Шошқаның гигиенасы туралы



1. Шошқа малдарының гигиенасы
2. Шошқа шаруашылығының негізгі түрлері
3. Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар
4. Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
5. Өндірістік және еттік бағыттағы шошқаларды күтіп.бағу, азықтандыру гигиенасы.
6.Қолданылған әдебиеттер тізімі
Шошқа малдарына арналған фермаларда, әсіресе ірілендірілген комплекстерде, олардан аз шығынмен мол өнім алу үшін ерекше көңіл ветеринариялық-профилактикалық шараларға аударады. Малдардың ветеринариялық профилактикасы жалпы және арнайы шаралардан тұрады. Бұл прафилактиканың негізі – жалпы санитарлық-гигиеналық шаралар болып саналады, яғни ветеринариялық-санитарлық және зоотехникалық-гигиеналық нормативтер мен ережелерге сүйеніп, шаруашылықтың мәдениетті түрмен дамуын қамтамасыз ету.
1.Гершун В.И., Муслимов Б.М. Ветеринарная гигиена. Учебное пособие.Алматы,Қайнар, 1994.
2.Храбустовский И.Ф., Демчук В.М., Онегов А.П Практикум по зоогигиене. Уч.пособие Москва, Колос, 1984.
3 Мырзабеков Ж.Б. Сагындықов Қ.А. және т.б. Ветгигиена. Лабораториялық-практикалық сабақтардың методикалық нұсқаулары. Алматы, 2005
4.Кузнецов А.Ф., Демчук М.В и др. Гигиена сельскохозяйственных животных. Книга 1,2. Москва: Агропромиздат, 1991.
5.Мырзабеков Ж.Б., Сағындыков Қ.А. және т.б. Жалпы зоогигиена. Оқу құралы. Алматы, 1992.
6. Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш. Ветеринариялық гигиена. Алматы, 2005
жолдары. Шетелдегі және ТМД елдеріндегі жылқы өсірудің озат тәжірибесі.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Шошқаның гигиенасы

Орындаған: Сырымова.Б.Е
Тексерген: Садуақасов М.С

Семей 2015жыл

Жоспар:

1. Шошқа малдарының гигиенасы
2. Шошқа шаруашылығының негізгі түрлері
3. Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар
4. Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
5. Өндірістік және еттік бағыттағы шошқаларды күтіп-бағу, азықтандыру гигиенасы.
6.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Шошқа малдарына арналған фермаларда, әсіресе ірілендірілген комплекстерде, олардан аз шығынмен мол өнім алу үшін ерекше көңіл ветеринариялық-профилактикалық шараларға аударады. Малдардың ветеринариялық профилактикасы жалпы және арнайы шаралардан тұрады. Бұл прафилактиканың негізі - жалпы санитарлық-гигиеналық шаралар болып саналады, яғни ветеринариялық-санитарлық және зоотехникалық-гигиеналық нормативтер мен ережелерге сүйеніп, шаруашылықтың мәдениетті түрмен дамуын қамтамасыз ету.
Санитарлық-гигиеналық тұрғыдан жоғарғы мәдениетті шаруашылық берік азық қоры болып, зоогигиеналық талаптарға сәйкес тұрғызылған мал қоралары мен, малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне ылайықталған технологиямен және ветеринариялық-санитарлық объектілермен қамтамасыз етілген болуы керек. Шошқа шаруашылығындағы жұмыстардың ритімді (жүйелі) жүріп, жиі мал тобының алмасуы, механикаландырылған және автоматизацияланған процесстердің қолданылуы т.б. ұйымдастыру және ветеринариялық профилактикаға белгілі бір шамалы әсерлер тигізеді. Сондықтан ветеринариялық-санитарлық және гигиеналық шаралар шошқа өнімдерін өндірудегі технологиялық процесстерге кіріп, алынатын өнімдердің тиімділігі және сапасы ветеринариялық құжаттың талаптарына сай болуы керек.
Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері. Шошқа шаруашылықтары негізінен үш бағытта жұмыс істейді:
1. аяқталған өндірістік циклмен;
2. репродукторлы;
3. ет өндіру.

Өндірістік процесстері жоғарғы дәрежеде механикаландырған және автоматизацияланған, өнім алынуы толық аяқталған циклмен жүргізілетін шошқа шаруашылықтарын ірілендірілген шошқа комплекстері деп атайды.
Мұндай комплекстердің негізіне шошқа еттерін үздіксіз (поток) өндіру технологиясы жатады. Ол кездерде малдарды технологиялық циклге байланысты бір орыннан екінші орынға, немесе бір қорадан екінші қораға ауыстырып отырады, яғни ұрықтандыруға жататын аналықтарды, буаз, қысыр шошқаларды, енесінен айырған және жас торайларды кезекті мезгілдерінде бір жерден екінші орынға орналастырып отырады.
Малдарды жұқпалы аурулардан сақтандыру үшін, оларды комплекстерде бөлектенген секцияларда ұстайды да, орын алмастыру кездерінде жасалған жоспар бойынша әр секцияны тазалап, дезинфекциялаудан өткізіп отырады. Шошқа фермаларының типі және размерлері, ұстау жүйелері, және қосымша салынатын объектілері әр шаруашылықтың бағытына, жер ораймен ауа райының ерекшеліктеріне байланыстырып алынады. Бағыты бойынша шошқа шаруашылықтары тұқымдық және өнімдік болып бөлінеді.
Тұқымдық бағыттағы фермалардың міндеті шошқаларды тұқымдық және өнімдік қасиеттерін жақсартып, басқа өнім өндіретін шаруашылықтарды жоғарғы өнімді малдармен қамтамасыз ету болып саналады.
Шошқа шаруашылығында технологиялық процесстерді белгілеу кезінде, малдарды ұстау жүйелердін, азықтандыру және өсіру жолдарын ескереді. Шошқа малдарын комплекстерде ұстау жүйелері үш түрлі: бір, екі және үш фазалы (сатылы) болады. Бір фазалы ұстау кезінде торайларды 21, 26, 36 тәулік жастарында енесінен айырып, сол станокта (орында) өсіріп, семіртіп, соңынан союға жібереді де, ал аналық шошқаларды ұрықтандыру қораларына ауыстырады. Мұндай ұстау тәсілі кезінде жас малдарды бір жерден бір жерге ауыстырып топтаудың нәтижесінен туатын стресс фактордан сақтандырады.
Екі фазалы жүйемен ұстау кезінде торайларды туғаннан бастап бордақылаудың соңына дейін бір рет ауыстырады, яғни торайлары 26-36 тәуліктік жастарында енесінен айырады да, сол станокты өзгертпей, үш айлығына дейін сонда өсіріп, кейіннен бордақылау цехіне ауыстырады. Аналық шошқаларды қысыр-буаз шошқалар цехіне ауыстырады. Мұндай технология мен 12-24 мың бас шошқаларға арналған фермалар салынған.
Үш фазалы жүйемен ұстау кезінде торайларды 26-36, 45 тәуліктік жастарында (салмағы 6-18 кг) бөліп алып, ол тұрған цехінен өсіру цехіне ауыстырып 90-120 күндігіне дейін ұстап, кейін бордақылау цехіне жіберіп союға дейін семіртеді.

Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар. Шаруашылықта барлық шошқа малдары жасына, жынысына, физиологиялық ерекшеліктеріне және бағытына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
* Қабан шошқалар: тұқымдық және күйті келген шошқаларды тексеруге арналған аталықтар;
* Аналық шошқалар: - Қысыр ұрықтанбаған (шағылыстан өтпеген) аналықтар;
* Буаз шошқалар үш түрлі боп топталады: ұрықтанғаннан буаздығы анықталғанға дейінгі, буаздығы анықталған, жеңіл буаз, және туарға 7-10 күн қалғандағы-ауыр буаз шошқалар;
* Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша;
* Бордақылауға арналған шошқалар (ересек және жас) шошқа шаруашылықтарында, кәзіргі кезде негізгі шошқаларды ұстаудың екі тәсілі бар: серуенді және серуенсіз. Жер орайы, ауа райы және шаруашылықтың жағдайына байланысты шошқаларды жыл бойы қолда фермада немесе лагерлерде ұстап күтіп-бағады.
Серуенді ұстау тәсілінің станоктан серуендету және еркін (бос) серуендету түрі болады.
Станоктан серуендету кезінде шошқаларды жекелеме немесе топты станоктарда ұстап, мезгілді уақыттарда серуендету алаңдарына шығарып серуендетеді (моцион). Шошқаларды станоктарда немесе асханаларда азықтандырады. Жекелеме станоктарда торайлы аналықтарды (торайларымен бірге), ауыр буаздықтағы (туарына 10 күн қалған) және негізгі қабан шошқаларды ұстайды. Топтап ұсталатын станоктарда қысыр, үш айға дейінгі буаз, өнімдік жас шошқалар, енесінен айырған торайлар және бордақылауға арналған шошқаларды орналастырады.
Ірі шошқа шаруашылықтарында (комплекстерде) станоктардан серуендету тәсілі топтап ұсталған тұқымдық және өнімдік кабандарды, қысыр және үш айға дейінгі буаз аналықтарды арнайы бөлінген алаңдарға мезгіл-мезгіл шығарып серуендетеді.
Серуен алаңдарын қораның ық жағынан ұзын қабырғаның бойымен жасап, шошқаларды жекелеме станоктарда ұстаса, әр күтуші адамға бекітілген мал басына, ал топтап станокта ұстаған болса, әр топтағы мал басына есептеп секцияларға бөледі.
Серуен алаңдарының ауданы әр басқа шаққанда: негізгі қабандарға - 15 м², аналық шошқаларға - 10, енесінен айырған торайларға - 0,8, өнімдік және бордақылауға арналған жас шошқаларға - 1,2 м². Серуен алаңы қоршалған, ал едені бетондалған болады.
Еркін серуендету түрде ұстаған кезде шошқалар станокта ірі топтармен тұрады да, олардың еркін кіріп-шығуы үшін арнайы айналмалы станокта есік қаралып, немесе тесіктер (лаз) қалдырылады. Шошқаларды ұстау тәсіліне байланысты станоктарда, жолдарда, серуен алаңдарында немесе асханаларда азықтандырады. Еркін серуенді ұстау тәсілін, қысыр, алғашқы буаздықтың үш айлығында аналықтар, өнімдік жас шошқалар және енесінен айырған торайларға қолданады. Жылы оң түстік аймақтарда серуенді ұстау тәсілін жыл бойына пайдаланса, ал басқа зоналарда тек жаздың жылы мезгілдерінде ғана қолданады. Қысты күндері шошқаларды ауа райының жылы күндері ғана мезгілді серуендетеді.
Серуенсіз ұстау тәсілін бордақылауға қойылған 15-30 бастан станоктарда топтап ұсталатын шошқаларға қолданалды. Шошқалар қорадағы станоктарда бордақылаудың басынан аяғына дейін серуенсіз тұрады да, жолдарда немесе станоктарда азықтанады.

Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы. Шошқа малдарының қораларындағы микроклиматтың қалыпты жағдайы, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі, шошқаларды әртүрлі жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтандыруда маңызды роль атқарады.
Шошқа қораларындағы ауа температурасының тым жоғары немесе төмен болуы, олардың организмдерінің резисттентілігін төмендетіп және өсіп-жетілуін тежеп, азық шығынын арттырып, малдар жиі әртүрлі ауруларға шалдығып, өлім-жітімге ұшырайды. Аналық шошқалардың қорасында көбінесе екі температуралы режим жасалады: ірі мегежіндерге бір бөлек және емшектегі торайлар үшін жеке жағдай туғызу қажет. Мысалы, жас торайларға ауа температурасы 28ºС дан 22ºС дейін керек болса, олардың енесіне 16-18ºС температура қажет болады. Көрсетілген температурадан төмен болса, аналық шошқалардың сүттілігі кемиді. Жас төлдердің орнындағы ауа температурасының төмендеуі, олардың денесінен энергетикалық заттардың шығынын арттырады да, организмнің температурасының төмендеуіне апарып соғып, көректенуден бас тартып, өлімге ұшырайды.
Шошқа шаруашылықтарының тәжірибесінде қора ауасын қалыпты температурада ұстау үшін аралас жылыту жүйелерін пайдалануды тиімді деп санайды. Ондай жағдайда малдардың тұрған орнын едендердің асты арқылы және жоғарғы жақтан жасанды инфрақызыл сәулелерімен арнайы шамдардың іліп қойып жылытады. Торайлар жататын орнының әр станокты жылытылатын ауданы - 1,0-1,5 м², ал ол жердің үстінің температурасы 30ºС болып, біртіндеп төмендетіп, енесінен айырған кезде 22ºС жеткізеді.
Жоғарғы температура, әсіресе жазғы күндері малдарда жылу күйзелісін (стресс) тудырады, әсіресе семіз шошқаларда ондай жоғарғы температурада шағылыстан өткен мегежіндердің жатырындағы ұрықтардың алғашқы күндері сақталуын төмендетеді. Ауаның жоғарғы температурасы (27-35ºС) шағылысу кездерінде және буаздықтың алғашқы апталарында мегежіндердің эмбриондарының дамуын тежеп, туғанда торай санын азайтады. Шошқа қораларының ауасының температурасы жазғы ыстық күндерінің орташа температурасынан 5ºС артық болмауға керек. Шошқаларды жылытылмайтын қораларда ұстау, ауа райына байланысты, елеулі азық шығынына апарып соғатындығы дәлелденген (Канадада - 44 %, АҚШ - 25 %, Данияда - 10 %). Шошқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Жануарларды серуендету
Шошқаның гигиенасы жайлы ақпарат
Шошқаның гигиенасы жайлы мәлімет
Шошқаларды семірту үшін азық қолдану
Шырышты субөнімдерді тазалау
Шошқа гигиенасы
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру
Зоогигиена (ветеринарлық гигиена, ауылшаруашылық малдарының гигиенасы)
Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Пәндер