Педагог зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ ПЕДАГОГИКА-ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ 5В010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
СӨЖ
Тақырыбы:
Педагог зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті
Дайындаған: РысқалиеваА. Қ., П-405 Тексерген: Серикова Н. У.
Семей 2015-2016жж
Жоспар1. Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру
2. Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі
3. Білім берудің жана жүйесінің жасалуы.
Қосымша
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру
. Педагогика саласындағы зерттеулер деген ұғымға анықтымы беретін болсақ - бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі, болады. Осыған орай педагогикалық зерттеулердің міндеті ұғымының анықтамасы - деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру, болып табылады. .
Ал енді, педагогикалық зерттеулерді бағытталу тұрғысынан алып қарасақ ол іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) болып үш топқа бөлінеді.
Іргелі зерттеулер
нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады.
Қолданбалы зерттеулер
-
бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер.
Болжам
жоба
-
бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі
.
Педагогикада олардың қатарына - зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар - кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады
: əдіснамалық жəне іс-əрекеттік (орындау-процедуралық) . Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде - зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мəні
- оқу мен тəрбиенің теориясы жəне практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мəселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның əлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты əрі ерекше жағдайларға тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет
, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді.
Нысанға педагогикалық процесс,
педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Зерттеу мақсаты
,
объекті жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза - бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылыми жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде əлі белгісіз, педагогикалық əдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық жəне практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие
.
Зерттеулер нəтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, əдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар жəне т. б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалылық тиектері,
теориялық жəне практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына да тəуелді келеді.
Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мəні
: зерттеу объектті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мəнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық (эксперименталды-теориялық) деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.
Теориялық саты зерттеулерінде назарға
алынған нысан жөніндегі функционалдық жəне гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нəтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын-ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады.
Теорияның міндеті
- осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.
2. Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі
Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі.
Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады:
1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері; 2) теориялық зерттеу əдістері, 3) математикалық əдістер.
Педагогикалық тəжірибені зерттеу
əдістері - білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерт-теудің жолдары. Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тəжірибені зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Бақылау
- зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі.
Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:
1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу; 4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.
Бақылау түрлері:
араласа бақылау - ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы бақылау.
Сұхбат əдісі -
қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады.
Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу - сырттай орындалады
. Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді.
Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер:
1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі-
эксперимент ерекше
маңызды.
Педагогикалық эксперимент міндеттері:
1 ) жобаланған педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар
мəнін зерттеу;
2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы;
3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін өлшестіру.
Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі:
- теориялық (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын жəне денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу) ;
- əдістемелік (зерттеу əдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нəтижелерді өңдеу əдістерін нақ-тылау) ;
- эксперимент жұмысы - бірнеше тəжірибелік зерттеу əрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тəжірибені басқару жəне зерттеушілердің жауап əрекеттерін бағалау) ;
- талдау - сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Эксперимент түрлері:
табиғи (қалыпты оқу-тəрбие процесі жағдайында) жəне зертханалық - қандай да əдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді) . Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты жəне т. б. орай ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент- қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі.
Теориялық талдау
- педагогикалық құбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, əрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен ұстамдарға келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық құбылыстың мəн-жайына енеміз.
Индуктив жəне дедуктив əдістер
- эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық əдістері. Индуктив əдіс - ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив - жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.
Теориялық əдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды.
Теориялық əдіс көптеген əдебиеттермен таныс болуды талап етеді:
- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
- жалпы жəне арнайы педагогикалық əдебиеттер;
- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;
- педагогикалық мерзімді басылымдар ;
- мектеп, тəрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
- педагогикалық анықтама құралдары;
- педагогика жəне онымен сыбайлас пəндер бойынша оқулықтар мен - əдістемелік қолданбалар.
Əдебиеттермен жұмыс істеу əдістерінің түрі сан-алуан.
Олар арасында көбірек қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу - зерттелетін мəселеге байланысты іріктеліп алынған деректік əдебиеттер тізімі; реферат жазу - жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны; конспектілеу - жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар; аннотациялау - кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпар жазу; сілтеме (цитата) беру - əдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мəтінге ендіре жазу.
Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, əлі анықталмай елеусіз болған құбылыстар байланысы мен тəуелділіктері ұланғайыр, тың халінде. Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты - ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-əрекеті. Егер осы теориялық жəне тəжірибелік ізденістер аталған педагогикалық əдістер жүйесін жете білумен жүргізілетін болса ғана, педагогтың өз тəжірибесі де, басқалардың да педагогикалық ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп, талданады, соның нəтижесінде оқу-тəрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары мен жаңалықтары ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.
3. білім берудің жана жүйесінің жасалуы.
Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі - білім берудің жана жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу, т. б. ) жаңаша ойлау қалыптасуда.
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп - мұның түп қазығы, бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты және оны мектеп тәжірибесіне енгізуде шешуші орынды мұғалім қызметі алатыны анық.
Бүгінгі студент -ертеңгі маман. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру мұғалімнің теориялық білімінің болуын қажет етеді. Осыған орай, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бөлімдерінде жаңа мазмұн, оны оқыту әдістемесін студенттерге игертудің түрлі жолдары іздестірілуде.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу мұғалімнің инновациялық іс-әрекетіне байланысты мәселелер жан-жақты қарастырылғанын көруге мүмкіндік тудырып отыр. Жүйелі бағыттылық зерттеулерде инновациялық іс-әрекет креативті парадигманың жеке бас, регулятивтік-коммуникативтік және қорытынды жүйе болшегін талдауда анық айқын қарастырылады.
В. А. Сластенин мен Л. С. Подымова инновациялық іс-әрекетті шығармашылық пен кәсіпшіліктің сәйкестілік тұрғысынан қарастырады. Авторлардың айтуы бойынша, инновациялық іс-әрекет мәнін акмеологиялық тұрғыдан талдау мұғалімнің жеке бас дамуының заңдылықтарын түсінуге мүмкіншілік туғызады.
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті құрылымын қарас-тырған кезде, "инновация" және "педагогикалық іс-әрекет" деген негізгі түсініктердің мәнінің мағынасын талдауды қолдану керек деген ғалымдардың (В. А. Сластенин, Л. С. Подымова) ой-пікіріне қосыламыз. Белгілі зерттеушілердің (А. А. Бодалев, Ф. Н. Гоноболин, В. А. Кан-Калик, С. В. Кондратьева, Н. В. Кузин және т. б. ) еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы туралы түсінік жан-жақты қарастырылған. Олар мұндай қасиеттерге жатқызатындары: жалпы және кәсіби мәдениет, педагогикалық бағдарлылық, моральдық қасиеттер, ди-дактикалық қасиеттер, ерік қасиеттсрі. Сөйлеу қабілеттері, ұйымдастырушы-лық, коммуникативтік, педагогикалық елестету.
Бұл ғалымдардың еңбектерінде іскерліктің екі үлкен тобы жіктелгені көрсетілген: операциялық және жеке бас. Бірінші топ білім беру үрдісіне жататын болса, екінші балалармен, ата-аналармен, мектеп оқушысымен нәтижелі қарым-қатынас құруға қажетті әлеуметтің және жеке бас іскерліктері жатады.
И. Ф. Исаева, И. М. Шиянова, А. И. Мищенконың зерттеулерінде инновация-лық іс-әрекеттің құрылымында іс-әрекеттің жеке бас және операциялық аспектілердің өзара байланысы қарастырылады.
Инновациялық іс-әрекет сонымен қатар, жаңашылдықты іздеп шешугедайын болу қасиетімен де тығыз байланысты.
Ал іс-әрекеттің "негізгі құрастырушысы" ретіндс Б. Ф. Ломов мыналарды бөліп көрсетеді: мотивті, мақсатты, жоспарлауды, күнделікті мағлұматтарды өңдеуді, оперативті бейнелеуді, шешім қабылдауды, іс-әрекеттерді, қорытын-дыны тексеру және әрекеттерді түзету.
Біздің ойымызша, жалпы іс-әрекеттің осы құралы бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетіне тән. Автордың айтуы бойынша, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің диагностикасында ескерілетін бірнеше ережелер қатары бар:
1. Өз қызметін және әріптестерінің қызметін оның жоғарыда сөз болғандай тиімділігін бірізді талаптар бойынша жан-жақты бағалауға үйрету.
2. Ұжымдық істі ұжымдық талдау жасауға, өз жұмысының өзіндік талдауына үйрету маңызды.
3. Өзінің кәсіби қасиеттерін өзіндік бағалау мен өзіндік тануға көшу, өзіне және басқаға талап қоя білуге үйрету.
4. Мұғалімдердің инновациялық қызметін бағалау белгілеріне сүйеніп, педагогикалық кызметті сараптау бағалауға тарту.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz