Музыкалық тәрбие



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І БӨЛІМ.
1.1. Бағдарламалардағы «Шығармашылық» білім беру саласының «Музыка» бөлімінің базалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Мерекелік ертеңгіліктердің түрлері және оны ұйымдастыру ... ... ... ... ... .
1.3.Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Курстық жұмыстың өзектілігі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру. Бұдан бөлек, Президент балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі мәселелерді алдағы үш жылда шешуді жүктеді. «Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр», - деп қорытты өз сөзін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. [1]
Зерттеу жұмысының мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балаларға ертеңгіліктерді ұйымдастыру барысында музыканы қолданудың маңыздылығын түсіндіру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
-Мектепке жасына дейінгі балаларда эстетикалық тәрбиені қалыптастыру;
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
2. Ветлугина Н.А. Балалар бақшасыда музыкалық тәрбие беру методикасы. Алматы, «Мектеп» 1981.
3. Қарамолдаева Д.О Музыкалық тәрюиенің теориясы мен әдістемесі.Алматы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 2011.
4. Елеуов Б., Жұмашев Ә. Балабақша меңгерушщісіне арналған кітап . Алматы, «Мектеп» 1987.
5. Урбанская О.Н. «Балабақша және семья» бөлімі
6. Ветлугина Н.А. Музыкальное развитие ребенка. М.,1967.
7. Бахтигулова Л. Становление детского музыкального воспитания в Казахстане. А., ГорИУУ, 1989.
8. Метлов Н.А. Музыка – детям. М., 1985 .
9. Қоңыратбай Ф.М. Музыка әдістемелік құрал. Алматы , «Алматыкітап» 2011.
10. «Балалардың мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының негізгі мазмұнын игеру және меңгерту сапасын бағалау және өлшеу әдістемесі». – астана , «Арман- ПВ», 2012 .
11. «Музыкалық өнер және болашақ мамандардың кәсіби- педагогикалық дайындығының өзекті мәселелері» . Алматы ,2010.
12. «Техникалық және кәсіптік оқытудың дамуы : тәжірибе , проблемалар, преспективалар» 25-26 ақпан 2014жыл Баяндамалар жинағы. Талдықорған, 2014.
13. «Отбасы және балабақша» журналы №1 2014.
14. «Играем и поем» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музыкалық ойындар, билер. Метлов Н. А. М., 1978.
15. Ветлугина Н. А. , кенеман А. В. Теория и методика музыкального воспитания в детском саду. М. , 1983.
16. Кабалевский Д. Б. Как рассказывать детям о музыке. М. ,1977.
17. Н. А. Ветлугина. Балабақшадағы музыкалық тәрбие әдістемесі.
18. Қазақстандағы дарындылық мәселесі бойынша инновациялық- педагогикалық қызмет. Астана-2005 ж.
19. С. С. Джансеитова. Орысша-қазақша музыкалық терминдердің түсіндерме сөздігі.
20. Н. Г. Канонова. Мектепке дейінгілерді балалар музыкалық аспаптарында ойнауға үйрету.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І БӨЛІМ.
1.1. Бағдарламалардағы Шығармашылық білім беру саласының Музыка бөлімінің базалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Мерекелік ертеңгіліктердің түрлері және оны ұйымдастыру ... ... ... ... ... .
1.3.Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру. Бұдан бөлек, Президент балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі мәселелерді алдағы үш жылда шешуді жүктеді. Білімді ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр, - деп қорытты өз сөзін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. [1]
Зерттеу жұмысының мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балаларға ертеңгіліктерді ұйымдастыру барысында музыканы қолданудың маңыздылығын түсіндіру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Мектепке жасына дейінгі балаларда эстетикалық тәрбиені қалыптастыру;
- Музыкаға қалыпты қызығушылығын, әр түрлі музыкаға эмоциялық сезгіштігін қалыптастыру және дамыту;
- Би билеу және ән салу дағдыларына үйрету;
Музыка - адам өмірінің серігі, эстетикалық тәрбие негізі болып табылады. Музыкаға деген сүйіспеншілік, баланың музыкаға жетік болу қабілеттері туа бітпейді, ол өсу, даму процесінде қалыптасады. Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. Ол жоқ жерде, адам тірлігі де жоқ деп Ю.Фучек өте тауып айтқан.
Музыка адамды шаттыққа бөлеп мұң зарын сейілткен. Музыканың әсер ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез - құлқымен салт-дәстүрінде өзгерте алады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Қытайлық тарих танушы, музыка зерттеушісі Сыма Цяньның мына пікірін еске алайық: Дүниеге келген адам өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілеп туады. Ал, қайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш, болса туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам сезімінің өзгеруі ғана, адам бойындағы сезімді қалыптастыратын да, сол сыртқы әсерлер.
Жақсы ән мен сазды музыка - жан азығы. Әсем ырғақты жан тербетер ән, музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып ерекше сезімге, қуанышқа бөленеді.
Музыка - рухани қазына. Рухани қазынаның мөлдір бастау бұлағынан нәр ала білген бала адамгершілік пен асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.
Әнге әуес, күйге құмар бала - жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі М.Әуезов.
Туғанда дүние есігін ашады өлең - деп Абай атамыз жырлағандай шыр етіп дүние есігін ашқан нәрестеге өмірінің алғашқы күндерінен бастап - ақ музыка әсер етеді. Ең алғашқы анасының әлдиі, бесікке таянып айтқан ананың бесік жыры бөбектің жанын тынышталдырып тәтті ұйқыға кетуіне әсер етеді.
Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты ырымдар Шілдехана, Бесікке салу, Қырқынан шығару т.б. бәрі де әнсіз, өлеңсіз, жырсыз өтпеген. Бала өмір бойы ән ырғағына бөленіп жүреді. Міне, осындай сыртқы ортаның әсерінен бала бойында әдемілікке, әсемдікке деген сезім күй қалыптасып, эмоциялық әсер нәрестені ерте бастан музыкаға баулуға, эстетикалық тәрбиенің белсенді көмекшісі етуге мүмкіндік туғызады.
Ана әлдиін бойына сіңіріп өскен сәби тәй-тәй қадам басқаннан - ақ балабақша есігін ашады. Сол балаға музыкалық эстетикалық тәрбие бере отырып, жан-жақты жеке тұлғаны дамытудың алғашқы баспалдағы балабақшада жалғасады.Ертеңгіліктерде балалар ән айту арқылы, би билеп,ойнап күліп мерекені сезеді. Музыкалық тәрбиенің бала өмңрңнде аса үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.
Ертеңгіліктердегі музыканың рөлі үлкен балалар музыканы сезіну арқылы көңілді немесе көңілсіз; қызықты немесе қызықсыз болып жатқанын түсінеді. Баяу музыкалар балаларды тыныштандырып, ал жылдам музыкалар балалардың зиінін аударып оятады. Бұл зерттеу жұмысымның барысында музыканың ертеңгіліктерде үлкен рөл атқаратындығына көздеріңіз жететін болады

1.1. Бағдарламалардағы Шығармашылық білім беру саласының Музыка бөлімінің базалық мазмұны.
Музыка - адам баласының қалыптасуына зор қөмек тигізеді. Адам музыкамен қуаныш-күйініш, жағымды-жағымсыз әсерлер алып түрлі күйге бөленеді. Мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар ертеңгілік, сабақтарда, ойын-сауықтарда музыканы сезініп өссе, ол шығармашыл, жеке қалыптасқан тұлға болары сөзсіз. Мектепкедейінгі ұйымдарда бұл бағдарлама бойнша ескеріліп, жас ерекшеліктері бойынша қарастырылған: Алғашқ қадам, Зерек бала, Біз мектепке барамыз
1 жастан 3 жасқа дейінгі аралықта:
Мақсаты: музыка тыңдауға, ән айтуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықтарын қолдап, дамыту.
Міндеттері:
1. Есту қабілеттерін дамыту, әннің тек әуенін тыңдап қана қоймай, сонымен бірге сөзін тыңдап түсіну, әуенді қимылдармен, дыбыстармен сүйемелдей білу.
2. Бастапқы әншілік икемділігі мен музыка әуенімен ырғақты қарапайым қимылдар жасай білуді дамыту.
3. Балаларды бейнелі рөлді ересек адам қолындағы ойыншық орындайтын қарапайым сюжетті ойындарға қатысуға дайындау.
Мазмұны:
1 жас - 1 жас 6 ай
Есту қабілеттерін, музыканы тыңдай білуді дамыту. Балаларды сергек және байыпты әндерді, сәйкес қимылдармен сүйемелдей отырып, тыңдауға үйрету; дыбысқа еліктеулерді қайталау, әндегі қайталанатын әуендерді айтуға үйрету.
Балаларды фортепианода 3-4 минуттық үзілістермен, 20-40 секунд үздіксіз орындалатын, сондай-ақ түрлі музыкалық аспаптарда (триола, металлофон, ксилофон, ауызсырнай) орындалатын әуендерді тыңдауға үйрету.
Ересектердің айтқан әнімен жүре білуді қалыптастыру, ойын қимылдарын орындау, би әуендеріне жеңіл қимылдармен көңілді сипат беру: аяқтан аяққа ауысу, аяқты тарсылдату, алақандарын шапалақтау, қол буындарын айналдыру, орнында айналу, музыкаға қосылып сылдырмақпен ойнау, шапалақпен музыканың ақырын және қатты дыбысын белгілеу, ересектерге еліктеп, қарапайым бейнелі қимылдарды көрсету.
Педагогтің артынан топпен жүру іскерліктерін қалыптастыру; үлкендердің көрсетуімен би қимылдарын орындау.
1 жас 6 ай -- 2 жас
Әннің әуені мен сөздерін тыңдауға, оларды тануға үйрету.
Көңілді және байыпты сипаттағы әндер мен пьесаларды қолдана отырып, музыкалық шығармаға сәйкес эмоционалдық жай-күй туғызу; музыкалық дыбыстауды ажырата білуді, музыка тыңдауда шоғырлануын арттыра отырып, есту қабілеттерін дамыту.
Домбыра - сыбызғы, барабан - баян музыкалық аспаптарын дыбысталуы арқылы ажырата білуге мүмкіндіктер туғызу.
Балаларды фортепианода, металлофонда, триолада орындалған ұлттық әуендерді тыңдауға үйрету; ересек адамның орындауындағы әндерді тыңдау, қайталап айту, кім туралы айтылғанын сұрау, ересектермен қосылып айту.
Музыкамен жүру, жүгіру, жалаушамен жүру; ересектердің әніне қосылып дабылды соғу; жоғарғы және төменгі дыбыстауды тыңдау, ойын әрекеттерін көрсете білу, тәрбиешінің көрсетуімен би қимылдарын (аяқтарымен топылдату, алақандарын шапалақтау, бір қолмен бұлғау, қазақтың және басқа да халықтардың музыкасының ырғағына сәйкес қолмен би қимылдарын) орындау.
Заттармен қарапайым қимылдарды орындауға үйрету: жалаушаны жоғары көтеру, бұлғау, сылдырмақты сылдырлату.
Ойындарға белсенді араласу, жыл соңында 1-2 таныс билерді дербес орындай білуі тиіс.
Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- әндердің әуені мен сөзін тыңдауды, оларды тануды;
- музыкалық аспаптарды дыбысталуы арқылы ажыратуды;
- ересектердің орындауындағы әндерді тыңдауды, оларға қосылуды;
- музыка әуенімен жүре білуді, жүгіре білуді;
- тәрбиешінің көрсетуімен би қимылдарын орындауды;
- заттармен қарапайым қимылдарды орындауды;
- ойындарға белсенді араласуды;
- 1-2 таныс билерді дербес орындауды білуі тиіс.

3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі аралықта:

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың музыкаға қызығушылығын, музыкалық әрекеттің әр түріне эмоционалдық қарым-қатынасын білдіруге талпынысын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Қарапайым табиғи дауыспен күш түсірмей, сазды ән салуға, музыкалық аспаптар мен ойыншықтардың дауыстарын естуге үйрету.
2. Би қимылдары мен музыкалық ойын әрекеттерін орындауға ынталандыру.
Мазмұны:
Музыка тыңдау
Музыкалық шығармаларға эмоционалдық қатынасын тәрбиелеу.
Музыкалық ойыншықтар мен сылдырмақтардың (қоңырау, сазсырнай, дабыл, асатаяқ т.б.) дыбыстарын ажырата білу дағдысын қалыптастыру.
Әнде не туралы айтылғанын әңгімелеп беруге үйрету.
Ән айту
Таза дыбыстау, созып айту, бірге және жеке айту дағдыларын қалыптастыру. Дыбысталу күші бірдей бір қарқынды (қатты-жай) ән айтуға үйрету. Түрлі сипаттағы әндерді орындауда қолдану.
Табиғи дауыспен әннің сөздерін күш түсірмей айтуға, музыкалық фразалар арасында дем алуға, әнді бірге бастап, бірге аяқтауға, әуенін дұрыс бере білуге үйрету. Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз педагогтің көмегімен бірінші октаваның ре-ля диапазонында айтуға үйрету. Дыбыстарды биіктігі бойынша ажыратып (октава шеңберінде), басталуы мен аяқталуына әсер ету.
Музыканың түрлі бөлімдерін (басы, қайырмасы т.б.) атамай, ажырата білуін дамыту.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар
Музыканың би әуенін сезініп, түрлі халықтардың музыкаларымен қарапайым би қимылдарының элементтерін (шапалақтар, топылдату, отырулар, бұрылулар) орындауға үйрету.
Музыка әуеніне сәйкес қимылдарды ауыстыруға, шығарманың аяқталуын сезуге, жаттығуларда, ойындарда, ән айту шеңберлері мен билерде музыка әуенімен қимылдарды үйлестіруге тырысу біліктерін дамыту.
Жыл соңында музыка бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- музыкалық және сылдырмақ ойыншықтарды, балалар аспаптарын (сылдырмақ, қоңырау, дауылпаз бен металлофон) тануды;
- музыканы соңына дейін тыңдауды;
- өзіне таныс әндерді тануды;
- бір-бірінен қалмай және озбай ән салуды;
- би жаттығуларын (шапалақ, тепкілеу, отыру, айналу) жасауды білуі тиіс.

5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі аралықта:

Мақсаты: ұлттық музыкаға сүйіспеншілігі мен тұрақты қызығушылықтарына, ән айту мен билеудің шығармашылық элементтерін, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу, музыкалық шығарманың түрі мен мәнерлілігі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Вокалды және аспапты музыкаға қызығушылығын арттыру, музыканың сипатын, музыкалық мәнерлілік құралдарын, олар туралы пікір айту дағдыларын дамыту.
2. Қазақстан композиторларының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін қалыптастыру.
3. Ұлттық музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажырату.
4. Балаларды әнді еркін, жеңіл дауыспен, бірқалыпты мәнерлі айтуға үйрету.
5. Музыкалық шығарманың сипатына қимылдың үйлесімділігін музыкалық мәнерліліктің едәуір ашық құралдары арқылы үйрету және кеңістік пен уақытты бағдарлай білу іскерлігін дамыту.
Мазмұны:
Музыка тыңдау
Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін, әсерлі реңктерін ажырату. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту. Музыка сипатын бейненің мазмұнымен, ондағы көрсетілген көңіл күйді байланыстыра білу дағдыларын қалыптастыру.
Балаларға өмірдің кейбір құбылыстарын бейнелейтін тәсіл ретінде музыкалық өнердің шығармаларымен таныстыру. Мектепке дейінгі жастағы балаларды музыканың дыбысталуын тыңдауға, кейбір музыкалық пішіндер мен мәнерліліктің құралдарын ажыратуға үйрету. Жаңа шығармаларды өздеріне таныс шығармаларымен салыстыру іскерліктерін дамыту, өзінің өмірлік тәжірибелерін қолдану.
Қазақтың ұлттық аспабының өзіндік тембрлік дыбысталуымен таныстырып, жалпы сезімдік мәнерін ғана емес, сонымен қатар, мәнерлі дауыс ырғағын ажырату.
Ұлттық, домбырада және қобызда орындалатын Күй жанрымен таныстыру, күйші-композитор: Құрманғазы, қобызшы Қорқыт, күйшілер Тәттімбет, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей Шығаев, Ықылас Дүкенов шығармашылығымен таныстыру.
Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды әсерлі реңкі мен музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып тыңдау.
Лирикалық, вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдап, пьесаның билеуге икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін белгілеу. Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланыстыру, шығарманы сипаттай білу.
Қазақтың халық әндері мен би музыкаларының үздік үлгілерін тыңдауға тәрбиелеу.

Ән айту
Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2-3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету, септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату. Фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен айту, оны металлофонда ойнау.
Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен фразалардың соңын жұмсартып айту. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен фразалардың соңын жұмсартып айту, музыкаға сәйкес түрлі қимылдарды орындау. Сезіммен, ырғаққа сәйкес, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс дем алып, музыкалық кіріспеден соң бірден бастап айтуға үйрену.
Қазақ халқының музыкасын әндерде қабылдау.

Музыкалық-ырғақты қозғалыстар
Жаттығулар
Музыка сипатының өзгеруіне сәйкес қозғалыстарды өзгерту, марш сипатын анық ырғақтық жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, қозғалысты музыкамен сәйкестендіріп жартылай отыруларды (серіппені) анық, ырғақты орындау, қимылдарды музыкамен келістіріп, бөлшек адымды би қимылын меңгерту. Шапалақтаумен ырғақтық қимылдарды орындау, түрлі бағыттарда секіріп қозғалу іскерліктерін бекіту, тізені көтеріп жүгіруді орындау. Қазақтың би қимылдарының элементтерін орындау. Қазақтың Бетеге биінің элементтерімен таныстыру, қол, аяқ және бас қимылдарымен жұмысты жалғастыру, ауыспалы адымды жетілдіру, қазақ және орыс ұлттық билерінің элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру.
Ойындар мен қол ұстасып шеңбер бойында айтылатын әндер
Әуеннің осы немесе басқа вариациясының сипатына сәйкес негізгі қозғалыстардың (жүру, жүгіру) түрлерін өзгерте отырып қозғалу, музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, қол ұстасып шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру, музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту, жылдамдық пен ептілікті білдіру, пьесаның аяқталуын белгілеу, ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу, дауыстардың биіктіктерін ажыратып, үлкен шеңберден кіші шеңберге қайта тұру, шашыраңқы қалыптан шеңберге жылдам ауысып кеңістікте еркін қозғалу, қол ұстасып шеңберде айтылатын әндер мен таныс би қимылдарын орындау (жеңіл секірулер, дененің бұрылысы, серіппелі отырулар).
Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық-ойын бейнелерін: байсалды, асықпай және көңілді, шаттанған, би күйін мәнерлі жеткізу. Музыкаға сәйкес жалаушалармен немесе ленталармен қозғалу, саптағы орнын өзгерте отырып кеңістікте еркін бағдарлау: үш шеңбер, үлкен шеңбер. Сюжетті ойындарды сахналау.
Билер
Қазақ биінің қимылдарын үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру. Музыкалық фразаларға қозғалыс бағытын жеңіл және әдемі ауыстыра отырып қозғалу, қазақ биінің қозғалыстарын үйренуді жалғастыру, мәнерлі орындау дағдыларын жетілдіру. Би бейнелерін қолдана отырып әндерді сахналау, би қимылдарын бере білу.
Би шығармашылығы
Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан би шығару іскерліктерін мадақтау. Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру. Мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау мен шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету.

Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау
Металлофонда, ықыласына қарай басқа да аспаптарда ойнау тәсілдерін меңгеру, триола, кларнет және сыбызғыда ойнау барысында дұрыс тыныс алуын сақтау, аккордеон мен баянда ойнауда ыңғайлы аппликатураны табу, тарелкелер мен үшбұрыштың дыбысталуын бәсеңдету, дабыл мен барабанда, кастаньетты, маракасты, асатаяқты сілкіп ойнау барысында қолды дұрыс ұстау әдістерін меңгеру, аспаптардың аттарын біліп, олардың тембрін тану.
Жеңіл әуендерді кіші ансамбльмен уақытында қосылып ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау, әуенді ойынмен бірге сүйемелдеу.
Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптары асатаяқ, тоқылдақ, жыланбас қоңырау аспаптарында анық және тәртіппен ойнау.
Ересектердің аккордеонда орындауындағы лирикалық, байсалды әуендерді тыңдау, олардың аттарын білу, қайта тыңдау барысында тану. Әуеннің ырғақтық бейнесін металлофонда жеке немесе кішігірім топпен ойнау. Жеңіл әуендерді кіші ансамбльмен уақытында қосылып, ырғақтық бейнесін анық беру. Ересектердің орындауында халық әуендерін тыңдау, олардың сипаты мен қарқынын белгілеу.
Жыл соңында музыка бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- қарапайым жанрларды ажыратуды (күй, өлең, би, марш), оларға тән белгілерді атауды;
- музыкалық шығармалар сипатын анықтауды;
- музыкалық мәнерліліктің құралдарын (темп, динамика, регистр), музыкалық шығармалар түрлерін (әннің кіріспесін, басын, қайырмасын) ажыратуды;
- музыкалық мамандықтарды (музыкант, орындаушы, әнші, жеке орындаушы, дирежер және т.б.) атауды;
- қарапайым музыкалық терминдерді, ән айту дағдыларын;
- жақсы таныс әнді музыкалық сүйемелдеумен, сүйемелдеусіз күрделі емес әнге қосылып өз бетімен орындауды;
- пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындауды, оның сипатына сәйкес музыкамен қозғалуды;
- кейбір музыкалық аспаптар туралы қарапайым түсініктерді;
- балаларға арналған музыкалық аспаптардың дыбысталуын тембрі бойынша ажыратуды және оларды (сылдырмақ, дабыл, металлофон, ксилофон, ұшбұрыш, маракас) атауды;
- балаларға арналған аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын (металлофон, ксилофон, үшбұрыш, асатаяқ, тоқылдақ, жыланбас қоңырау, сылдырмақ, маракас, румба және т.б.);
- музыкалық дыбыстың, ұзақтығының, тембрдің негізгі сипатын ажыратуды;
- әншілік суырып салма қабілеттілігіне (берілген мәтінге қарама-қарсы сипатта әуен құрастыру) және пара-пар қимылдарды өз бетімен таңдау негізінде музыкалық ойын бейнесін жасай білуге, балалардың музыкалық аспаптарында (металлофон) әуенді ойлап таба білу қабілеттілігіне ие болуды;
- таныс би элементтерін біріктіру негізінде (немесе өзі ойдан шығару) би композициясын шығаруды білуі тиіс.

1.2.Мерекелік ертеңгіліктердің түрлері және оны ұйымдастыру
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, мектепке дейінгі мекемелердің алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті болып тұр.
Балалар өміріндегі мерекелердің маңызы - адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру құралы, әдеби шығармалар, әндер мен өлеңдер патриоттық сезімдер қалыптастырады, балалар бойында тәртіптілік, мінез - құлық, ұжымшылдық негіздерін, мәдениетін тәрбиелейді.
Мейрам күндері - балалар үшін жан тебірентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызғылықты бір әлемі. Сондықтан да, мейрам күндерін балабақшаның әрбір тәрбиеленушісі асыға күтеді, өз өнерлерін жолдастарына, тәрбиешілеріне және ата - аналарына көрсетуге асығады.
Осы жағынан алғанда, жас жеткіншектерді тәрбиелеп, оларды жан - жақты дамытып, жетілдіруге мерекелік күннің үлесі зор. Жас жеткіншектердің өзін қоршаған ортаға дұрыс қалыптастыруға, өз Отанына сүйіспеншілігін арттыруға, еңбекке ынтасын күшейтуге, интернационалдық сезімін оятуға үлкен әсер етеді.
Мерекелік ертеңгіліктердің барлық түрлері (ән салу, музыка ырғағымен қимылдар жасау, би билеу, музыка аспаптарында ойнау) балаларды музыканы сүйе білуге баулудың ерекше бір түрі. Қатар отырып қуанып, толғану жас жеткіншектерді тату ұжымға топтастырады және ұжымды жауапкершілікке баулиды.
Әрбір мерекеге арналған ертеңгілік сол мерекенің қоғамдық зор мәнін, идеялық мақсаттарын жас жеткіншектердің өз сезіміне лайықтап жеткізіп, сол арқылы бүкіл халықты салтанатқа үлес қосуына мүмкіндік береді.
Балалар ертеңгілігін дайындап, өткізуде ересек кісілердің де алатын орны ерекше. Мерекелерге балаларымен қатар отырып қуану үшін ата - аналар да қатысуға тырысады. Өйткені, балалардың көрсеткен өнері, орындаушылық ерекшеліктері көңілді де, мәнді ойын түрлері ата - аналардың да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың музыкалық мұрасындағы тәрбие беру жолдары
АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫНА ТӘЖІРИБЕ
Бастауыш сыныпта хор өнерін үйретудің мақсаты мен міндеттері
Музыкалық-эстетикалық білім беру жүйесінің құрылымы
Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері
Сыныптан тыс музыкалық қызмет кіші сынып оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыру тәсілі ретінде
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Естияр тобы балаларының музыкалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Музыкалық өнер, оның білім, тәрбие және дамыту мүмкіндіктері
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспапты қолдану жолдары
Пәндер