Гүлді өсімдіктердің аурулары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ОСӨЖ

Тақырыбы : Гүлді өсімдіктердің аурулары

Орындаған :Байкероева А

Тексерген : Есегулова Н. Ж

Группа : АГ-213

Семей 2015 ж

Жоспар :

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Гүлдің фузариоз ауруы
  2. Ақ шірік ауруы
  3. Гүлді өсімдіктердің зиянкестері және ауруларымен күресу заттары және тәсілдері3. 1. Инцектицидтер3. 2. Темекі түтіні3. 3. Фунгицидтер

Қортынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Өсімдік ауруларының қоздырғыштары саңырауқұлақ және бактерия сияқты паразиттер болып табылады. Аурулармен күрес өсімдіктерді фунгицидтермен бүрку және тозаңдандыру, тұқымды себу алдында дәрілеу, топырақты термиялық және хмииялық дезинфекция арқылы жүргізіледі.

Basіdіomycetes класының Puccіnіa туысына жататын саңырауқұлақтар тарататын аса зиянды және кең таралған кесел - өсімдіктердің тат аурулары. Тат өсімдіктің жер бетіндегі бөлімдеріне, оның ішінде гүліне, жемісіне түседі. Ауру белгілеріжапырақ пен сабақта және масақтыңқ ауыздарында ақшылсарғыш (сары тат), қоңырқай (жапырақ немесе қоңыр тат), қызғылт-қоңырқай (сабақ таты) түсті, көлемі әр түрлі күлдіреуіктер түрінде байқалады. Олар, әсіресе астық дақылдарында көп кездеседі. Сары тат көбінесе оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда күздік бидай егісінде кеңт аралған. Қоңыр тат солтүстік, шығыс және батыс аймақтарда жаздық бидай егістерін жиі шарпып, өнімге айтарлықтай зиян келтіреді. Тат ауруына жүгері, күнбағыс, қарақат, таңқурай, алмұрт, алма, т. б. Шалдығады.

Фузариоз - Fusarіum туысына жататын саңырауқұлақтар тудыратын өсімдік ауруы. Бұл ауруға мәдени және жабайы өсімдіктер мен дақылдардың әр түрлі мүшелері шалдығады. Фузариоз қоздырғышы топырақта, өсімдік қалдықтарында тіршілік етеді. Ол өсімдік тамырында саңырауқұлақ жіпшелері, хламидоспорасы түрінде сақталып, жапырақ пен сабаққа су және қоректік заттар тасымалданатын өткізгіш түтікшелерді бітейді, сол себепті өсімдік солып, қурап қалады. Фузариозды солуға мақтаның жіңішке талшықты сорттары, орамжапырақ, картоп, дәнді бұршақ және асқабақ, т. б. шалдығады. Фузариоз шірімесі дәнді астық дақылдарын, қауын, қарбыз, қияр, қызанақты зақымдайды. Фузариоз топырағы тығыз, ылғалы мол егістіктерде көп кездеседі. Өсімдіктің тамыры мен тамырсабағын шірітеді. Фузариозға шалдыққан өсімдіктің масағы солып, тамыры шіриді, дәні босап, егістік көктемей қалады. Күрес шаралары: ауыспалы егіс жүйесін дұрыс пайдалану, тұқымды гранозан немесе меркуранмен, фунгицидпен дәрілеу, егістікті өсімдік қалдықтарынан мұқият тазарту, тазарған және залалсызданған тұқым себу, фосфор-калий тыңайтқыштарын шашу керек.

Ақ шірік - күнбағыс, соя, үрме бұршақ, зығыр және тағы басқа өсімдіктерде, сонымен қатар қоймадағы көкөністерде саңырауқұлақ салдарынан болатын өте хауіпті ауру. Ақ шірік өсімдікті істен шығарады. Күресу жолы: ақ шірік жұққан тұтас өсімдікті немесе оның бөлімін отап құрту, тұқымын тазалау, екінші дақыл егу, овощтар сақталатын қойманың температурасын 1-3 градуста ұстау және оны желдетіп тұру.

Гүлді өсімдіктердің зиянкестері және ауруларымен күресу заттары және тәсілдері

Зиянкестер және ауру қоздырғыштарын жою улары түрлі тәсілдермен жүргізіледі.

Инсектицидтер (лат. insectum - жәндік және caedo - жою) - зиянды жәндіктерді құртуға арналған химиялық заттар. Организмге ену жолына байланысты Инсектицидтер бірнеше топқа ажыратылады.

  • Жанасу инсектицидтері - жәндіктердің сыртқы тері
  • қабаттарымен
  • жанасуы арқылы енеді; олар шанышқылы - сорғыш ауыз
  • органдары бар
  • жәндіктерді (биттер, қандалалар) жоюға арналған.
  • Ішек инсектицидтері - инсектицидтерімен өңделген
  • өсімдіктерді немесе
  • уландырылған жемдерді жеуі арқылы жәндіктердің
  • асқазан-ішек жолына
  • енеді; олар кеміретін жәндіктерді (шегірткелер, қоңыздардың
  • дернәсілдері мен ересектері, көбелектердің жұлдызқұрттары)
  • жоюға
  • арналған.
  • Жүйелі инсектицидтер - өсімдікке топырақтың тамыры
  • арқылы немесе
  • беткі жағынан өсімдіктің сөлі мен ұлпалары арқылы еніп,
  • жүйке-талшық
  • жүйесі бойына тарайды.
  • Фумигантнемесе тыныс инсектицидтері - жәндіктердің
  • организміне бу,
  • газкүйінде деп алу органдары арқылы енеді.

Инсектицидтердің көпшілігі органикалық заттардан тұрады, оларды синтетика жолмен алады. Солардың ішіндегі маңызы зор болып табылатын хлорлы органик және фосфор органик. Инсектицидтер қазір күшәла мен фтор қосылыстары бар органикалық емес инсектицидтер қолданылмайды. Бір қатар хлорлы органик. Инсектицидтер (альдрин, дильдрин, т. б. ) мен ДДТ-ны (химиялық препарат) пайдалануға барлық дамыған елдерде тыйым салынған. синтетика аз (1 га-ға 25-тен 200 га-ғадейін) . (бүрку, себу, тозаңдату, фумигация) . Инсектицидтерді мен .

Темекі түтіні - жапырақ биті, трипске қарсы қолданылады. Ол үшін биттеп жатқан сүректі жерлерде ылғалды темекі жапырағын өртейді. Жылыжайдың 100 шаршы метр ауасына 400 г темекі түтінін алады.

Темекі түтініне қылқан жапырақтылар, гелиотропер, басқа да жас нәзік жапырақтары бар өсімдіктер сезімтал болып келеді. Екінші қайтара аз мөлшерде түтіндету жақсы нәтиже береді.

Фунгицидтер (лат. fungus - саңырауқұлақ және caedo - өлтіру) - мәдени дақылдарды саңырауқұлақ қоздыратын аурулардан қорғау үшін қолданылатын химиялық препараттар. Құрылымы жағынан фунгицидтер органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді. Ертеде фунгицидтер ретінде мыс пен темірдің, күкірт пен мырыштың бейорганикалық қосылыстары қолданылған. Қазіргі фунгицидтер түрлерінен: формальдегид, беномил, триазол, карбендазим, триадимефон, флутриафол, приоклостробин және сынап пен хлор, т. б. элементтердің органикалық қосылыстары, тилт, альто-супер, рекс, фалькон, скор, импакт, ридомил МЦ, т. б. пайдаланылады. Бұлардың көпшілігі өсімдікті аурудан қорғаумен қатар оны сол аурудан айықтыра да алады және бір дақылда ауру түріне байланысты бірнеше фунгицидтер қолданылуы мүмкін. Фунгицидтердің әсері бүркілген соң 1 - 2 сағат аралығында өсімдік мүшелеріне сіңіп, қорғау мерзімі 20 - 30 тәулікке дейін жетеді. Фунгицидтертер жиі қолданылатын ауруларға: астық дақылдарында кең таралған сары, қоңыр және сабақ таттары, септориоз, көкөніс пен бау-бақша және жеміс-жидек дақылдарындағы фитофтороз, мильдю, таз қотыр, монилиоз, сұр шірік, т. б. жатады. Фунгицидтер қолдану мөлшері мен мерзімі және жиілігі арнайы тексеруден өтіп, рұқсат етілген пестицидтер тізімінде көрсетіледі. Фунгицидтертер ағаштан жасалған құрылыс материалдарын, теріні, т. б. өңдеуге де қолданылады.

Қортынды

Өсімдіктің реңсіздігі, нашар өсуі оның қолайсыз жағдайда екендігінің белгісі, мұның негізгі себебі дұрыс күтіп-баптау болып табылады. Жарықтық жеткіліксіздігі, өлшеусіз суару немесе мерзімді суармай қуратып алу, желдің өті, температураның күрт өзгеруі, сондай-ақ артық-кем қоректендіру - өсімдікті әлжуазданырып, зиянкестер мен аурулардың өршуіне әкеп соқтырады. Дұрыс күтіп-баптаған үй өсімдіктері ауруға шалдықпайды. Бірақ инфекңияның немесе зиянкестердің жаңа кесінділермен немесе өсімдіктермен бірге келіп, таралуы да мүмкін. Кейбір зиянкестердің пайда болғанын бірден байқау қиынға түседі, сондықтан мұндай жәндіктер өсімдіктерге орасан зиян келтіріп үлгереді. Гүл шаруашылығында маңызы бар өркендердің ерекшелігінің ішінде өсімдіктердің түрлі тіреулер арқылы бой көтеруін атап өту керек. Мұртшаларымен бұралатын және жабысатын өсімдіктер алпауыт сәндік мәнге ие. Түріөзгерген өркендер - тамырсабақ, түйнек және бадана - гүлді өсімдіктердің техникалық тәсілдерінің толықтай қатарының объектісі болып саналады. Осы түріөзгерген өркендер көбею үшін ғана емес, сонымен қатар гүлдейтін өсімдіктер даналарын ерте алуға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гүлді өсімдіктердің аурулары туралы
Бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау
Ауру малға тәжірибе қою
Гүлді өсімдіктердің аурулары жайлы
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет ғұрыптарды қалыптастыра отыру
Суккулентті бөлме өсімдіктерін өсіру
Қазтамақ тұқымдасы
Ағаш бұтақтарын дұрыс кесу
Бөлме өсімдіктерін күту және баптау жолдары
Қазтамақ тұқымдасының түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz