Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау туралы мәлімет


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

\

БӨЖ

Тақырыбы: Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау

Орындаған:Махметов Нуржан

Тексерген:Муратбаев Д. М

Тобы:ВС-303

2015 жыл

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 Жылқы, ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері

2 Иттен қан алу

3. Қояннан қан алу

4 Эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ)

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Малдан қан алу үшін қан алынатын жердің жүнін

қырқып, немесе қырып, теріні спиртпен тазалайды да, тамырды

стерильденген арнаулы инемен теседі. Қанды аз мөлшерде алған жағдайда

малды онша күш жұмсамай ұстаған дұрыс. Кейбір жағдайларда ұсақ мал

мен құстан қанды тікелей жүрек қарыншасынан алады.

Жылқы, ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері. Аздаған қанды

құлақтың вена тамырларынан алады. Тамыр орналасқан жерді тазартқан

соң, оны арнаулы инемен теседі де, шыққан қан тамшысын шыны

түтікшемен сорып алады. Тамырдан шыққан бірінші тамшыны құрғақ таза

мақтамен сүртіп тастаған жөн, сонда қан тамшысы жайылды, оны сорып

алу оңайлайды.

Көп қанды ойыс венадан алады. Ол үшін малды қимылдамайтындай

етіп байлайды да, теріні тазартып, қан алатын тамырды бас бармақпен баса

ұстайды. Қан тамырға жиналып, тамыр анық көрінеді. Арнайы

стерильденген инемен тері мен тамырды көлбей теседі (ине шамамен 45º

бұрышпен қадалу керек) . Қан аға бастаған инеге таза ыдысты тосып,

керекті мөлшерде қан алады. Соңғы кезде қан алу үшін арнаулы аспап -

автоматтар пайдаланады.

Созылмалы тәжірибелерде терең орналасқан қан тамырларынан

(қақпалық, бауыр, артқы қолқа, мес қарын тамырлары және басқа

веналардан) ұзақ уақыт қан алу үшін қатетерлеу әдісі қолданады.

Иттен қан алу. Иттен (мысықтан) қанды аз мөлшерде

құлағының ұштарынан алады. Көп мөлшердегі қанды асық жіліктің сырт

жағын ала, тірсектен төмен орналасқан сирақ венасынан алады. Итті бір

бүйіріне жатқызып, немесе станокқа бекітіп, аяқтарын қолмен қыса ұстап,

тірсектің төменгі жағынан резеңке бұрау салады да, инемен алдымен

теріні, одан соң венаның қабырғасын тесіп, қанды шрицпен сорып алады.

Қояннан қан алу . Қояннан қанды аз мөлшерде құлағының ұшын

тіліп, немесе құлақ венасынан алады. Бұл кезде қоянды сүлгімен орайды,

немесе басы шығып тұратынарнаулы тесігі бар жәшікке отырғызады.

Құлақты ала жылы суға салып, немесе ксилолмен (спиртпен) сүрткен жөн.

Қанды көп мөлшерде кеуде венасынан алады. Ол үшін

операцияылық алаңды ( шынтақ төмпешігінің үшінші қабырғаға дейін)

дайындап болған соң, венаны саусақпен басып тұрып, инені қан ағысына

қарсы бағытқа көлбеу енгізеді.

Кейде қанды тікелей жүректің өзінен алады. Қаннан 15-20 мл-ге

дейін қан алуға болады.

Қанның үлес салмағын анықтау . Гаммершлагтың, Мухинның, Филиппстің ареометрлік әдістерімен немесе пикнометрлік әдіспен зерттейді. Филиппс әдісі (мыс сульфатының әртүрлі салыстырмалы тығыздықтағы ерітіндісін қолдану) оңай, әрі қарапайым болып есептеледі. Дені сау малдардың қанының салыстырмалы тығыздығы (г/см3) мүйізді ірі қараларда 1, 047-1, 055; қойларда 1, 042-1, 052; жылқыларда 1, 045-1, 055; түйелерде 1, 048-1, 055; шошқаларда 1, 042-1, 060; иттерде 1, 044-1, 056; ешкілерде 1, 044-1, 053 және тауықтарда 1, 039-1, 057 шамасында болады. Салыстырмалы тығыздықтың көтерілуі қан қойылғанда, қызбада, экссудат, транссудат түзілгенде, нефритте, күйіктерде байқалады. Ал салыстырмалы тығыздықтың тӛмендеуі анемияда, гемолиздік сары ауруда, кахексияда, гидремияда анықталады. Тотияйынның қаныққан ерітіндісін дайындайды, бұл үшін 900 г 5 -сулы тотияйынды ұсақ ұнтақ етіп үгітеді, 1250 мл дистилденген су құйып, шыны таяқшамен 5 минут уақыттай араластырады. Ерітіндінің температурасын 0, 5°С дәлдікке дейін өлшеп, оны тез арада тұнбасынан бӛліп құйып алады, содан кейін қағаз немесе мақта арқылы сузеді. Алынған ерітіндіден тығыздығы 1, 100 тең негізгі стандартты ерітіндіден 529 мл алып, оған дистилденген су құйып, 1 л жеткізеді. Температураға байланысты ерітіндінің басқа да мөлшерін алуға болады, мысалы: 15, 5°С - 525 мл; 16°С -521 мл; 16, 5°С - 516 мл; 17°С - 512 мл; 17, 5°С - 508 мл; 18°С - 504 мл; 18, 5°С- 500 мл; 19°С - 496 мл; 19, 5°С - 492 мл; 20°С - 488 мл; 20, 5°С - 484 мл; 21°С -480 мл; 21, 5°С - 477 мл; 22°С - 473 мл. Heгізгі стандартты ерітіндіден тығыздығы 1, 030-дан 1, 075 дейінгітотияйынның жұмыс ерітіндісін дайындайды. Бұл ерітінділерді алу үшінөлшеуіш колбаға стандартты ерітіндінің сонша миллиметрін өлшегенде соңғы екі саны дайындалатын epітінді тығыздығына сай келіп, 1 мл азайтылады және 100 мл дейін дистилденген су құйылады. Мысалы, тығыздығы 1, 050 ерітінді дайындалғанда 49 мл (50-1) негізгі стандарт ерітінді алынып, оған 100 мл дейін дистилденген су қосылады. Ерітінділердірезина тығындармен тығындалған қара түсті шыны ыдыстарда сақтайды. Тексеруге гепаринмен, натрий оксалатымен және трилон Б-мен тұрақтандырылған қанды қолдануға болады, цитратталынған қан зерттеуге жарамайды.

