Наполеон Бонапарт


Кіріспе
І Тарау. Наполеонның басқыншылық саясаты.
ІІ Тарау. Наполеон Бонапарт армиясының күйреуі.
Қорытынды
Сілтемелер тізімі
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе.
Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері.
Мақсаты: Курстық жұмыстың тақырыбы «Наполеонның Ресейге соғысы. Бородина шайқасы». Бұл курстық жұмыстың мақсаты тақырыпқа сәйкес Наполеон Бонапарттың жүргізген соғыстағы саясатына байланысты зерттеулер жүргізіп, яғни біріншіден соғыстардың не себептен туындағандығын анықтау. Сол кездегі елдің жағдайы. Осы тақырыптарды толығымен ашып беру курстық жұмыстың мақсаты болып табылады.
Міндеттері.
- Наполеонның Ресейге жүргізген саясатының тарихта алатын орны, нәтижелері жөнінде зерттеулер жүргізу.
- Соыстың барысында елдегі жағдайға тоқталып, олар туралы мәліметтер келтіру не себептен туындағандығы туралы зерттеп баға беру.
- Наполеон жүргізген соғыстарға айқындама жасау, актуалдылығын көрсете білу.
- Тақырыптың өзектілік мәнін ашып крсету.
Зерттеудің өзектілігі:
Наполеон ресейге қосылып Англияның қарсы одақтасына айналды. Бірақ 1811ж Ресейде кеден тарифінің қабылдауы салдарынан Француз өкімдеріне жоғары көлемде баж салықтары салынды. Бұл француз - орыс қатынасының нашарлауына себеп болды. Наполеонның есебі бойынша егер ол ресейде жеңіске жетсе онда ең басты жауы Англияны қиратады, менің зекті мәселем осы соыстың барысын нәтижесін ашып крсету.
Тарихнамасы:
Бұл тақырыпқа сәйкес әдебиеттер аз болсада, қазақша әдебиеттер жоқтың қасы мен бұл тақырып туралы мәліметтерді негізінен орыс әдебиеттерден алғанмын. Мысалға айтар болсам «Новая истоия стран европы и Америки» кітабы бұл еңбек Москвада шыққан және де Наполеон Бонапарт кітабы бұл еңбек тің авторы А. З. Манфред, бұл кітап Москвада 1987 жылы жарық көрген және де «хрестоматия по новый истории», бұл еңбек Москвада 1973 жылы шыққан. Одан кейін «история франции» бұл еңбек Москвада 1963 жылы шықты. Ослардан құнды деректер келтірген болатын
Түйіні
Жоғарыда айтылан мәселелерді қолданып жұмыстың мәнін ашу.
І Тарау. Наполеонның басқыншылық саясаты.
Наполеон Бонапарт Корсика аралында кедейленген дворяннан шыққан, адвокат семьясында туылды. әкесі оны училищеге берді, ол училищені үздік бітірді. Бонапарт 24 жасында генерал атағын алды. 1975 жылы роялистер бүлігін басу тапсырылды. Бонапарт зеңбіректерден оқ жаудырып, бүлікшілердің талқанын шығарды бұл оған бай буржуазияның сенімін нығайтты.
1799 жылы 9 қараша күні ақсақалдар кеңесінің басшысы етіп генерал Наполеон Бонапартты тағайындады. Сол кезде мемлекеттік тңкерістен кейін барлық билік үш консулдың қолына өтті. Яғни 1799 жылы 10 қараша күні директория режимі құлады. Оның орнына жаңа мемлекеттік консулдық тәртіп орнады. Консулдық тәртіп 1799-1804 жылдар арасында қызмет етті. Наполеон Бонапарт бірінші консул болып тағайындалды. Ол 10 жылға сайланды, ол негізгі бүкіл атқарушы билікті иемденді. Бірінші консул барлық чиновниктерді елшіліктерді тағайындап сыртқы және ішкі саясатты басқарды, екінші және үшінші консул кеңес беру құқығын алды. Заң шығарушы билігі бірінші консулға тиесілі болды. Сонымен Наполеон Бонапарт өзінің жеке билік жүргізгісі келіп, өзінің билігін зңдастыруға асықты. Елде жаңа конституция қабылданды. Конституция бойынша Франция республика болып қалды, бірақ барлық билік бірінші консулдың қолына шоырланды. Конституцияға сәйкес бірінші консул бас әскер қолбасшысы болды, заң шығаратын өкімет органдарының барлық мүшелерін тағайындады. Демек атқарушы билік консулдың қолында болды. Наполеон Бонапарт 1801 жылы католик шіркеуінің дінбасы Рим папасы мен конкордатқа яғни келісім шартқа қол қойылды. 1802 жылы Наполеонның туылған күні ұлттық мейрамға айналды. 1803 жылдан бастап барлық монеталарда Наполеон Бонапарт бейнесі шыға бастады. 1804 жылы Рим папасы салтанатты түрде Наполеонға тәж кигізді.
Католик діні француздардың көпшілігі ұстанатын дін деп танылды. Бонапарттың ұсынысымен Франция эпикоптарын Рим папасы тағайындады. Шіркеу бірінші консулдың маңызды тірегіне айналды. 1804-1808 жылдары азаматтық, коммерциялық және қылмыстық кодекстер шығарылып, олар «Наполеон Банопарт кодекстер» деген атқа ие болады. Наполеонның сыртқы саясаты буржуазияның мүддесіне сай келді. Наполеонның мақсаты Францияның экономикалық және саяси үстемдікке жетуін қамтамасыз ету еді. Францияға қарсы жеті коалициялық одақ құрылды. Оның басында Англия, Ресей, Австрия, Пруссия, тұрды. Тек олардың ешқайсысы еркін шаруалардан құралған француз армиясына қарсы тұра алмады. Армияның басында қабілетті командирлер тұрды, ал Наполеонның өзі талантты қолбасшы еді. 1803 жылы Наполеон өмірлік консул деп аталды. 1804 жылы мамыр айында француз императоры І Наполеон деп жарияланды. Француз республикасы жойылды. Франция енді империя атанғандықтан императорлық саясат пайда болды. Наполеон ірі
буржуазияның мүдесін көздеп, басқыншылық сыртқы саясат жүргізді. Европаның барлық мемлекеттерін зіне бағындыруға тырысты. Француз империясын құру европаның бір қатар халықтарын құлдыққа түсірумен қатар жүргізілді. Наполеонның басқыншылық асясаты ұлт-азаттық соғыстарды туғызған болатын. Ресей Англиямен, Австриямен және Пруссиямен одақтасып Наполеонның Францияға қарсы соғыс жүргізуге тура келді. Бұл соғыстар одақтастар үшін сәтсіз болып шықты, сондықтан патша үкіметі 1807 жылы Тильзит бітімін жасауға мәжбүр болды яғни Тильзит деген жерде қол қойылған Тильзит келісім шарты бойынша Россия басқа да европалық елдер сияқты Англиямен барлық сауда қатынастарын үзуге мәжбүр болды. Бұл Ресейдің экономикасына зиян келтірді, сауданың ғана емес сонымен қатар өнеркәсіптің кейбір салаларының да берекесін кетірді, орыс товарлары бағасының күрт төмендеуіне әкеп соқтырды, елдің финанс жағдайын нашарлатты. Наполеон Ресейге шабуыл жасау үшін қолайлы плацдарм жасап алды. Тильзит бітімі берік емес еді, Наполеон Францияның Европа толық дегемондығын орнаталмағандығына өзіне риза емес күйде қалды. Сондықтан Тильзит бітімін Ресейге қарсы жаңадан соғысқа әзірлену үшін керекті тыныс алу деп қана қарады. Орыс дворияндары мен көпестерінің қалың тобы да Тильзит бітіміне наразы болды. Орыс үкіметі Тильзит шартын өзінің Балтық теңіз жағасындағы позицияларын нығайту үшін пайдаланды. Франция императоры І Наполеон шексіз билікке қол жеткізді. Ол өзі басып алған елдердегі өзі құрған республикаларды корольдіктерге айналдырып, оларға король етіп өз туған - туысқандарын тағайындады. Наполеон билігі бүкіл Батыс және орталық Европаға жайылды. Император өз билігін мәңгілік етуге ұмытылды. Жозефина Бонапарт атты зайбынан бала болмағандықтан ол тағы үйленуге шешім қабылдайды. І Александр патшаның қарындасына құдаласу нәтижесіз аяқталғаннан кейін, ол 1810 жылы Австрия императоры Франстың қызы Мария Луизаға көңілін білдіреді. Вена бұл некеге тез келісім білдіреді. Салтанатты некелесу рәсіміне Наполеон өзі бармай орнына маршал Бертьенді жібереді. жаңағы Тильзит келісімі бойынша Наполеон Ресейге, Шведцияға және Осман империясына қарсы соғыста қолдау крсетемін деп қолдау білдірген болатын. Тильзиттен кейінгі кезеңде Наполеон империясының аса қуатты көзі болды. Батыс Европаның Англиядан басқа елдерінің бәріде талқандалды. Олардың кейбіреулері Францияның құрамына енгізілдіде, басқалары оның вассалдары болды, ал аса ірі елдер соның ішінде Австрия мен Пруссия Наполеонмен одақтастық шарт жасауға мәжбүр болды, бұл шарт оларды Францияға әскери және экономикалық көмек көрсетуге міндет еді. Наполеонның дүние жүзіне үстемдік етсем деген жоспары іске асуға таяу қалған сияқты еді.
Ресей өзінің теңіз форттарына бейтарап елдер кемелерінің кіруіне рұхсат ету арқылы құрлықтық қоршау жүйесін бұзған еді. 1811 жылы Ресейде кеден тарифінің қабылдану салдарынан француз өнімдеріне жоғары көлемде баж салықтары салынады. Бұл француз-орыс қатынасының нашарлануна себеп болды. Наполеонның есебі бойынша егер ол Ресейде
жеңіске жетсе онда ең басты жауы Англияны да қиратады. Сондықтан Наполеон Ресейге қарсы жаңа соғысқа да әзірлене бастады. «Мен дүние жүзінің әміршісі боламын, -деді ол - Ресей ғана қалып тұр, бірақ оның талқанын шығарамын деді». Француз императоры көлемді жоспар жасады: ол Россияны әскери жағынан талқандауды ғана емес, оны бөлшектеп, үшінші дәрежедегі державаға айналдыруды тіпті толық құлдыққа шалуды да ойлады. Россияға соғысқа әзірлене отырып, Наполеон Францияның және Европаның едәуір бөлігінің экономикасының дамуы жағынан 19 асырдың басында Франция Европаның ең алдыңғы қатарлы елдерінің бірі болды. Ол Англиядан ғана кем түсетін Наполеон орасан көп 1 миллион 200 мың адамнан армия жасақтады, оған өзі жеңіп алған елдердіңде соғыс күштерін қосты. Бұл армияның саны жалпы санынан екі еседен асып түсті, ал орыс армиясында 600 мыңға жуық адам бар еді. әскерлер санында айырмашылықтың болуы ревалюцияның барысында Францияда жаппай армияның құрылғандығына байланысты еді. Жалпыға бірдей әскери міндеткерлік енгізілген, яғни шақыру жасындағы ер адамдар әскер әзірліктен өтетін болған. Мұның өзі соғыс кезінде армия санын едәуір көбейтуге мүмкіндік берді. Ал Россияда армияға алудың рекруттық системасы орын алды. әрбір мың ер адамнан 5-7, ал кейде оданда көбірек рекут берілетін. Армияға алынғандар 25 жыл қызмет ететін, салдаттар отставкаға әбден қартайып ауруға шалдығып барып шығатын. Қалған ер адамдар әскери әзірліктен өтпейтін, өйткені помещиктер жұмыс адамдарынан айырлғысы келмеді. Сондықтан запаста соғыс ісіне үйретілген адамдар болмады. Осыған байланысты соғыс кезінде арсмияны анағұрлым көбейтуге мүмкіндік болмады. Мұның үстіне бұл кезде Россияның Кавказда Иранмен ( 1804-1813) және Туркиямен ( 1806-1812) ұзаққа созылған соғыс тура келді орыс армиясының қолбасшысы М. И. Кутузов Туркиямен соғысты 1812 жылы Наполеон Россияға шабуыл жасағанға дейін жеіңіспен аяқтап үлгерді. Бессаравия Россияа қосылды. Молдаван халқы үш ғасырдан астам уақытқа созылған Осман езгісінен құтылды.
1812 жылдың көктемінде Наполеон өз армиясының жартысынан көбін - 600 мыңнан астам адамды Россия шекарасына шоғырландырды осы орсан зор армияның құрамына жеңілген Европаның басқа елдерінің немістердің, австриялықтардың, полияктардың әскери бөлімдері енгізілген еді 1812 жылы маусымда француз әскерлері соғыс жарияламастан Неманнан өтіп, Россия жеріне баса көктеп кірді. Наполеон армияға берген бұйрығында мен - мендікпен былай деп мәлімдеді «Солдаттар, соғыс басталды. » енді қауіп Россияға төнді оның тадыры шешілуге тиіс- деді. Наполеон басты соққыны Москваға жасамақ болып ұйғарды. «Егер мен Киевті алсам, - ол бұл менің Россияны аяқтан шалағаным, егер мен Петербургты алсам, бұл менің Россияны жағадан алғаным, ал Москваны алсам мен оның жүрегіне қанжар салағаным дейді» соғыс басталар алдында орыс әскерлері үш армияға бөлініп бүкіл батыс шекараны бойлай орналасқан болатын.
Бұл Наполеонның басты соққыны қай бағытттан беретіндігі жөнінде орыс команрованисінің дәл дерегінің болмағандығынан еді. Соғыс министрі генерал Михаил Богданович Барклай -де - талидің басқаруындағы 1- армия Литваға Неман өзенінің бойына орналасты, оңтүстікке таман генерал Петр Иванович Багратион басқарған 2 - армия тұрды, Украинаның солтүстігінде Киев бағытына тосқауыл болып 3 - армия орналасты қолбасшы генерал Александр Петрович Тормасов еді. Бытыраңқы орыс армия шекарада үлкен шайқас жүргізе алмады, өйткені жаудың армиясы саны жағынан анағұрлым басым болды. Ондай шайқас жүргізу құрып кетумен бірдей еді, сондықтан орыс командасы мұны түсініп шегіне бастауға мәжбүр болды.
Орыс армиясының жауынгерлік рухы, патриоттық сезімі күшті болды. Ол туған жері үшін, өз отанының тәуелсіздігі үшін күресті. Орыс әскерлері қарулану және соғыс өнерін үйрену жөнінен француздардан кем түспеді. Орыс жерінде аттанған әрбір қадамы оларға қымбатқа түсті. Дұшпанның әскерлері көп шығынға ұшырап, күн сайын азая берді. Азық түлік жеткізу, әскерін қару - жарақпен жабдықтау барған сайын қиындай түсті. Француздар елге ішкерлеп кірген сайын орыс әскерлерінің қарсы шабуылы барған сайын күшейе түсті. Жау армиясы басып алған аймақтарда халықты тонады, жүгенсіздік істеді. Шаруалардың қандай да болсын бағынбауын француздардың арнаулы жазалаушы отрядтары басып тастап отырды. Бұл халықтың ашу-ызасын одан сайын күшейте түсті. Наполеонның алғашқы жоспары іске аспай қалды, соғыстың ең басында-ақ ол орыс армияларын бір-бірден талқандай алмады. Артта қалған әскерлерін жеткізіп алу үшін және ұрыстарда берекесі кеткен әскери бөлімдерді тәртіпке келтіру үшін Наполеонның Витебскіде екі апта бөгелуіне тура келді. Орыс әскерлері дәл осы кезде алғашқы ірі жеңістерге жетті: Петербургке баратын жолды қорғап тұру үшін бөлінген жеке корпус Псков пен Петербургке бұзып-жарып өтпекші болған француз әскерлерін кейін ығыстырып тастады. Июльдің аяғында орыстың 1 және 2-армиялары Смомнск түбінде қосылды. Смомнск үшін болған шайқас орыстың соғыс тарихындағы ең даңқты кездерінің бірі. Смомнск түбінде француздар 20 мыңдай адамнан айырылды. Бұл шайқаста орыс солдаттары мен офицерлері асқан ерлік көрсетті. Өртенген күл-топыраққа айналған қаланы орыс әскерлері тастап шыққанда оның бүкіл халқы армиямен бірге кетті. Наполеон соғысты соз берудің өзі үшін ауыр зардаптары борлуы мүмкін екенін Смомнскінің өзінде - ақ сезе бастады сөйтіп бітім туралы келіссөз бастауға әрекет жасады, бірақ мұнысынан еш нәрсе шықпады. Ол тіпті келесі жылы жаңа жорық бастау үшін Смомнскіде қыстап шығуды ойлады. Алайда бұлай істеу мүмкін емес екенін ол түсінді. «Менің армиям тек алға басу үшін ғана жасақталған армия, оны бастап, тек алға басу керек, тоқтап қалуға немесе шегінуге болмайды, бұл қорғанушы армия емес шабуыл жасаушы армия» деп Наполеон Бонапарт мақтанды.
Сонымен күш жағынан басымдылық әлі де болса жау жағында болды. Наполеон ежелгі астана - Москваға қарай ентелей берді. Орыс армиясының шегінуі орасан зор территорияны жауға таптап кету, соғыс тұрғысынан қажет болғанымен, армия мен халық арасында наразылық туғызды. Соғыс
қимылдарының жалпы жоспары болмады, олар пайда болған жағдайларға қарай жүргізілді, «бұл өз еркімен таңдап жасалған қимылдар емес, қатал қажеттіліктен туған қимылдар емес, қатал қажеттіліктен туған қимылдар еді» - деп айтады. Балтық бойының дворяны Барклайда Тохли жақсы, ер жүрек генерал, тәжірбиелі ұйымдастырушы болды, бірақ ол ел ішінде белгісіз еді және армияда беделі болмады. Армияны жеңіске жеткізу үшін оны әскерлермен халық сенетін қолбасшы басқару керек болды. Мұндай қолбасшы А. В. Суворовтың шәкірті және серігі Михаил Илларионович Кутузов (1745-1813) еді. Ол кіші офицерден бастап генерал, фельдмаршал дәрежесіне дейінгі үлкен әскери қызмет мектебінен өтті, ұрыстарға әлденеше рет қатысып, бірнеше рет ауыр жараланды, ХҮІІІ асырда болған соғыстарда -ақ Кутузовтың дарынды әрі ер жүрек командир ретінде даңқы шықты. Суворов оны жоғары бағалады. Изманяға тіке шабуылдан кейін Суворов М. И. Кутузов туралы былай деді: «ол менің сол қанатымда болса да, менің оң қолым болды. Соғыс өнерінің жаңа тәжірбиелерін және өзінің батылдығын көрсетті ерліктің өнегесі болды». Кутузов тек ірі қолбасшы ғана емес сонымен бірге ақылды мемлекет қайраткері және шебер дипломат та болатын.
І Александр Кутузовты тәуелсіз кзқарастары үшін және армиядағы орасан зор беделі үшін ұнатпады. Соғыста жеңіліп қалу қаупі ғана патшаны қоғамның талабын орындап, М. И. Кутузовты орыс армиясының бас қолбасшысы етіп тағайындауға мәжбүр етті.
Орыс армиясы Кутузовтың бас қолбасшысы болып тағайындалуын қуанышпен қарсы алған болатын. «Бұл қолбасшының есімінің өзі деп жазды сол замандағы бір адам - әскер арасында, солдаттардан бастап генералдарға дейін жаппай шабытты рух тудырды. Офицерлер жағдайдың бұлай жақсы өзгеруін бірін-бірі жарқын жүзбен құтықтап қарсы алды» өздерінің сүйікті қолбасшысының келгенін естіген солдаттар қуанғанын көруге болады. Кутузов армияға ол Смомнскіден шегінгеннен кейін келді.
Армияның көңіл - күйі өзгерді және тиісті тәртіпке келді, шегінудің тоқталмағанына қарамастан, біз француздарға қарсы шыуды ойладық. Кутузовтың келуінің өзі бүкіл әскерінің рухын көтерді. М. И. Кутузов бірден үлкен шайқас жасай алмады: әскерлер қан төгіс ұрыстар жүргізіп қорғана отырып ұзақ уақыт шегінудің салдарынан қалжыраған еді. Армияны резервтермен толықтыру қажет болды. Сондықтан шегіне беруге тура келді. Шешуші үлкен бір шайқас пен ғана соғысты Россияның пайдасына шешуге болмайтынын Кутузов түсінді, өйткені француз армиясы сан жағынан орыс армия санынан әлі де басым болатын. Ол армия мен партизан отрядтарының соғыс қимылдарын ұштастыра отырып, бірсыпыра ауыр шайқастарда дұшпанды әбден қалжыратпақшы болды. Кутузов соғыстың халықтың туған жерінде күресіп жатқан орыс армиясының моральдық күші, дұшпан муникацияларының алыс жатқаны, француз армиясы рухының үсе бастағаны болатын.
Орыс армиясы Москвадан 120км жерге Бородино селосына таяу Можайскіге таяу келіп тоқталды. Кутузов осы жерде зор шайқасққа шығуды ұйғарды. Күштердің арасалмағы жағынан орыс армиясы әлі де кем түсіп жатқанымен оның жағдайы бұрынғыдай қолайсыз емес еді. Ол арасалмақ шамамен мынадай болды: кутузовтың 120 мыңға жуық адамы мен 624 зеңбірегі Наполеонның 135 мың адамы мен 587 зеңбірегіне қарсы тұрды.
Наполеон бұл шайқаста орыс армиясын талқандауды Россияны толық тізе бүктіруді ойлады. Кутузов күштерінің мұндай жағдайында бірден-бір мүмкін нәрсе қорғаныс шайқасы деп жобалады. Ол жауды адам жағынан неғұрлым көбірек шығынға ұшыратып, з армиясының жауынгерлік қабілетін сақтауға және күштерінің өз армиясының пайдасына өзгертуге тырысты. Сондықтан да орыс армиясы нақ осы мақсатқа сәйкес орналастырған болатын. Кутузов жаңадан алған позиция Москваға апаратын негізгі жолдарды қорғады және әскери қорғаныс жаудың бұзып өтуіне мүмкіндік бермейтіндей етіп қорғаныс шебін тереңдетіп әскерлермен толықтырды.
24 августа Француз әскерлері Шевардино редутына лап қойды, олардың күші үш есе басым еді. Барыншакескілескен жағдайда өткен Шевардино ұрысы орыс армиясына өзінің негізгі позицияларын нығайтып алу үшін уақыт ұтуына мүмкіндік берді.
25 августа орыс әскерлері де, француз әскерлері де алдағы болатын шайқасқа әзірленді, бастапқы позицияларға орналасты, қару-жарақтар жеткізіп, қарударын дайындады.
Бородино шайқасы 1812 жылы 26 августа (7 сентябрь) Мәскеу түбіндегі Бородино даласында сол кездегі ірі шайқастардың бірі өтті. Наполеонның өзі бұл шайқасты «алыптар шайқасы » деп аталды. Наполеон өзінің армиясының сол жақ қанатына Багратион флешіне қарсы жіберді. Кескілескен қатты шайқас дәл осы жерде болды. Наполеон Багратион армиясын талқандап, орыс майданын бұзып өтіп, 1-орыс армиясының тылына шығамын деп үміттенді ХҮІІІ ғасырдың аяқ кезіндегі - ХІХ ғасырдың бас кезіндегі барлық соғыстарға А. В. Суворов пен М. И. Кутузовтың басшылығымен қатысты, өзін Отанына шексіз берілген ержүрек, дарынды офицер және әскер басы ретінде көрсетті. Сол кезде Багратион өлміші болып жараланды. Алайда Наполеон орыс армиясының қорғанысын бұза алмады. Наполеон орталықтағы да шекті де бұзып өте алмады. Орыс солдаттары батырларша шайқасты. Қару ұстауға шамасы келетін жаралылар жарасын таңдырып и алғаннан кейін қайта оралып, сапқа қосыла берді.
М. И. Кутузов орыс әскерін байсалды, салқын қандылықпен, даналықпен басқарды. Шайқастың шешуші учаскелеріне мезгілінде көмек жеткізіп отырды, командирлері рухтандырып зінің бүкіл көңіл-күйімен болашақ жеңіске сенім тудырды. Оларға талантты әскербасылары А. П. Ермолов, К. Ф. Толь және басқалары көмектесті, Кутузовтың бұйрығымен генералдар М. И. Платов пен Ф. П. Уваровтың атты әскер бөлімдері Наполеон армиясының ту сыртынан орағатып өтіп, рейд жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz