Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы жайлы



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Токсикологиялық талдау
2.2. Химиялық.токсикологиялық тексеру үшін сынама алу,орап.қаптау және зертханаға жіберу.
2.3.Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мал дәрігерлік токсикологияның негізгі міндеті-жануарлар ағзасы мен улы заттар арасындағы арақатынасты талдау.Сол себепті бұл ғылым ауыл шаруашылық малдарының патологиясы,ішкі жұқпайтын аурулар секілді ғылымдарымен ұштасып жатыр.Жануарлар ағзасының уланғандағы улы заттарға қарсы әрекеті және улану кезіндегі клиникалық белгілері,жалпы мал ағзасының уға қарсы реактивтілігін зерттеу токсикология ғылымының міндеті.Мал дәрігерлік токсикологияның ең негізгі басты міндеті-ауыл шаруашылық малдары мен үй жануарларының,пайдалы жәндіктердің улануларының алдын алу бағытында атқарылатын іс-шаралар.Бұл міндет қазіргі кезде өте қауырт белең алып отыр.Мал басының уланулардан өлім-жітімге ұшырауы немесе лажсыз сойылуы салдарынан шаруашылықтар шегетін зиянды,шығынды зерттеу және ол шығындарға ғылыми талдау жасау,мынадай қорытындыға әкеліп отыр:мал басының улануынан болған жылдық шығынның 50 % ын улы химикаттармен улану,30 % ын әртүрлі патогендік саңырауқұлақтармен зақымданған азықтармен,құрамында көп мөлшерде фтор,мышьяқ,госсипол,мочевина,натрий хлориді бар минералдық азықтанулардан улану және 20 % ын улы өсімдіктермен улану құрайды екен.
1) «Токсикология» 2011 жыл Е.М.Қорабаев,Н.А.Заманбеков,Ә.М.Өтенов,Б.Д.Айтжанов,Н.К.Көбдікова,А.А.Байниязов

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы.

Орындаған: Ибрагимова А.Д
Топ: ВС-203
Тексерген:Билялов Е.Е



Семей 2015 жыл
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Токсикологиялық талдау
2.2. Химиялық-токсикологиялық тексеру үшін сынама алу,орап-қаптау және зертханаға жіберу.
2.3.Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Мал дәрігерлік токсикологияның негізгі міндеті-жануарлар ағзасы мен улы заттар арасындағы арақатынасты талдау.Сол себепті бұл ғылым ауыл шаруашылық малдарының патологиясы,ішкі жұқпайтын аурулар секілді ғылымдарымен ұштасып жатыр.Жануарлар ағзасының уланғандағы улы заттарға қарсы әрекеті және улану кезіндегі клиникалық белгілері,жалпы мал ағзасының уға қарсы реактивтілігін зерттеу токсикология ғылымының міндеті.Мал дәрігерлік токсикологияның ең негізгі басты міндеті-ауыл шаруашылық малдары мен үй жануарларының,пайдалы жәндіктердің улануларының алдын алу бағытында атқарылатын іс-шаралар.Бұл міндет қазіргі кезде өте қауырт белең алып отыр.Мал басының уланулардан өлім-жітімге ұшырауы немесе лажсыз сойылуы салдарынан шаруашылықтар шегетін зиянды,шығынды зерттеу және ол шығындарға ғылыми талдау жасау,мынадай қорытындыға әкеліп отыр:мал басының улануынан болған жылдық шығынның 50 % ын улы химикаттармен улану,30 % ын әртүрлі патогендік саңырауқұлақтармен зақымданған азықтармен,құрамында көп мөлшерде фтор,мышьяқ,госсипол,мочевина,натри й хлориді бар минералдық азықтанулардан улану және 20 % ын улы өсімдіктермен улану құрайды екен.

II.Негізгі бөлім
2.1.Токсикологиялық талдау
Құрамында улы заттары бар екендігіне күдікті барлық заттар химиялық-токсикологиялық талдау жасау үшін,тиісті зертханаларға жіберіледі.Тексеруге жіберілетін заттар әр түрлі болуы мүмкін:сұйық және қатты заттар,су,несеп,ішек-қарындағы азық қалдықтары,құсық бөліктері,әртүрлі мүше кесінділері (бауыр,бүйрек,өкпе және жүрек),, улы химикат үлгілері (қабырға және еден қырындылары,астаудағы азық) болуы мүмкін. Токсикологиялық зерттеуді облыстық және республикалық мал дәрігерлікзертханалардың химиялық-токсикологиялық бөлімдерінде,сонымен қатар,соттық медицина,соттық сараптау институттары зертханаларында жүргізуге болады.Бұл ұйымдар тексеруге жіберілген заттарды арнаулы құжаттар арқылы қабылдайды. Оған:
1.Тексерілетін заттар тізімі,иесінің аты-жөні,тұрғылықты жері және нақты керекті нәтижеге сұраныс.
2.Соттың және тергеу бөлімдерінің шешімі,соттық-ветеринариялық сою хаттамасы,ауру тарихы жіберіледі.Химиялық-токсикологиялық талдау жүргізетін мекеме текеру барысында-ағзада улы заттардың бар-жоқтығын анықтап қана қоймай,улы заттардың қай категорияға жататындығын және сандық көрсеткіштерін де анықтауға міндетті.

2.2. Химиялық-токсикологиялық тексеру үшін сынама алу,орап-қаптау және зертханаға жіберу.
Химиялық-токсикологиялық тексеруге жіберілетін барлық зерзаттар бұған дейін дәрі-дәрмек сақталмаған таза ыдыстарда буылып-түйілуі керек.Ботаникалық талдау жүргізілетін көлемді азықтарды (сабан,пішен) құрамын сақтап,бұзылмай жеткізуге ыңғайлы қаптармен жіберуге болады. Жазғы күндері алынған патологиялық зер заттардың бұзылып кетпеуін қадағалаған жөн.Суық ауа-райында және тез жеткізуге мүмкіншілік болса зерзатты фиксациялаудың керегі жоқ.Фиксация жасау үшін тек ректификатты спирт қолданылады.Басқа химиялық заттар фиксатор бола алмайды.Мысалы,хлораформ - өзі уытты зат,ал формалин улардың құрамын өзгертеді. Тексеруге жіберілетін зерзат мөлшері мал түріне қарай әртүрлі болады.Мысалы,ұсақ жануарларды (қоян,құстар,теңіз шошқасы) соймай-ақ ,тұтас күйінде жіберуге болады.Ал үлкен малдардың мүшелерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық - токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы туралы ақпарат
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы
Ветеринарлық-санитарлы экспертиза
Улану түрлері
Удың ағзаға ену жолдары
Улы заттардың жіктелуі
КҮНДЕЛІК ПЕН ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Уланған малдың сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістермен техникалық аппаратуралар
Пәндер