Көз түтікшесіне зерттелінетін қанды сорып алып, оны тотияйынныңжұмыстық epітіндісі бар пробиркаға ауыстырады, содан кейін мұқият epiтіндібетінен түтікше ұшын 1 см қашықтықта ұстап тұрып, түтікшеден бip тамшы 59қан тамызады. Шыққан тамшы 2-3 см тереңдікке түсіп, одан әpi тереңге шөгеді (қан тығыздығы epiтінді тығыздығынан көп) немесе жоғары көтеріледі (қанның тығыздығы ерітінді тығыздығынан аз) . Осындай жолмен, тамшы ортада қалатын ерітіндіні табады, бұл жағдайда қанның тығыздығы ерітінді тығыздығына сәйкес келеді.

Эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ)

Эритроциттердің тұнуы дегеніміз - қанның ұйымаған күйінде эритроциттердің тамыр түбіне тұну қасиеті. Эритроциттердің тұну үрдісі 3 фазада өтеді:

- бірінші (бастапқы) - ауыр күштің нәтижесінде жеке эритроциттер

сипатталады.

- екінші (тұнудың үдеуі) - қандағы эритроциттердің тұну

жылдамдығы жеке эритроциттердің ӛзара жабысып конгломерат (тиын

тәріздес бағаналар) түзуіне байланысты.

- үшінші сатыда (шӛгудің бәсеңдеуі) - эритроцит конгломераттары

өте тығыз болып шӛккен соң, осы мӛлшерден артық шӛгінді жиналуы мүмкін

еместігіне байланысты.

Эритроциттердің тұнуына қан құрамындағы ақуыздардың сандық және

сапалық өзгерістері әсер етеді. ЭТЖ альбуминдар мен глобулиндердің

арақатынасына тәуелді, қан сары суының коллоидты стабилитетті сынамасы

болып саналады. Альбуминдер эритроциттер тұнуының бәсеңдеуі үшін,

олардың ӛзара жабысуына кері әсер етеді.

Глобулиндер керісінше, эритроциттердің жаппай жабысуын қамтамасыз етіп, жылдам тұнуына ықпал жасайды. Кез-келген ауру нәтижесінде альбуминдер мен глобулиндердің арақатынасы бұзылатын болса, глобулин әсері басымырақ болып, эритроциттер жылдам тұна бастайды.

ЭТЖ жіті инфекцияларда қабыну процестерінде, ағымдағы инфекциялық созылмалы ауруларда және қан - тамыр жүйесі ауруларында жоғарылайды. Фибриноген құрамындағы глобулиндер санының артуы ЭТЖ жоғарылатады, ал олардың құрамы азайып, альбуминдердің көбеюі - ЭТЖ төмендетеді. Эритермия және симптоматикалық сусыздану эритроцитоз кезінде, қан pH төмендеуі - ацидоз (жүрек жетімсіздігі) кезінде ЭТЖ бәсеңдеуі байқалады. ЭТЖ бағалау үшін қандағы эритроцит санын білу қажет, өйткені эритроциттердің қалыпты шӛгуі оның санына байланысты.

Пирогов - Новинский формуласы бойынша эритроцит саны мен ЭТЖ

байланысты:

ЭТЖ мм/сағ = 42- 7, 5 х Э

Э - эритроцит саны (миллион)

Эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау -антикоагулянт қосылған қан тұнған кезінде екі қабатқа, яғни, төменгісі -эритроциттер, жоғарғысы - мӛлдір плазмаға бӛліну қасиетіне негізделген.

Әуелі байланыспаған бос клеткалар шөгеді, сосын агломерация нәтижесінде

тұну жылдамдығы жоғарылайды. Тұнба тығыздалған сайын шөгу жылдамдығы төмендейді. Тұну жылдамдығы қанның құрамы мен қасиеттерінің өзгеруіне байланысты болады. Қанда глобулиннің, фибриногеннің көбеюі, резервті сілтіліктің жоғарылауы, эритроциттердің

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамдағы доминантты және рецесивті белгілер
Пациентті тексеру әдістері
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау
Наноматериалдар өндірісінде қауіпсіздікті қамтамасыздандыру және бақылау
Қой сүтінің құрамы мен қасиеттері
«Математикалық модельдер және сандық әдістер байланысы туралы»
Мейіргерлік үрдіс кезеңдері
Криминалистикалық диагностика теориясы ғылыми шешім ретінде
Химиялық талдау химия әдісі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz