Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Орындаған : Биязбаев Е.
Тексерген: Ахметжанов О. Н.
Семей 2015
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ҚР-ның Ветеринария туралы зыңы
ІІІ. Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларымен күресу шаралары ҚР Президенті бекіткен (Бірінші заң 1995 жылы 25маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады) . «Ветеринария туралы заң» негізінде, Үкімет жарғылары және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринария туралы заң актілері мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Қазақстанда ветеринария саласын қадағалау органдары мемлекеттің басқаруында болады, жүргізілетін ветеринариялық шаралар жоспарлы түрде, ал аса қауіпті жұқпалы ауруларды және карантиндік шараларды қоспағанда, ветеринариялық жұмыстардың барлық түрлері бәсекелестік ортаға берілген және лицензиялауға жатады. Ветеринариялық препараттарды өндіру саласы да бәсекелестік ортаға қарайды.
Жұқпалы аурумен күресудің негізі аурудың алдын алу болып табылады. Сиыр шаруашылығында жүргізілетін ветеринариялық шаралар шаруашылықтың жоспарлы жұмыстары құрамына кіреді және мал шаруашылық мамандарымен біріге отырып жүргізіледі.
Жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларымен күресу мақсатында кешенді жалпы және арнайы шаралар жүргізіледі. Жануар ағзасының саулығын қорғау, шаруашылық мамандарының күнделікті жұмыстарының басты нәтижесі болып саналуы қажет. Жануар өнімінің өнімділігін арттыру және ның саулығын сақтау өзара тығыз байланысты.
Осыған байланысты, шаруашылық мамандары міндеттерінің қатарына мына төмендегілер жатады:
1. Жануар ауруының сыртқы және ішкі себептерін білу;
2. Кеңінен тараған аурулардың пайда болу себептерін алдын алу шараларын анықтау;
3. Қарапайым емдеу әдістерін қолдана от ырып, ауру малға алғашқы көмек көрсету;
4. Ең көп тараған жұқпалы емес аурулардың пайда болуын және алдын алу жолдарын білу;
5. Мал басын қорғау мақсатында сақтық шараларын жүргізу;
6. Ветеринариялық мамандарға арнаулы шараларды жүргізуге көмек беру;
7. Мал шаруашылығы мамандарының ветеринариялық санитариялық білімін жетілдіру.
Мал шаруашылығында ветеринариялық санитариялық талаптарды, мөлшерлерді қолдану және технологиялық үрдістерді ұйымдастыру, сапасы жоғары мал және мал өнімдерін алу мал басын көбейту және жануарларды бордақылау істері ветеринариялық білімді қажет етеді.
ҚР-ның Ветеринария туралы зыңы
Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңы ветеринария саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, ветеринария ұйымдары мен мамандары қызметiнiң құқықтық негiздерін, мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың жануарлар мен адамдар үшiн ортақ аурулардың алдын алуды, ветеринариялық-санитариялық есендiктi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, мал азығының және мал азығына қосымшалардың, ветеринариялық препараттардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мүдделерiн қорғау шараларын белгiлейдi. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Ветеринария туралы заңдар 1. Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдары Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңда барынан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады. 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың алдын алуға, диагностикасына, емдеуге және жоюға, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми бiлiмдер мен практикалық қызмет саласы;
2) сараптама актiсi - ветеринариялық қадағалау объектілерiнiң диагностикасы мен ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелерi бойынша ветеринариялық лабораториялар ветеринария саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi органдар белгiлеген нысан мен тәртiп бойынша беретiн, олардың ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат;
3) ветеринариялық препараттарды, мал азығын, мал азығына қосымшаларды сынақтан өткiзу - ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган белгілеген тәртiппен жаңа (әзiрленген) немесе жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттардың, мал азығының, мал азығына қосымшалардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау;
4) ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң қауiпсiздiгi (зиянсыздығы) - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, мал азығының, мал азығына қосымшалардың олар пайдаланылатын дағдылы (белгiленген) жағдайларда адамның және жануарлардың денсаулығына қауiп келтiрмейтiн жай-күйi;
5) ветеринариялық лабораториялар - жануарлар аурулары диагностикасын және/немесе мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектілерiнiң ветеринариялық-санитариялық сараптамасын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдар немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерi;
6) ветеринариялық төлқұжат - ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы құжат, онда жануардың иесi, жануардың түрi, тұрпаты, жасы, жануарлар ауруларының алдын алу, емдеу және диагностикасы жөнінде жүргiзiлген ветеринариялық-санитариялық шаралардың мерзiмдерi мен сипаты көрсетiледi;
7) ветеринариялық препараттар (жануарларға арналған дәрi-дәрмек құралдары) - жануарлар ауруларының алдын алуға, диагностикасына, оларды емдеу мен жоюға, олардың өнімділігін арттыруға арнап, дезинфекция, дезинсекция және дератизация ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін, жануарлардың парфюмериясы немесе косметикасы ретінде жануарлардан, өсiмдiктерден алынатын және синтетикалық заттар, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық қолайлылық - жануарлардың ерекше қауiптi аурулары болмайтын, ал жануарлардың басқа аурулармен ауыру деңгейi сол аумақ және жылдың сол уақыты үшiн сипатты аурулардың дағдылы деңгейiнен аспайтын аумақтың жай-күйi;
9) ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлiк мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау нәтижелерi бойынша, сондай-ақ ветеринариялық анықтама не олардың ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкестiгiн куәландыратын және олардың пайдаланылу режимiн белгiлейтiн сараптама актiсi негiзiнде мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық инспекторлар беретiн құжаттар;
10) ветеринариялық-санитариялық жағдай - нақты көрсетiлген уақытта, жануарлар ауруларының болуымен, олардың таралуымен және жануарлардың ауыру деңгейiнен, сондай-ақ ветеринариялық қадағалаулық бақылауындағы жүктердiң ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге арналған ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық шаралардың ұйымдастырылуы мен олардың толық шешiлуiмен сипатталатын жай-күйi;
11) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргiзу тәртiбiн анықтайтын, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген және ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi нормативтiк-құқықтық акт;
12) ветеринариялық-санитариялық сараптама - мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуiн тексеру мақсатымен жүргiзілетiн биологиялық, бактериологиялық, виросологиялық, патологоанатомиялық, токсикологиялық, паразитологиялық және радиологиялық зерттеулер кешенi;
13) ветеринариялық анықтама - ветеринария саласындағы қызметтi лицензия негiзiнде жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар беретiн және ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң ветеринариялық нормативтердiң талаптарына сәйкестiгiн көрсететiн құжат;
14) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ветеринария туралы заңдарды заңды және жеке тұлғалардың бұзуын болғызбауға, анықтауға, тыю мен жоюға, соның ішiнде мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң санитариялық қолайлылықты, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің қауiпсiздiгiн, халықтың денсаулығын және жануарларды аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлермен анықтауға бағытталған қызметi;
15) ветеринариялық препараттарды мемлекеттiк тiркеу - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сай келетін ветеринариялық препараттарды өздеріне белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттардың оларды сынақтан өткізіп тіркеу және оларға белгiленген нысанда тiркеу куәлiктерiн беру қорытындылары жөніндегi Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзу;
16) ветеринариялық препараттардың мемлекеттiк тiзiлiмi - ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган шығаратын, мемлекеттiк тiркеуден өткен Қазақстан Республикасында өндiруге немесе импорттауға рұқсат етілген мәлiметтер бар тiзбе;
17) дегельминтизация - гельминттердiң бүкіл даму сатыларында және олардың тiршiлiк ететiн жерлерiнде оларды жойып жiберуге бағытталған емдеу-алдын алу шараларының жүйесі;
18) дезинсекция - зиянды жәндiктердi жоюға бағытталған шаралар кешенi;
19) дезинфекция - жануарлардың ауруларын қоздырушы микроорганизмдердi (бактерияларды, вирустарды, грибоктарды, риккетсилердi, простейшiлердi) жоюға бағытталған шаралар кешенi;
20) дератизация - зиянды кемiргiштердi жоюға бағытталған шаралар кешенi;
21) диагностика - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртіппен қолданылатын әдiстердi, әдiстемелердi, тесттердi қамтитын және жануарлардың ауруларын бiлуге, жануарлар ауруларының қоздырғыштарын немесе ауыру себептерiн табуға (индикациялауға), анықтауға (типтендiруге) бағытталған шаралар кешенi;
22) жануарлар - ауыл шаруашылық, үйдегi, жабайы сүтқоректiлер, құстар, балықтар, жер мен судағы және жәндiктер мен жануарлар дүниесiнiң басқа да өкiлдерi;
23) инвазиялық (жұқпалы) аурулар - жануарлардың паразиттер: ең қарапайым жәндiктер, гельминттер, кене, шыбын-шiркейлер туғызатын аурулары;
24) инфекциялық (жұқпалы) аурулар - жануарлардың микроорганизмдер туғызатын және денi сау нәзiк малға тiкелей жанасатын, механикалық көшiрiлiм жағдайында немесе өзге де жолмен ауру қоздырғыш көзiнен берiлетiн аурулар;
25) карантин - iндет ошағы, жайсыз мекен және ветеринариялық-санитариялық жайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстардың шектелуiн және ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң тасылуын тоқтатуды қамтамасыз етуге, iндет ошағын жоюға, аурудың таралуына жол бермеуге және қоршаған ортадағы ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған, жануарлардың ауруы аса ветеринариялық қауiптi деп диагноз қойғаннан кейiн ауру жануарлар сауыққанға (жойылғанға) дейiн жүргiзiлетiн, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын осы Заңда көзделген уақытша шектеу белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша міндеттер жүктейтiн ветеринариялық-санитариялық және әкiмшiлiк шаралар;
26) микроорганизмдер коллекциясы (мұрағаттары, мұражайлары), соның iшiнде микроорганизмдердiң депонизацияланған штаммдарының Ұлттық коллекциясы - микроорганизмдер сақталатын орындар, оларда микроорганизмдердi кейiннен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринариялық препараттар, мал азығын, мал азығына қосымшалар әзiрлеу кезiнде авторлық құқықтарды ескере отырып пайдалану мүмкiндiгi мақсатымен олардың ұзақ уақыт бойы тiршiлiк қабiлетiн сақтауы мен қасиеттерiн жоғалтпауы қамтамасыз етiледi;
27) мал азығы, мал азығына қосымшалар - жануарлардан, өсiмдiктерден алынатын, әртүрлi нысандағы синтетикалық заттар, соның iшiнде жануарларды азықтандыруға арналған премикстер, аминдi қышқылдар, минералды және витаминдi компоненттер, олардың қоспалары;
28) мал ауруларын жою - жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының таралуын азайту және алдын алу және олардың қоздырғыштарын жою мақсатымен iндет ошағы мен жайсыз мекенде жүргiзiлген арнаулы сипаттағы шаралар кешенi;
29) жануарларды емдеу - ауыратын жануарларды сауықтыруға және аурудың пайда болу себептерiн жоюға бағытталған шаралар кешенi;
30) Халықаралық ветеринария кодексi - халықаралық сауда жүргiзу кезiнде аурулардың таратылу қаупiн болғызбау үшін сауда жасаушы әрiптестерге ең төмен ветеринариялық кепiлдiк белгiлейтiн ветеринариялық ережелердiң Халықаралық Эпизоотикалық Бюро (ХЭБ) бекiткен жиыны;
31) микроорганизмдер - жануарлардың организмiнде немесе олардың терiсiнде (жүнiнде) болатын немесе ветеринариялық препараттардың, мал азығының, мал азығына қосымшалардың продуценттерi ретiнде пайдаланылатын жануарлардың ауруларын қоздырғыштар немесе ықтимал қоздырғыштар;
32) ауру жөнiндегi жайсыз мекен (жайсыз мекен) - аумағында iндет ошағы анықталған елдi мекен, сондай-ақ жайылымдар, қыстаулар, жазғы жайлаулар;
33) ветеринариялық препараттар айналысы - ветеринариялық препараттарды өндiру, сақтау, тасу, сынақтан тiркеп өткiзу, стандарттау, сертификаттау, сапасын бақылау, жарнама жасау, сату немесе қолдану;
34) шектеу шаралары - ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң iндет ошақтары, жайсыз мекендер және ветеринариялық-санитариялық жайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды iшiнара шектеу мен тоқтатып қоюды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық-санитариялық және әкiмшiлiк iс-шаралар; бұл орайда жануарларға күдiк келтiрiлген жағдайда олардың ауруларының таралуына жол бермеу және осы Заңда көзделген уақытша нұсқаулықта жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын шектеуге жол берiлетiн және оларға қосымша мiндеттер жүктелетiн iндет ошағы мен жайсыз мекенде ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға жету мақсат етiледi;
35) жануарлардың ерекше қауiптi аурулары - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган анықтайтын, адам мен жануарларға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың көп ауруына немесе өлуiне, көп әлеуметтiк-экономикалық залал әкеп соғатын жануарлар аурулары;
36) iндеттi жағдайды бағалау - жануарлар аурулары қоздырғыштарының енуi мен таралуы шамасын анықтау және осыған байланысты биологиялық және экономикалық зардаптар;
37) панзоотия - елдiң әкiмшiлiк бөлiнiстерi аумағының көп бөлiгiнде жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының жаппай таралуы;
38) ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер - жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, мал азығы, мал азығына қосымшалар, ветеринариялық препараттар;
39) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат - жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған, өнеркәсiпте пайдалану үшiн, сондай-ақ адамдардың тамағына тиiсiнше өңделмей пайдаланылмайтын ет, сүт, балық, жұмыртқа, олардан дайындалатын шикi өнiм, ара өсiру өнiмдерi, терi, жүн, қыл, түк, ет өнiмi, түбiт, қауырсын, эндокриндiк өттер мен ішек-қарын, қан, сүйек, мүйiз, тұяқ және басқа да өнiмдер;
40) жануарлар ауруларының алдын алу (iндетке қарсы iс-шаралар) - жануарлар ауруларының пайда болуына, таралуына жол бермеуге және оларды жоюға бағытталған шаралар кешенi;
41) ветеринариялық препараттардың тіркелу сынағынан өткiзілуi - ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актілердiң талаптарына ветеринариялық препараттардың сәйкес келуін анықтау үшiн ветеринариялық саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қолданылатын әдiстердiң, әдiстемелердiң, тестiлердiң кешенi;
42) жануарлар ауруларының диагностикасы жөнiндегi референттiк және әдістемелік міндет - жануарлардың ерекше қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын үлгiлерге бөлудi (белгілi бiр түр ішiнде үлгiлiк айырмашылықты анықтауды), соның iшiнде олардың алдын алу мен диагностикасы шараларын әзірлеуді жүзеге асыру, сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілiктi диагноз қою;
43) базар (сауда жасайтын ұйымдар) - жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты, мал азығын, мал азығына қосымшаларды, ветеринариялық препараттарды сату орнын қоса алғанда, сауда-саттыққа арнайы жабдықталған орын;
44) ауыл шаруашылық жануарлары - асыл тұқымды, пайдаланылатын жануарлар, сондай-ақ ауыл шаруашылығында жануарлардан өнiмдер мен шикiзат алу үшін пайдаланылатын жануарлар;
45) ветеринария жүйесi - өз құзыреттерi шегiнде, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн белгілейтiн нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
46) шикi өнiм - жануарлардан алынатын, алдын ала өңдеген (қайнатқан, қуырған, консервiлеген, тұздаған, қақтаған, бұқтырған, кептiрген) жағдайда оны адамдардың тамағына пайдалануға мүмкіндiк беретiн еттен, сүттен, балықтан, жұмыртқадан және басқа да өнiмдерден дайындалған өнiм;
47) микроорганизмдердiң штаммы (өсiрiлуi) - ерекше қасиеттерi бар микроорганизмдердi генетикалық жағынан бiртектi өсiру;
48) iндеттiлiк мониторинг - жануарлардың нақты ауруларының асқыну заңдылықтары туралы, олардың жүрген (ұсталған/өсiрiлген табиғи-географиялық және экономикалық шаруашылық) жағдайлары туралы, ветеринариялық-санитариялық шаралардың жүргізiлуi туралы және оларды кейiннен ветеринариялық-санитариялық шараларға талдау жүргiзу және iндеттердiң немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуiн және өшуiн
(жойылуын) болжау туралы сан жөнiндегі деректердi жинау жүйесi; 49) iндет ошағы - жануарлардың аса қауiптi ауруларымен ауырған немесе ауыруы мүмкiн деп танылатын жұқпалы көздер бар немесе ерекше қауiптi аурулармен ауырған немесе ауырып өткен жануарлардан алынған жануарлардың өнiмдерi мен шикiзаты сақталатын шектеулi аумақ немесе орын; 50) iндет - белгiлi бiр әкiмшiлiк бөлiнiс аумағында жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының жаппай таралуы. 3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер Ветеринария саласындағы негiзгi міндеттер: 1) жануарларды аурулардан қорғау; 2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау; 3) республика аумағын басқа мемлекеттерден жануарлар ауруларының қоздырғыштарын әкелуден қорғау; 4) ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң қауiпсiздiгiн және олардың ветеринария туралы заңдардың талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз ету; 5) заңды және жеке тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметiн жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны ластауынан сақтандыру болып табылады. 2-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ 4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясаттың принциптерi Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) заңды және жеке тұлғалардың жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, жануарлардың, мал азығының, мал азығына қосымшалардың, ветеринариялық препараттардың ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актілердiң талаптарына сәйкес өндiрiлуiн қамтамасыз етуге экономикалық жағынан мүдделілігі;
2) ветеринариялық-санитариялық қолайлылықты қамтамасыз ету үшiн қажет болатыннан көп дәрежеде сауда жасауды шектемейтiн ветеринариялық-санитариялық шаралардың, ережелер мен нормативтердiң қолданылуы;
3) ветеринариялық қадағалаудың тәуелсiздiгi;
4) ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктiң шыққан аумағы мен оның баратын жерiнiң сипаттамасын ескере отырып, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру;
5) Халықаралық ветеринариялық кодекстiң талаптарын, басқа да халықаралық ветеринариялық нормативтер мен ұсыныстарды ескере отырып, iндетті жағдайларды объективтi бағалаудың ветеринариялық-санитариялық шараларын, ережелерi мен нормативтерiн ғылыми принциптермен әзiрлеу, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық шараларды, ережелер мен нормативтердi олар ғылыми негiзделген жағдайда халықаралық ұсыныстарда көзделгенiнен неғұрлым жоғары деңгейде қамтамасыз ету принциптерiне негiзделедi.
5-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметінің ветеринария
саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ветеринария саласындағы құзыретiне:
1) ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi шараларды әзiрлеу және қабылдау;
2) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органды белгiлеу;
3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуымен жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының алдын алу және диагностикасы бойынша республикалық бағдарламаларды бекiту;
4) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ветеринария саласындағы ынтымақтастық;
5) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы
бойынша осы Заңға сәйкес ветеринария саласындағы заңды және жеке тұлғалардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту; 6) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша бюджеттiк қаржылар есебiнен жойылу жүзеге асырылатын жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiн, алдын алуды, диагностикасын бекiту; 7) панзоотиялар пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында шектеу шараларын немесе карантин енгiзу кiредi. 6-бап. Қазақстан Республикасындағы ветеринария жүйесi Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесiне: 1) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау органдары; 2) ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың бөлiмшелерi; 3) мемлекеттiк ветеринариялық мекемелер; 4) лицензия негiзiнде ветеринариялық қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар кiредi. 7-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау органдары 1. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау органдарына: 1) ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz