Әлеуметтанудағы құрылымдылық функционализм. Әлеуметтік әрекет теориясы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті

http://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=6ac5b87cfa980363&mb=imgdb_preview_659

СӨЖ

Тақырыбы: Әлеуметтанудағы құрылымдылық функционализм.

Әлеуметтік әрекет теориясы.

Тексерген: Мусабаева А. Б

Орындаған: Сейдуллаева Д

Астана 2016 жыл

Жоспар

  1. Әлеуметтанудағы құрылымдылық функцианализм:

Роберт Мертонның теориясы

1. 1 Т. Парсонс теориясы

  1. Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар. (Макс Вебер)

1. Фунционализм тарихының маңызды кезеңіне американдық нұсқауы (П. Парсонс, Р. Мертон және т. б. ) айналды, олар әдістемені дамытып, әлеуметтанудың барлық бөлімдеріне таратты.

Американ социологы Роберт Мертон (т. ж. 1910) құрылымдық функционализм теориясы мен әдістемесінің құрастыруына елеулі үлес қосты.

Құрылымдық тәсіл негізінде күрделі объект (қоғам және оның жағдайы, әлеуметтік институт немесе үрдіс) оның құрамына кіретін бірліктердің аналитикалық есептеуін жүргізеді. Шығарылған статистикалық жағдай әлеуметтік өзгеріс үрдісінің анализі үшін бастама бол алады.

Қоғамды көптеген элементтерден тұратын күрделі, статистикалық жүйе ретінде қарастыратын құрылымдық тәсілден ерекше функциональді тәсілді біртұтас және тәсіл тұлғалардың функциональді тәртіптері, әр түрлі деңгейдегі ұйымдар мен жүйелер жөніндегі көріністерге негізделеді. Функционализм бойынша қоғам өзара тығыз байланыста болатын компоненттерден тұрады.

Мертон бойынша, функция деп берілген жүйенің реттелуі мен оның ортаға бейімделуіне қызмет ететін бақылауларды есептеу керек, ал дисфункция кері үрдіс.

Осы құрастырулар негізінде, ол өзінің атақты «орташа деңгей» идеясын қалыптастырды, ол кіші жұмыс гипотезалары мен кең теоретикалық спекуляциялар арасындағы делдалдық рөлін атқарды. Социологиялық зерттеудің қағидалық және эмпирикалық деңгейлерін байланыстырып, оның «таза» эмпиризм тенденциясына қарама-қайшылығын айқындады.

Р. Мертон. функционалдық талдаудың 3 жолын көрсетті:

1. функционалдық бірліктің қағидасы-қоғамды теориялық тұрғыдан қарастырудың бірлігі әлеуметтік деректердің тереңдігінде.

2. Функционалдықтың жан-жақтылық қағидасы-мәдениеттің барлық түрлері өзіндік функционалдық қасиеттерге ие болады. Р. Мертонның айтуы бойынша оларды аналитикалық тұрғыдан талдау қажет.

3. "мәжбүрлік қағидасы”-функциялардың мәжбүрлілікке ие болмай қоймайтындығын көрсетеді.

Р. Мертонның айтуынша функционалдық объект ретінде қайталанып отыратын және стеоротипті әлеуметтк құбылыстарды(әлеуметтік рольдер, әлеуметтік процестер, әлеуметтік құрылым т. б) алуға болады. Әлеуметтік нақтылық жеке адамнан жоғары бола алмайды. Р. Мертон әлеуметтік құрылым өзіне адамдарды не олардың іс-әрекетін біріктіре отырып, олардың қарапайым жиынтығы емес екендігін көрсетті. Оның айтуынша әлеуметтік құрылым дегеніміз-қоғамдағы барлық мүшелер мен топтар қатысатын әлеуметтік қатынастардың ұйымдасқан жүйесі.

Әлеуметтанудағы іс-әрекет қағида мен құрылымдық-функциональдылық мектептің негізін қалаушысы Парсонс, адам шындығын оның барлық ерекшелігінде толығымен қамтитын, жалпы аналитикалық логико-дедуктивті жалпы қағидалық жүйені құруға тырысты. Нәтижесінде Парсонс құрамына мәдени, әлеуметтік, органикалық және жеке басты жүйелерді кіргізетін, өзара айырбас қатынасына түсетін іс-әрекет жүйесінің комплексті қалыптасқан моделін құрды. Осы модельді құру үшін, Парсонс ортамен қатынасты жүзеге асыруда белгілі бір мүмкіндіктерге ие болған іс-әрекет субъектісінің құрылымын қарастырған. Әлеуметтік іс-әрекеттердің құрылымы әрекет етуші адамнан, белгілі бір жағдайдан, шарттан тұрады.

Парсонстың бүкіл әлеуметтік іс-әрекеттердің жүйесі қоғамның жүйе құрылысы негізінде негізделеді, бұл әр жүйенің 4 негізгі қызмет атқаруын білдіреді (икемдеу, мақсатқа жету, бірігу және үлгілерге сай келу) .

1. 1 Т. Парсонс(1902-1979) - американдық социолог, әлеуметтанудағы іс-әрекет қағида мен құрылымдық-функциональдылық мектептің негізін қалаушысы Парсонс, адам шындығын оның барлық ерекшелігінде толығымен қамтитын, жалпы аналитикалық логико-дедуктивті жалпы қағидалық жүйені құруға тырысты. Нәтижесінде Парсонс құрамына мәдени, әлеуметтік, органикалық және жеке басты жүйелерді кіргізетін, өзара айырбас қатынасына түсетін іс-әрекет жүйесінің комплексті қалыптасқан моделін құрды. Осы модельді құру үшін, Парсонс ортамен қатынасты жүзеге асыруда белгілі бір мүмкіндіктерге ие болған іс-әрекет субъектісінің құрылымын қарастырған. Әлеуметтік іс-әрекеттердің құрылымы әрекет етуші адамнан, белгілі бір жағдайдан, шарттан тұрады.

Парсонстың бүкіл әлеуметтік іс-әрекеттердің жүйесі қоғамның жүйе құрылысы негізінде негізделеді, бұл әр жүйенің 4 негізгі қызмет атқаруын білдіреді (икемдеу, мақсатқа жету, бірігу және үлгілерге сай келу) . . Негізгі еңбектері: "әлеуметтік іс-әрекеттің құрылымы”, "әлеуметтік жүйе”, т. б Парсонстың теорияларына М. Вебердің, Э. Дюркгеймнің Ф. Теннистің, Г. Зиммельдің, К. Маркстің т. б еңбектері үлкен әсерін тигізді. Оның теориялық мұрасын 3 кезеңге бөліп көрсетуге болады:

1) әлеуметтік іс-әрекет теориясын өзіне дейінгі социологиялық ой-пікірінің дамуының негізінде көрсетеді.

2) әлеуметтік іс-әрекеттің жалпы теориясында құрылымдық функционализмді негіздейді және әлеуметтік функциялардың қоғамның тұрақтылығына тигізетін әсерін талдайды

3) әлеуметтік іс-әрекет және жеке адам мәселесі.

Парсонс қоғамдық дамудағы 3 негізгі құрылымды көрсетеді:

  • жеке адам
  • мәдениет
  • әлеуметтік құрылым.

Парсонс әлеуметтік жүйелердің ішкі бөлінуінің мынадай басты құрылымын көрсетеді:

  • объективті ролдерді орындаушы актерлер, осыдан туындайтын әлеуметтік рольдердің бағыттық түрлері;
  • бағдарладың экономикалық негіздері;
  • мәдени бағдарлар жүйесі; ресми және бейресми функциялар.

Парсонс жеке адамды әлеуметтену процесінде қарастырды. Әлеуметтену-қоғамдық функциядағы материалдық пен идеалдықтың бірлігі.

2. Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар

“Әлеуметтік іс-әрекет” ұғымы - социологиядағы негізгі түсініктердің бірі. Социологияда “әлеуметтік іс-әрекет” ұғымын алғаш рет енгізген және ғылыми негіздеген М. Вебер болатын. М. Вебердің түсінігінше әлеуметтік іс-әрекеттің кем дегенде екі ерекшелігі бар: біріншіден, ол оңтайлы, саналы түрде болуы, ал екіншіден басқа адамдардың мінез-құлқына бағытталуы қажет. Әлеуметтік іс-әрекеттің мұндай ұғымы бойынша адамдардың әлеуметтік емес, материалдық объектілерге бағытталған іс-әрекеттерін әлеуметтік іс-әрекеттер деп атауға болмайды. М. Вебер келтірген мысал ерекше: екі велосипедшінің кездейсоқ соқтығысып қалуы қарапайым оқиға ғана бола алады, ал соқтығысты болдырмауға әрекеттену, соқтығыстан кейінгі ұрыс-төбелес немесе жанжалды бейбіт жолмен шешу - бұл әлеуметтік іс-әрекет. Алайда әлеуметтік және әлеуметтік емес іс-әрекеттер арасында айқын шекара жүргізу өте қиын. Әлеуметтік іс-әрекеттің ажырамас белгісін құрайтын мінез-құлықтың саналылығын, оңтайлылығын анықтау одан да қиын. Әлеуметтік іс-әрекеттер азды-көпті айқын мақсатты көздейтін ішінара саналы іс-әрекеттер болып табылатыны көрініп тұр.

Әлеуметтік іс-әрекеттің анатомиясын сипаттай отырып, социолог-функционалистер көбіне оның мынадай негізгі элементтерін бөліп көрсетеді:

  • өздерінің қажеттіліктері және соған орай мүдделері мен мақсаттары бар әрекет етуші (немесе әрекет етпейтін) жеке адам немесе адамдар тобы;
  • әрекет өтетін нақты орта;
  • әрекет субъектісінің ортаның нақты шарттарына бағыт ұстауы, ол алға қойылған мақсатқа жетудің нақты жолдарын анықтауға мүмкіндік береді;
  • әрекет субъектісінің басқаларға, өз әрекетіне олардың жауап әрекетіне бағыт ұстауы.

Бұл ретте басқаларға бағыт ұстау жеке тұлғамен немесе саны азды-көпті тұлғалар тобымен, тіпті жалпы қоғаммен өзара байланысты және өзара іс-әрекетті ескеруді көздейді.

Адамдардың немесе олардың топтарының тәуелділігі мен сәйкестігін көрсететін әлеуметтік іс-әрекет - әлеуметтік байланыс болады. Ол мынадай негізгі элементтерді қамтиды: осы байланыстың субъектілері; байланыстардың мазмұнын сипаттайтын байланыс заты; байланысты жүзеге асыру механизмі және оны саналы түрде реттеу. Әлеуметтік байланыстың әлеуметтік байланысу түріндегі және әлеуметтік өзара іс-әрекет түріндегі әр түрлі нысандары көрсетілуі мүмкін.

Әлеуметтік байланыс - адамдардың өмірі мен қызметіне онша әсер етпейтін жалғыз немесе көп қайталанатын сыртқы, ат үсті, үстірт, көбінесе өткінші байланыстар. Кеңістіктік байланыстың, мүдделі және алмасу байланыстарының ерекшелігі болады.

Кеңістіктік байланыстар:

1) жеке адамдардың қандай да бір іс-әрекетке қатысуы туралы ұйғарымның күшімен адамның мінез-құлқының өзгеруі мүмкін кеңістіктік байланысты;

2) жеке адамның мінез-құлқы басқа адамдардың жай бақылауының әсерінен өзгеретін кеңістіктік байланысты қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғасырдағы әлеуметтану
Әлеуметік өзгеріс
Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңі
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Әлеуметтанудағы натуралистік концепция
Әлеуметтанудың тарихи қалыптасу кезеңдері
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары жайлы
Конфликт теориясы
Ральф Дарендорф конфликтологиясы
Ален Туреннің іс - әрекет әлеуметтануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz