Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: 1. Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері; 2. Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер; 3. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.

Орындаған: Әбілмажинова Ж. С.

Тексерген: Қалиева С. Е.

Тобы: ФИ 403

Семей 2015ж

Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері

Тұрақты сөз тіркестері қанатты сөз, мақал-мәтелдер, идиомдар аз сөзбен көп мағынаны білдіреді, тілдің стильдік сапасын арттырады.

Мақал-мәтел-астарлап, кестелеп айтатын ойдың бейнелі көрінісі.

Мақал көбінесе тиянақталған қорытынды ой ретінде, сөйлем түрінде келеді. Мысалы, көп сөз - көмір, аз сөз- алтын, жақсыдан үйрен, жаманнан жирен, аңдамай сөйлеген ауырмай өледі т. б.

Мәтел формасы жағынан бейнелеп сөйлеудің элементі сияқты. Онда ой аяқталмай келте қайырылады. Ұзын арқау, кең тұсау, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен.

Сөз өнерінің асылы мақал-мәтелдер ақын- жазушылардың стилінің қалыптасуына ықпал жасайды. Бұл жайында М. Горкий Менің жазуды қалай үйренгенім жөнінде деген мақаласында былай деп жазады: «Асылында, мақал- мәтелдер еңбекші халықтың тұрмысындағы басынан кешіргенін, көргенін, саяси-әлеуметтік тәжірибесін қалыпқа шебер құяды, сол себепті жазушының бұл материалмен танысуы өте қажет, өйткені бұл материал бес саусақты жұмып, жұдырығыңды түйгендей сөзді сығымдауға үйретеді, өзгелердің солай сығымдап айтқан сөздеріндегі астарын аша біліп, дәуіріміздің міндеттеріне зиянды өлі пікірлерді әшкерелеуге үйретеді. Өз басым мақалдан көп нәрсе үйрендім, басқаша айтқанда, ойларымды нақыл сөзбен жұп-жұмыр етіп бере білуді үйрендім. »

Фразеологизмдер-сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын қажетті құрылыс материалы. Ал оның бейнелегіш- мәнерлегіштік сипаты әсіресе көркем және публицистикалық шығармаларда айқын көрінеді. Фразеологизмдер- сөз шеберлері суреткердің көркем образ жасу үшін қолданатын эмоционалды-экспрессивті құралы.

Қоғамдағы адамдардың еңбек процесінде өзара түсінісіп, пікір алысуының еңбекті ұйымдастыруда, еңбек өнімін арттыруда ерекше маңызы бар. Белгілі тілдің сөздік құрамына енетін, сол: тілде қолданылатын сөз байлырын, халық қазынасын іріктеп ұстаудың, дұрыс пайдаланудың жазу, сөйлеу тілінде ерекше зор маңызы бар.
Қазақ тілінің сөз байлығын сарқа пайдаланған ақын, жазушы жоқ және қазақ тіліндегі сөздер толық жиналып, әр сөздің мағыналары есепке алынатын түсіндірмелі сөздік толық жасалған жоқ. Сөйте тұрса да, тілдегі бар сөздерді әркім өзінің керегінше, өзінің білгенінше пайдаланады.
Белгілі идеяны, пікірді білдіру үшін жалпы халықтық тілдің сөз байлығындағы сөздерді шығарманың түріне сәйкестеп іріктеп, екшеп, талғап пайдаланудан туатын лексикалық ерекшеліктерді стильдік ерекшеліктер дейді.
Жазба әдеби тілдің стилі ауызша сөйлеу тілден белгілі дәрежеде ерекше болып келеді. Ауызша сөйлеу тілде қолданылатын жеке сөздер мен сөйлемшелерді жазба әдеби тілде қолдануға болмайды. Мысалы: нан же, тағы бір acan жібер, төрге шық, оттама (сөйлеме) т. т.
Көркем шығарманың тілі ғылыми шығармалардан ерекше болып келеді. Көркем шығармада қолданылатын сөздер, көбіне, сөздің ауыс мағынасында ұсталып, әрбір сөздің мағынасы белгілі контексте ғана тиянақтальга отырады. Абай Құнанбаев «Қар жауып, күн суытып, қыс түсті» деудің орнына «Қыс» деген өлеңінде:
Ак, киімді, денелі, ак, сақалды,
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы - үскірік аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды, - деп суреттейді.
Ғылыми шығармалардың тілі, ондағы қолданылатын жеке сөздер өзінің дәл нақты мағыналарында ғана қолданылады. Ғылым тілінің стилі бейнелеу, әсірелеу скяқты көркемдік тәсілдерді қолдануды көтермейді. Ғылымдағы берілетін анықтамалар мен ережелер әрі қысқа, әрі әрбір сөзі дәл түсінікті болу керек. [1. 122-127б]

Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер

Фразеологизмдер - ұлттық тілдің айқындығын, дәлдігін, икемділігін, бейнелегіштік күшін көрсететін фразеологиялық тұлғалар. Тілдегі мұндай мағыналас тіркестерді пайдаланып, шығарманың көркем тілінің керегіне жарату сөз шеберлерінің міндеті. Ал белгілі бір жазушы тіліндегі мағыналас фраеологизмдерге талдау жасау - оның тұрақты тіркестерді талғап, таңдап пайдалану принциптері мен озіндік стиліне тән сөз қолдау ерекшеліктерінен көп мағлұмат береді. Мәселен, пародия, шымшыма шумақтар, әзіл-оспақ төңірегінде мұндай өзгешеліктер бірден көзге шалынады. Мұндағы фразеологиялық синонидер үлесі - ойдың тереңдігі мен ішкі қуатын күшейтуде таптырмайтын тіркестер екендігі. Тегінде көркемдік тұрғысынан көркем мәтіннің тілдік талдауларының ең сүбелі жері - фразеологизмдер. «мәтін ішінде мәтін» болатын тұрақты тіркестер табиғаты, окказионалдық қолданыста тым образддылыққа негізделім, сөйлеу стандартына сай келмей тұрғандай болады. Бірақ мұнда мына ерекшеліктерге назар аудару керек. Фразеологизмдер өз табиғатында қоршаған айналаны, дүниені қабылдауда адамның ұлттық мәдени ойлау ерекшелігін аңғартып жүреді. Рухани әлемнің үзік-үзік бөліктері сол ұлттың мәдениетінде сақталып қалады.

  • Түйені түгімен жұтып, шелектеп арақ ішкен сенен гөрі иманды. Қартайса да аттан түспей, көштен қалмай келеді (О. Бөкеев) .
  • Өліспей беріспек емес, тастай қатып, халықтың барша дәулеті құйылған қазанның құлағынан айрылар сыңай танытпайды

«Мұндағы қазаның құлағынан айрылмау» соны образ, жаңа тіркес, авторлық қолданыстың сәтті үлгісі. «Қазан» сөзінің коннатациясына орай, соңғы уақытта қазақ тілінде тұрақталған тіркестер бар. Мысалы: «қара қазанда қайнап өсу», «қазанның құлағын ұстау», «қазанның құлағынан айырылмау». Абай фразеологиясын зерттеген ғалым Р. Сыздық «Фразеологизмдер - сандаған жылдар мен ғасырлардың қазынасы, бұл бір жағынан, екінші жағынан, ол жеке қаламгердің табысы, еңбегі, ізденісі» - дейді. [2. 187б]

Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы

Тілдің әрі ұтымды, әрі сымбатты байлықтарының біразы - тұрақты тіркестер: мақал-мәтелдер, фразеологиялық тірестер, қанатты сөздер.

Бұларды әсіресе көркем әдебиетте, публицистикалық әдебиетте, көпшілікке арналған лекция, әңгімелерде мол пайдаланады. [3. 211б]

Фразеологизмдер көбінесе эмоционалды-экспрессивті қызмет атқарады: ашық ауыз, тас бауыр, кейде ойды әсерлі жеткізу үшін, бейнелік мағына беруде жұмсалады, ирониялық реңкке де ие болады. Мысалы, «бұл қадірсіз өлім ғой» дегеннен гөрі «бұл ит өлім ғой» десек, ой әлдеқайда өткір, өтімді келеді. Әрине ит өлім жағымсыз өлім. Бұл тіркестің контекстік мағынасында мұқату сезіледі. Б. Майлин «Күн ұясына батты» дегенді сөйлем мәнін күшейту үшін «күн ұясына кірді» деп қолданады. М. Әуезов «Жүрегінің түгі бар» дегенді күшейтіп «Жүрегінің түгі шыққан» деп әсерлі жұмсайды. [4. 345б]

Фразеологизмдер көркем сөздің ең құнарлы саласына тән ойлау нәтижесі мен халық даналығының туындысы болып саналады. Тіліміздің бұл байлығы ғасырлар бойы қорланып, толассыз дамып, толығып отыратын, әрқашан да қолданысқа дайын тұратын көркем сөз құралы болып саналады. Көркем сөз авторлары өз шығармаларында түрлендіріп, сан құбылтып, әсем де әсерлі, көркем де бейнелі сөз өрнегін жасайды.

Көркем шығарма тіліндегі фразеологизмдерді талдау, сараптау арқылы әдебиеттану жағынан қаламгердің жеке даралық стилін тануға болады. Фразеологизмдер арқылы қаламгерлер өз туындыларына ұлттық сипат беріп, стиль жасаудағы тілдік тәсілдерді колдану ерекшелігін айқындай түседі. Фразеологиялық оралымдар авторлық баяндау болсын, кейіпкер тілі болсын не табиғат суреті болсын, бәріне де өзіндік стильдік әр береді. Қаламгер жалпы халықтық тілдегі тұрақты тіркестерді қолданысқа түсіріп, оларды көріктеуші құрал, стильдік жағынан да пайдаланылады. Орыс ғалымы А. И. Ефимов : «Фразеологическое творчество писателей выражается прежде всего в обновлении привычных для слов контекстов, в которых эти слова обычно выступают. Слова, перемещенные из одного окружения в другое, претерпевают интересные смысловые и стилистические изменения. Изучение фразеологических связей слов определяют творческое своеобразие писателя . . . », -дейді. Фразеологизмдер көркем шығарма тіліне айрықша мән беріп, мазмұн дарытады, ұлттық реңк береді. Образды фразеологизмдер кейіпкер мінезін беруде авторлық баяндау кезінде жұмсалып, тілдің стильдік өрнектерін дамытады.

Ғалым Х. Қожахметова фразеологизмдердің жазушы тілінде қолданылуын былайша жіктейді:1. Фразеологизмдердің кеіпкерді мінездеуде қолданылуы. 2. фразеологизмдердің кейпкерлердің психологиялық сезім күйлерін суреттеуде жұмсалуы. 3. Фразеологизмдердің әзіл-сықақ қызметінде жұмсалуы. 4. Кейіпкердің портретін және тілдік мінездеме беруде қолданылуы. 5. фразеологиялық түйдектер- мақал-мәтелдердің кейіпкер тілінде қолданылуы. «Көзге түсетін фразеологизмдерді көркем шығармада мол қолданудың өзі ұлттық хараткер жасаудың белгісі болады, » - деп түйіндейді ғалым өз ойын.

Фразеологизмдер- ғасырлар бойы қорланып, дамыған халық даналығы, көркем сөз құралы. Дайын қолданылатын тұрақты тіркестермен қатар тілімізде жеке жазушының шығармашылығы негізінде пайда болған авторлық тұрақты оралымдар да байқалады. Лингвостилситика маманы, ғалым Б. Шалабай көркем шығарма тілін зерттеуде оған мынадай үш қырын ұсынады: таза тілдік қыр, стилистикалық қыр, көркем-эстетикалық қыр.

Осыған орай белгілі жазушы, сөз зергері, Ғ. Мүсіреповтың шығармалары бойынша фразеологизмдерді қолданудағы стильдік ерекшеліктерін қарастырсақ. Мүсірепов кейіпкердің жан дүниесін бейнелі тілмен, қуатты сөзбен ашады.

Оны түгел түсіну үшін ашса алақанында, жұмса жұдырығында тұрғандай хал керек. (ашса алақанында, жұмса жұдырығында - тәуелді болу мағынасында беріледі) . («Қазақ солдаты» романынан)

Терімізге сыймай, қабағымыздан қан жауып тұрған бізде жұмысы да жоқ . («Ананың анасы») (терісіне сыймау, қабағынан қан жауу - өте ашулы, қаһарлы жағдайда болу) .

Сен көзімнің оқырасын алып, шымылдығын аштың (көзімнің оқырасын алып, шымылдығын аштың - күмәні тарап кетті) .

Қайсар үзілді-кесілді жауап күтеді. (узілді- кесілді нақты деген мағынада) .

Ауылдарыңда Зағипа деген өсекші қатын бар емес пе, хабар берген сол қылауыз . (қылауыз -сөзшең, аузында сөз тұрмайтын адам) .

Түн бойы зығырданың қайнап, қыз алып қашатындардың біреуі кездессе деп едің ғой! (зығырданы қайнады -ашуланды) . («Боранды түнде» әңгімесінен)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ фразеологиясы
Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері.қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер.фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы туралы ақпарат
Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері. Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер
Тұрақты архетиптер фразеологиялық фразеологизмдер формалар
Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері;.Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер;.Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы
Ісмет Кеңесбаев және тіл білімі мәселелері
Фразеологизмдердің уәжділік тұрғысынан зерттелуі
Фразеологизм мен сөз және фразеологизмнің мақал-мәтелдерден айырмашылығы
Сан компанентті фразеологизмдер
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz