Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы :Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту. Жеке кәсіпкерлік туралы заң.
Тексерген:Есенбекова. З. Ж
Орындаған:Тұрсағатоыв Қ.
Тобы:ТК-421
Семей қаласы- 2015 жыл
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту. Жеке кәсіпкерлік туралы заң.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры - бейкоммерциялық қаржы ұйымы. 1997 жылы сәуірде Алматыда құрылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасып, дамуын ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалатын мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану мақсатын көздейді. Қордың акциялары түгелдей мемлекетке тиесілі. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңына сәйкес қордың негізгі міндеттері: жобалық қаржыландыру; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен кішігірім несие ұйымдарының желісін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілері 2-деңгейдегі банкілерден несие алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін құру; қаржы лизингін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақыл-кеңес беру, оларды кәсіпкерлікке баулу; шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу операцияларын бірлесіп қаржыландырудың кепілді жүйесін дамыту. Қордың барлық облыс орталықтарында аймақтық бөлімшелері, Астанақаласында өкілдігі, 39 аудан орталығы мен облыстық бағыныстағы қалаларда 40 өкілі жұмыс істейді. Қордың негізгі бағдарламалары республикалық бюджеттен арнайы бөлінетін қаражаттан, халықаралық және отандық қаржы институттарының бағдарламалары бойынша түсетін қаражат есебінен қаржыландырылады. Бүгін таңда қордың несие қоржыны мына бағдарламалардың есебінен қалыптасып отыр: Еуропалық Жаңғыру және Даму банкінің Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы; Азия Даму банкінің ауыл шаруашылығы секторына арналған бағдарламалық қарызының ҚҚ траншы; Отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін республикалық бюджет есебінен несиелендіру, соның ішінде әйелдердің кәсіпкерлік қызметін несиелендіру бағдарламасы; шағын қалаларды дамытудың 2004 - 06 жылдарға арналған бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін қордың меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру; шағын кәсіпкерлікті Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, ортақ қаржыландыру бағдарламасы. Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін меншікті қаражат есебінен қаржыландыру бойынша негізгі бағдарламалары: “Қазақстан кішігірім несиелендіру (микронесиелендіру) жүйесін дамыту” бағдарламасы - кішігірім несиелендіру жүйесін дамыту арқылы экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және халықтың кәсіпкерлік бастамасын ынталандыру; “Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2-деңгейдегі банкілер беретін несиені кепілдендіру” бағдарламасы - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің коммерц. банкілер мен басқа да қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелері бойынша қордың кепілдіктерін беру жолымен шағын бизнес аясына көп көлемде ресурс тарту; “Жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі” бағдарламасы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясатының басым бағыттары бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржылық қолдау; “Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдістемелік, ақпараттық-талдау, ақыл-кеңес беру тұрғысынан қолдау” бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының құрамдас бөлігі ретіндегі ақпараттық қолдаудың, сапалы оқытудың және ақыл-кеңес берудің кешенді жүйесін қалыптастыру.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры (ШКДҚ) Үкіметтің, қазақстандық заңи тұлғалар мен кәсіпкерлердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды күшейту және жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамырдың 6-сындағы Жарлығын атқару үшін құрылған. Аталған Қордың негізгі қызметі шағын бизнес жобалары бойынша дербес, сондай-ақ екінші деңгей банктерінде конкурстық негізде Қор қаражаттарын шарттасымды орналастыру арқылы кредиттер беруге бағытталған. Қорды құру туралы Үкіметтің қаулысында Қаржы министірлігінің Мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару департаментіне 1997 жылдың Імаусымына дейін банктік емес қаржы мекемесі ретінде жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамакционерлік қоғам нысанында Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру табысталынған болатын.
Қор іскеасыратын бағдарламалар:
- Қазақстанда шағын бизнестідамыту бағдарламасы бойынша шағын кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы секторы үшін халықаралық қаржы институттарының кредиттікжелісі;
- бюджеттік қаражаттардан шағын кәсіпкерлік субъектілерін (соның ішінде әйел кәсіпкерлігін) кредиттеу бағдарламасы ;
Қордың меншікті қаражаттары есебінен шағын кәсіпкерлік , соның ішінде:
- факторинг;
- қаржылық лизинг(таза және қайтарылатын лизинг) ;
- қаржыландыру;
- екінші деңгей банктерімен шағын кәсіпкерлік субъектілердің жобаларын ортақ қаржыландыру;
- шағын кәсіпкерлік субъектілердің ойдағыдай жобаларын қайта қаржыландыру;
- шағын кәсіпкерлік франчайзинг жобаларын қаржыландыру;
- жұмыс істеп тұрған бизнестің айналым қаражаттарын қаржыландыру;
- шағын кәсіпкерлік субъектілердің шығындарын кейін 50 пайызға дейін өтейтін сапаның халықаралық стандарттарыненгізуді қаржыландыру;
- Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша қаржыландыру;
- әкімяттармен бірлесіп шағын кәсіпкерлік субъектілерді ортақ қаржыландыру бағдарламасы;
- микрокредиттеу;
- кепілдік беру.
Қор микрокредиттік ұйымдардың желісін құрған, микрокредиттік ұйымдарды қаржыландырады, соның ішінде қаражаттар рынокта іс-әрекет етушімикрокредиттік ұйымдардың экономикалық айқындамасын күшейтуге бағытталады, Қордың қатысуымен құрылған микрокредиттік ұйымдар қаржыландырылады.
Лизинг - Қордың қаржылық қызметі бағьттарының бірі; ірі лизингтік компаниялар майда жобаларды қаржыландырмайды, мұның өзі шағын бизнестің қаржылық-қаражаттарға кіруін шектейді. Бұл жағдайда қордың артықшылығы - төмен пайыздық мөлшерлемесінде және мәміленің ең жоғары сомасына шектелімдердің жоқтығында.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің еркiндiгiн қамтамасыз ететiн негiзгi құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектiсi болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық - құқықтық азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық - құқықтық нысанда ғана құрыла алады.
Жеке кәсіпкерлік субъектiлерi шағын кәсіпкерлік субъектiлерiне, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатқызылуы мүмкін.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субьектілері болып табылады.
Мыналарды:
- есiрткi заттарының психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті;
- акцизделетін өнімді өндіруді немесе көтерме сатуды;
- астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
- лотереялар өткізуді;
- ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;
- мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын
өндіру, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті;
- радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты
қызметті;
- банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің
қызметінен басқа) ;
- аудиторлық қызметті;
- бағалы қағаздар нарығындағы кәсібиқызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субьектілері болып танылаалмайды.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жұмыскерлерінің жылдық орташа саны осы субъектiнiң филиалдарының, өкiлдiктерi мен басқа да оқшау бөлімшелерінің жұмыскерлерін қоса алғанда, барлық жұмыскерлері ескеріле отырып, айқындалады.
Заңды тұлға құрмаған жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан астам дара кәсіпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елуден астам, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын немесе жыл бойғы активтердің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субьектілері болып табылады.
Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтердің жалпы құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субьектілері болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субьектілері жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы Заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары
Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Рспубликасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған.
Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.
Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына :
• мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер ;
• үкіметтік емес мекемелер ;
• коммер циялық мекемелер кіреді .
Функционалды бағытына қарай инфрақұрылымның институттық құрылымы былай анықталады :
• бизнестің қалыптасуы, әрекет етуі және дамуы кзеңінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау ;
• қаржылық қолдау ;
• ақпараттық - талдау жағынан қолдау ;
• кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы қолдау ;
• материал ды -техни калық жағынан қолдау .
Ұйымдастыру және функционалдық құрылымдарды салыстыра отырып біз инфрақұрылым институттарының Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту процессіне қатысу матрицасын құрастыра аламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz