асырылмайды, және осы шарттар үшін алғашқы реттік эталон болып табылады;

- мемлекеттік - бұл ел үшін бастапқы ретінде басты метрологиялық органмен ресми бекітілген, алғашқы реттік немесе арнайы эталон. Оларды орталық ғылыми институттар құрайды, сақтайды және қолданады, оларды басқа елдердің мемлекеттік эталондарымен кезең сайын салыстырады;

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық негізін мыналар құрайды:

- шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары және Қазақстан Республикасы Метрологиялық қызметтері менқолданылатын шама барліктерінің эталондары;

- өлшеу құралдары, оның ішінде Қазақстан Республикасы территориясында қолданылатын заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілері.

Өлшеу құралдары өлшеуге арналады, нормаланған метрологиялық сипаттарға ие болады, шама бірлігін ұдайы қайталайды және (немесе) сақтайды. Шама бірлігінің мөлшері (бекітілген қателік шегінде) белгілі уақыт ішінде тұрақты деп есептеледі.

Шама бірлігінің эталоны - шама бірлігін (шама бірлігінің еселік немесе үлестік мәндерін) оның мөлшерін осы шаманы өлшейтін басқа өлшеу құралына беру мақсатында ұдайы қайталау және (немесе) сақтауға арналған өлшеу құралы. Эталон Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен тағайындалған тәртіп бойынша бекітіледі.

Шама бірліктерінің эталондары

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін тағайындалған шама бірліктерін дәл ұдайы қайталау, сақтау керек және олардың мөлшерлерін халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданудағы өлшеу құралдарына беру қажет. Бірліктердің мөлшерлері эталондар арқылы ұдайы қайталанылады, сақталады және беріледі. Эталондар мынадай сипаттары бойынша жіктеледі.

Халықаралық немесе ұлттық сипаты бойынша эталондар Халықаралық, Мемлекетаралық және ұлттық деп бөлінеді.

Халықаралық эталон - халықаралық келісім бойынша ұлттық эталондардың бірліктерінің мөлшерін онымен салыстырудың халықаралық негізі ретінде қабылданған эталон. Халықаралық эталонды Халықаралық өлшемдер мен салмаақтардың Бюросы сақтайды және жұмысқа жарамды күйде ұстайды.

Мемлектаралық эталон - ТМД мемлекеттері арасында жүретін мемлекетаралық эталон. Мемлекетаралық эталондар экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық процесінде мемлекетаралық байланыстарды жүзеге асыру кезінде және Келісімге қатысушы мемлекеттердің халық шаруашылығын метрологиялық қамтамасыз етуде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді. Мемлекетаралық эталондарды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес бекітеді. Шама бірліктерінің Мемлекетаралық эталондары Ресейде сақталады. Ресейдің эталондық базасы физикалық шамалардың негізгі бірліктерінің бастапқы эталондары құрайды (метр, килограмм, секунда, Ампер, Кельвин және кандела) .

Ұлттық эталон - мемлекет үшін бастапқы деп ресми шешім бойынша танылған эталон. Мемлекеттік эталондар ұлттық байлық болып табылады, мемлекеттің ғылым, техника және мәдени жағынан даму денгейін білдіреді.

Эталондардың дұрыс сақталуын, тексерілуін және зерттелуін бақылау үшін, сондай-ақ басқа талаптарды орындау үшін ғалым - эталон сақтаушы тағайындалады.

Қазақстан Республикасының эталондар базасы

Эталондар базасы елімізде өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ең маңызды элементі болып табылады. Оның деңгейі еліміздегі өлшеулер деңгейін көрсетеді. Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттердің негізгі бағыты эталондар базасын дамыту және жетілдіру болып табылады. Өлшем бірлігін және өлшеу құралдарының бірегейлігін қамтамасыз ету үшін, 10 миллионнан астам өлшеу құралдарын, оның ішінде заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілерін метрологиялық қамтамасыз ету үшін республикада эталондар базасы және стандарттық үлгілер қызметі құрылған, мемлекеттік басқару органдары мен заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу құқығына аккредитациядан өткізеді.

01. 01. 2003 жылға

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші ретті эталондар
Өлшемдер шамаларыныц эталондары
Қазақстан Республикасы эталондар базасы жайлы мәлімет
Өлшеу құралдары және түрлері
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнінен лекция жинағы
Қазақстан Республикасы эталондар базасы жайлы
ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ
Қазақстанда нарықтық экономиканы дамыту
Метрологиялық қадағалаудың формалары
Негізгі метрологиялық түсініктемелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz