Балабақшада қарапайым математикалық ұғымдарды оқыту
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .., ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Балабақшада қарапайым математикалық ұғымдарды оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Мектепке дейінгі ересек топтарында он көлеміндегі сандарды оқыту ... ... ... ... .
1.3. М. Монтессоридің «Қызыл штанг» оқу құралы ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру. Бұдан бөлек, Президент балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі мәселелерді алдағы үш жылда шешуді жүктеді. «Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр», - деп қорытты өз сөзін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. [1]
Зерттеу жұмысының мақсаты: математика сабағында он көлемінде санауға үйрету арқылы балалардың ой-өрісін дамыту ;

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша
2. . Амоношвили Ш.А. «Алтыжастанмектепте» .
3Қожағұлова П. «Бала және бос уақыт». 6-2003ж. 55бет.
4.Қосанов Б.М. «Қазақстандағыәдістемелікматематикалық ой-
пікірдіңқалыптасутарихы».
5. Құрмалина «Математикададидактикалықойындаржәне
6. Қосанов Б.М. «Қазақстандағы әдістемелік математикалық ой-
пікірдің қалыптасу тарихы».
7.Комплексы учебного оборудования по математике. Под
ред.В.Г. Болтянского — М., 1971 г.
8. Леушина A.M. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі. - Алматы, 1987.
9. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2006.
10. Мектепке дейінігі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы. Астана, 2010
I1. Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. Астана, 2010 12.Қызықты математика / Студент. арналған оқу құралы
13. Балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектеп алды даярлау бағдарламасы. Астана-Алматы, 1992.
14. Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасы. -Алматы, Шартарап, 2000.
15. Математикадандидактикалықойындар мен қызықтытапсырмалар.
Ш.Х. Құрманалина, Өміртаева Р.Қ Алматы «Атамұра» 1997ж.
16. «Балақай» республикалық журнал №1, 2009ж
17. А.Жакипова "Балалардыңматематикалықойлауындамыту"
ИФМ 1997 N3 76.
18. http://mama.ru «Монтессори-материалы: Красные штанги»
19.Л.С. Метлина «Математика в детском саду». «Просвещение» 1984.
20. Е.И.Щербакова «Теория и методика математического развития дошкольников». Москва – Воронеж, 2005.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... , ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Балабақшада қарапайым математикалық ұғымдарды оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.2. Мектепке дейінгі ересек топтарында он көлеміндегі сандарды оқыту ... ... ... ... .
1.3. М. Монтессоридің Қызыл штанг оқу құралы ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру. Бұдан бөлек, Президент балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі мәселелерді алдағы үш жылда шешуді жүктеді. Білімді ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр, - деп қорытты өз сөзін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. [1]
Зерттеу жұмысының мақсаты: математика сабағында он көлемінде санауға үйрету арқылы балалардың ой-өрісін дамыту ;
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысу
-Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда балаларды санауға үйрету жолдарын анықтау
-Балаларды он көлемінде санауға үйреуде Қызыл штанг оқу құралын пайдалану;
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, басты қажеттілік ретінде қабылданған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастырып, педагогикалық кадрларға қойылатын талаптармен, олардың біліктілігін арттырып және қайта даярлап, бала дамуының деңгейін жүйелі бағалауды қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің негізгі нәтижесі ретінде баланың құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Балалардың ақыл - ойының дамуына қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру маңызды рөл атқаратындығы белгілі.
Математика дегеніміз - ол жеті қырдың астындағы тылсым дүние. Бала адамның ой - арманынан туған дүниелер әлемін еш қиналмай-ақ шарлап кетеді. Ертегі- бұл оның қиял-әлемі. Ал математика- бұл да өтіріксіз қиялдың ерекше бір түрі, идеялар әлемі. Мына дүние объективті түрде өмір сүреді. Біздің көңіл-күйіміз, шаршауымыз бен шабыттануымыз, ойымыз сүйіспеншілік шын және обьективті түрде өмір сүретіні даусыз. Оларды үстелге немесе құмыраға қол тигізетіндей ұстап көруге бомайды, бірақ олар өмір сүретіні анық. [2]
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кіші жастан басталады. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру төрт тоқсанға бөлінеді. Бірінші үш тоқсанда үйрету болса, төртінші тоқсанда алған білімдерін қорытындылайды. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы әрбір топта белгілі бағдармалама бойынша анықталады. Балаларда қарапайым математикалық ұғымарды қалыптастыру практикалық және ойын түрінде, проблемалық-шешулерді орындау арқылы қлыптасады. Көбіне сабақ балалар қызметінің басқа да түрлерімен кешенді түрде өтеді. Негізі сабақ өз бетінше шешім қабылдай білу және қатесін дұрыстауға бағытталады.
Балаларға сандарды айту, түсіндіру, артық, кем, тең қатынастарын анықтауда салыстыру тәсілінің мәнін түсіндіру, сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Ұзындығы мен ені, биіктігі мен жуандығын салыстыру арқылы сөздік қорларын молайтып, математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Балабақшадағы балалардың білімін зерттеу тәрбиешінің ең маңызды, негізгі жұмыстарының бірі.
Бала ерте жастан бастап-ақ нәрселердің жиынтығын, дыбыстардың, қозғалыстардың жиынын әртүрлі анализаторлар арқылы қабылдай отырып, олармен танысады, бұл жиынтықтарды салыстырады, олардың бір-бірінен саны жағынан айырады. Оқу процесінде бала жиындардың теңдігі мен теңсіздігін көрсету әдістерін меңгертеді, санды сандық сөзбен айтуды үйретеді. Алдымен онда элементтердің белгісіз мөлшері туралы, ал сонан соң бүтін, бірлік түріндегі жиын туралы түсінік қалыптасады. Осы негізде жиындарды салыстыруға және ондағы элементтердің санын барынша дәл анықтауға деген талпыныс өседі, бірте-бірте бала есептеуге дағдыланады және сан ұғымын игереді. Мұның бәрі ересектердің басшылығымен және өзіндік оқу ойындық сипаты бар практикалық әрекеттер үстінде іске асады.
Бала, сондай-ақ нәрселерді мөлшеріне, түсіне, формасына,кеңістікте орналасуына және басқа бе
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Балабақшада қарапайым математикалық ұғымдарды оқыту
Математика ерте заманда,адамдардың әлем құбылысы заңдарын ұғыну әрекетінен бастап дүниеге келген. Ғылымдардың патшасы деген атаққа ие болған математиканың ірге тасын қалаған ғұламалардың ақыл-ойы пайда мен зиянды ғана есептеуге жұмысалған жоқ. Олардың жаратылыстың мәнін түсініп, оның үйлесімділік заңын ұғынып қана қоймай, сәулетін білуге талпынды. [5]
Математика - өркениет тудырған және оны барлық кезеңінде дамытуға ықпал етіп келе жатқан маңызды ғылым саласы. Қазіргі кез келген ғылым саласы математикалық әдістерді қолданып қана қоймай, математикалық заңдылықтар арқылы құрылады. Қазірігі ғылым мен техникаға жол тек қана математика арқылы өтеді. Математикалық білім беру математика ғылымның бір бөлігі ғана емес, жалпы адамзаттық мәдениет құбылысы. Ол адамзат ойының даму тарихының бейнесін береді. Сондықтан адамның мәдени дамуында математикалық білім беру үнемі маңызды роль атқарып келе жатыр.
Бала ертегілер дүниесін кәдімгі тұрмыс-тіршілікпен оңай айырады. Сол сияқты математика әлемін физикалық денелер әлемімен өз болжамымен айыра алады. Баланың назарын санның біріңғай сандық сипатына аудару логика заңына қайшы келеді және соның негізінде санның абстракциялық идеясының қалыптасуына қиындық келтіреді. Сол себепті, біз балаларға ең алдымен адамдар санасында өмір сүретін ерекше дүние ретіндегі математика туралы сөз етуді ол математика әлемінде балаларға тек жетекшілік жасап, оларға сандар мен фигуралардың өмір сүру заңдылықтары туралы ғана айтып беруі керек. [6]

Бала, сондай-ақ нәрселерді мөлшеріне, түсіне, формасына,кеңістікте орналасуына және басқа белгілеріне қарай ерте ажырата бастайды. Ол үлкендерге еліктеп, дөрекі түрде нәрселерді өлшеуге әрекеттенеді, алдымен біреуін екіншісіне беттестіріп, сонан соң көзмөлшерімен және шартты түрде қабылданған өлшеуіштің көмегімен өлшейді.
Сонымен, балалар сезімге әсер ету арқылы қабылдауға сүйене отырып, әр түрлі шамаларды ғана танып-біліп қоймайды, сондай-ақ өз ұғымдары мен түсініктерін соған сәйкес атаулармен, мысалы, көп - аз (сан жағынан), кең-тар, биік - аласа, қалың-жұқа және т.б. осы сияқты сызықтық ауытқушылықты жалпы көлем ауытқушылығынан айыра отырып, сөзбен дұрыс бере білуге алғы шарттар жасалуда. [7]
Балаларды математика пәнін оқытудағы ең басты міндет - баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқу-әдістемелік көмекші құралмен шектеліп қана қоймай, баланың ойлау қабілетін дамытатын есеп жұмбақтар, басқатырғыштар, интеллектуалды ойындарды пайдалану тиімді.
Жалпы баланың жеке басының қалыптасуы және ақыл-ойының дамуы әртүрлі іс-әрекеттер процесінде жүзеге асырылады. Қарапайым математикалық түсініктер сенсорлық тәжірибе негізінде жинала береді. Педагогика мен психологияда оқыту мен дамыту мәселесіне үлкен көзқараспен қарайды.[8]
Сөздердің мәнін меңгерту барысында бала заттардың қасиеттерін жалпылай білуге үйренеді. Кез-келген заттардың қасиеттері, әртүрлі фактілер, құбылыстар балалардың назарынан тыс қалмайды. Бала жиын, сан, шама, пішін, уақыт, кеңістік туралы түсініктер мен ұғымдары бірізділіктерін меңгере отыра, білімдерді жүйеге келтіреді.
Әр-түрлі құралдармен тәсілдерді қолдану арқылы балалардың сабақта ақыл-ой әрекетін белсенді ету балаларда дербестікті дамытады және оқытуда балалардың белсендігін қаыптастырады. Оқу танымдық әрекеттердің басқада түрлері математикалық даму нәтижесі пән аралық және әдістерді қолданады.
Геометриялық фигураларды қалыптастыруда педагог оқытудың сан алуан әдіс-тәсілдерін қолданады. Яғни, практикалық, көрнекілік, сөздік және ойын әдісті таңдауда түрлі факторлар әсер етеді. Сол кезеңде шешілетін бағдарлама міндеттері балалардың жас және жеке ерекшеліктері дидактиканың құралдары болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық қабілетінің дамуы мен қалыптасуы бір-бірімен тығыз байланысты және олардың логикалық сферасын қалыптастыру қазіргі он жылдықта өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Балаларда математикалық қабілетін дамытуда алғашқы кезеңде элементтерді немесе объектілерді белгісі бойынша бөліп алу немесе біріктіру, бойынша бөліп алу немесе біріктіру. Бір бүтін етуді қалыптастыруға арналған тапсырмалар беріледі. [9]
Егер мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері балаларда қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыруда сан туралы материалдарды жас ерекшеліктеріне сай іріктеп, оларды қарастырудың әдістемесін оқу-тәрбие үдерісінде, тәжірибе жүзінде тиімді пайдалана алатын болса, онда балаларда сан туралы қарапайым түсінік қалыптасады, бастауыштағы математиканы оқытуға негіз қаланады.
Мектепке дейінгі мекемеде балаларды қарапайым математикалық ұғымдармен таныстыру 3 жастан басталады.
Әртүрлі жастағы балаларды қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың мақсат міндеттері:
1. 3-4 жастағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың мақсат міндеттері:
Мақсаты: балалардың алғашқы ойлау операциялары: салыстыру, қорыту, заттар мен түсініктер арасындағы кейбір байланыстарды құру ептіліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Жиын туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.
2. Заттардың көлемі мен пішіні, олардың кеңістіктік қатынастарымен таныстыру.
3. Көру, есту, зейін, ес және ойлау қабілеттерін дамыту. [10]
2. 4-5 жастағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың мақсат міндеттері:
Мақсаты: математикалық білім мен ұғымдар негізінде балалардың ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Танымдық үдерістер: түйсік, ықылас, ес, ой, қиялын дамыту.
2. Ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін: салыстыру, қорытындылау, талдау жасау, байланыстың себеп-салдарын анықтауды қалыптастыру.
3. 5 көлеміндегі санау дағдыларына үйрету.
4. Заттардың көлемімен, пішінімен, олардың кеңістікке қатынасымен таныстыру.
5. Қарапайым уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру
3. 5-6 жастағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың мақсат міндеттері:
Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың көңілін заттардың саны, уақыт пен кеңістікке қатысты және қоршаған орта құбылыстарына аударту негізінде математикалық ойлауын, олардың танымдық қызығушылығының белсенділігін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Заттардың әр түрлі топтарын санау, оның саны мен сапасын анықтау дағдысын, олардың бір-бірімен арақатынасын анықтау іскерлігіне үйрету.
2. Кеңістікті, уақытты қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын дамыту.
3. Геометриялық пішіндер мен денелер, өлшемдер туралы түсініктерін қалыптастыру.
Ақыл-ой әрекетінің (талдау, жинақтау, салыстыру, қорыту, топтастыру, үлгі жасау, құрастыру, байланыстың себеп-салдарын орнату) тәсілдерін үйрету.
4. Зейін, ес, түйсік, шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ойлау вариативтілігі сияқты танымдық процестерін дамыту.
5. Ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін үйрету (талдау жасау, салыстыру, бекіту, жүйелеу, үлгілеу, құрастыру, себеп-салдар байланысын орнату).
6. Мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қорына математикалық атауларды енгізу, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімдері мен іскерліктерін күнделікті өмірде қолдану. [11]
1.2. Мектепке дейінгі балаларды он көлеміндегі сандарды оқыту.
Мектепке дейінгі ересек топтағы балалардың қарапайым математикалық түсін іктерді қалыптастырудың мазмұны:
Көп
Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі жайлы түсінігін қалыптастыру.
Көп элемент бір заттан, сонымен қатар, тұтас топтан құралатыны туралы түсініктерін дамыту.
Көп, аз, біреу деген ұғымдармен таныстыру. Бір деген ұғымның бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру.
Көп заттың ішінен белгілі бір ерекшеліктеріне қарай заттарды іріктеп алып топтастыру қабілетін дамыту. Көп және оның құрамы арасындағы қатынастарды орнату іскерліктерін жаттықтыру. Бүтін өзінің бөліктерінен үлкен екендігін, бірдей сандардың өзара бірыңғай сәйкес екендігі туралы түсінік беру.
Сан және санау
10 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оларды танып және атау іскерліктеріне үйрету.
Көрнекі негізінде 10 санының пайда болуымен таныстыру.
10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.
Сөздік қорына математикалық атауларды енгізіп, Қанша?, Нешінші? сұрақтарына дұрыс жауап беру іскерліктерін қалыптастыру.
10 көлеміндегі сандарды қасында тұрған сандармен салыстыруға, теңсіздіктен теңдік алуға (теңдіктен теңсіздік алуға), саны азға бір затты қосу, ал көп заттан бір затты шегеру арқылы (6 саны 7-ден кіші, егер 6-ға 1 затты қосса, онда екеуі тең болады, 7 саны 6-дан артық, егер 7-ден - затты шегерсе, онда екеуі тең болады) үйрету.
Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орындауға жаттықтыру.
Теңдік туралы ұғымдарын қалыптастыру. Топтағы әр түрлі заттардың тең мөлшерін анықтау іскерліктеріне үйрету. Санау мен салыстыру арқылы санның мағынасын дұрыс қорыту (Мұнда барлық ойыншыққа тең алты сәбіз, алты қоян, алты тәрелке).
Сан заттың көлеміне, ара қашықтығына, орналасу кеңістігіне және санау бағытына (оңнан солға, солдан оңға) байланысты емес екендігін түсіндіру.
Заттарды (алма, парақ қағаз, дөңгелек және т.б.) бірнеше бірдей бөлікке бөлуге болатыны туралы түсінік беру, бұл бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету. Бөліктен бүтін үлкен, ал бөлік бүтіннен кіші.

Көлем
Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілеу іскерлігіне үйрету. Заттарды көлеміне қарай өсу және кему ретімен орналастыру.
Заттардың көлемдерінің бір-бірінен айырмашылықтарын математикалық терминдерді қолдана отырып, анықтап айту шеберлігін қалыптастыру. Мысалы, (Жасыл қарындаш - ең биігі, қызыл - аласалау, сары одан аласа, бірақ көктен биігірек, ал қызғылт сары бәрінен де аласа және т.б.).
Шартты өлшемнің көмегімен екі заттың көлемін (ұзындығы, ені, биіктігі) салыстыруға үйрету.
Шартты өлшеммен өлшеуде заттың бөлігін бөліп көрсетуге үйрету, өлшенетін нысанда шартты өлшем қанша рет орналасатынын анықтау.
Шартты өлшеуіштің көмегімен заттың көлемін (ұзындығын, енін, биіктігін) салыстыру дағдыларын бекіту.
Арнайы ұйымдастырылған жағдайда заттардың ұзынырақ (қысқа), жоғары (төмен), кең (тар), қалың (жұқа) үлгісінде және оларға тең екендігін табу іскерлігіне үйрету. Баланың көзбен өлшеуін дамыту.
Геометриялық пішіндер
Пирамида мен көпбұрыштарпен таныстыру.
Геометриялық денелер - куб, шар туралы білімдерін кеңейту. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, төртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр, пирамида) дұрыс атап оларды бір-бірінен ажырату іскерліктеріне жаттықтыру.
Шаршы мен тіктөртбұрыш төртбұрыштың түріне жататындығы туралы түсіндіру.[12]
Айналасына қарап геометриялық пішіндерді табу, олардың пішіндеріне талдау жасау іскерліктерін қалыптастыру. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажыратуға жаттықтыру.
Кеңістікті бағдарлау
Кеңістікті бағдарлау (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында, артында, алыс, жақын, арасында, қасында) туралы білімдерін бекіту.
Қағаз бетінде (ортасында, оң жақтағы жоғарғы бұрышта, сол жақтағы жоғарғы бұрышта, оң жақтағы төмен бұрыш, сол жақтағы төменгі бұрыш, төменде, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.
Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.
Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуге жаттықтыру.
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау (күн, таңертең, сәске түс, бесін, ақшам, ымырт, бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні) туралы білімдерін бекіту.
Таңертең, күн, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Кеше қай күн болғаны, бүгін қай күн екенін, ертең қай күн болатынын анықтап, бұрын не болғанын, одан кейін не болатыны, аптаның қай күні екені туралы түрлі жағдайларды ретімен орналастыра білуге үйрету.
Бір жыл 12 айдан тұратынын, оларды ретімен дұрыс айта білу шеберлігін қалыптастыру.
Заттың салмағын анықтау
Зат өлшемін анықтай білу сезімдерін дамыту (салмақ сезімі).
Заттардың салмағын өлшеміне қарай тең және тең еместігін алақанына салып өлшеп, анықтауға үйрету.
Заттың салмағы оның көлеміне байланысты емес екендігін түсіндіру.
Заттарды салмағына қарай анықтай білу, оларды өлшемдеріне қарай орналастыру шеберлігін дамыту.
Заттың салмағын таразының көмегімен өлшеу дәлірек болатынын түсіндіру.
Дүкенде қолданылатын таразы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Заттың салмағын өлшеуге қызықтыру.
Демек, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда оқып-үйренудің жетістігі 10 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оларды танып және атау іскерліктеріне үйрету сапасына байланысты.
Сан ұғымын оқып-үйренудің міндеті - тек балаларға натурал қатардың әрбір бірінші ондық сандарымен таныстыру (оларды атау, жазу, алдыңғы және кейінгі сандардан шығарып алу) ғана емес, сонымен қатар әрбір келесі санның пайда болуына, оның көзінің алдындағы санға және өзінен кейінгі санға қатысына негіз болатынын не екендігін балалардың санасына жеткізу болып табылады. [12]
5-тен 10-ға дейінгі жаңа сандарды қалыптастыру екі топты салыстыру арқылы жүзеге асады. Мысалы, жолақшалы карточканың үстіңгі жолақшасына бес түймедақ, ал астыңғы жолақшаға 5 раушан гүлін орналастырады. Балалар раушан гүлі мен түймедақты салыстыру және санау арқылы олардың тең екендігінекөз жеткізеді. Сонан соң бір түймедақ қосылады. Балалар түймедақ пен раушан гүлін қайтадан салыстыру және санау арқылы түймедақтың көп, ал раушан гүлінің аз ендігіне көз жеткізеді.
Тәрбиеші, балалардың назарын жаңа алты санының қалыптасқанына аударады. Алты бестен үлкен екендігін, алтының беске бір сан қосқан
Кезде пайда болғандығын түсіндіреді.
Жаңа сандарды қалыптастырумен қатар тәрбиеші балаларды цифрмен таныстырады. Балалар сандармен танысу барысында образдық салыстырулар жетіледі, мысалы, сегіз саны - ақ қалаға , бір саны- солдатқа, екі саны-аққуға ұқсайды.[13]
Басты назар он санына аударады, ол екі бірліктен тұрады : бір және нөл. Он санының жасалуы тоғыз санына бір санын қосу арқылы жасалады. Тәриеші балаларға он көлемінде ойыншықтар қатарын ұсынып сәйкес сандарды орналастыруды сұрайды. Балалардың назарын он санының жазылуына аударады. Сандардың біреуін білетіндігін, бұл бір саны. Одан соң, тәрбиеші нөл санын көрсетіп, бұл қандай сан? деп сұрайды. Кейбір балалар білгенімен, тәрбиеші балаларға нөл санының құрылуын түсіндіріп кетеді. Ол үшін үстелдің үстіне тұрған кубик санап , он екенін анықтайды. Одан соң тәрбиеші Енді мен кубиктерден бір-бірден алып отырамын дейді және үселде кубик қалмаған жағдайға дейін алып отырады. Үстелде қанша кубик қалды деген сұраққа балалар ештеңе қалған жоқ деп жауап береді. Тәрбиеші балалардың жауабымен келісіп, бұл нөл санын білдіретіндігін түсіндіреді. Одан соң балаларға 0 санының қай жерде тұратындығы анықтауды ұсынады. Егер балалар жауабын айтуға қиналған жағдайда , тәрбиеші нөл бір санынан кіші екендігін түсіндіріп , демек бір санының алдында тұратындығын көрсетеді. [14]
Ересек топ балалары бағдарлама бойынша он көлемінде сандары салыстырады. Балалар екі жиынды салыстыру арқылы қай жиын көп , қайсы аз екенін анықтайды. Екі жиынды салыстыру балалардың өз бетінше шешім қабылдай білу дағдыларын қалыптастырды: алты бестен үлкен, бес алтыдан кіші , демек алты бестен кейін тұрады. Осыған сәйкес басқа да сандарды салыстырады.
Ортаңғы топтағы жұмысты жалғастыра отырып, заттың саны заттың үлкендігіне, қашықтығына және кеңістікте орналасуына байланысты емес екендігін түсіндіру қажет. Мысал ретінде, үлкен және кішкентай заттарды салыстыру арқылы үлкен заттардың көп немесе кішкентай заттарадың көп және тең болатындығын көрсетуге болады.
Шеңбер бойымен, тігінен немесе көлденең орналасқан он көлеміндегі заттарды санай білуге жаттықтыру маңызды рөл атқарады.
Сонымен қатар, он көлеміндегі сандарды реттік санау және қорытынды санды табуға жаттықтыру әрі қарай жалғасады. Реттік санау барысында Нешінші ? деген сұраққа жауап алады, ал қорытынды санды табу барысында Нешеу? деген сұраққа жауап алады. Реттік санау барысында заттарды санау бағытына байланысты екенін ұғындыру маңызды болып келеді. Мысалы, екінші тұрған доп, кері санағанда тоғызыншы болып келеді.
Балалар он көлеміндегі сандауға үйрету барысында Неше? Қанша ? Нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйреу қажет. Ол үшін Қандай ойыншық жоқ?, Кім бірінші?, Заттарды ретімен орналастыр деген қызықты дидактикалық ойындар пайдалану тиімді.
Сонымен қатар, он көлемінде санауды өткенде бұл жастағы балалардың ерекше көңіл қоярлық бір өзгешілігін ұмытпау керек. Бұл жастағы балалар ылғи іске қатысқысы келіп отырады, ұзақ уақыт "жұмыссыз" отыра алмайды және баланың назары тұрақты болмайды, көңілі бірден-бірге ауып ылғи жұмыстың түрлі-түрлі болып келуін тілеп отырады.[15]
Оқудың бұл сатысында көрнекі құралдар мен дидактикалық материаддар мына шарттарды қанағаттандырарлықтай болуы керек.
Он көлемінде санауға және санап алуға үйрету ересек топта тетелес сандармен берілген жиындардың саны жөнінен тең және тең еместерін салыстыру жолымен әрі қарай жалғастырылады, мысалы, мынадай сандармен берілген жиындар: бес және бес, бес және алты, алты және алты , алты және жеті, жеті және жеті, жеті және сегіз, сегіз және сегіз, сегіз және тоғыз, тоғыз және тоғыз, тоғыз және он, он және он. Бұл 11 жағдайды оқып үйренуді ұзақ мерзімге созудың қажеті жоқ. Ең алғашқы бір - екі сабақта балаларды жетіге дейін санауға төселдіру, сонан соң тоғыз көлемінде санауға көшу керек. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz