Сызықтық теңдеу



Кіріспе
1. Теориялық негізі және ақпаратпен жабдықталуы
1.1. Есептің қойылуы
1.2. Енуші және шығатын ақпараттар
1.3. Есептің ұйымдастырылуы
2. Есепті шешу процесінің алгоритмі және программасы
2.1. Есептеу процесінің блок.схемасы
2.2. Алгоритмдік тілде есепті шешу программасы
3. ЭЕМ.да есептерді шешу және талдау
3.1. ДЭЕМ.на программаны орнықтыру және оның интерфейсі
3.2. Есептің сандық орындалуы
3.3. Есептің шешімінің нәтижесін талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Бастапқыда компьютер болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар. Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді.Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.
XXI ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыруды — мемлекеттік саясаттың негізгі элементтреінің біріне айналып отыр. Қоғамды информатикаландыру — деп информатиканы елдің экономикалық нығаюын қамтамасыз ететін, ғылыми — техникалық прогресін жеделдетін қоғамдық байлық ретінде жаппай пайдалану және жылдам әрі нақты ақпараттар беруді айтамыз. Қазіргі таңда пайдалануға арналған арнайы программалар мен программалар жабдықтары көптеп саналады. Сондықтан да осы зерттеудің өзектілігі ретінде компьютерлік программалық тілдердің ішінде танымал, әрі жетілген түрі болып саналып жүрген Borland Delphi 7 программалық тілінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы: тест программалары, кез-келген пәнді үйрететін программалар жәнет.б. программалар атқаруға болатынын көрсетіп, ұсынып отырмын. Delphi –дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып , кейінгі жылдары оның бірте – бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6-нұсқалары жарық көрді.
1. Delphi ортасында деректер базасын бағдарламалау оқу құралы Ұ.М.Смайлова Алматы, 2011
2. Жаңа ақпараттық техеологиялар Б.Бөрібаев, Е.Балапанов, Алматы, 2001
3. Есептеуіш техника және программалау, Камардинова О. Алматы, «1997 Республикалық баспа кабинеті.
4. Есептеуіш техникасы және ЭЕМ-де программалау, Айдосов Г.А., Еркішбаев О.Д.
5. Есептеуіш техника және программалау, Ахметов К., Алматы, 1996, «Қайнар»
6.Сливина Н. А., Фомин С. С. Компьютерное учебное пособие «Высшая математика для инженерных специальностей»//КомпьютерПресс.- 1997.- №8.- с.72-77.
7. Томас Коннолли, Каролин Бег, Анна Страган. Базы данных: проектирование, реализация и сопровождение. Теория и практика, 2-е изд.: Пер. с англ.: Уч. Пос: -М.: издательский дом “Вильямс”, 2000г.
8. Фаронов В.В., Шумаков П.В. Delphi 5. Рукаводство разработчика базы данных –М.: “Нолидж”, 2000г.
9. Шураков В.В..“ Информационно-поисковая система для статической обработки данных”, 2008г.
10. Тажигулова А. И. Конструирование электронных учебников//Научно-практический журнал «Информационные технологии в Казахстане», №1, 2000.- С. 42-43.
11. Виштынецский Е. И., Кривошеев А. О. Вопросы применения информационных технологий в сфере образования и обучения//Информационныетехнологии, 1998, №2 – с. 32-36.
12. Сливина Н. А., Фомин С. С. Компьютерное учебное пособие «Высшая математика для инженерных специальностей»//КомпьютерПресс.- 1997.- №8.- с.72-77.

Кіріспе

Бастапқыда компьютер болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар. Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді.Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.
XXI ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыруды -- мемлекеттік саясаттың негізгі элементтреінің біріне айналып отыр. Қоғамды информатикаландыру -- деп информатиканы елдің экономикалық нығаюын қамтамасыз ететін, ғылыми -- техникалық прогресін жеделдетін қоғамдық байлық ретінде жаппай пайдалану және жылдам әрі нақты ақпараттар беруді айтамыз. Қазіргі таңда пайдалануға арналған арнайы программалар мен программалар жабдықтары көптеп саналады. Сондықтан да осы зерттеудің өзектілігі ретінде компьютерлік программалық тілдердің ішінде танымал, әрі жетілген түрі болып саналып жүрген Borland Delphi 7 программалық тілінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы: тест программалары, кез-келген пәнді үйрететін программалар жәнет.б. программалар атқаруға болатынын көрсетіп, ұсынып отырмын. Delphi - дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып , кейінгі жылдары оның бірте - бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6-нұсқалары жарық көрді. Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы, 6-нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты. 5,6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. 2002 жылы Delphi7 жаңартылған программасы жарықкөрген , Ол Linex операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады Delphi7-де интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуге ұсынылып отырылған кітапқа қарастырылмаған кейбір өзгешіліктер енгізілген. Delphi - Turbo Pascal тілінің дамуы нәтижесінде пайда болған бағдарламалау ортасы.
Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB - парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
Әлемдегі милиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға араналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB - парақшалары және т.б. бар.
Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп атайды. Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды. Delphi - де шамамен 200-ге жуық дайын компоненттер бар.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі - Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену, түсіну және логикалық ойлауға өте қарапайым, әрі жеңіл. Сол себепті мен Delphi-де өз программамды құрастырдым. Delphi програмалаудың структуралық тәртбін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.

1. Теориялық негізі және ақпаратпен жабдықталуы
1.1. Есептің қойылуы

Сызықтық теңдеу - белгісіздері (айнымалы шамалары) 1-дәрежелі болып келетін және белгісіздердің көбейтінділері қатыспайтын теңдеу. Мысалы,
а1х1 + а2х2 +...+ + аnхn = b (1)
түріндегі теңдеу n белгісізі (аі=0, і=1, 2, ..., n) бар сызықтық теңдеуге жатады. Егер (1) теңдеудегі аi=0 (і=2, 3, ..., n) болып, бірақ а1=0 болса, онда ол а1х = b немесе ах = b(а1 = а) түріндегі бір белгісізі бар сызықтық теңдеуге айналады. Берілген айнымалыларға қатысты бірнеше сызықтық теңдеулер жиынтығы Сызықтық теңдеулер жүйесін құрады:
a11x1 + a12x2 +...+ a1nxn = b1
a21x1 + a22x2 +...+ a2nxn = b2 (2)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
am1x1 + am2x2 +...+ amnxn = bm
Бұл жүйенің теңдеулеріндегі x1, x2, ..., xn белгісіздерінің орнына табылған мәндерін қойғанда сол теңдеулерді тепе-теңдікке айналдыратын а1, а2, ..., аn сандар жиынтығы сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімдері деп аталады. Ал (2) сызықтық теңдеулер жүйесі негізгі матрица мен кеңейтілген матрицаның рангілерін салыстыру арқылы шешіледі. Егер олардың рангілері бір-бірімен дәл келсе, онда сызықтық теңдеулер жүйесі үйлесімді, ал кеңейтілген матрицаның рангісі негізгі матрицаның рангісінен үлкен болса, онда сызықтық теңдеулер жүйесі үйлесімсіз болады. Егер (2) сызықтық теңдеулер жүйесінің барлық bi мүшелері нөлге тең болса, онда сызықтық теңдеулер жүйесі біртекті деп аталады. Сызықтық теңдеулер жүйесінің бір шешімі, шексіз көп шешімі немесе мүлде шешімі болмауы да мүмкін. 1-дәрежелі теңдеуді шешу Хорезми еңбектерінде кездеседі. 1750 ж. швейцарлық ғалым Г.Крамер (1704 - 1752) сызықтық теңдеулер жүйесін шешетін ереже тапты, ал 100 жылдан кейін неміс математигі Л.Кронекер (1823 - 1891) бұл теорияны жалпылап, аяқтады.
Теңдеулер жүйесiн Краммер формуласымен шешудің математикалық көрсетілімі.
1-мысал

Екi белгiсiздi теңдеулер жүйесiн Крамер формуласымен шешiңдер.
Шешуi. Алдымен теңдеулер жүйесiнiң анықтауышын табамыз:
,
демек теңдеудi шешуге Крамер формуласын пайдалануға болады.
;

Сонда теңдеулер жүйесiнiң шешуi:

Есеп шешуi (5,-1).
Оның дұрыстығын бұл мәндердi берiлген теңдеулер жүйесiндегi орнына қойып көз жеткiзуге болады.
2-мысал

Яғни: 1 2 -1 2
3 -1 0 1
0 3 1 9
теңдеулер жүйесiн шешейiк.
Шешуi .

Крамер формуласын пайдалануға болады:

;

;

Демек берiлген жүйе шешуi:

1.2. Енуші және шығатын ақпараттар

Delphi программалау ортасы.
Delphi ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған программаланған ортасының терезесі пайда болады: негізгі терезе, проектілеу ортасы код редакторы және объектілер инспекторы.
Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-саймандар тақтасы (Standard. View. Debug және Custom) және компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі терезе Delphi ортасы жабылмайынша ашық тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы Delphi-ді жабамыз.
Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің аты тұрады. Проекті орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу режимінде ашық тұрса онда [Running] сөзі қосылып жазылады.
Мәзір жолағы программаны басқарудағы, тестілеуге және құруға керекті командалардан тұрады.
Құрал-саймандар тақтасындағы түймелер мәзірдегі белгілі бір командаға сәйкес келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын таңдасақ та немесе Standard құрал-саймандар тақтасынан Open кнопкасын бассақ та бір нәтижеге әкеледі.Құрал саймандар тақтасындағы пернелер көмекші түсіндірмелермен (подсказка) жабдықталған.Егер тышқан курсорын перне қасына жақындатсақ онда көмекші түсіндірме шығады. Қолданушы құрал саймандар тақтасының орналасуын, көрініп немесе көрінбей тұруын Customize диалогтық терезесі арқылы өз қалауынша өзгерте алады және оларды тышқан курсоры арқылы жылжытуына болады. Customize терезесіндегі құрал-саймандар тақтасының үлгісінен тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шақырылады.
Компоненттер палитрасындағы компоненттер арқылы программа құрылады. Компоненттер Delphi программасының негізгі элементтері болып табылады. Олар арқылы қолданбалы программаның қолданушы интерфейсін құруға көмек береді. Ең бірінші Delphi-ді жүктегенде Standard палитрасы ашық тұрады. Қолданушы өз қалауынша , компонеттер палитрасының орналасуын реттеуге болады. Осы өзгерістердің барлығын Palette Properties терезесінде жүзеге асырылады. Бұл терезені 2 жолмен шақыруға болады.
Палитраның кез-келген жерінен тышқанның оң жақ пернесін басып Properties мәзірін таңдау.
DELPHI - дің артықшылықтары
- қосымшаны өндеу жылдамдығы;
- Жасалған қосымшаның өнімділігінің жоғарылығы;
- Жасалған қосымшаның компьютер ресурстарына төмен қажеттіліктерін талап етуі;
- Delphi ортасына жаңа компоненттер мен құрылғыларды қосу арқылы қосымшаның жұмысын арттыру;
- Delphi-дің жеке құралдарымен жаңа компонент пен инструмент құрудың мүмкіншілігі;
Өнімнің негізгі сипаттамалары.
Delphi - бұл бірнеше маңызды технологиялардың комбинациясы:
- машина кодына аударатын жоғары өнімді компилятор;
- объекті-бағытталған модель компонент;
- программалық прототиптерден визуальді ( сонымен қатар жылдам ) қосымшаларды құру;
- мәліметтер қорын құру үшін арналған масштабталатын құралдар;
Delphi ортасы көп терезелі жүйе тәрізді. Delphi-ді жүктегеннен кейін экранда 5 терезе пайда болады:

1.1 сурет. Негізгі терезе(Project1)

Бұл ( 1.1 сурет) Delphi ортасының негізгі терезесі болып бірінші жолда мәзір орналасқан болып және саймандар тақтасы бар: Стандарт, Вид, Откладка, Палитра пользователя, панель компонентов, рабочая область орналасады. Түстер палитрасында болашақ бағдарламаның көрінетін және көрінбейтін компоненттері, көптеген тақырыптық беттер бар. Көрінбейтін компоненттер тек қосымшаға жоба жасап, оны іске қосқанда ғана көрінеді. Басты терезе интеграцияланған орта жұмыс істеп тұрған кездің барлығында ашық болады. Оны жапқанда Delphi жабылып, ондағы барлық терезелер жабылады.
Компоненттер палитрасының 1-ші бетінде қолдануда маңыздылығы үлкен 14 объект орналасқан. Батырмаларсыз, терезелерсіз, тізімсіз т.с.с. ұзақ жұмыс жасау көбінің қолынан келе бермейді. Бұл объектілердің бәрі тышқан мен терезе сияқты Window-тың бөліктері. Әрбір беттегі компоненттердің жиынтығы мен реті конфигурарлы, яғни бар компоненттерге даңа компоненттерді қосуға , олардың реті мен санын өзгертуге болады.

1.2 сурет. Обьектілер инспекторының терезесі (Object inspector)

Бұл (1.2 сурет) терезе объекттілер ағашы. Бұл терезеде формадағы барлық компоненттердін тізімі тұрады. + немесе -- белгісі бул компоненттін ішкі класында екінші компоненттің бар екендігін білдіреді. Егер де компоненттін аты ерекшеленген болса онда бұл компонент формада екпінді болғанын анықтайды. Obgect inspector терезесі екі жапсырмада тұрады.
1. Propertits ( қасиет)
2. Events (жағдай)

1.3 сурет.Форма конструкторының терезесі(form1)

Терезесі форма конструкторының терезесі болып бұл терезеге негізгі конпоненттер орналасады.Бұл (1.3 сурет) терезе объекттер инспекторы болып, мұнда объекттің негізгі параметрлері енгізіледі. Уақиғалар тізімі жазылады. Мұны Viewobgect inspector немесе F1клавиші арқылы экранға шығамыз.

1.4 - сурет.Кодтар редакторының терезесі(Unit1.pas)

Терезесі кодтар редакторының терезесі болып табылады. Бұл (1.4 сурет) терезеде формаға қойылған компоненттердің тізімі, компоненттердің уақиғалар тізімі және сол уақиға сәйкес командалар жазылады.
Бір проектімен жұмыс қажеттілігіне қарай экранда басқа да терезелер тұруы мүмкін. Жұмыс жасау барысында негізгі терезеден басқа терезелерді алып тастауға, орын ауыстыруға болады. Көп терезелі болғанмен Delphi-де тек қана бір уақытта жасауға болады.
Delphi-де құрылғының қосымша проекті түрінде жиналған бірнеше элементтерден тұрады. Олар:
1. Проект коды (DPR кеңейтілген мен берген формада сақталады)
2. Форма сипаттамасы (DFM)
3. Форма модулі (PAS)
4. Модулдер (PAS)
5. Объектілер параметрі (ОРТ)
6. Ресурстар сипаттамасы

1.5 - сурет. Ағаш тәріздес объектілер терезесі(Object TreeView)

Ағаш тәріздес объектілер терезесі(Object TreeView) (1.5 сурет)
Ең қарапайым проектінің өзі көп формадан тұрады. Сондықтан кез-келген проект құру барысында оның барлық элементін сақтайтын каталог ашқан дұрыс.Терезе объекттер инспекторы болып, мұнда объекттің негізгі параметрлері енгізіледі. Оқиғалар тізімі жазылады. Мұны Viewobgect inspector немесе F1клавиші арқылы экранға шығамыз.
Негізгі программа төмендегідей құрылымда болады:
Program project1;
Uses Forms,
Unit1 in `Unit1. pas'{Form1},
Unit2 in `Unit2 . pas'{Form2};
{$R*.RES}
begin
Application. Initialize;
Application. Create Form(TForm1,Form1);
Application.CreateForm(TForm2,Form2 );
Application.Run;
End.
Проект аты проекті файлының атымен сәйкес келеді және дискіге сақталу барысында да ресурстар файлымен проектілер параметрлері файлы да осы атпен аталады. Проект файлының атын өзгерткенде автоматты түрде осы файл аттары өзгереді. Проектіні құру проект файлын компиляциялау барысында орындалады және қосымшаның ехе файл проект атымен аталады.
Проект файлын қарауға және өңдеуге болады. Ол ұшін Progectview Sourec (проект) (просмотр источника) командасы арқылы ашылады. Формаларды қарау үшін view\Forms...shift+F12. формалар сипаты сақталған файлда форманың өзі мен оның сипаттамасы беріледі. Форма модулінің файлында форма класының сипаты беріледі. Ол форманы қолданғанда автоматты түрде ашады. Қажетті модульді ашу үшін view-Units... немесе ctrl+F12 модульдер файлында кез келген формамен байланыспаған модульдер сақталады. Олар объект pascal тілінде жазылады. Оларды қолдану үшін Uses бөлігінде атты көрсету қажет. Ресурстар файлының проект аты беріледі. Проектіні сақтағанда автоматты түрде құрылады. Delphi-тен ресурстар файлымен жұмыс жасауға арналған графиктік редактор қарастырылған. Бұл Tools\image Editor3.0 командасы арқылы алынады.
Компаненттер пиктограммасы (.DCR)
Расторлық бейнелер (.BMP)
Қосымшалар пиктограммалары (.ICD)
Курсорлар (.CUR)
Проект параметрлер файлында параметрлер мен олардың мәндері текстік редактордың әр түрлі жолында орналастырылады.
Проектіні компиляциялау және орындау.
Проектіні компиляциялау барысында орындалуға дайын файл немесе динамикалық кітапхана (Д44) құрылады. Компиляциялау процесі Progect\complieпроект аты ctrlF9 командалары арқылы орындалады және мынандай жағдайлар атқарылады. Соңғы рет компиляцияланғаннан кейін мәні өзгерген модульдердің файлдары компиляцияланады. Нәтижесінде әрқайсысы үшін DCU кеңеймесімен анықталған модулге өзгеріс енгізілген болса, онда осы модулге пайдаланылатын модулге қайта компеляцияланады. Барлық модульдер компиляцияланғаннан кейін проект файлы компиляцияанады да қосымша орындалуға дайын файл құрылады. Проектіні Delphi немесе Windows жүйесінде жүктейді. Delphi ортасында проектіні жүктеу үшін Run Run немесе F9 тетігі басылады. Егер қосымша жұмыс жасамай қалса, Delphi ортасында Run Program Reset немесе Crtl+F12 командалары арқылы тоқтатылады.

1.3. Есептің ұйымдастырылуы

Компоненттер
Label - компоненті формада әртүрлі жазуларды немесе белгілерді көру үшін компоненті қолданылады. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дифференциалдық теңдеу ұғымы
Жоғары оқу орындарында оқытылатын дифференциалдық теңдеулерді шешудің әр түрлілігін зерттеу
Теңдеулер жүйесі
Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелерімен таныстыру
Дербес туындылы сызықтық дифференциалдық теңдеулерді зерттеу
Екінші ретті сызықтық біртекті теңдеумен Риккати теңдеуінің арасындағы байланыс
Екінші ретті сызықтық дифференциалдық теңдеулер теориясы
Сызықтық дифференциалдық теңдеулер
Дифференциалдық теңдеулер туралы жалпы түсінік
“Алгебралық сызықтық теңдеулер жүйесін шешу” тақырыптары бойынша дәрістік, зертханалық сабақтарды жүргізуде қолданылатын әдістемелік құрал жасау
Пәндер