Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы

Орындаған: Алиханова Ж. А

Тексерген: Мухаметжанова О. Т

Тобы: АГ-213

Семей 2015

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы

Қант қызылшасының химиялық құрамы

Қант қызылшасының зиянкестері мен аурулары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы

Қант қызылшасында егіс алқабынан жинап алғаннан кейін басқа да тамыр жемістілерге тән физиологиялық процестер: солу, қызу, тыныс алу т. б жүреді. Әсіресе, дер кезінде қолайлы жағдай жасалмаған қызылша тамырында ылғалдың бөлінуі жүреді де тамыр жеміс солып өзінің қасиетін жоғалтады. Сонымен қатар, тыныс алу қарқындылығына байланысты қызылша құрамындағы қанттың мөлшері кемиді.

Қант қызылшасын пайдалану мақсатына байланысты шаруашылық жағдайында немесе зауыттары маңындағы арнайы алаңдарда сақтаудың әр түрлі тәсілдері қолданылады.

Қант қызылшасын «бурт-кагаттарда» сақтау.

Әдетте, жаңа жиналып алынған қызылшаны одан қант алу үшін қант зауыттарына жөнелтеді. Ол жерде қызылшаны өндегенше аранйы алаңдарды «бурт кагаттарда » уақытша сақталады.

Кей кездері, мысалы, ауа райының қолайсыздығына автокөліктің немесе жұмыс күшінің жетіспеушілігіне және басқа да жағдайларға байланысты жиналған қызылша егіс алқабында қоюы мүмкін. Уақыт өткен сайын бұл тамыр жемістердің сапасы төмендеп, жарамсыз бөліктерінің көлемі артады.

Егіс алқабындағы қант қызылшасының тамыр жемісінің сапасына «жатып қалу» мерзімінің әсері, %.

Күн астында қалу ұзақтығы
Қант қызылщасын жинау кезіндегі ауа температурасы 0 С
8
19
Күн астында қалу ұзақтығы: 2 сағат
Қант қызылщасын жинау кезіндегі ауа температурасы0С: 4
12
Күн астында қалу ұзақтығы: 1 күн
Қант қызылщасын жинау кезіндегі ауа температурасы0С: 11
32
Күн астында қалу ұзақтығы: 2 күн
Қант қызылщасын жинау кезіндегі ауа температурасы0С: 27
66
Күн астында қалу ұзақтығы: 4 күн
Қант қызылщасын жинау кезіндегі ауа температурасы0С: 34
88

Кестеде келтірілген материалдардан 1 тәулік бойы ашық алқапта қалған тамыр жемістің 8 0 С температурада 10 пайызы жарамсыз болса, ал 19 0 С температурада барлық өнімінің 3/1-нен астамы жарамсыз болған. Сол себепті, оларды уақытша сақтауды ұйымдастыру қажет. Ол үшін егіс алқабында арнайы алаңдар -егіс кагаттары дайындалады.

Бұндай алаңдар мүмкіндігінше тегіс әрі су ағатындай бір жағына қарй еңіс болуы тиіс. Қызылшаны осындай алаңда трапеция формасымен ұйіп жинайды. Үйіндінің ұзындығы 20-30м, биіктігі 1, 5-1, 7 м, көлденеңі 3-6 м, трапецияның төбесінің көлденеңі 1, 0-1, 5 м шамасында болады.

Үйіндінің үстін ылғал топырақпен 15-20 см қалыңдықта жабады. Ал күн салқындаған сайын оның қалыңдығы 40-50см-ге дейін жеткізіліп, үсітіне сабан төсейді.

Қант зауыттары мен қызылша қабылдайтын орындарда қызылшаны арнайы ірі «кагат» алаңдарында жинап сақтайды. Бұндай алаңдардың көлемі қызылшаның салмағына байланысты болады да, әдетте, 1 гектарға шамамен 5-6 мың тоннадан келеді.

Қызылшаны сақтауда, әсіресе, шіріген немесе өздігінен қызған жерлерді уақытылы анықтап, оларды болдырмауда үйіндінің температурасын қадағалау орынды. Қолайлы сақтау температурасы 1 0 С шамасында. Тепература бұл көрсеткіштен жоғары болғанда тыныс алу қарқындылығы артады да тамыр құрамындағы қанттың мөлшері азаяды.

Қант қызылшасын өндіретін өңірдің топырақ-климаттық жағдайына байланысты қызылшаны сақтағанда қанттың шығыны тәулігіне 0, 01-0, 03 пайыздан аспауы тиіс.

Температура деңгейін түсіру мақсатында арнайы қондырғылардың көмегімен белсенді түрде желдетеді. Желдету кезінде құрғақ ауаның әсерінен қызылша солып қалмауы үшін ауаны ылғалдап отырған дұрыс.

Қант қызылшасын «ор -траншеяда» сақтау

Ауыл шаруашылығы жағдайында дән алуға арналған қызылшаны арнайы «орларда» сақтайды.

Ор -траншеялар тереңдігі 1м-ден аспайтын, көлденеңі м-ге жуық ұзынша келген арық -ор . Орды беткі жағына 15-20см жеткізбей тамыр жеміспен толтырады да үстін 30 см қалыңдықта топырақпен жабады. Қызылшаның температурасы қолайлы деңгейден төмендеген сайын үстін топырақпен немесе басқа материалдармен қосымша жауып отырады.

Қызылшадан қант алу күрделі физикалық-химимялық процесс. Алдымен тамыр клеткасындағы сахарозаны диффузия көмегімен бөліп алады да, әр түрлі химиялық, жылу физикалық әсермен қантты ажыратып, ақ, кристалл затқа айналдырады.

Қызылшаны қант зауыттарында өңдеуді жүргізу жүйелері:

1. Қызылшаны автомашинадан арнайы жартылай қазылып дайындалған бункер ыдыстарға төгіледі. Трубалармен келіп жатқан судың қысым ағынымен қызылша жуғыш аппаратқа жылжытылады.

2. Жуу. Бұл жерде қызылша әр түрлі қоспалардан сабақ, жапырақ, тас, құмнан ажыратылады, яғни жуып тазаланады.

3. Қызылша автоматты таразыда тартылып, өлшенеді.

4. . Қызылша арнайы кескіш аппаратта ұзынша етіп майдаланып туралады. Бұл жерде кесілген жолақтың ірілігі қатаң бақыланады. Жолақтың ені 4-6, қалыңдығы 1, 2-1, 5 мм-ден аспауы тиіс. Осы талап сақталған жағдайда, қантты бөлу қалыпты жағдайда жүреді. Тамыр жемістің құрамында солған, жарамсыз тамырлардың мөлшері артқан сайын оларды талапқа сай етіп жолақтап турау мүмкін болмайды да, оның диффузия процесіне кері әсер етеді.

5. Қызылша тасымалдағыш арқылы диффузия аппаратына беріледі де, қант ыстық судың көмегімен бөлініп алынады. Құрамындағы қантты толық ажырату үшін кесілген жолақтарды шамамен 60 0 С температурада қыздырады.

6. Алынған шырын қант емес заттардан тазаланып қоюлатылады. Алғашқы өңдеуде қант емес заттардың 40%-дайы ажыраса, ал қалған бөлігі келесі технологиялық шараларда ажыратылады. Шырынды тазалау алдын ала және негізгі дефекация, бірінші және екінші сатурация, сульфитация мен бақылау фильтрация секілді жұмыстардан тұрады. Фильтрдан өткен заттар екіге тазаланған шырын мен қант өндірісінің қалдығына ажырайды.

7. Шырындағы қанттар кристалдандырылып бөлініп алынады да, центрифугада өңделіп, ақ түс беріледі.

8. Ылғалдылығы 0, 5-0, 6 пайыз, температурасы 70-75 0 С болатын қант кептіргіш аппаратта салқындатылып ылғалдылығы 0, 1-0, 2 пайызға дейін, яғни, стандартты ылғалдылыққа түсіріліп, арнайы елегіштен өткізіледі.

9. Стандарт талабына сай болағн қант алдын ала дайындалған, арнайы қапқа салынады немесе ыдыссыз сақталатын қамбаға жөнелтіледі.

Қант бірқалыпты температурада, ауаның ылғалдылығы 70 пайыз шамасында болатын таза, құрғақ, арнайы қоймалрада үнемі бақылау арқылы сақталады.

Қант қызылшасының химиялық құрамы

Қант қызылшасы сақталуы қиын өнімге жатады. Сақтау кезінде қызылшаның қанттылығы кемиді де, оны зауытта өңдегенде қанттың шығымы азаяды. Қант қызылшасының химиялық құрамында құрғақ заттың 3/2-не жуығы сахароза. Қызылша тамырында, әдетті, қанттың мөлшері 16-20 пайыз аралығында болады. Ол тамыр жемістің бөліктерінде бір деігейде болмайды. Мысалы, қызылшаны тігінен қарастырсақ қанттың көп мөлшері ортаңғы бөлігінде, ал аз мөлшері жоғарғы жағы мен ұшында болады. Егер қызылшаны көлденеңнен қарастырсақ ортасы мен қабығына жақын жерінде қант мөлшері басқа жеріне қарағанда аз болып келеді.

Химиялық құрамы бойынша ерімейтін заттардың ішінде жартысына жуығы пектин заттары болып табылады. Ал қалған бөлігін клетчатка, гемицеллюлоза құрайды.

Пектин заттарының бір қасиеті -суда ісінеді де ерітіндіні қоймалжың, жабысқақ етіп қант қызылшасынан шырын алуды қиындатады. Бұндай құбылыс, әсіресе, ауруларға шылдыққан қызылшаны өңдегенде анық байқалады. Өйткені, микроорганизмдер бөліп шығарған ферменттер қызылшадағы пектин затының көлемін ұлғайтады.

Қызылша тамырын механикалық сынудан, зақымданудан сақтау үшін БМ-6А(ботвоуборочная машина) мен РКС-6 (ротационная корнеуборочная сахарная) ауыл шаруашылық машиналары қолданылады. Бұл тәсілмен жинағанда басқа тәсілге қарағанда тамырдың зақымдануы 2-3 есеге дейін азаяды.

Қант зауытына өткізуге арналған қант қызылшасына төмендегідей талаптар қойылады:

-жарамсыз тамырлар өсіру аймағына байланысты 3 пайыздан көп болмауы;

-жинау кезінде сынған, езілген тамырлар 8 пайыздан артық болмауы;

Шаруашылықта мал азықтық қызылшаны мал фермаларына жақын жерде сақтайды.

Қант қызылшасының зиянкестері мен аурулары

Қант қызылшасына көп қоректі зиянкестерден басқа оған бейімделген зиянкестер де зиян келтіреді.

Қызылшаның кәдімгі бізтұмсығы. Қызылша өсірілетін өңірлердің барлығында кездеседі. Бізтұмсықтың ұзындығы 5-12 мм, үстін түссіз немесе қашыл сұр қабыршақтар басып тұрады. Үстіңгі қанаттарында қиғаш орналасқан үзілмелі қара жолақ және олардың әрқайсысының бітер ұшында төмпешік орналасқан болады. Бас түтігі ұзын, моқал және ұшына қарай біртіндеп жалпиған болады. Зиянкес жұмыртқаларын топыраққа салады.

Кәдімгі бізтұмсық жылына бір ұрпақ береді. Жаңа ұрпақ қоңыздары жер бетіне көтерілмей, топырақ арасында қыстап шығады.

Қызылшаның сұр бізтұмсығы. Қазақстанда кең таралған көп қоректі зиянкес. Зиянкес жұмыртқаларын топыраққа салады. Бізтұмсықтың дамуы 2 жылға созылады. Қоңыздары өсімдіктердің жапырақтарын, дернәсілдері тамыр жемісті зақымдап зиян келтіреді.

Қант қызылшасында 40-тан астам ауру түрлері тіркелген. Олардың ішінде залалды түрлеріне тамыр жегі, ақ ұнтақ, церкоспороз, фомоз, тамыр жеміс шіріктері, ризомания аурулары жатады.

Тамыр жегі. Республикамызда кең таралған. Тамыр жегінің ауру қоздырғышы әр түрлі саңырауқұлақтар мен бактериялар. Ауру өсімдіктер нашар дамып, жансызданып қурайды. Инфекция көздері топырақта, өсімдік қалдықтарында, тұқымдарды сақталады.

Церкоспороз. Қызылша жапырақтарын залалдайды, оларда қызыл-қоңыр жиегі бар ашық қоңыр түсті дақтар түзіледі. Ауру қатты дамыған жағдайда жапырақ шеті төмен қарай ширатылады да, салбырап, қарайып, қурап, ең жақсы жапырақтары ғана сақталады. Инфекцич қоры өсімдік қалдықтары, тұқымдық тамыр жемістер.

Ақ ұнтақ. Ауру өсімдіктің өнімін және тамыр жемістің қанттылығын айтарлықтай төмендетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азықтық қант қызылшасын сақтау
Қант қызылшасын сақтау мен қант алу технологиясы
Қант қызылшасын сақтау тәсілдері
Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы жайлы
Қант қызылшасын өсірудің озық технологиясы
Тұқымды себуге дайындау және себу
Малазықтық қант қызылшасының сақталуы
Қант қызылшасы басқадай тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік
Қант қызылшасын тұқымға өсіру технологиясы туралы
Қант қызылшасының маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz