Өсімдік және жануар әлемінің әртүрлілігі. негізгі жербетілік және су экожүйелері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей каласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Өсімдік және жануар әлемінің әртүрлілігі. Негізгі жербетілік және су экожүйелері
Тексерген: Нуржуманова Ж. М
Орындаған:Аземұхаметова М
Тобы: ЮР-507
Семей 2015
Негізгі жер бетілік және су экожүйелері . Тоған мен ұсақ көлдер. Зат айналымының тепе-теңдігі болмайтын, тұрақсыз экожүйенің мысалы тоған мен ұсақ көлдер бола алады. Мұндай су қоймаларында, әсіресе оларға айналадағы егіс танаптарынан тыңайтқыштар шайылып келетін болса, жағалаулық өсімдіктер мен бір жасушалы балдырлар жылдам көбейе бастайды. Өсімдіктерді суда мекендеушілер қайта өңдеп өңдеп үлгермейді де, оның қалдықтары су түбінде трофтық қабаттар түзеді. Көл суалып, біртіндеп өзінің тіршілігін тоқтатады да, алдымен батпаққа, содан соң ылғалды шалғындыққа айналады. Егер су қоймасы шағын болса, мұндай өзгерістер бірнеше жылда, жылдам жүруі мүмкін.
Теңіздер- ірі, күрделі экожүйе болып табылады. Олардың тереңдігіңе қарамай, түбіне дейін тіршілік таралған. Теңіздерде үнемі су массаларының айналымы, ағыстардың пайда болуы, жағалауларда толу мен қайту құбылыстары болып тұрады.
Күн сәулесі судың тек беткі қабатына ғана ене алады. 200 метрден төмен тереңдікте балдырлардың фотосинтезі мүмкін емес. Сондықтан терең жерлерде тек гетеротрофты ағзалар- жануарлар мен бактериялар тіршілік етеді. Яғни өндірушілердің қызметі мен редуценттердің негізгі массасы мен консументтер кеңістікте бір- бірінен алшақ орналасқан. Өлген органикалық заттар теңіз түбіне түседі, бірақ босан шығатын минералдық элементтер тек күшті жоғары қарай ағыстары бар жерлерде ғана беткі қабатқа көтеріле алады. Мұхиттардың орталық бөліктерінде балдырлардың көбеюін биогенді эелементтердің жетіспеуі шектейді. Сондықтан мұхиттың бұл аудандарындағы өнімділігі ең құрғақ шөлдердегідей төмен болады.
Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А. Д. Тенсли ұсынды. А. Д. Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т. б. ) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.
Тұщы су экожүйелері- лентикалық, тоқтау су (көл, тоган, бөген) ; лотикалық немесе ағынды сулар (өзендер, жылғалар, бұлақтар) және батпақтанған жерлер (теңіз жайылмалары мен батпақтар) . Лотикалық экожуйелерде мынадай экологиялық белдемдер ажыратылады: қайраң су - ағыны жылдам жерлерде, көбінесе төселе, жапсырыла тіршілік етуге бейім организмдер немесе жақсы жүзгіштер (бақтақ) мекендейді; терең су - ағыны бәсең, әдетте, грунты жұмсақ, су өсімдіктері мен планктонның дамуына қолайлы жерлер. Лентикалық суда органикалық тіршілік едәуір мол. Бөген экожүйесінің орташа жолағында қоректік тізбектің бірінші буынын продуценттер құрайды (жоғары өсімдіктер - шалаң, қоға, қамыс, сарытұңғиық, т. б. фитопланктонның жасыл, көкжасыл, диатомды балдырлары) . Бұл өсімдіктермен зоопланктонның өкілдері қоректенеді (шаян тәрізділер, бүйірлеп жүзгіштер), олар өз кезегінде екінші қатардағы жыртқыштарға (шортандарға) азық болатын өсімдікпен қоректенетін бірінші қатардағы жыртқыш балықтардың (тұқының) жемі болады. Бұл экожүйедегі органикалық заттектерді бактериялар толық ыдыратады.
Әлемдік мұхитты 2 экологиялық облысқа бөлінеді: бүкіл су қабаты- пелагиль және су түбі- бенталь.
Тереңдігіне байланысты бенталь- құрлықтың біртіндеп төмендеп 200м тереңдікке дейін баратын с ублиторальд і аймағына, күрт тереңдейтін- батиальд і және мұхиттың орташа тереңдігі 3-6 км-ді құрайтын абиссальді аймақтарға бөлінеді. Мұхиттың шұңқыры сияқты аса терең жерлерін ультраабиссальд і, су деңгейінің көтерілуіп жағалауларын басып қалатын аймақты литороль , жоғары және судың шашырап ылғалдайтын жағалау бөлігін суплитораль деп атайды. Мұхит түбінде тіршілік ететін барлық организм түрлеріне бентос деп атайды. Су қабаттарында немесе пелагиальда тірішілік ететін организмдерді пелагосқа жатқызады. Фотосинтездеуші өсімдіктер бұл қабаттан төмен тіршілік ете алмайды. Жарығы аз батиальді және толықтай қараңғы абиссальді аймақтарда жануарлар мен микроорганизмдер ғана тіршілік етеді. Әртүрлі экологиялық аймақтар басқа да су айдындарына: көлдерге, батпақтарға, өзендерге, тоғандарға және т. б. тән. Су- өзіне тән ерекшеліктері бар ерекше тіршілік ортасы. Бұл ортаның негізгі ерекшелігі- тығыздығы. Судың тығыздығы мен тұтқырлығы белсенді түрде жүзеге қатты әсер етеді. Судың ауамен шекаралас беткі қабатында тіршілік ететін планктонның ерекше бөлігін нейстон ( нейн- жүзу) экологиялық тобы құрайды.
Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер Өндiрiстiң қарқындап дамуына жəне отын түрлерiн кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектiң қоры азайып, ал көмiрқышқыл газының мөлшерi жоғарылауда. Нəтижесiнде табиғаттағы көмiртектiң айналымы бұзылды деуге болады. Академик А. П. Виноградов зерттеулер нəтижесiнде көмiрқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0, 2% ға ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам ба-ласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейiн түрлi жану процестерiнде 273 млрд. тонна оттегi жұмса- ған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соң- ғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көмiртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмiрқышқыл газының концентра- циясының жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепе-теңдiкке үлкен əсер етедi. Атмосфера табиғи жəне жасанды (антропогендiк) жолмен ластанады. Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретiн табиғи процестер нəтижесiнде түзiледi. Шаңның үш түрi болады: минералдық (органикалық емес), органикалық жəне космостық. Тау жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi, теңiз беттерiнен судың булануы минералдық шаңның түзiлуiне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар - бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсiмдiктердiң тозаңдары, т. б. түрiнде жəне өсiмдiктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде болады. Космостық шаң жанған метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi. Табиғи ластанудың бiр түрi космостық шаң атмосферадағы жанған метеориттер қалдықтарынан түзiледi, 1 жыл iшiнде оның мөлшерi 2-5 млн тоннаға дейiн жетедi. Табиғи шаң жер атмосферасының негiзгi құрам бөлiгi болып табылады. Табиғи шаң бөлшектерi органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкiн, олардың радиусы шамамен 10-3-10-4 см болады жəне топырақ пен тау жыныстарының үгiтiлуi, вулкан атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi немесе су беттерiнен булану нəтижесiнде түзiлуi мүмкiн. Атмосфераның төменгi қабаттарындағы шаң сусыз шөл далалардан пайда болады немесе аэропланктондар - бактерия, өсiмдiк споралары, саңырауқұлақтар, өсiмдiктер мен жануарлардың қалдықтарының шiру, ыдырау өнiмдерiнен түзiледi. Мұхит үстiндегi ауа атмосферасында магний, натрий, кальций тұздарының майда кристаллдары болады, олар су шашырандылары ауада құрғап қалғанда түзiледi. Əдетте табиғи жолмен ластану биогеоценоздар мен онда тiршiлiк ететiн организмдер үшiн аса көп зиян келтiрмейдi. Атмосфералық шаң Жер бетiнде жүретiн кейбiр процестер үшiн белгiлi роль атқарады. Ол су буларының конденсациялануы үшiн, олай болса жауын-шашынның түзiлуiне əсер етедi. Бұнымен қатар күн радияциясын сiңiрiп тiрi организмдердi күннiң зиянды сəулелерiнен қорғайды. Академик В. И. Вернадский атмосфералық ауа планетамыздың химиясында маңызды роль атқарады деп жазды. Жер бетiндегi заттардың биологиялық ыдырауы, оның iшiндегi топырақ бактерияларының тiршiлiгi күкiртсутек, аммиак, көмiрсутектер, азот, көмiртек оксидтерiнiң орасан зор мөлшерiнiң түзiлуiне əкелiп соғады.
Өсімдік және жануар әлемінің әр түрлілігі.
Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізімімен шектелмейді. Биота туралы түсінік алу үшін өсімдіктер жабынының алуантүрлілігі туралы білу керек. Өсімдіктер жабынын өсімдіктер кауымы ретінде инвентаризациялауга территорияның кен байтактыгына және табигаттын алуантурлілігіне байланысты өте күрделі. Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың
2 млн-дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.
Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:
Құстар, балықтар, жорғалаушылар, қосмекенділер, бунақденелілер, сүтқоректілер.
Құстар-8600 түрі бар. Айырмашылығы ұшады.
Балықтар.
Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың айырмашылығы жүзеді.
Қосмекенділер.
Қосмекенділердің-4000 түрі бар. Олардың айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік етеді.
Сүтқоректілер.
Сүтқоректілердің - 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды.
Жорғалаушылар.
Жорғалаушылардың - 8000 түрі бар. Олардың айырмашылығы бауырымен жорғалайды.
Жәндіктер.
Жәндіктердің - 700 000 түрі бар.
АҢДАР
Жабайы
Үй жауырлары
Олардың көпшілігі ағаштың жапырағымен және шөппен қоректенеді.
Жануарларды аулап, етпен қоректенетіндерді жыртқыштар деп атайды.
Ақбөкен шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы - қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен - дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.
Саршұнақ Далада және тауда мекендейді. Інінен шыққан күйі артық аяғымен шоқиып тұрып, жан-жағында қауіптің бар-жоғын барлайды. Төңірек тыныш болса, тұқымдар, шөптермен қоректене бастайды. Егер маңайда жүгері немесе егістік болса, саршұнақ сол жерге қоныстанады. Ол астықтың дәні мен сабағын жеп, егіске зиян келтіреді.
Барыс мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 - 135см, биіктігі 60см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 - 100см, салмағы отыз - қырық килограммдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000м-ден астам) кездеседі. Оның ең көп жүретін жері - басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген.
Қасқыр Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі - түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.
Қабан сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жануар.
Қызылорда облысының қамыс-құрақты қопалар мен батпақты жерлерінде, өзен аңғарларында көп кездеседі. Денесі ірі, екі бүйірі қысыңқы, мойыны жуан, басы сүйір, тұмсығы конус тәрізді көлденеңнен кесілген болып келеді. Ұшында жұп тұяғы бар, аяғы мықты, екеуі жақсы жетілген төрт саусағы болады. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі кішкентай, танауы таңқы. Денесін қалың қылшық басқан. Аталығының арқасында жалы болады. Қорек таңдамайтын жануар, топырақты қазып құрт-құмырсқа, өсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақ тышқандармен қоректенеді. Денесін ірі қылтан қаптаған. Ересек қабан шошқаларынын түсі коңыр, торайларының терісінде ұзынан орналасқан ақ жолақтары бар. Ірі қабандардың ұзындығы 2 м, салмағы 300 кг. Топтасып өмір сүреді. Үй шошқасының арғы тегі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz