Геронтология: қартаю механизмдері мен жүйелік физиологиялық өзгерістер


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Геронтология мәселелері

Орындаған: Маликрамова А. Р.

Тобы: ПХ-415

Тексерген: Бураханова А. Т.

Семей қаласы

2015

Геронтология (грекше geron және logos - ілім) - адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериантрия (грекше geron және іatreіа - емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді.

Қартаю барлық тірі ағзаларға тән жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Қартаю-онтогенез қорытындысы, ағзада ерекше құрылымдық, қызметтік және биохимиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын құбылыс.

скачанные файлы (21).jpg

Қартаю және ұзақ өмір сүру мәселелері барлық уақытта ғалымдарды ойландырып келген мәселе. Ол әсіресе ХХ ғ халық құрамында терең демографиялық өзгерістердің белең алуына байланысты ерекше мәнге ие болып отыр, себебі көптеген экономикалық дамыған елдерде кәрі адамдар саны өсуде. Геронтологияның міндеті тек қана адам өмірін ұзарту емес, сол сияқты, кәрі адамдардың қоғамдық өмірге және еңбек қатынастарына белсенді араласуына көмектесу, яғни олардың белсенді және толық қанды өмір сүру мүмкіншіліктерін ұзарту болып табылады.

Геронтологияның басты міндеті адам өмірін ұзартумен қатар, қарт адамдардың еңбекке және қоғамдық қызметтерге белсене араласуына мүмкіндік беру болып табылады. Қарттылық өзгерістер ең алдымен адамның сыртқы келбетінен біліне бастайды: дене сымбаты және пішіні өзгереді, ақ шаш пайда болады, терінің серпінділік қасиеті жоғалады, көздің көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтау қабілеті төмендейді.

Мүшелік деңгейде қарт адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды, артериальды қан қысымы көтеріледі, атеросклероз дамиды. Жыныс бездерінің инволюциясы кері дамуы байқалады, жыныс және қалқанша без гормондарының түзілуі төмендейді, негізгі зат алмасуы төмендейді, асқорыту мүшелерінің жұмысы әлсірейді.

Жасушаларда судың мөлшері азаяды, иондардың белснді тасымалдануы, ДНК репликациясы фермменттер жүйесінің және тотығу реакцияларының белснеділігі, а-РНК түзілуі, ДНК репарациясы төмендейді, осының әсерінен генді және хромосомды мутациялар жинақталады.

Қартаю механизмі - бұл генетикалық, реттеу және трофикалық өзгерістердің күрделі өзара әсерлесу нәтижесі. Адамның белсенді өмірін ұзарту үшін салауатты өмір сүру, еңбек ету, дене шнықтырумен, спорт айналысу, ұтымды және үйлесімді тамақтану қажет болады.

Кейінгі уақытта генетикалық біраз жаңалықтардың ашылуына байланысты адамның өмірін ұзартуға болады деген пікірлер бар.

Қартаю кезіндегі мидың сыртқы қыртысының жүйке жасушалары азайып, глия жасушалары көбейеді. Бұл кезде мидың басқа аумақтарында елулі өзгерістер болмайды. Нейрондардың денесінде липопусцин жиналады. Осыдан келіп олардың функциялық қасиеті өзгереді, серпінділердің жүйкелер арқылы өткізілу жылдамдығы баяулайды, туйіспелерде жүйкелік медиаторлардың түзілуі және ркфлекстер әлсірейді. Сонымен бірге қартаю кезінде жадыда сақтау қабілеті бұзылады, оқуға құштарлық азаяды. Бірақ бұрынғы қалыптасқан әдет, сөз қоры, алынған білім жастың ұлғаюына қарай көп өзгермейді. Бұл кезде мидың біршама құрылымдары әртүлі өзгерістерге ұшырайды. Соның ішінде гипоталамустың өзгерістері дербес жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйенің өзгерістеріне әкеліп, адамның қартаюына бірталай ықпал етеді.

скачанные файлы (22).jpg

Қартаю кезінде эндокриндік жүйенің қызметі бір сыпыра өзгереді. Бұл кезде кейбір гормондардың өндірілуі өзгеруімен қатар, олардың реттеуші әсерлерін қабылдайтын нысана тіндер мен жасушалардың сезімталдығы өзгереді. Эндокриндік жүйенің кері байланыс бойынша өзін-өзі реттеу жолдары бұзылады. Қарт адамдарда жыныс бездерінің қызметі әлсірейді. Осыдан жыныстық гормондардың қандағы деңгейі төмендеуінен гипоталамуста гонадолиберин мен гипофизде гонадотропиннің өндірілуі артады. Бірақ бұл готмондарға жыныстық бездердің сезімталдығы төмендеген. Сондықтан олар қанда гонадотропиннің көбеюіне қажетті гормон өндірумен жауап қайтармайды.

Қарт адамдарда гипофиз бен бүйрек үсті бездерінің өзара қатынасы бұзылады. Гипофиздің ртопиндеріне бүйрек үсті бездері және кортикотероидтардың қандағы деңгейіне гипофиз, кері байланыс бойынша, әлсіз жауап қайтарады. Шеткері ағзалар мен тіндердің жасушаларында(лимфоциттер мен гепатоциттер) кортикостероидтарды қабылдайтын рецепторлар азаяды. Осыдан әртүлі қоздырғыштарға қарттардың төзімділігі төмендейді. Қартаю кезінде гипофизде тиреотропин түзілуі азаюдан қалқанша бездің қызметі төмендейді, зат алмасу үрдістерінің реттелуі бұзылады. Бұл кезде ұйқы безінің қызметі әлсіреуінен инсулин аз өндіріледі және өндірілген инсулиннің өзі қанда тез әсерсізденеді. Сонымен бірге, тіндердің инсулинге сезімталдығы төмендейді. Осылардың нәтижесінде қарт адамдардың организмінде инсулиннің жеткіліксіздігі, қантты диабеттің, инсулинге тәуелсіз 2-жиі дамиды.

Адамның жасына қарай ерте кері дамитын бездерге айырша безі жатады. Ол балаларың жыныстық эетілуінен бастап ұдайы кішірейе береді және оның атқаратын қызметі де кемиді. Бұл өзгерістер имммундық жүйеге белгілі мөлшерде ықпал етеді.

Қартаю кезінде иммундық жүйенің өзгерістері екі бағытта байқалады:

- бөтен антигендерге организмнің жауап қайтару қабілетінің төмендеуінен( иммунитеттің тапшылығымен)

- организмнің өзінің меншік тіндерінің антигендерінеқарсы иммундық серпілістер) аутоиммунитет) дамуымен байқалады.

Бұл өзгерістер лимфоциттердің, плазмалық жасушалардың қалыптымөлшерінде және қанда иммуноглобулиндердің әдеттегіден артық болуымен қабаттасады. Сондықтан қартаю кезіндегі иммунитеттің өзгерістері иммундық жүйенің реттелуінің бұзылыстарынан болады. Жасы ұлғайған адамдардың қанында аутоантиденелердің мөлшері артады. Осыдан оргнизм тіндері өзгерістерге ұшырап, оларға қарсы аутоиммундық шабуыл болады.

Қартаю кезінде организмнің улы химиялық заттардан қорғану қабілетінің әлсіреуі бауырдың микросомалық тотығу жүйесінде уытсыздандыру мүмкіншілігінің азаюынан болады. Осыдан қарт адамдар улы химиялық заттарға ғана емес, кейбір дәрі-дәрмектерге де өте сезімтал болып келеді.

images (25).jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теломерлер және теломераза: қартаю механизмдері мен организмнің жүйелік өзгерістері
Қартаю үрдісі: организм жүйелеріндегі физиологиялық өзгерістер, биологиялық жас пен салауатты өмір салты
Геронтология: қартаюдың заңдылықтары, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері
Қартаю және өлім: механизмдер, морфофизиологиялық өзгерістер мен теориялар
Қартаюдың биологиясы, молекулалық-генетикалық механизмдері және геронтология негіздері
Қартаю кезіндегі негізгі физиологиялық жүйелердің өзгерістері және алдын алу шаралары
Қартаюдың психологиялық негіздері және геронтология мен гериатриядағы проблемалар
Қартаю процесінің молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері: Хейфлик феномені мен теломерлік теория
Геронтология: егде жастағы адамдардың психологиялық ерекшеліктері және әлеуметтік-медициналық мәселелері
Физиологиялық және патологиялық өлім: механизмдері, анықтаушы және жанама белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz