Серуен және оны ұйымдастыру жолдары
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І НЕГІЗГІ.
1.1. Серуен және оны ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Балалардың салауатты өмір сүруін қалыптастыруда серуеннің тигізетін рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Сауықтыру және шынықтыру жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Зерттеу жұмысының өзектілігі:Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру. Бұдан бөлек, Президент балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі мәселелерді алдағы үш жылда шешуді жүктеді. «Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр», - деп қорытты өз сөзін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. [1]
Зертеу жұмысының мақсаты:
-бала денсаулығы деңгейін нығайту және көтеру;
-салауатты өмір салтына тарту.
Зертеу жұмысының міндеттері:
- Баланың денсаулығын нығайта отырып, өздігінен дағдыландыру;
- Балалардың денсаулығын нығайту және сақтау;
- Қабілеттері мен дене сапаларына байланысты қалыптастыру;

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
2. А.В.Кенеман, Д.В.Хухлаева “Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы
3. І.Сманов, А.Әліпбек “Дене шынықтыру мәдениеті және спорт педагогикасы” Шымкент,
5 . Д.В.Хухлаева “Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі” М., 1976
6. Б.А.Ашмарин “Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі” Алматы, 1999 ж.
7. З.Есмағанбетова “Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі” Алматы, 1990
8. Т.И. Осокина “Балабақшадағы дене тәрбиесі” М., 1976 ж.
9. Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы. - Астана, 2010. - 88 б.
10. Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы. - Астана, 2010. - 115 б.
11. Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламаcы - Астана, 2010. - 89б.
12. Ұ.Б. Мұхамеджанова «Дене тәрбиесі пәнінің әдістемесі» Астана
13. Б. Төтенов «Қазақ спорт ойындары»
14.Т. Таймбетов «Дене тәрбиесі сабағындағы жалпы дамытужаттығулары»
15.Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын
етудегі дене тәрбиесі Республикалық ғылыми әдістемелік тұтас жинақ
бағдарламасы 2001-2005 жылдарға. Алматы 2001.
16.. Дене тәрбиесі жэне спорт арқылы Қазақстан
сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.
17.Дене тәрбиесі мүғалімдеріне арналған кітап.
бойынша. -М., ФиС, 1973
18. Тілеулов «Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі» Шымкент
19. Ә. Ж. Тілеулов «Спорт құрлымдары» Шымкент
20. Понамарев Н.И. Дене тәрбиесінің элуметтік қызметі. -М.,. 1980,-31-41.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І НЕГІЗГІ.
1.1. Серуен және оны ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Балалардың салауатты өмір сүруін қалыптастыруда серуеннің тигізетін рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Сауықтыру және шынықтыру жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру. Бұдан бөлек, Президент балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі мәселелерді алдағы үш жылда шешуді жүктеді. Білімді ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр, - деп қорытты өз сөзін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. [1]
Зертеу жұмысының мақсаты:
-бала денсаулығы деңгейін нығайту және көтеру;
-салауатты өмір салтына тарту.
Зертеу жұмысының міндеттері:
- Баланың денсаулығын нығайта отырып, өздігінен дағдыландыру;
- Балалардың денсаулығын нығайту және сақтау;
- Қабілеттері мен дене сапаларына байланысты қалыптастыру;
-Ептілік, тепе - теңдік, жылдамдық, икемділік, күштілік, қимыл коорданацияларын, қимыл - қозғалыс қабілеттерін дамыту;
Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан , бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Дене тәрбиесі балалардың ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. Балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны жүргізілуіне , дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушы күші, гигиеналық және әлеуметтік - тұрмыстық факторлар қолданылады. Дене жаттығуы- дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы.
Балабақшаға таңертеңгі келген уақыттан бастап Күн тәртібі бойынша сауықтыру шараларын (Таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын - сауықтар) өткіземіз. Дене шынықтыру оқу іс - әрекеті балаларды қимылға үйретудің негізгі қалыбы болып табылады. Ол әрбір жас топтарында аптасына 2 рет өткізіледі. Дене шынықтыруды өткізген кезде балалардың құлап жарақат алмауын көп қадағалауымыз керек. Бала организміндегі мүмкіндіктерін арттыра түсу үшін таза ауадағы дене шынықтыруға көп көңіл бөлеміз.
Жас ұрпақ дұрыс өсіп жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету, салауатты өмір салтын сақтап, өмір сүруге дағдыландыру.
Топта тәрбиеші жай қимылдайтын, әлжуаз балалармен үнемі жеке жұмыстар жүргізіп отырады. Балаларды сәби кезінен бастап қабылдап, үнемі сол балалармен жұмыс жасайтын болсақ, барлық баланың даму ерекшелігін, мінез - қылықтарының барлығын, не нәрсеге бейімділігін өте жақсы білуімізге болады. Орталықта дене шынықтыру кезінде бала дұрыс қозғалыста болуы үшін жыл мезгілдеріне сай киіндіруге, демалыс күндерінде де үйде жаттығулар жасауды әдетке айналдыруды, ашық есік күні, мерекелік ертеңгіліктерге, түрлі спорттық ойындарға ата - аналардың белсене қатысып, қызығушылық танытуын ынтымақтаса жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі деп білеміз Орталық ауласы, бөлме тазалығы безендірілуі, балаларға ыңғайлылығы, әдемілігі, эстетикалық талғамдылығы жоғары болуы шарт. Неғұрлым ерте жатып, уақытымен таңертеңгілік тамағын ішіп, серуенге шығып ойнаған, жылы сөз, мақтау естіген, спортпен шұғылданған, шыныққан бала әрқашан да ауруға төтеп беретін, жігерлі, ақылды болып өседі. Бала денсаулығы жақсы, шыныққан, көңіл - күйінің жоғары, ынталы болуы үлкендерге, яғни ата - ана, тәрбиешіге, қоршаған ортаға байланысты. Іс әрекеті, технологияны ертеңгілі бойжазу. Сөз соңында Н.Назарбаевтың Қазіргі заман талабына сай, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының балабақшасының, барша елдің, халықтың міндеті екенін еске саламын. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Дене тәрбиесі - жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі үрдісінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. [2]
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып біледі.Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті -- өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып табылады.Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады. Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми - техникалық прогресс, еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.
Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлауды жүзеге асыру маңызды болып табылады.
0.1. Серуен және оны ұйымдастыру жолдары.
Балабақша балаларының тәрбиесімен білімділігімен қатар денсаулықтарын нығайту мақсатында барлық тиісті шараларды жүргізу медбикенің бақылауы аясында өткізіледі. Осы білім саласы бойынша дене тәрбиесінен ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттері де жаңа технологиямен түрлендіріліп, балалардың денсаулығын нығайтып, дене бұлшық еттерін шынықтырып жетілдіруге, сондай ақ жылдамдыққа, ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуге ықпалын тигізіп келеді.
Жыл бойы балаларға сауықтыру мен шынықтыру жүргізіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың көбі суық тиген аурулармен жиі аурады. Бұл бала ағзасына теріс ықпалын тигізіп, кейде созылмалы сырқатқа айналуы да мүмкін. Осындай ауруды болдырмаудың, одан сақтанудың негізгі жолы табиғи сауықтыру факторлары. Ауа, су, күннің көзін мақсатты түрде пайдалану, бала бойынша өзгерістерді жағдайларға төселген реакциялардың қалыптасуына көмектеседі, яғни оның ағзасын шынықтырады.
Атап айтар болсақ Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау тақырыбына ата-аналар мен бірге балалар дәрігері қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, балалардың денсаулығын нығайту, шынықтыру және қуаттандыратын дәрумендерді қолдану жөнінде кеңінен әңгіме өрбітіп, ата-аналарға бағытты кеңестер берілуі керек. [3]
Кішкентай бүлдіршіндердің жауапкершілікті сезіне жүріп жасаған әрбір іс-әрекеті арқылы олардың ептілікке, жылдамдыққа, шыдамдылыққа және батылдыққа тәрбиеленіп келе жатқандығын айқындай түсе, балалардың бір-біріне деген жанашырлығы, көмек қолын созуы олардың адами асыл қасиетті бойларына сіңіріп өсуде екендігін көрсетеді.
Сауықтыру жұмыстарының дәстүрлі емес түрлері кеңінен қолданады. Олар: жазғы құмда жаланаяқ жүру, суық сумен су құю, нүктелі төсеніштермен жүру. Қыс мезгілінде таза ауада серундеу, шаңамен сырғанау, шаңғы тебу адам ағзасының жұқпалы аурулар мен суыққа төзімділігі мен қарсылығын арттыратыны анықталған. Қысқы ойын түрлерінен спорттық жарыстар, мерекелік шаралар ұйымдастыру балалар бойына қуанышты көңіл күй сыйлайды. Алдымен балалар ойнайтын ойын аланың өздеріне жақсы таныс жануарлардың, ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерін жасап мерекеге сай безендіріп, жолдарды қардан тазартуға белсене қатысып, сол күннен бастап мерекелік көңіл күйде жүреді. Сондықтан да дене шынықтырудан қызықты қысқы жарыстар көбірек ұйымдастыру, жоспарлау, балалардың ойынға деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Ойынның балаға тигізер әсерін мынадай ұшқыр ойымен түйіндеуге болады: Ойын - өсіп келе жатқан бала организімінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шындала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шындалады, ұстамдылығы
Мектепке дейінгі білім беру стандарты негізгі үштік яғни ата-ана, бала, тәрбиеші арасындағы тығыз байланысты орнатуға мүмкіндік беріп отыр. Ата-аналардың қатысуымен өткізіліетін ойындар мен эстафеталық жарыстардың мақсаты баланың денсаулығын жақсарту, спорттық ойынға деген қызығушылығын ояту, балалардың бір-бірімен қарым - қатынасын нығайтып азамат болуға тәрбиелеу, дене, аяқ-қол бұлшық еттерін шынықтыру, спортты сүюге тәрбиелеу. Яғни күнделікті сауықтыру-шынықтыру шараларының қарапайым түрлерін тереңдетіп күрделендіре отырып жүзеге асырылуда. Олар: ЛФК, уқалау, физиоемдеу, фитошайы. Бұл шаралардың барлығы салқын тиюдің алдын алуы. Осы сауықтыру-шынықтыру шаралары жүргізілген кезінен ата-аналардың алғысы шексіз. Ал балалардың балабақшаға қатысуы бүгінгі күні 90%-ды құрайды. [4]
Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа - райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым - қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Көрнекті психолог С. Л. Рубинштейн бақылауды баланың ойлау қабілетін дамытатын мағыналы қабылдаудың нәтижесі деп қарастырады. Бұл жерде бала табиғи нысандар мен құбылыстардан нені көре алады және нені көру керек деген сұрақ туындайды. Серуен кезінде бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастыру біріншіден жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі педагогтың қолданатын әдіс - тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты.
Баланың жан - жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым - қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда Сезіну - танып білу - жүзеге асыру - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс - тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.
Төменде берілген серуен кезінде ұйымдастырылатын бақылау үлгілері тәрбиешіге баланы қоршаған ортамен таныстыруға, серуенді дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.
Серуен - мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі.
Серуеннің мақсаты - бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын - алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.
Серуеннің міндеті:
Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру;
Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру;
Баланың қимыл белсенділігін арттыру;
Баланың танымдық, көркем - эстетикалық, әлеуметтік - тұлғалық дамуына ықпал ету. [5]
Серуен түрлері (өтілу орнына қарай):
1. Балабақша аумағында;
2. МДМ - нің территориясынан аулаққа жаяу серуен (ересек топтар 2 километрге дейін)
Балалар киіміне қойылатын талаптар
Баланың киімі жыл мезгіліне сай және баланың ыссылап немесе тоңуына жол бермейтіндей, ауа - райына сәйкес болуы керек;
Температура +3 тен - 3°С аралығында болған жағдайда баланың киімі (іш киімді қосқанда) 3 қабаттан тұруы қажет. Сырт киім жылы күртеше, шалбар немесе гамаж; аяқтарында жылы бәтеңке;
Температура - 4 пен - 10°С аралығында болған жағдайда балаларға қысқы қалың күртеше мен 3 қабатты киім болуы шарт.
Температура одан төмен болған жағдайда киім қабаттарын 4 - 5 - ке дейін, киім жылылығына қарай көбейту қажет.
Жазғы маусымда күн тимеу үшін жазғы жеңіл күнқағар бас киім қажет.
Серуеннің мазмұны
1. Бақылау;
2. Еңбекке баулу;
3. Қимыл белсенділігін арттыру: қимылдық, спорттық ойындар мен жаттығулар;
4.Баламен жеке жұмыстар
5. Балалардың өз бетінше әрекеті
Серуеннің құрылым компоненттері:
1.Бақылау
2. Дидактикалық тапсырмалар
3. Балалардың еңбек қызметі
4.Қозғалмалы ойындар, жеке жұмыстар
Серуеннің өтілу жүйесі, көбінесе іс-қимылдарға байланысты болады:
· мысалы;( дене тәрбиесі сабағынан кейін серуенге шыққанда,
алдымен - бақылауды өткізген абзал, математика және тіл дамыту
сабақтарынан кейін - қозғалмалы ойын ойнатқан дұрыс.
· жыл мезгіліне де ,байланысты (салқын кезде қозғалмалы ойындар қарастырылады).
· кіші топтарда жас ерекшеліктеріне байланысты, серуенді бақылаудан бастаған дұрыс болады, ал ересек топтарында - ойыннан;
· балалардың танымдық қызығушылықтарына байланысты.
Бақылау (тәрбиешіге ұсыныс: бақылаудың тақырыбын, мақсат-міндеттерін жоспарлап жазып көрсету):
· тірі табиғатты бақылау (құстарды, ағаштарды, бұтақтарды және т.б.);
· өлі табиғатты бақылау және құбылыстарды( күннің көзі, бұлтты, ауа-райын, желді, қарды, қардың жаууы,боранды);
· айналаны қоршаған құбылысты (үлкендердің еңбегін, көлікті, өтіп жатқан адамдарды, қар жинап жатқан машинаны, адамдарды және т.б.).
Балаларды еңбекке баулу қызметі
Тәрбиеші балаларды еңбекке баулу (топ учаскісінде, беседкада) жұмыстарын, олардың қандай түрде өтілетінін көрсетіп жазулары керек - жеке немесе топпен, ұжыммен.
Жоғарыда атап өткендей, мектепке дейінгі мекемеде серуенді дұрыс ұйымдастырудың маңызы ерекше. Серуеннің ұйымдастырылуын арнайы кесте (І кесте) арқылы талдау әдіскердің де, тәрбиешінің де жұмысын жеңілдетеді. Тәрбиеші өзіне қандай талап қойылып отырғанын біледі, және серуенді жоспарлағанда жан - жақты ескеріп отырады. ІІ кестеде көрсетілгендей тараулар бойынша әдіскер серуенді талдағанда серуеннің барлық бөліктері ескеріледі. Серуен соңында қорытындыланып, ол қорытындымен тәрбиеші танысады және әдіскер ұсыныстар береді. Осылайша дұрыс ұйымдастырылған серуен баланың жан - жақты дамуына ықпал етеді. [6]
1.2. Балалардың салауатты өмір сүруін қалыптастыруда серуеннің тигізетін рөлі.
Баланы тәрбиелеу үздіксіз жүргізілетін процесс. Балаларды тұлға ретінде жан-жақты гармониялық тәрбиелеу процесі серуен жағдайында да жүзеге асырылылады. Серуен балалардың денелерін шынықтыруын қалыптастыруға әсерін тигізеді,көңіл-күйлерін көтереді. Тәрбиеші киінген жарты топтың балаларымен серуенге шыға береді, өйткені балалар терлеп кетеді. Қалған балаларды тәрбиешінің көмекшісі киіндіріп шығарады. Қысқы уақытта серуен 2 рет өткізіледі, жалпы барлық ұзақтығы 3 сағатқа дейін.15 градустан төмен және желдің күші 7мс болса серуен қысқартылады. Егер температура 20 градустан төмен және желдің күші 15 мс болса серуен жүргізілмейді.Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатымен тәрбиеші және тәрбиешінің көмекшісі жұмыстың басында топ учаскісін толық тексеріп шығу керек: сынған шыны, сым басқа да, зиянды заттар бомауына. Мектепке дейінгі мекемеде серуенді ұйымдастыру жұмысында тәрбиешінің көмекшісі участокта ойын орталығын дайындауға көмектеседі. Балалардың серуенге қызығушылықпен шығуы үшін, оларға әртүрлі қызмет жағдайын тудыру қажет.
Серуенде балаларды тәрбиелеу және дамытудың негізгі шарты біруақытта ақыл-ой және тәжірибелік іс-қимылдарды қатар меңгеру. Бұл тәрбиешінің алдын-ала жоспарлаған жүйелі түрде жүргізілген бақылауында ойдағыдай шешіледі. Серуендегі күнделікті бақылау балалардың табиғат әлемі туралы білімдерін толықтырады, адамдардың еңбектері туралы, бір-біріне деген қарым-қатынастары туралы, эстетика туралы біліп үйренеді. Сонымен, бақылау - серуеннің ең негізгі компоненті болып табылады. Балаларды шамасына қарай еңбекке баулу үлкендердің еңбегін бақылаумен бірге қоса жүргізіледі. Балалар үлкендердің еңбек процесіне араласып бірге істегенге ұмтылады,қорытындысына қуанып шаттанады. Сонымен, балалардың еңбекке деген іс-қимылдары да, серуеннің құрылымының компоненті болып табылады. Әрқашанда балалардың алаңда әрқайсысы әртүрлі іс-қимыл жасайтындарын ескеру қажет. Дидактикалық тапсырманы орындау барысында,қозғалмалы ойынға белсенді беріле қатысқанда бала жақсы қорытындыға жетеді. Әлбетте, қозғалмалы ойындар, ойын жаттығулары,сонымен қатар дидактикалық тапсырмалар серуеннің міндетті компоненті болып табылады.
Серуенде ең кемінде үш ойын ойналу керек. Күндізгі серуенге ойын таңдағанда, серуеннің алдындағы балалардың айналысқан қызметін есепке алу қажет. Тиыш сабақтардан кейін қозғалысы молдау ойын таңдау қажет. Серуеннің басында барлық топпен ойнау керек. Дене тәрбиесі және музыкалық сабақтарынан кейін қозғалысы орталау ойын жоспарлаған жөн. Ондай ойындарды серуеннің ортасында немесе аяғында ойнату қажет. Балалардың қозғалыс дағдыларын пысықтайтындай, дамитындай жаңа ойындарды жоспарлап жазып үйрету керек. Бір жылы бойы шамамен 10- 15 жаңа ойындар өткізу керек. Ойынды таңдау жыл мезгіліне, ауа райына , серуеннің өткізілу уақытына байланысты. Әрбір топта ойындар картотекасы болу керек. Осы компоненттердің бәрі серуенді қызықты және қанықты етеді. Серуенді ауа-райына, бақылайтын обьектіге, өтілген сабақтарға байланысты әртүрлі жүйелілікте жүргізуге болады. Ең бастысы, серуеннің әрбір компоненті балалардың дене тәрбиесінің дамуына, денсаулықтарын шыңдауға, сонымен қатар көңіл-күйлерін көтеруге әсерін тигізеді. Қорыта келгенде, серуеннің дұрыс ұйымдастырылып,өтуі балалардың қимыл белсенділіктерін дамытып, салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырады. [7]
Дене шынықтырудан үйренген қимыл - әрекеттер серуен кезінде, спорттық шараларда жетілдіріледі. Дене шынықтыруды өткізген кезде балалардың құлап жарақат алмауын көп қадағалауымыз керек. Бала организміндегі мүмкіндіктерін арттыра түсу үшін таза ауадағы дене шынықтыруға көп көңіл бөлеміз. Серуен кезіндегі дене тәрбиесінің құрамы бағдарламалық материалдардан құралады. Сенуенде дене шынықтыру 5 - бөлікке бөлінген жүгіруден, жеке және топталған әдістерден тұратын ерекше қозғалыстардан таңдалған спорттық ойындар мен эстафеталардан тұратын қимыл - қозғалыстың белсенділігімен өткізіледі. Серуен кезінде балалардың жаттығуларға деген белсенділігін төмендетпес үшін оларға көп ауыртпалық түсірмеуге, дұрыс демалуларына көңіл бөлеміз. Сонымен қатар, балалардың тек қана денесін шынықтырып емес, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар білімін ұштастыруға септігін тигізеді. Бірін - бірі сыйлау, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде мәні зор. Спорттық ойындар арқылы балаларды төзімділікке, қайратты шымыр болуға баулу қажет.
Серуен кезінде учаскедегі орын барлық жағдайға сай жабдықтануы керек. Қазіргі кезде барлық балабақшада әртүрлі өрмелеуге арналған баспалдақтар, жаттығуға арналған скамейкалар бар. Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың денсаулығы туралы мәліметті балабақша медбикесінен аламнуы қажет. Егерде операция жасалған немесе бір жері қатты ауыратын бала болса, ол балалар тәрбиеші көмекшісімен бірге болып, жеңіл қимылды ойындар ойнайды. Сауықтыру шараларына медбике жиі қатысып, тексеріп тұрады. Балалардың нервтік жүйесіне жүрекке, бұлшық еттің қатаюына, қан айналымының жақсаруына әсер ететін жаттығулар түрін таңдауға көмектеседі. Дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың киімдерінің жүріп - тұруына ыңғайлы болуын қадағалаймыз. Қыстың ашық күндері жеңіл спорттық киіммен жүргіземіз, көбіне серуеннің аяғын да өткізгеніміз дұрыс, себебі балалар терлеп, тез салқын тиюі мүмкін. Күзгі, қысқы мезгілде таза ауадағы дене шынықтыру кезінде өлең айтуға, ауызбен айтатын ойындар ойнауға болмайды, себебі баланың тыныс алу жолдарына салқын тиюі мүмкін, сондықтан мұрынмен демалуына көңіл бөлеміз. әрбір жаңа оқу жылында балаларға бөлек - бөлек дәптер бастап, балалардың өсіп - жетілуіне, олардың денсаулығы жазып өт-з шынықтыру шаралары көктемнен бастап ертеңгілік ж.ж.жаттығуларды таза ауада өткізуден басталады. Киімдерін де бірте - бірте жеңілдетіп, жаз айларында тек қана іш киіммен, жалаң аяқ жүруге дейін жеткіземіз. Жалпақ табалдылықты болдырмау мақсатында ұсақ тастардың, тігілген қақпақшалар, тікенек жаймалар үстімен жалау аяқ жүргіземіз. [8]
Балаларды серуен кезінде қимыл - қозғалыс ойындары және өз бетінше сан алуан қимыл жасау әрекеті барлық жастағы топтарда балалардың күнделікті өмірінің міндетті түрде мазмұны болып табылады.
Қимыл-қозғалыс ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қимыл әрекеті ретінде тәрбиеші әрбір жастағы топтардың режимімен сәкес күннің әр түрлі уақытына жоспарлайды.
Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың жан-жақты дамуына жағдайды, организмді сауықтыруға көмектеседі, балалардың өмірін жаңа мазмұнмен байытады, олардың сезімін, мінез-құлқын, қоршаған ортада бағдар ұстауын, дербестігі мен шығармашылық инициативасын қалыптастыру.
Балалар мекемелерінен тысқары жерге жаяу серуендеу және экскурсия жасау балалар туризмінің ең қарапайым түрі болып табылады. Олар балалардың денсаулығын күшейтуге, дене күшін дамытуға эстетикалық қалыптастыруға, табиғатпен қатынаста болуға, қимыл дағдылары мен дене қасиетін жетілдіруге көмектеседі.
Әр түрлі топ балаларының салауатты өмір сүруін қалыптастыруда серуенді ұйымдастыру мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарламаларының мазмұнына сүйенеді:
1. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар үшін
- белгілі бағыт бойымен жүру: жолмен, көлбеу тақтай бойымен жоғары, төмен жіпті, лентаны, таяқшаны аттап жүруді;
- түзу бағытта жүгіруді;
- бөренеден еңбектеп асып түсуді, параллель жатқан жіптердің арасынан еңбектеп өтуді;
- құрсау ішімен орындықтың астынан еңбектеп өтуді, сатыға (биіктігі 1,5 м) өрмелеуді;
- ересектердің көрсетуімен жалпы дамыту жаттығуларын орындауды;
- допты жоғарыға лақтыру (қағып алмай), екі қолмен домалату, допты бір-біріне беруді;
- гимнастикалық орындық пен тартылған жіп арқылы әртүрлі заттарды бір-біріне лақтыруды білуі тиіс. [9]
2. 3 жастан 4 жасқа дейінгі балалар үшін:
Шанамен сырғанау
Биік емес төбешіктерден сырғанау, бір-бірін сырғанату.
Сырғанау
Ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау.
Шаңғымен жүру
Шаңғыларды киіп, шешу, оларды орнына қою, түзу шаңғы жолында аттап басу және сырғанау адымдарымен жүру.
Велосипед тебу
Велосипедке міну және түсу, үш аяқты велосипед тебу.
Жүзуге дайындық
Суға кіру және шомылу, су ішінде ойнау.
Дене тәрбиесі шаралары айына 1 рет, ұзақтығы 15-20 минут.
Дене шынықтыру мейрамы айына 2 рет-қыста, жазда, ұзақтығы 20 минут.
- түрлі тәсілдермен: жыланша ирелеңдеп саптізбекте бір-бірден, еркін, басын төмен түсірмей, тепе-теңдікті сақтап жүру;
- бағытын, жүгіру қарқынын өзгерте отырып, 20 метрге дейін жүгіруді;
- екі аяқпен, секіруде екпінмен итеріліп, 2-3 метр арақашықтыққа алдыға қозғала секіруді;
- 15-20 см биіктіктіктен тереңдікке секіруді;
- биіктігі 5-10 см заттардың үстінен секіруді;
- 1,5 метр арақашықтықтан берілген бағытта және күйде допты бір-біріне домалатуды;
- допты қос қолмен кеудеден, бастан асыра лақтыруды;
- заттарды алысқа оң және сол қолмен көлденең және тік нысанаға лақтыруды;
- таңертеңгілік жаттығулар кешенін, сауықтыру жаттығуларын орындауды;
- қозғалыс ойындарын ойнау;
3. 4 жастан 5 жасқа дейінгі балалар үшін:
Шанамен сырғанау. Төбешіктен сырғанау, бірін-бірі сырғанату, шанамен төбешікке көтеру, төмен түсіп келе жатып тежеу.
Сырғанау. Өз еркімен мұз айдынында сырғанау.
Шаңғы. Бірінің артынан бірі сырғанап алға жылжу. Қиылысқан жерлері аз жерлерден жүру. Оңға және солға қарай жүріп бұрылу. Алға қарай, жартылай шырша сияқты (тура және қиғаш) аттап, төбешікке шығу.
Велосипед. Шеңбер бойымен және тура жолмен екі және үш дөңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау.
Жүзуге дайындық. Суға түсу және бату, судың ішінде ойнау. Судың ішінде отырып аяқты жоғары көтеріп, төмен түсіріп қимылдар жасау. Судың түбінде (аяқты көлденең жіберіп) қолды тіреп, алға, артқа жылжу. Иекке, көзге дейін суға батырып отыру. Судан секіру. Суға бетін батыру. Суға басын батырып отыру. Өз еркімен жүзуге талпыну.
Ұзақтығы 20 минут болатын дене шынықтыру ойын-сауығын 2 айда 1 рет;
Ұзақтығы 45 минут болатын дене шынықтыру мерекелерін жылына 2 рет (қысқы және жазғы);
Ұзақтығы 30 минут болатын денсаулық күнін 2 айда 1 рет ұйымдастыру.
- денсаулық пен дене жаттығуларының байланысы туралы;

- жалпы дамыту жаттығуларын орындауда қажетті бастапқы қалыпты қабылдауды, орындауда бірізділікті сақтауды;
- қозғалыс ойындарын ойнауды;
- түрлі тәсілдермен жүру және жүгіруді, қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіруді, тепе-теңдікті сақтауды, басты тік ұстауды;
- бір орыннан секіруде дұрыс бастапқы қалыпты қабылдауды, жеңіл түсуді;
- түрлі бағыттарда және түрлі бастапқы қалыпта секірулерді орындауды;
- 70 см кем емес ұзындыққа бір орыннан секіруді;
- 20-30 см биіктіктен тереңдікке секіруді;
- допты лақтыру және оны қолмен қағып алуды;
- лақтыруда дұрыс бастапқы қалыпты қабылдап, заттарды алшақтыққа түрлі тәсілдермен көлденең және тік нысанада оң және сол қолмен лақтыруды;
- допты жерге 5 рет қатар соғуды;
- тіреуіштің шектеулі алаңы бойымен тепе-теңдікті сақтауды;
- бүкіл немесе шағын топпен саптізбекке, шеңберге, сапқа тұру, сапта өз орнын табуды;
- музыка әуенімен саппен жүруді;
- ойын кейіпкерлерінің би қимылдарын және бейнелі қимыл-қозғалысын орындауды;
- музыка әуенімен таныс дене жаттығуларын орындауды;
- биік емес төбешіктерден сырғанау, бір-бірін сырғанатуды;
- дербес мұз жолдарымен сырғанауды;
- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz