Қаңылтырды суықтай қалыптау өндірісі



КІРІСПЕ
1 Қалыптардың технологиялық типі
1.1 Қалыптарды жобалаудың реті мен этапы
1.2 Бірізді әсерлі шағу қалыбы мен қалыпталатын тетікке қойылатын технологиялық талаптар
1.3 Тікбұрышты және фигуралы тетіктерді пішу және әдіп мөлшерін тағайындау
1.4 Қаңылтыр материалды пішу
1.5 Тетіктің технологиялық үрдісі
1.6 Қалыптау операциясын орындау үшін қажетті күштерді анықтау
1.7 Бірізді әсерлі шағу қалыбының жұмыс істеу принципі
1.8 Қалыптың жұмысшы бөлшектерінің пішіні мен өлшемдерін анықтау
2 Қаңылтыр материалды ию үрдістері
2.1 Ию кезіңде дайындаманың өлшемдерін анықтау
2.2 Бастапқы материалды кесу, пішу және таңдау
2.3 Қалыптау операциясын орындау үшін қажетті күштерді анықтау
2. 3 Ию үрдісінің серпілу бұрышы
2.4 Бірізді әсерлі ию қалыбы
2.5 Қалыптың негізгі жұмысшы бөлшектерін есептеу
3 Жабдықты таңдау
3.1 Тіреуіш және ілмек типтес тетікке арналған жабдық түрін таңдау
4 Экономикалық бөлім
4.1 Негізгі өндірістік қорларды есептеу
4.2 Материалдарға жұмсалатын қаржы
4.3 Энергиялар
4.4 Жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақыларының қоры
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қалып металды суық күйінде деформациялайтын өңдеудің бір түрі. Қаңылтырды суықтай қалыптау өндірісі заман талабына сай дамып келеді. Өндірісте қолданылатын жабдықтардың жаңа түрлері, АЖЖ түрлері, баспақтардың автоматтандырылған жаңа түрлері көбейіп, дамып жатыр.
Қаңылдырды қалыптау үрдістері жоғары өнімділігі мен экономикалық тиімділігіне байланысты өнеркәсіптің түрлі саласында кеңінен пайдаланылады. Қаңылтырды суықтай қалыптау үрдістерінің металды қысыммен өңдеудің басқа да үрдістерінен техникалық және экономикалық жағынан өз артықшылықтары бар.
Техникалық жағынан:
− қысыммен өңдеудің басқа тәсілдерімен алуға мүмкін емес немесе қиын болатын күрделі тетікті жасауға;
− материалды үнемдей отырып массасы жеңіл әрі сыртқы факторлардың әсеріне төзімді тетік жасауға;
1 Романовский В.П.Справочник по холодной штамповке.Изд2-перераб. и доп-Л: Машиностроения 1979.
2Зубцев М.Е. Листовая штамповка. Изд. 3-е перероб. и доп-Л: Машиностроение, 1980.
3 Листовая штамповка Под ред. А. Д. Матвеева, Ковка и штамповка: справочник: В4-ХТ. Т.4. Ред. Совет: Е.И. Семенов (пред) и др –М: Машиностроение, 1985-1987.
4 Е.И. Семенов (пред) и др. –М: Ковка и штамповка: Справочник. В 4-томах. Ред. совет: Машиностроение, 1985-Т.1. Материалы и нагрев. Оборудование. Ковка Под ред. Е.И. Семенов 1985.
5 А.Н. Банкетов, Д.А. Богаров. Кузнечно – штамповочное оборудование: Учебник для машиностройтельных вузов. М.: Машинорстроение,1982г.
6 Кузнечно – штамповочное оборудование. Прессы. Живов Л.И. Киев: Высщая школа. Главное издательство,1981г.
7 Шимухамбетова Т.Р., Расчет себестоймости продукции. Методическе указание к курсовой работе по экономике, организации, планированию, и управлению машиностпойтельными предприятиями. Алма-ата, 1989г.
8 Анурев В.И. справочник конструктора – машиностройтеля, 6-е изд. перераб. и доп. Москва: Машиностроение, 1982г.
9В.П. Меркулова, С.С. Нуркеев, М.Ж. Сейсенбиев. Охрана труда и окружаеющей среды в дипломном проекте. Методические указание к выполнению раздела дипломного проекта. Алматы 1987г.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қалып металды суық күйінде деформациялайтын өңдеудің бір түрі. Қаңылтырды суықтай қалыптау өндірісі заман талабына сай дамып келеді. Өндірісте қолданылатын жабдықтардың жаңа түрлері, АЖЖ түрлері, баспақтардың автоматтандырылған жаңа түрлері көбейіп, дамып жатыр.
Қаңылдырды қалыптау үрдістері жоғары өнімділігі мен экономикалық тиімділігіне байланысты өнеркәсіптің түрлі саласында кеңінен пайдаланылады. Қаңылтырды суықтай қалыптау үрдістерінің металды қысыммен өңдеудің басқа да үрдістерінен техникалық және экономикалық жағынан өз артықшылықтары бар.
Техникалық жағынан:
− қысыммен өңдеудің басқа тәсілдерімен алуға мүмкін емес немесе қиын болатын күрделі тетікті жасауға;
− материалды үнемдей отырып массасы жеңіл әрі сыртқы факторлардың әсеріне төзімді тетік жасауға;
− механикалық өңдеуді қажет етпейтін өлшемдері жоғары дәлдікпен алынатын өзараауыстырылатын тетік жасауға тиімді.
Экономикалық жағынан қаңылтырды суықтай қалыптау үрдістері келесідей жағдайларда тиімді:
− материалды үнемді пайдалану және өте аз мөлшердегі қалдық көлемі;
−қаңылтырды суықтай қалыптау үдістерінде пайдаланылатын жабдықтардың жоғары өнімділігі;
− өндірілетін өнімнің өзіндік құнының арзан болуы.
Дипломдық жұмыс қаңылтырды суықтай қалыптауда кеңінен пайдаланылатын бірізді әсерлі қалыбын жасауға арналған. Тақырыпқа сай тіреуіш және ілмек типтес тетіктер алынған. Олардың технологиялық үрдісі, тетікке сай қаңылтыр материалды пішу, тесу, шағу және ию күштерінің есептеулері жүргізілді. Бірізді әсерлі шағу және ию қалыптары жобаланды. Олардың негізгі бөлшектері есептелді. Сонымен қатар экономикалық және еңбек қорғау бөлімдері қарастырылды.

1 Қалыптардың технологиялық типі

Суықтай қаңылтырды қалыптау қалыптарын негізгі үш белгісі бойынша топтауға болады: технологиялық (үрдістер түрлері мен оларды топтастыру), конструкциялық (бағыттау тәсілі), тасымалдау (дайындаманы қалып бетіне орнату және тетік пен қалдықтарды шығару).
Технологиялық белгілері бойынша қалыптар орындалатын үрдістердің ретіне байланысты типтік топтарға бөлінеді. Қалыптар үрдістердің топтастырылуына байланысты бір уақытта бірнеше операция орындайтын қарапайым және күрделі қалыптар болып бөлінеді. Көп жағдайда күрделі қалыптарды пайдаланған тиімді. Күрделі қалыптар үйлестірілген үрдістер сипаттамасына қарай келесідей бөлінеді:
−дайындаманың бірізді орын ауыстыруымен әртүрлі сотандардың бірнеше әсер етуімен өндірілетін тетік жасауға арналған бірізді әсерлі қалыбы;
−дайындаманың бастапқы қалпын сақтай отырып, бағытталып орнатылған сотандармен баспақтың бір жүрісінде өндірілетін тетік жасауға арналған қосарластырылған қалыбы;
−бірізді әсерлі және қосарластырылған қалыптарды біріктіре отырып өндіретін тетік жасауға арналған бірізді-қосарластырылған қалыбы.
Қалып тетіктерін негізгі екі топқа бөлуге болады:
−материалмен немесе өніммен әрекеттесетін және негізгі үрдістерді атқаратын технологиялық мақсатта пайдаланылатын тетіктер;
−қалып жұмысында қосалқы қызмет атқаратын констуркциялық сипаттағы тетіктер.

0.1 Қалыптарды жобалаудың реті мен этапы

Қалыпты жасаудан бұрын келесідей мағлұматтар болу керек:
oo техникалық талаптары бар қалыпталатын тетік сұлбасы;
oo қалыпталатын тетіктің шығару жүйесі;
oo тетікті өңдеудің технологиялық жоспары;
oo үрдістер картасы;
oo жабдықтың техникалық сипаттамасы.
Осы мәліметтерді біле отырып қалыптың типі мен оның бөлшектерін таңдаймыз. Қалыпты жобалаудың бұл этапы ең күрделі болып саналады, себебі: қалып конструкциясын дұрыс таңдауға көптеген басқа да факторлар әсер етеді. Негізгі факторлар қалыпталатын тетік пішіні мен өлшемдері, қалыптау дәлдігі, материал пішіні (қаңылтыр, жолақ, қалдық), цехтың қалыптау жадбықтары, құрал - жабдықтар цехының техникалық мүмкіндіктері және т.б. болып табылады. Ең шешуші фактор экономикалық, яғни өндірілетін тетік көлемі мен қалыпты жасауға кететін шығын болып табылады.
Көп жағдайда қандайда бір тетік қалыбын үш тәсілмен жасауға болады:
oo бір ғана үрдісті өндіретін бірнеше қалып жасауға болады;
oo бірізді әсерлі қалыбы;
oo қосарластырылған әсерлі қалыбы.
Қалыптау әдісі мен қалып түрін дұрыс таңдау үшін жоғарыда аталған факторларды ескерген жөн, әсіресе экономикалық.
Қалып типін таңдағаннан кейін қалыптау сапасына әсер ететін бағыттаушы бөлшектері (бағыттаушы табақша, бағана), тіреуіш типтері, қыспақ, шешіп алушы (съемник) және басқада бөлшектерін таңдау мәселесін шешу керек.
Қалып конструкциясы жоғары дәлдіктегі қалып тетігін алуды, максимальді өндірісті, тасымалдау кезінде қажетті төзімділікті, қалыптың өзіндік құнының жоғары болмауын және техникалық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету керек.
Қалыпты жобалаудың келесі бөлімі өндіріске қажетті технологиялық есептеулерден тұрады. Оның ішінде қаңылтырды пайдалану коэффициентін есептеп пішу, қалыптау күшін есептеу, қалыпқа түсетін қысым цетрін анықтау, сотан мен ұяқалып арасындағы саңылау мөлшерін анықтау, сотан мен ұяқалып өлшемдерін және оларға сәйкес әдіп мөлшерін анықтау, қалыптың негізгі бөлшектерін төзімділікке тексеру, серіппені зерттеу.

0.2 Бірізді әсерлі шағу қалыбы мен қалыпталатын тетікке қойылатын технологиялық талаптар

Өндірісте тесуге және шағуға арналған бірізді әсерлі шағу қалыбы кеңінен пайдаланылады. Мұндай қалыптарда баспақ сырғанығының екі немесе одан да көп бірізді жүрісінде тесігі бар тетіктер жасайды. Бұл шағу қалыптары өнімділікті арттыруға және өндірілетін тетіктің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Бірізді әсерлі шағу қалыптары жолақты бағыттап отыратын тіреуіштерімен немесе жанында орналасқан қайсышымен болады. Тіреуіштері бар қалыптар материал қалыңдығы 3мм аса болғанда пайдаланылады. Егер материал қалыңдығы 2 мм аз болған жағдайда тіреуіштері бар қалыптарды падаланбаған жөн. Себебі тіреуіштер сынып кетеді. Сондықтан жанында арналасқан қайшысы бар қалыптар пайдаланылады.
Бірізді әсерлі қалыптары бағыттаушы табақшаларымен немесе бағаналарымен болады.
Технология деп−техника мен эксплуатациялық талаптарды сақтай отырып, қарапайым және үнемді тетік жасауды қамтамасыз ететін конструктивті жиынтық.
Қаңылтырды суықтай қалыптау тетіктерінің негізгі технологиялық корсеткіштері келесідей:
oo материал қалдығын азайту;
oo үрдістер санын азайту;
oo қалыпталған тетікке механикалық өңдеу қажет емес;
oo қалыптауға керекті жабдықтар саны аз және өндіріс ауданы үлкен емес.
Қалыпталған тетіктің өзіндік құнының арзан болуы басты технологиялық көрсеткіш болып табылады.
Пішін өзгертуді қамтамасыз ететін қалыптың жұмысшы бөлшектерін жасау және деформациялау күші әсерінен дайындама материалының пішін өзгертуін шағу үрдісі кезінде анықтайды. Тетікті қалыптау кезінде тетік материалын таңдау бірінші мәселе. Ол тетіктің түрі мен құрылымын анықтайды, технологиялық факторларына әсер етеді. Металл технологиялық және механикалық қасиеттеріне қарай таңдап алады.
Машина жасау саласында сапалы, қалыңдығы жұқа болаттар қолданылады. Бұл механикалық және технологиялық қасиеттері жоғары арзан металл. Берілген тетік берік әрі төзімді болу керек, сол себепті қалыпталатын тетік материалы ретінде болат 45 таңдадық МЕСТ 1050 - 88.

1.3 Тікбұрышты және фигуралы тетіктерді пішу және әдіп мөлшерін тағайындау

Фигуралы тетіктерді пішу қиындау, тіпті оларды жолақта аналитикалық жолмен орналастыру мүмкін емес. Сол себепті жиі графикалық әдісті қолданамыз. Ол үшін қағаздан шағылатын тетік сұлбасын берілген өлшемдерімен кесіп аламыз. Берілген қаңылтыр қалыңдығына байланысты әдіп мөлшерін ескере отырып қаңылтыр бетіне қағаздан кесілген тетік сұлбаларын орналастырып, ең тиімді пішу түрін таңдаймыз.
Пішудің түрлі әдісін пайдаланып тікбұрышты және фигуралы тетік материалын пішеміз (сурет 1). Пішудің түрлері: тура ( сурет 1, а), көлбеу (сурет 1,б), қарсы тура (сурет 1, в және г), қарсы көлбеу (сурет 1, д), қиыстырылған (сурет 1, е), көп қатарлы (сурет 1, ж), әдіппен кесу (сурет 1, з). Пішудің әдісіне байланысты жолақты пішу әдіппен немесе әдіпсіз болады.

Сурет 1 - Пішудің түрлері
Әдіп мөлшері шағу үрдісіне және тетік сапасына әсер етеді. Сотаннан тетікті түсіріп алатын күшті ескерсек, әдіп мөлшері аз болу керек. Әдіп қалдық мөлшерін арттыратындықтан әдіптің мөлшерін таңдағанда осыны ескеріп аз мөлшерін таңдаймыз. Бірақ салыстырмалы аз болмауы тиіс. Әдіп мөлшері жолақтың төзімді және қатты болуын, жұмысшы қолын жаралап алмауын, тетік бетінің кедір болмауын, материалдың кермелеу кезінде бүрмелену болмауын қамтамасыз ету керек. Сонымен қоса әдіп мөлшері қалыптың беріктігіне әсер етеді. Егер әдіп аз болса, қалып беріктігі де төмендейді.
Әдіп мөлшері материал түрімен қалыңдығына, шағылатын тетік түріне және өлшемдеріне, пішу түріне байланысты. Материал қалыңдығы s=0,20,5 мм дейінгі тетік арасындағы әдіп мөлшері а1=1,22,5 мм, ал шетінен а=1,53,0 мм, s=0,54,0 мм әдіп мөлшері а1=(2,00,8)s мм, а=(2,50,9)s болады.

0.4 Қаңылтыр материалды пішу

Металды үнемдеу және қалдық мөлшерін азайту қаңылтырды суықтай қалыптауда аса маңызды, әсіресе ірі өндірісте. Қаңылтырды пішу тетіктің сапалы болуын, металл үнемділігін, жоғары өнімділікті, қарапайым қалыпты қамтамасыз ету керек. Пішудің үнемді болуы әдіп мөлшерін тайдауға байланысты.
Қалыпты жасаудан бұрын жоғарыда аталған талаптардың біріне сәйкес келесідей тіреуіш типтес тетік берілген. Тетік өлшемдері: L=48мм, b=14мм, тесіктердің арақашықтығы центрден есептегенде l=25мм, тесік d1=5мм, d2=7мм (сурет 2). Қаңылтыр

Сурет 2 - Тетік сұлбасы

Қалыптауды бірізді қалыптарда орындайтындықтан жолақ енін келесі формуламен анықтаймыз (1) [2] 110 бет (сурет 3).

(1)

мұнда - әдіп, кесте 1[2] 7 бет;
a = 2;
- тетік ұзындығы, мм;
= 48-0,75;
-жолақ еніне шақтама, гильотенді қайшыларда қаңылтырды жолақтарға жаю кезінде қабылданады, кесте 5 [2] 13 бет;
=0,6 мм;
- бағыттаушы планка мен жолақ арасындағы ең кіші саңылау, кесте 7 [2] 15 бет;
= 1 мм;
- бағыттаушы планкалар арасындағы арақашықтыққа шақтама, кесте 7 [2] 15 бет;
=0,3;
- базалық планкадан қадамдық пышаққа дейінгі немесе қадамдық пышақтар арасындағы арақашықтық

(1)

- 74 тең деп қабылдаймыз;
Қалыптау қадамы (пышақ ұзындығы):

- дайындама енінің номинальды мәні;
- әдіпті 1 кестеден таңдаймыз [2] 7 бет;
=2 мм.

Сурет 3 - Жолақты жаю

Қаңылтырды ұзындығы бойынша пішу суретте 4 келтірілген.
Қаңылтырдан алынған жолақ саны (2):

(2)

Жолақ санын 19 деп қабылдаймыз.
Жолақтан алынатын тетік саны (3)
(3)

Тетік санын 19 деп аламыз.
Қаңылтырдан алынатын тетік саны (4) :

(4)

Тетік санын 361 деп қабылдаймыз.
Қаңылтырды пішу коэффициенті (5)

= (5)

Тетіктің ауданын анықтаймыз

Сурет 4 - Ұзындығы бойынша пішу

Қаңылтырды бойлық пішу суретте 5 келтірілген.
Қаңылтырдан алынатын жолақ саны (6)

(6)

Жолақ санын 9 деп қабылдаймыз.
Жолақ саны (7)
(7)

Жолақ санын 30 деп қабылдаймыз.
Жолақтан алынатын тетік саны (8)

(8)

Тетік санын 380 деп қабылдаймыз.
Қаңылтырды жаю коэффициенті (9 )

= (9)

Тетіктін ауданын анықтаймыз

Сурет 5 - Бойлық жаю

0.5 Тетіктің технологиялық үрдісі

Тетіктің технологиялық үрдісін жасау үшін бірізді әсерлі шағу қалыбы қажет. Рациональді технологиялық үрдіс өнімнің өзіндік құнының арзан болуын қамтамасыз етеді. Қалып пішіні тетік пішінімен анықталады және тесу қалыбы болып есептеледі. Бұл қалыптың технологиялық үрдісі келесідей:
−баспақтың бірінші жүрісінде үш тесік тесіледі, олардың екеуінің d1=5мм, d2=7 мм;
−баспақтың екінші жүрісінде тетіктің негізгі пішіні бойынша шағып алу үрдісі жүреді.
Дайын тетік пен қалдықты ұяқалыпта жасалған тесік арқылы шығарып алады.

1.6 Қалыптау операциясын орындау үшін қажетті күштерді анықтау

Қаңылтырды жолақтарға кесуді гильотенді қайшыларда орындаймыз, мұнда = 1030
Тесу күші (10)
(10)

Бірізді қалыпта жолақтан тетік шағу және ода тесік тесу үшін қажетті күшті мына формуламен анықтайды (11):

(11)

мүнда - шабу контурының периметрі
- Тесілетін тесік периметрлерінің қосындысы

Баспақтың қажетті күші (12):

(12)

Қалыпты күші 230 кН баспаққа орналастыру керек.

0.7 Бірізді әсерлі шағу қалыбының жұмыс істеу принципі

Бұл қалыптар жанында орналасқан жолақты бағыттап отыратын қайшысымен ерекшеленеді. Қайшылар параллель немесе қалыптың диоганалі бойынша орнатылуы мүмкін. Қайшыларды диоганалі бойынша орнату жолақты толығымен пайдалануға жағдай жасайды. Қайшылары (1 және 3) диоганалі бойынша орнатылған қалып сұлбасы сурет 6 көрсетілген.
Қалыпта жұмыс келесідей ретпен жүргізіледі. Қалыптаушы жұмысшы жолақты тіреуштің астарына 2 тірелгенше бағыттаушы екі линейкалардаң арасына қойып итереді. Баспақтың бірінші жүрісінде 5 және 7 сотандармен үш тесік тесіледі және қайшымен 1 жолақтың сол жағындағы тілімін кесіп түсіреді. Ал екінші қайшы жолақты А қашықтыққа итеріп тіреуштің астарына тірелуін қамтамасыз етеді. Баспақтың келесі жүрісінде сотанмен 6 тетік негізгі сұлбасы бойынша шағылып алынады және бастапқы сотандармен үш тесік тесіледі, жанында орналасқан қайшымен келесі жолақты шағу үрдістері жүргізіледі.

Сурет 6 - Қалып сұлбасы

Баспақтың келесі жүрісінде қалыптың оң жағында орналасқан қайшымен 3 жұмыс істеу басталады және жолақ тіреуіштің астарына 4 тіреледі. Баспақтың бірнеше жүрісінен кейін жұмысты автоматты түрде орындауға болады. Себебі жолақ қалыпқа толық орнатылып екі жағынан да бағыттаушыға тіреледі.
Қайшысы бар қалыптардың басты артықшылығы баспақты тоқтатпай жұмыс істеуге болады. Сонымен қатар қалыптар жолақты берудің жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді.

1.8 Қалыптың жұмысшы бөлшектерінің пішіні мен өлшемдерін анықтау

Шағу мен тесуге арналған ұяқалыптың өлшемдерін анықтаймыз. Тетіктің конфигурациясы мен қалыңдығына байланысты шағу және тесу ұяқалыптары таңдап алынады. Ұяқалыптың көп қолданылатын пішінін таңдаймыз (қалыңдығы s=2мм ұяқалып бұрышы 3090, сурет -7).

Сурет 7 - Ұяқалыптың жұмысшы пішіні

Тесік тесу:
ұяқалыптың ені

DM = (Dном + +z)+м (13)

Мұндағы DM - ұяқалыптың жұмысшы мөлшері; Dном - тетіктің номинальді мөлшері; +м - ұяқалыпты жасауға қойылатын әдіп мөлшері; - берілген әдіп мөлшері; z-номинальді саңылау.
d1= 5 мм, z=0,05 мм
11квалитет: = 110 мкм = 110* 10-3 мм = 0,11 мм (номинальді мөлшері бойынша 1018мм)
+м=0,018
Dm = (5+0,11+ 0,05)+0,018=5,16+0,018 мм
d2=(7+0,11+0,05)+0,018=7,16+0,018 мм
Сыртқы пішіні бойынша шағу кезінде шағылатын тетіктің өлшемдері мен әдіп мөлшері ұяқалыптың сызбасында көрсетеді. Сотан сызбасында сотан мөлшері ұяқалып мөлшеріне z саңылаумен сәйкестендіріледі деп жазылады.
Сотанның шағу және тесу мөлшерін анықтаймыз. Сотанның да пішіні мен мөлшері тетік пен оның қалыңдығына байлансты таңдап алынады. Сотанның көп қолданылатын пішін түрі 8 суретте көрсетілген.

Сурет 8 - Сотанның пішін түрі

Сотанның тесік тесуге арналған мөлшері келесідей формуламен анықталады:

dп = (dном + )-п, (14)

мұндағы dn - сотанның жұмысшы мөлшерлері
11квалитет: = 110 мкм = 110 Ч 10-3 мм = 0,11 мм (номинальді мөлшері бойынша 1018мм)
dп1 = (5 + 0,11) -0,012 = 5,11-0,012
dп2 = (7 + 0,11) -0,012 = 7,11-0,012

Тетіктің сыртқы пішіні бойынша сотан мөлшері тетік пішініне сәйкес болады.
Ұяқалып пен сотан ұстағыш түрі мен мөлшерін анықтаймыз. Ұяқалып пен сотан ұстағыштың пішіні мен мөлшерін бекіткіш және бағыттаушы тетіктер мен ұяқалып пен сотанның оларда орналасуына байланысты таңдайды. Ұяқалыптың конструкциялық элементі а = В = 35 мм (тетіктің ені), c = (10...12) + 0.8 * HM

HM = 10 + (5 * s + 0,7 * (Z + B)^0,5) * k' (15)

k' = 0,8 (1, таб. 5.2, с. 18)
мұндағы Нм - ұяқалыптың қалыңдығы, S - шағылатын тетіктің қалыңдығы, Z - тетіктің ұзындығы, B - тетіктің ені

HM = 10 + (5*2 + 0,7 * (35+60)^0,5) * 0,8 = 61,76 мм
с = (10...12) + 0,8 * 61,76 = 59,4...61,4мм
с =59 мм
b = Z + 2 * c + d = 60 + 2 * 59 + 14 = 192мм
L = b + 2 * c = 192 + 2 * 59 = 310
B = a + 2 * c = 35 + 2 * 59 = 153
Сотан ұстағыш Нпд пен ұяқалып ұстағыштың Нмд биіктігін келесідей формуламен анықтайды:
Нпд = (0,6...0,8) Ч Hм = 12,48...16,64 мм

Нпд = 16 мм
Нмд = Hм = 20,8 мм

Табақшалар - бағыттаушы тетіктермен (бағаналар, цилиндрер) байланысып тұратын астыңғы және үстіңгі іргетасы. Табақшаның түрі баспақ сырғағы мен үстелінің беріктігіне және қалыптың конструкциялық қолданылуына байланысты таңдап алынады. Баспақ сипатына байланысты МЕСТ 13124 - 75 табақша түрін таңдаймыз (сурет 9)

Сурет - 9 Табақша түрі

Табақшадағы қалдық түсетін тесік мөлшері ұяқалыптағы тесік мөлшерінен 3...10 мм аралығында үлкен етіп алынады.
Бағыттаушы төлке мөлшері баспақ сырғағының мөлшеріне және жоғарғы табақшаның қалыңдығына байланысты таңдап алынады. МЕСТ 16715 - 71 бағыттаушы төлкесін таңдаймыз(барлық қалып түрлеріне арналған, сурет 10).

Сурет 10 - Бағыттаушы төлке

Беті тегіс МЕСТ 13118 - 75 бойынша 11 суретте көрсетілген бағыттаушы бағана түрін таңдаймыз.

Сурет 11 - Бағыттаушы бағана

Саңылау мөлшері шағуға, тесу жұмысына, кесу сапасына, тетіктің дәлдігіне, жабдықтың төзімділігі мен желінуіне әсер етеді. Тесу мен шағуға арналған саңылау [4] кесте - 9 аламыз, z=0,05 мм

2 Қаңылтыр материалды ию үрдістері

Ию - қаңылтырлы қалыптаудың технологиялық операциясы, оның нәтижесіңде жазық дайындамадан қалыптар арқылы иілген кеңістікті тетік алынады.
Ию бірбұрышты, екібұрышты, төртбұрышты және көпбұрышты (12 сурет, а-г) болып келеді Июге сонымен қатар, жазық дайындамада ернеу ию операциялары жатады, мысалы, әртүрлі терезелердің және есік тұзақтарын, қамытша, жабық емес құбыршаларды және т.б. тетіктерді жасау кезде (12 сурет, д,е,ж).
Ию басқа да операцияларымен қатар жүруі мүмкін - кесіп алу, шағу және тесу. Үлкен радиусты жұқа қаңылтырлы материалдан жіңішке және ұзын тетіктерді қалыптау материалды созып июмен іске асырады (12сурет, з).
Ию қосиінді (эксцентрикті) баспақтарда, горизонталды ию машиналарыңда, гидравликалық баспақтарда, сонымен қатар арнайы ию білдектерде, автоматтарда іске асады.

Сурет 12 - Ию кезіңде алынатын әртүрлі тетіктер пішіні

2.1 Ию кезіңде дайындаманың өлшемдерін анықтау

Июдің негізгі екі түрі бар:
1) берілген радиус бойынша;
2) егер r 0,3s болса бұрышпен жұмырлаусыз (салыстырмалы үшкір қырымен).
Ию кезіңде дайындаманың өлшемдерін, сонымен қатар сотанның минималды жұмырлау радиусын анықтау үшін бейтарап қабат деформацияның орнын білу қажет (сурет 13).

Сурет 13 - Жіңішке жолақтарды ию кезіңде кернеулі (σ) және деформация күйлерінің сүлбесі

Кішкентай серпімді-деформация жағдайы үшін, мысалы үлкен жұмырлау радиуспен ию кезіңде, бейтарап қабатты жолақ қалыңдығы s ортасынан өтеді деп алады, оның орнын қисықтық радиусы ρ = г +s2 анықтайды. Илемділік деформация жағдайы ию кезіңде кішкентай радиуспен дайындамаларды жұмырлауы кезіңде, иіліс материал қалыңдығының жіңішкеруімен және бейтарап қабаттың жаншылу талшықтарына қарай ығысуымен іске асады, ал жіңішке жолақтар үшін (b 3s), сонымен қатар, көлденен қима пішінің өзгеруімен іске асады.
Қаңылтырды қалыптауда негізінен ені қалыңдығынан бірнеше есе үлкен жалпақ дайындамаларды июмен жиі пайдалатындығынан, арақатынасты b bср бірге тең деп алып, қисықтық радиусын мына формуламен анықтауға болады
Q=(rs+ε2)∙εs (16)

мұндағы, r - тетік радиусы, s - тетік қалыңдығы, ε - жіңішкеру коэффициенті.

Q=rs+ε2∙εs=31,5+0,9852∙0,985∙1,5=3, 68

Ию кезіңде жіңішкеру коэффициенті ε материал түрінен, иілістің салыстырмалы радиусынан rs және ию бұрышынан α-дан байланысты болады.
Кесте 1-де болат 10-20 жалпақ дайындамаларды ию жағдайы үшін ε және х0 коэффициент мәндері келтірілген.

Кесте 1 - Болат 10-20-дан тетікті 90° (PI2 рад ) бұрышына ию кезіңде εжәне х0 коэффициенттері.
rs
0,10
0,25
0,50
1,0
1,5
2,0
3,0
4,0
5-тен астам
ε
0,82
0,87
0,92
0,96
0,975
0,985
0,992
0,995
1,0
X0
0,28
0,32
0,37
0,42
0,44
0,455
0,47
0,475
0,5

Берілген ілмек типтес тетіктің сұлбасы 14 суретте келтірілген. Тетік сұлбасына сай ию үрдісі бұрыштары жұмырлау, яғни берліген радиусқа сәйкес иілу керек. Бұл жағдайда дайындама ұзындығын анықтау үшін тетікті ұнғылау әдісімен қолдану керек. Бұл әдістің негізі ию кезіңде бейтарап сызық өзінің бастапқы өлшемдерін сақтап қалады және xos қашықтықта бұйымның ішкі жағында жұмырлау орындарында орналасқан. Сондықтан, күрделі тетіктің дайындама ұзындығын анықтау үшін бейтарап қабаты арқылы есептелген, иілетін бұйымның тіксызықты бөлімдер ұзындықтарын жұмырланған бөлімдер ұзындықтарымен қосып алады. 90° (PI2 рад)-қа бір иілген тетік үшін, дайындама ұзындығы мына формуламен анықталады:

Сурет 14 - Ілмек типтес тетік сұлбасы

L=l1+l2+l3+l0= l1+l2+l3+PI2(r+x0s) (17)

мұнда - ортанғы қабаттын орналасуын анықтайтын коэффициент, оны 10 кестеден тандаймыз [1] 145 бет.

= 0,44
L = 40+50+40+3,142(1,5+0,44·1,5)·2=136, 8 мм
L = 136 мм
2.2 Бастапқы материалды кесу, пішу және таңдау

Бастапқы материал ретінде қалыңдығы 1,5мм ыстықтай илемделіп алынған болат 10кп берілген.
7-кестеге [2] сәйкес материалдың келесі механикалық қасиеттер берілген.
-беріктік шегі σв=380МПа;
-кесуге кедергісі σср=250МПа;
-аққыштықтың физикалық шегі σТ=210МПа;
-салыстырмалы ұзаруы δ5=30%;
- салыстырмалы тарылуы ψ=55%;
- KCV=800Kджм²;
Тетікті шағу қаттылығы 143НВ.
Қалыптауды бірізді қалыптарды орындайтындықтан жолақ енін келесі формуламен анықтаймыз [2] 110 бет (сурет 15).

(18)

мұнда - далдаша, кесте 1[2] 7 бет;
a = 1,5;
- тетік ұзындығы, мм;
= 136-0,75;
-жолақ еніне шақтама, гильотенді қайшыларда қаңылтырды жолақтарға жаю кезінде қабылданады, кесте 5 [2] 13 бет; =0,4 мм;
- бағыттаушы планка мен жолақ арасындағы ен кіші саңылау, кесте 7 [2] 15 бет; = 1,2 мм;
- бағыттаушы планкалар арасындағы арақашықтыққа шақтама, кесте 7 [2] 15 бет; =0,3;
- базалық планкадан қадамдық пышаққа дейінгі немесе қадамдық пышақтар арасындағы арақашықтық

- 143 тең деп қабылдаймыз;
Қалыптау қадамы (пышақ ұзындығы):

(19)

- дайындама енінің номинальды мәні;
- далдаша мәнін 1 кестеден таңдаймыз [2] 7 бет;
=1,5 мм.

Сурет 15 - Жолақты жаю

Қаңылтырды ұзындығы бойынша пішу 16 суретте келтірілген.
Қаңылтырдан алынған жолақ саны:

(20)

Жолақ санын 9 деп қабылдаймыз.
Жолақтан алынатын тетік саны
(21)

Тетік санын 20 деп аламыз.
Қаңылтырдан алынатын тетік саны:

(22)

Тетік санын 198 деп қабылдаймыз.
Қаңылтырды пішу коэффициенті

= (23)

Тетіктің ауданын анықтаймыз

Сурет 16 - Ұзындығы бойынша пішу

Қаңылтырды бойлық пішу 17 суретте келтірілген.
Қаңылтырдан алынатын жолақ саны

(24)

Жолақ санын 4 деп қабылдаймыз.
Жолақ саны
(25)

Жолақ санын 44 деп қабылдаймыз.
Жолақтан алынатын тетік саны

(26)

Тетік санын 176 деп қабылдаймыз.
Қаңылтырды жаю коэффициенті

= (27)

Тетіктін ауданын анықтаймыз

Сурет 17 - Бойлық жаю

2.3 Қалыптау операциясын орындау үшін қажетті күштерді анықтау

Қаңылтырды жолақтарға кесуді гильотенді қайшыларда орындаймыз, мұнда = 1030
Тесу күші
(28)

Бірізді қалыпта жолақтан тетік шағу және ода тесік тесу үшін қажетті күшті мына формуламен анықтайды:

(29)

мүнда - шабу контурының периметрі
- Тесілетін тесік периметрлерінің қосындысы

Баспақтың қажетті күші:

(30)

Қалыпты күші 400 кН баспаққа орналастыру керек.

Ию екі бұрышты болғандықтан ию күші келесі формуламен анықталады кесте 23 [1] 72 бет.

мүнда В - жолақ ені (ию сызығының ұзындығы;)
k2 - екі бұрыштық ию үшін коэффициент, кесте 25[1] 73 бет;
k2 = 0,16;

(31)

= 19 кН қабылдаймыз.
Баспақтың қажетті күші

Қалыпты күші 63 кН аз емес баспаққа орналастыру керек.

2. 3 Ию үрдісінің серпілу бұрышы

Ию операцияларын жүргізу кезіңде материалдардағы серпімді деформациясын ескеру керек, оның нәтижесіңде бұйымның июден кейін пішіні қалып пішінінен айырмашылығы болады. Тетік негізінен серіппеледідеп айтады. Сондықтан ию үшін қалыптарды жасау және жобалау кезіңде материалдың серіппелу мөлшерін ескеру керек. Июден кейін берілген радиусын және бұрышын алу үшін, июден кейін қалыптағы (сотанда) радиус және бұрышын серіппелу мөлшеріне дейін азайту керек.
Тәжірибелер көрсеткендей, серіппелу мөлшері негізінен материал түрінен және материал қалыңдығынан, тетік пішінінен, июдің салыстырмалы радиусынан және соққы күшіне байланысты болады.
Иілетін материалдың аққыштық шегі жоғары болған сайын, салыстырмалы радиусы rs үлкен болады және материалдың қалыңдығы s жіңішкереді, сонымен басқа тең жағдайларда серіппелуі де жоғары болады. Екібұрышты июден қарағанда бірбұрышты ию кезіңде серіппелуі үлкен болады. Екібұрышты ию жағдайында серіппелу мөлшеріне ұяқалып және сотан арасыңдағы саңылау әсер етеді, ал саңылау теріс болған жағдайда минимумға келеді.
Болат тетіктерін екібұрышты ию жағдайы үшін серіппелу бұрышы β Б.В.Рябининнің тәжірибе мәліметтері бойынша келесі арақатынастардан [4] салыстырмалы радиус rs және ию бұрышына α-ға байланысты:
08; 10,45 және Ст 1 болат таңбалары үшін 90°-пен ию бұрышы кезіңде
β= 0.43 (rs) - 0.61 (68)
болат 35 және Cт 5 үшін
β= 0.79 (rs) - 1.62 (69)
60°-ты ию бұрыштары үшін β бұрышы 20-25%-ға көбейеді, ал 120°-ты бұрыштар үшін осы пайызға азаяды.
П- тәріздес тетіктерді серіппелу бұрышын есептеу үшін оның мәнін кесте 2 бойынша аламыз (0,6-0,70 коэффициентіне көбейтіп) немесе В.П. Романовский формуласы бойынша табамыз [3]

tgβ= 0, 75(Liσт)(ksЕ) (32)

мұндағы Li=rм+ rп+1.255, ал rм және rп - ұяқалып және сотанның жиегінің жұмырлау радиусы; β - серіппелу бұрышы (біржақты) град.

tgβ= 0, 75(Liσт)(ksЕ)=0,75(3,68+3,68+1,255 ∙250) 0,455∙2∙0,985=1794≈tg85⁰

Қалыпты қалыптарда үлкен радиус бойынша ию кезіңде (rs10) ию құрал-сайманның пішіні серіппелуі тек ию бұрышы арқылы ғана емес, сол сияқты радиус бойынша да түзетулер енгізілу қажет. Теориялық және тәжірибелік зерттеулер негізіңде rs 10 болса, ию қалыптарының радиустарын және серіппелу бұрыштарын анықтауды қамтамасыз ететін салыстырмалы жәй формулалар алынған. Әртүрлі материалдар үшін сотан радиусын сурет 61 көрсетілген диаграммалар бойынша анықталады [1]-дан.

2.4 Бірізді әсерлі ию қалыбы

Сурет 18 бірізді ию қалыбы көрсетілген. Бұл қалып тесу, шағу және ию үрдестерімен жасалатын тетіктерге арнлған. Тетік баспақтың екі жүрісінде жолақтың бірізді жүруі арқылы жасалады. Баспақ сырғағының бірінші жүрісінде дайындама тіреуішке 5 дейін итереді. Сонымен қатар сотанмен 4 оның бір бөлігі кесіліп алынады және сотан 1 мен ұяқалып 2 көмегімен тесік тесіледі. Кесілген бөлігі баспақтың сол жүрісінде ию сотанымен 3 иіледі. Бірінші тетік тесіксіз болғандықтан қалдық болып қалады. Баспақтың екінші жүрісінен кейінгі тетіктер жарамды болып есептеледі.

Сурет 18 - Бірізді ию қалыбы

Ию ұяқалыбынан 4 тетікті итеріп шығару итергіш штиф 6 пен серіппе 7 арқылы жүзеге асады.
Ию қалыбының жұмысшы беті мендайындама бетінің арасында үйкеліс болмау үшін, ию күшін азайту мақсатында қалып беті мен дайындама бетін майлайды. Сонымен қатар майлау қалып бетін суытады және желінуін болдырмайды, тетік қалып бетіне жабыспайды. Майлау тетікті қалыптан итеріп шығаруды жеңілдетеді.

2.5 Қалыптың негізгі жұмысшы бөлшектерін есептеу

Тақта қимасының қажетті кедергі моменті

при Р = 316,8 кН и Дпл = 100 мм:
(33)

Қалыптың төменгі тақтасының қажетті қалындығы А=260мм және =95 мм болған кезде:

(34)

Нпл = 45 мм деп қабылдаймыз.
Осы қалып үшін диоганаль орналасқан екі бағыттауыш таңдаймыз, бағыттағыш бағана диаметрі Fпл=810 см2 болған кезде:

(35)

dк = 32 мм деп таңдаймыз.
Қалыптың ұяқалы пен сотан және басқада негізгі элементтерінің орындаушы өлшемдерін келесі формуламен есептейді есептейді:

Lп = (Lн + Пи) (36)
LП1 = (75+0,5)-0,08 = 75,5-0,8 мм
LП2 = (21+0,4)-0,08 = 21,4-0,08 мм
LП3 = (5+0,025)-0,08 = 5,25-0,08 мм.

13 кесте бойынша [2] 64 бет, анықтайтындар:
- lH = 75h 14; Пи = 0,5 мм; М =П= 0,14 мм;
- lH = 21h 14; Пи = 0,4 мм; М =П= 0,12 мм;
- lH = 5h 14; Пи = 0,25 мм; М =П= 0,08 мм.
14 кесте бойынша [2] 66 бет анықтайтындар:
- lH = 75h 14; Z = 0,180мм; Z = +0,050 мм;
- lH = 21h 14; Z = 0,180 мм; Z = +0,050 мм;
- lH = 5h 14; Z = 0,180 мм; Z = +0,050 мм;

Матрицадағы ойықтың өлшемдерін пуансон бойынша саңылаумен пысықтайды

Z = 0,18+0,05мм.

Адымның пышағының өлшемі:

Lн = 49-0,15 мм,
Вн = 12 мм.
Бағыттаушы төлкелердің арасында арақашықтық, формула 37[2] б.118:

(37)

мұндағы - дайындаманың ені,
Вп = 136мм;
Zн - жолақ пен төлке арасындағы кепілді саңылау, кесте 7[2] б.15
Zн = 1,0 мм
1 - Zн, саңылауына шақтама, кесте 7[2] б.15
1 = 0,35 мм.

= (136+1)+0,35 = 137+0,35 мм.

Пышақ қадаммен қию жиегінен бағыттаушы төлкеге дейінгі арақашықтық, формула 38 [2] б.119:

= (Ад + 2а) нж (38)

мұндағы Ад - қалыпталатын бөлшектің ені,
Ад =30 мм;
а - қоспаның өлшемі,
а = 3 мм;
0,25[1] = 0,1 мм

ар = 136 мм, вр = 30 мм, kм = 1,0 кезіндегі ұяқалыптың қалыңдығы

18,19 кестеден және 20[2] б.77-78 диаметрді, санын және винттер мен штифтерді бекіту координаттарын анықтаймыз.

3 Жабдықты таңдау

Баспақты таңдау келесі түсніктемелерден шығады:
1)Баспақ түрі және сырғақтың жүріс шамасы;
2)Баспақтың номинальды, күші қалыптау үшін талап етілетін күштен жоғары болатын талап етіледі,
3)Баспақтың қуаты берілген операциялар үшін қажетті жұмыс орындау үшін жеткілікті болу қажет;
4)Баспақтың жабық биіктігі сәйкес болу немесе қалыптың жабық биіктігінен үлкен болу қажет.
5)Үстелдің және баспақ сырғағының габаритті өлшемдері қалыпты қондыру және бекіту мүмкіндігіне сай болу қажет;
6)Баспақ қызмет ету ыңғайлығы және қауіпсіздігі техникалық қауіпсіздік шартына сәйкес болу қажет.
Сонымен бірге баспақ түрлерінің минимальды болуына ұмтылу қажет.
Жабдықты әдебиеттер бойынша таңдаумыз (6).

3.1 Тіреуіш және ілмек типтес тетікке арналған жабдық түрін таңдау

Тіреуіш типтес теіктің қалыптағы тесу күші Р=28кН,р шағу күші Р =171кН.
Қалыптың өлшемдері мен құрастыру ерекшеліктерінен 230кН күшті КД2126Е баспағын таңдаймыз .
Баспақтың талап етілетін жүрісі - 20 мм.
Сырғақтың жүрісі өзгереді 80 - 20 мм = 60;
Эксцентриситет азайады 602 = 30 мм
Баспақтың жабық биіктігі үлкейеді 280+ 30 = 310 мм.
Қалып табақшасының қалыңдығын ескергенде 310 - 65 = 245 мм.
Қалыптау кеңістігінің межін реттеуді ескергенде 245 - 65=180 мм.
Қалыптың жабық биіктігі 180 Ншт 245 мм болады.

Қалыпттың тесу күші Р=13кН,р шағу күші Р =208кН, ию күші Р=19кН, баспақтың қажетті күші Р=260кН.
Күші Р=400 кН, КД218В моделді қарапайым әсерлі ашық баспақ.
Баспақтың технологиялық параметрі.
Номинальды күші, кН 400
Реттелгіш сырғақ жүрісі, мм 100
Сырғақтың жүріс саны, мин 45-140
Үстел өлшемдері, мм 360280
Номинальды жабық биіктігі, мм 240530
Жетектің электр қозғалқыш қуаты,квт 6,3
Баспақтың өлшемдері, мм 142016303070
Баспақтың салмағы,т 6,8
Тапсырыс берушінің талабы бойынша бөлек төлемдерді:
Тележка, артқы тіректің планкасын көтеру механизмі, тасмалдағыш, дайындамалармен қалдықтарды бөлу және жинау қондырғылары беріледі.

4 Экономикалық бөлім

Нарық экономикасы жағдайында ел шаруашылығының негізін сан жағынан шағын немесе орта кәсіпорындар қалыптастырады. Қандай-да кәсіпорын болмасын ірі зауыт бола ма, орта немесе шағын кәсіпорын бола ма технологиялық үрдістің тиімді вариантын таңдауда, жаңа техниканың жобалау жұмыстарын орындағанда, бизнес-жоспарды дайындағанда экономикалық дәлелдемедегі есептеу жұмыстардың әдістері бір бағытпен жасалады, қолданылатын әдістердің айырмашылығында көп өзгерістер болмайды.
Өндірісті ұйымдастыруда капитал екі түрге бөлінеді:
1.Негізгі капитал - бұл еңбектің барлық техникалық құралдары (өндірістік үй, жабдықтар, тасымалдау құралдары,және т.б.).
2.Айналым капиталы - бұл еңбек заттары ( шикізат, материал, өңдеуі бітпеген өнім, ақшасы келіп түспеген дайын өнім және т.б.)

4.1 Негізгі өндірістік қорларды есептеу

Негізгі өндірістік қор дегеніміз - бұл өндірістік құралдардың ақша арқылы көрсетілген құны, сондықтан жабдықтарға жұмсалған каржының есебін шығару керек. Бұл жабдықтар саны осы дипломдық жобаның 3 бөлімінде анықталған.

Кесте 2 - Өндіріс жабдықтарына жұмсалған шығынның сметасы

Жабдықтардың
аталуы

Қуаты, кВт

Жабдықтардың
қажетті саны, данамен
Барлық қосынды
қуатының мәні, кВт
Жабдықтардың бір данасының сату бағасы, тг
Барлық жабдықтардың сату бағасы, тг
Жабдықтардың алғашқы құны, тғ.
КД2126Е
2,0
1
2,0
890000
890000
979000
КД218В
6,3
1
6,3
3450000
3450000
3795000
Барлығы
8,3
2
8,3
4340000
4340000
4774000

Жабдықтарға жұмсалған қаржыны оның сату бағасына, тасымалдау мен монтаждауға жұмсалған шығындарды қосып есептейді. Экономикада бұны жабдықтардың алғашқы құны деп атайды. Орта есеппен жабдықтардың алғащқы құнының мәнін төмендегідей формуламен есептейді:
Ақ = Сқ +0,03Сқ+0,07Сқ =1,10Сқ (39)
Ақ=890000·1,10 =979000
Ақ=3450000·1,10=3795000
мұнда Ақ - жабдықтардың алғашқы құны, Сқ - жабдықтардың сату құны, теңгемен
Сонымен, тасымалдау мен монтаждауға жұмсалатын шығынның орта есеппен сату құнынан 10 пайыз мөлщерінде алынады.
Цехтың құнын есептеп шығару үшін төмендегідей көрсеткіштерді анықтап алу қажет:
1. Цехтың жалпы ауданы;
2. Цехтың биіктігі;
3. Цехтың 1 м2 құны.
Цехтың биіктігі 10,8м болады. Цехтың жалпы өндірістік ауданын цехтың биіктігіне көбейтсек , цехтың көлемі шығады. Өндірістік үйдің 1м2 құны 20 мың теңге болса,онда цехтың құны мына формула бойынша есептеледі:

Fқ= А·Н·П=432·10,8·4000=18662400 (40)

мұнда Fқ - цехтың құны, мың теңгемен
А - цехтың ауданы
Н - цехтың биіктігі
П - цехтың 1 м2 бағасы
Энергетикалық жабдықтар - бұл жабдықтарға жұмсалатын қаржының мөлшерін өндірістік жабдықтардың алғашқы құнынан 3 пайыз шамасындай алуға болады.
Өндірістік жабдықтар. Бұл цехта 4 қосиінді баспақ қолданылады. Бір баспақтың орташа құны 935 мың теңге тұрады.
Аспаптар мен қондырғылар - бұларға жұмсалатын қаржының өндірістік жабдықтардың құнының 10 пайыз мөлшерінде алуға болады.
Электронды есептеу техникасы - бұларға жұмсалатын қаржының мөлшерін өндірістік жабдықтардың құнынан 10 пайыз мөлшерінде алуға болады.
Бақылау және өлшеуіш аспаптары - бұлардың құнын өндірістік жабдықтардың құнынан 5 пайыз шамасында алуға болады.
Жүк тасу құралдары - бұларға жұмсалатын қаржының мөлшерін технологиялық процесте қолданылатын көлік құралдарының түріне, санына қарай анықтау керек.
Өндірістік және шаруашылық инвентарьлар - өндірістік инвентарларға мыналар жатады: столдар, шкафтар,оргтехникалар,т.б. жатады. Бұларға жұмсалатын қаржының мөлшерін өндірістік үй мен жабдықтардың құнынан 0,01 пайыз мөлшерінде алуға болады.

Кесте 3-Негізгі өндірістік қорлардың құны және жылдық амортизациялық шығындар

Негізгі өндірістік қордың элементтерінің аталуы
Алғашқы құны,теңге
Амортизазиялық жарнаның мөлшері, %
Жылдық амортизациялық жарна, теңге
1 Өндірістік үйлер және құрылыстар
13996800
5
699840
2 Өндірістік жабдықтар
2390000
10
239000
3 Энергетикалық жабдықтар
78870
10
7887
4 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр өлшеу құралдары
Кесу күші
Илемдеу өндірісі
МЕТАЛДАРДЫ ҚЫСЫММЕН ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Үздіксіз суық жаймалау станы және болат жолақтарын шынықтыру
Табақты материялдарды өңдеу
Көміртекті аспапты болаттар
Соғу жабдығында дайындаманы соғу
Жылына 30000 тонна алюминий қорытпаларынан құйма өндіруге қуаты бар құю цехын жобалау
Қосиінді пресстің жұмыс істеу принципі
Пәндер