Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда қарапайым халыққа ядролық және экологиялық апаттар төніп қана қоймай, халықаралық терроризм, діни экстремизм, есірткі бизнесі және сол сияқты қылмыстар өз қауіпін төндіреді. Бұл негізінен ұлттық әлеументтік-экономикалық білімнің бірегей әлемдік экономикалық және жалпы жүйемен өзара байланысатын жаһанданумен байланысты болып келеді. Осындай қылмыс түрімен күресуді ешқандай мемлекет, басқа бір мемлекеттің қатысуынсыз, жеке өзі күресе алмайды. Себебі мемлекеттің ішкі байланыс деңгейінің жеткіліксіздігі мемлекеттің ұлттық мүддесіне зиян келуі мүмкін. Яғни, жаһандық мәселелерді мемлекеттер бірігіп, халықаралық деңгейде қабылдаған және ратификацияланған халықаралық құқықтық акт негізінде әрекет етуі қажет.
Қазіргі таңда діни терроризм мен экстремизм мәселесін жаһандық мәселе екенін атап өтуіміз қажет. Сондықтан да, қазіргі таңда ешқандай мемлекет өз азаматтарын терроризмнен толық түрде қорғау кепілдігін бере алмайды.
2011 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та болған жағдай, ұлтаралық қылмыстық жылдан-жылға өсіп, өзінің ықпалын дамытып келе жатқанын көрсетті.
Бұрынғы АҚШ Қорғаныс министірі Дональд Рамсфельд сенаттық комитет алдында «АҚШ террористік ұйымдар террористік мемлекетпен байланысы бар, одан қашып құтыла алмайтынғымызды мойындаймын »-деп сөз сөйлеген болатын.
Мемлекеттердің қылмыстық құқығна қылмыстың белгілі бір топтары түсетіндігіне қарамастан, бізге соңғы жыдардағы террористік актің халықаралық қылмыстық құқықтағы байланысын анықтау қажеттілігі туындауда.
Халықаралық қылмыстық құқықта қылмыстың қауіпі мен ауырлығына қарай, қылмыспен күресу әдісінің тиімділігіне байланысты болап келеді. Сонымен қатар Интерполдың Халықаралық қылмыспен күресудегі өзінің мүмкіндігін толық түрде пайдалана алмайтындығына келесі себептері бар:
- Интерполға мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасының әр түрлі болуына байланысты қылмыстың жекелеген түрлеріне қозқарасы әр түрлі болғандықтан, ортақ жедел іздестіру және тергеу іс әркеттеріне байланысты қиыншылықтар туындайды;
- Ұлттық Орталық Бюроның өкілеттелігі мемлекеттің ұлттық заңнамасымен реттелетіндіктен, әр мемлекеттің полициялық қызметінің мүмкіншіліктері тең дәрежеде болмауы;
- Ұлттық Орталық Бюроның полициялық қызметі Интерполдан түсетін жедел ақпараттарды тиісінше бағаламайды. Сонымен қатар мемлекеттердің құқық қорғау органдарының өкілдіктері Бас хатшылық аппаратының мүмкіншіліктерін толық түрде пайдаланбайды;
- Ұлттық Орталық Бюроның басшылары Интерполдың берген бір мемлекеттің қызметкерлерінің басқа мемлекетте халықаралық іздестіру қызметін орындау мүмкіншілігін толық түрде пайдалана алмауы;
Жоғарыда айтылған мәселелер Ұлттық Орталық Бюроның Басшылығының көз аясында және бұл мәселерді әр түрлі Бас хашылық өткізетін халықарлық форумдарда қозғлып келе жатыр бірақта мәселені жылдан жылға қалдырып келе жатыр.
Ғылыми проблемардың шешілуінің қазіргі жағдайын бағалау.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Полиция Ұйымына кіру бізге кқптеген мүмкіндіктер беретінін көреміз. Қазақстан Республикасы Ұлтық Орталық Бюросы Интерполың жүйесі арқылы басқа мемлекеттермен қылмысты алдын алу, қылмыскерлерді әшкерелеу, қылмысты жылдам ашу және іздестіру салудың тиімділігі артып келеді. Қазақстан Респбубликасының Ұлттық Орталық Бюросы сонмен қатар іс-түссіз жоғалған адамдарды халықаралық іздестіруде аса маңызды орынды алады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Интерпол Ұлттық Орталық Бюро заңнамасына сәйкес өз өкілеттігі шегінде қазақстандық құқық қорғау органдарының Бірікен Ұлтттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Еуропол және басқада ұйымдармен және құқық қорғау институттарымен өзара әрекеттесу арқылы біршама шаралар қабылдауда.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңыздылығы.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымына мүше болып кіргені бізге мәлім болды. Ұйымға мүшелікке кіру Қазақстан Республикасына көптеген мүмкіндіктер береді. Интерполың арналары арқалы халықаралық ынтымақтастық арқасына Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен бірқатар қылмыскерлер мен іздеудегі тұлғалар анықталып ұсталды. Қазақстан Республикасының іздестіру жарияланған азаматтардың саны 58-ге жетіп отыр. Солардың қатарында И. В. Храпунов, В. В. Храпунов, Л. К. Храпунова, М. К. Аблязов сиқты азаматтар жатады. Қазақстан Республикасының Осы мәселеге байланысты 2000 жылғы 3 маусымда шыққан Халықаралық iздестiрудi жариялау, Қазақстан Республикасы құзыреттi органдарының Интерпол саласы бойынша сұрау салулар мен тапсырмаларды орындауы және жiберуi, сондай-ақ оларды Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросында өңдеу туралы нұсқаулықты бекiту туралы нұсқаулықты қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикаының Ұлттық Ораталық Бюроның қызметін реттейтін 1998 жылғы Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросының жағдайы және Интерполдың жарғысын айтуымызға болады.
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты болып Халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымындағы яғни Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюроның мәртебесін мен оның құзіреттілігін анықтау.
Аталған масаттарға жету үшін зерттеудің келесідей міндеттері болады:
- Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының қалыптасу тарихына анализ жасау;
- Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының ынтымақтастығының қағидалар мен құралымдық жүйесіне зерттеу жүргізу;
- Қазақстан Республикасындағы Интерполдың құқықтық мәртесін анықтайтын анализ жүргізу;
- Қазақстан Республикасында Интерполдың ҰОБ-ның басқарушы органның құзіреті мен өкілеттігін анықтайтын зерттеу жүргізу;
- ҰОБ-ның экстадиция мәселесін процессуалдық тұрғыдан зерттеу
Дипломдық зерттеу жұмысының объектісі мен пәні. Халықаралық қылмыстардың дамуына байланысты оны алдын алу және әшкерелеу мақсатында қызметтерін атқыратын Интерполдың Ұлттық Орталық Бюроның құқықтық мәртебесі мен өкілеттіліктері.
Дипломдық зерттеу жұмысының пәні болып отындық Ұлттық Орталық Бюроның дамуы мен қалыптасуының жалпы теориялық және тарихи-құқықтық аспектілері, сондай-ақ қылмыспен күресуді жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының жүйесіндегі рөлі, алатын орны, оның құзіреттілігімен мәртебесін анықтайтын құқықтық база.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі . Зерттеу барсында шетелдік ғалымдар мен отандық ғалымдардың мақалары мен ғылыми пікірлері қолданылды. Сонымен қатар зерттеу барысында көбінесе отандық авторлардың пікірлері арқылы зерттеу жүргізілді. Дипломдық жұмысты зерттеу барсында Интерполдың жарғысы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюро жағдайы және басқада ержелер қолдану арқылы зерттеу жүргізілді. Қазақстан Республикасындағы Интерполдың Ұлттық Орталық Бюроның құықытық мәребесі мен ұйымдық аспектісі және құзіреттілі шегінде қаралды. Сонымен қатар Халықаралық қалмыстық полицияның ұйым ретінде қалыптасу тарихы қарастырылып кеткен болатын. Қазақстанның Халықаралық Қылмыстық полиция ұйымына мүше болып кіруі қазақстандық құқық қорғау органдарының алдында мақсаттарды шешуге көптеген мүмкіндіктер береді.
Зерттеу жұмысының теориялық негізін С. Ұлықбеков, А. Б. Тоқсанбаев, О. А. Омарова, А. Д. Каримова, М. К. Утегенов, А. К. Ибраева авторларының еңбектерін қолданылды.
Сонымен қатар дипломдық зерттеу жұмысының барысында, шетел авторларының да еңбектері пайдаланды: А. А. Бабушкин, В. С. Овчинский, Я. М. Бельсон, К. С. Родионов еңбектері пайдаланлы.
Осы салаға құықтың негізін қалаушыларға К. А. Бекяшов, Ю. М. Колосов, И. И. Лукашук сияқты ғалымдарды жатқызамыз. Сонымен қатар шетел ғалымдардың К. С. Родионовтың еңбектерінде Интерполдың қалыптасу тарихы, даму кезеңдері мен негізігі бағыттары қарастырылыған. Халықаралық аренадағы қылмыстылықпен күресу ынтымақтастығының әр түрлі аспектілерін зерттеумен байланысты ғылыми пікірлері А. А. Бабушкин, А. Б. Тоқсанбаев ғылыми еңбектерінде көрініс табылды.
Сонымен қатар шетелдік ғалымдардың диссертациясы қолданылды. Зерттеу барысында Тоқсанбаев А. Б., Омарова А. А., Бабушкин А. А., Ұлықбеков С. А., Каримов А. Д, Құдайбергенов М. Б. Ерджанов Т. К. еңбектері қолданылды. Сондай-ақ Тоқсанбаев. А. Б Интерпол атты, Бабушкин. А. А Международные аспекты розыскной деятельности Интерпола сияқты дессиртацияларын қолдану арқылы зерттелді.
Дипломдық жұмыстың құрлымы.
Дипломдық жұмыстың құрлымы рефераттан, кіріспеден, 2 бөлімен, 3 бөлімшеден, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұралы. Дипломдықдық жұмыстың жалпы көлемі 61 беттен тұрады.
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ЕМЕС ЖӘНЕ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ҰЙЫМ РЕТІНДЕ
1. 1 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының үкіметаралық емес және үкіметаралық ұйым ретінде құрылуымен қалыптасу тарихы
Ең алдымен Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының тарихын қарамастан бұрын, ұйымның мағынасын ашу қажет. Сонымен Интерпол ( ағыл. Interpol ) - қысқартылған сөз, 1923 жылы құрылып, құрамында 150 ден астам мүшесі бар, Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы «International police» - сөзінен қысқартылып алынған. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымын қазіргі таңда Интерпол деп аталатын халықаралық ұйым болып табылады. Бұл өзінің сирек құрлымынмен, құықтық базасымен және техникалық жабдықтандыруының арқасында халықаралық полициялық ынтымақтастықтығын тиімді үйлестіруіне көмектесіп отырады. Сонымен қатар барлық әдеби кітіптарды ашып оқитын болсақ, келесі сипаттағы сұрақтар қойылып жатады: Интерпол үкіметаралық ұйым болып табыладыма, әлде үкіметаралық емес ұйым болып табыладыма?
Бұлай ойлаудың негізігі дәлелі болып келесілер табылады: Интерпол көпжақты келісімнін нәтижесінде қол қойылған және ратификациялынған келісім ретінде құрылмады.
1956 жылғы 13 маусыдағы халықаралық қылмыстық полиция ұйымының жарғысының «Жалпы жағдай» бөлімінде кейбір нақтылықтар анықталған жоқ. Мысалы 4-ші бабты алатын болсақ: « Әр мемлекет кез келген өзінің полициялық органдарың функциялары, ұйымның қызметімен сәйкес келетін болса, Ұйымның мүшесі ретінде уәкілдік бере алады. Ұйымға мүшелік сұранысы мемлекеттік орган ретінде Бас хатшыға жіберіледі » . Бұл жарғының ресми мәтіні болып табылады. Бірақта Жарғының мәнін былай түсінуімізге болады: жарғының 4-ші бабына сай Ұйымның мүшесі болым мемлекет емес арнайы полициялық органдары болып табылады . Сонымен қатар кейбір күмәндардың туулығына байланысты келесі дәлелдерді қарастыруымызға болады: Жарғының 4-ші бабының «басқа ұйымдармен қарым-қатынасы» бөлімі болып табылады. Ұйымның Жарғысының норасына сай басқада үкіметаралық емес ұйыдармен ынтымақтастықта бола алады және қарым-қатынас орната алады (Үкіметаралық емес ұйымдардан басқа) . Үкіметаралық емес ұйымдарға қатысты жалпы жағдайы Бас Ассамблеяның растауымен күшіне енеді. Сол уақытта Ұйым, халықаралық және үкіметаралық емес ұйымдардан, өз құзіретіне кіретін мәселелер туралы кеңес ала алады. Сол мәселерге қатысты келесі сұрақтар туындайды: Халықаралық және Үкіметаралық ұйымдардың қызметіне, халықаралық қылмыспен күресуге қандай қатысы бар? Бұл сұраққа тіке жауап болуы қажет, яғни бұған дәлел ретінде 1889 жылғы Халықаралық қылмыстық құқық кеңесінің мекемелік кеңесі өткен болатын, сонда әр түрлі мемлекеттің полициялық қызметін қылмысты алдын алу мен тез әшкерелеуге шақырған болатын.
Интерпол Халықаралық құқық субьектісі ретінде танылмайды, бірақ мемлекеттер арасындағы ұйым ретінде танылады. Интерполдың Штаб-квартирасы Францияның Лион қаласында орналасқан. Оның мүшесі болып Үкіметпен сәйкес келісілген мемлекет құрамына кіретін полициялық органдар болып табылады.
Интерпол шегіндегі ынтымақтастық ұлттың егемендігі мен ұлттық құқықтың басымдылығы, әмбебаптық ынтымықтатық негізінде, сонымен қатар белгілі бір жағдайларға байланысты ынтымақтастықтың шектеулеріне негізделген (Саяси, әскери, діни істер бойынша) .
Ең басында Интерпол Еуропа мемлекеттерінің шекараларын пайдалану арқылы қылмыскерледің қызметтерін әшкерелеу үшін құрылған болатын. Мысалға алатын болсақ қылмысты Францияда жасап, Германия немесе Италияға қашып кетуін айтумызға болады. Көрші мемлекеттерде оларға арест және іздеу салмайды. Интерполдың пайда болуымен жағдайды түпкілікті өзгертіп жіберді. Полициялық қызмет арасындағы ақпарат алу схемасы яғни қылмыскерлерді ұстап беру миханизімі қалыптасты.
Қазіргі тағңда Интерпол үш негізгі бағытта жұмыс атқарады:
- Полициялық қызмет коммуникациясының жаһандық жүйесін құру және қолдау. Құқыққорғау органдарының халақаралық ынтымақтастығының негізгі шарты - қауіпті және сенімді байланытың болуы. Интерполдың құрған жүйесі I-24/7 ("Интерпол, 24 сағат, аптадағы 7 күн") деп аталады.
- Оперативтік дерекқор. Интерполға мүше мемлекеттерінің штаб-квартирадағы дерекқорға қол жетімділігі. Ол аты-жөні, саусақ іздері, суреттер, ДНК қортындылары, жеке куәлік және шетел паспорт көшірмесінен және т. б тұрады.
- Оперативті қызметті қолдау. Интерпол келесі бағдарламаларды жүзеге асырады: қашқын қылмыскерлерге іздеу салу, терроризммен, қаржы саласындағы қылмыспен, контрабандылық адамдармен күресуді уйлестіріу. Сонымен қатар Интерполдың мүддесінде ұрланған көркемөнер туындыларын және ұрлап әкетілген машиналарға іздеу салу және биотерроризммен күресу.
Сонымен қатар Интерполдің қосымша қызметіне келетін болсақ, Интерполдың халықаралық қылмыспен күресу ынтымақтастығындағы мүше мемлекеттермен байланыс орнату мен байланыста болуға ыңғайлы болатын және ұйымның жарғысында көрсетілген функцияларды жүзеге асыруға септігін тигізетін техникалық қызмет құру болып табылады. Интерпол мүше мемлекеттердің төленетін жыл сайынғы төлемдерімен қаржыландырылады. [1]
Ғылыми-техникалық прогресс және сауда қатынасының ұлтаралықтандырылуы әр түрлі саладағы адамның өмірін жақсартуға септігін тигізе отырып XIX, XX ғасырлада қылмыстың арттыруына алып келе жатыр. Осы мәселе барлық мемлекеттерге қауіп төндіретін болғандықтан, қылмыспен күресу үшін 1889 жылы өткен халықаралық қылмыстық одағының құрылтай кеңесінде осындай ынтымақтастықты құру қажеттілігін айтқан болатын. Бірақтың одақтың мақсаттары толықтай орындалмаған болатын. Гамбургте өткен халықаралық қауымдастық отырысындағы қатысушылар туризмнің өсуімен халықаралық қылмыстылықтың жаңа формалары пайда болды. Барлық мемлекеттердің полициялық бөлімшелерінде, қылмысты аолын алу және мемлекет арасында өзара байланысу мақсатында халықаралық қылмыстылық ақпарат алмасу үшін бөлімшелер құру.
1905 жылы криминалистердің халықаралық коференциясында халықаралық қылмыстылықпен күресу бойынша полициялық қыметтердің қызметін біріктіруге талпынған болатын.
Қылмыспен күресудегі негізгі мәселелер 1905 жылы Буэнос-Айресте, 1909 жылы Мадридте, 1912 жылы Сан-Паулуда, 1913 жылы Вашингтонда Конференциялармен Конгресстерде қозғалған болатын. Бұл халықаралық форумдарында Үкімераралық және Үкіметаралық емес ұйымдарға, сонымен қатар халықаралық қылмыспен күресу жөніндегі Халықаралық полициялық ұйымдар құру ісіне қатысты мәселелерге аса қатты назар аударған болатын. 1910 жылы Буэнос-Айресте өткен конференция бүкіләлемдік полиция одағын құру ұсынысын білдірген болатын.
Осыдан көретініміз ХХ ғасырдың басында халықаралық деңгейде полиция қызметінің алдында барлық мемлекеттердің халықаралық қылмыспен күресу мақсатында бірігі мәселесі туындаған болатын. [2, C. 36-39] .
1914 жылы сәуірдің 19-нан 20-cы аралығында Монокода Криминалдық Полициялардың бірінші Халықаралық конгрессінде 14 мемлекет басшылықтары яғни Ұлыбритания, Франция, Италия, Ресей, Австрияның қылмыстық полиция өкілдіктері қатысқан болатын. Бұнда әр мемлекеттің полициялық орган қызметін үйлестіру мәселесі, яғни қылмыскерді экстрадициялау шараларын унификациялау; қылмыскерді ареске алуға байланысты шараларды жеңілдету сияқты мәселелр қозғалды. Кездесу нәтижесінде Моноконың Үкіметіне Париж қаласында Халықаралық қылмысты теңестіру жөніндегі Орталық Бюро Ұйымын құру және жеке куәлікке байланысты бірдей стандарттар құру жөніндегі Халықаралық Комиссяи құруды өз бастамашылығана алуына өтініш білдірді. Бірақта Монакода қабылданған резолюциялардың, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін рөлі ойнамады. Конгресстің қатысушылары келесі конгрессті екі жылдан кейін Бухарестте өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Бірақта бірінші дүниежүзілік соғыстың орын алу нәтижесінде болмаған еді.
Көптеген авторлардың айтуынша Интерполдың тарихын Монакода болған конгресстен сұрау қажет деп санайды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, халықаралық полиция ұйымының талаптары көбейе бастады. Бұл қылмыстың өсуі мен қылмыстан келетін зардапдармен байланысты болды. Сол кезде мемлекеттің құқық қорғау органдарының қылмыспен күресуі қиынға соққан болатын. Соның ішіндегі аса қауіпті қылмыстар қатарына: есірткі сату, бағалы заттар мен өнер туындыларының ұрлау, жалған ақша жасау және т. б жатады.
Ынтымақтастық нәтижесіне келетін болсақ, соғыстын кейінгі қылмыстылықтың көбеюімен байланысты болды. 1919 жылы әр түрлі мемлекеттердегі полициялық органдар ынтымақтастық ұйымы жөніндегі ұсыныстарды полициялық ведомства басшыларына яғни Нью-Йорк полиция басшылары және Голландияның корольдік жандарымдық корпус басшысы Ван Хутенге берген болатын. Соңында әр мемлекетте күнделікті өзара байланыс орнатып отыратын ұлттық полициялықтар құру туралы ұсынған болтын. Ұлттар Лигасымен ынтымақтасатын халықаралық орталыққа жіберіп отыруғм мүмкіндік береді. Ұлттар Лигасы ұлттық полициялық органдарлың арнайы органдары арқылы мемлеттің тәуелсіздігіне араласпау принципіне сай басқару керек болытын. Ван Хутеннің ұсынысы бойынша интерполға мүше мемлекеттердің Ұлттық Орталық Бюро құруы арқылы орындалған болатын. [3, C. 89] .
1923 жылы 3-6 аралығында Вена қаласында екінші конгресс өткен болатын. Еуропа мемлекеттерінің астанасы бекер алынған жоқ, себебі қылмыстылықпен күресу мақсатында халықырылық конгрессте Австрия президенті Иоган Шобер бастамашылығымен шақырған болатын. Онда қылмыстық полицияның халықаралық конгресін құру шешімін қабылдаған болатын. Бұл конгрессте 20 мемлекеттің өкілдіктері оның ішінде Австрияның, Бельгияның, Венгрияның, Германия, Голландия, Грекия, Дания, Мысыр, Италия, Румыния, Түркия, Франция, Чехословакия диломаттары мен криминологры қатысқан болатын. Конгрестің ерекшелігі болып, әр мемлекеттен келген делегациялар өз үкіметінен, конгресс біткеннен кейін міндеттендіретін ешқандай шешім қабылдамау туралы бұйрықпен келген болатын. Екінші ерекшелігі сол жерде Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы орналасқан болатын. Барлық мемлекеттің делегаттары өз мемлекетінің үкіметінен ешқандай шешім қабылдау туралы нұсқама алғанына қарамастан, конгрессте үлкен сәтті істер қабылғанан болатын. Қылмыстылықпен күресу бойынша халықаралық келісімдер, мемлекеттер арасында жылдам байланыс орнату қажеттілігі айтылған болатын. Әр мемлекеттің делегатына өз мемлекетінің үкіметінен полициялық қызмет арасындағы тығыз байланыс орнату туралы талап етуін өтінген болатын. [4. C. 202]
1923 жылы 7-ші қыркүйектегі халықаралық қылмыстық полицияның екінші конгресс нәтижесінде тұрақты қызметін атқаратын орган ретінде халықаралық қылмыстық полиция комиссиясын құрды. Сол күні ұйымның жаңа жарғысы қабылданды. Вена қаласында бұрынғы Австро-Венгерлік империяның картотекасы сақталған болғандықтан Халықаралық қылмытсық полиция ұйымының орталығы Вена болды. Оның телеграфтық мекенжайы Интерпол деп аталған болтатын. Бірінші Конгресс Австрияда өткендікткен, оны австриялық полицияның басшысы ұймыды басқарған болатын. Хатшылықтың көпшілік бөлімін австриялықтар құрған болтаын. Интеролды австриялықтар жүз пайыз қаржыландырған болтын. 1930 жылан бастап қатысушы мемлекеттер жыл сайын салым төлеп тұруға міндетті болды. ( әр мемлекет 10 мың тұрғынға 190 швейцарлық франк төлеу қажет) . [5, C. 25] .
1924 жылы Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы халықаралық ұйымның келесі алдағы жылдары дамуына байланысты резолюция қабылдаған болатын. Бұл резолюцияда халықаралық қылмыстар туралы
ақпараттар жинақтайтын ақпараттық бөлімшелер құру; алыстағы адамдарды салыстыру бойынша халықаралық бөлімшелер ұйымын құру; халықаралық газет-журналдар басылымын, жалған ақша мен құжаттар әшекерелейтін бағдарламар орталығы сияқты бөлімшелер құрылды. Сонымен қатар 1924 жылы мамырда Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы ұйымның бағыты мен қызметін анықтайтын бірнеше мәселелрді қабылдады:
- Дәлелдеу жүйесін құру және халықаралық қылмыскерлерді іздестіру;
- Қашықтықтағы тұлғаларды сәйкестендіру бөлімі;
- Халықаралық полицияның басылымдары;
- Жалған ақша және жалған құжат жасау қылмысын әшкерелеу және алдын алуға байланысты бірлесп жоспар жасау.
Сол жылдың қарашасында Венада «Халықаралық қоғамдық қауымдастығы» басылымы шықты («Internationale offentliche sichertheit») .
Келесі сессия 1926 жылы Венада өтті, онда халықаралық қылмыстық жөніндегі ақпарат, мемлекеттер арасындағы полициялық орган арасындағы телеграфты байланысқы ережелер енгізу, порнографияның таралуы бойынша шаралар қолдануға байланысты резолюциялар қабылдады. Сол жылы Берлинде конгресс өтті, онда экстрадицияға байланысты мәселер қозғалған болтаын. 1926 жылы қыркүектің 17-30 аралығанда экстрадицияға байланысты халықаралық конгресс өтті. Бірақта бірінші конгресстен кейін экстрадицияға байланысты қағидалар қабылданып қойған болатын. 1930 жылы ғана ұстап беру мәселесі жүзеге асыратын қағидалар қабылданды.
Комиссия басшысы Рездент болды. Бірінші президент Иоган Шобер 1934 жылы Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының президенті, Австрия полициясының Президеті болу қажет деген болатын. Президентке көмек ретінде әкімшілік комитет құрған болатын. Комиссия жағынан жалған ақша жасаумен күресетін халықаралық орталық құрылды, сонмен қатар 1924 жылы жасырынып жүрген қылмыскерлерді халықаралық іздестіру қызметі және Халықаралық қылмыскерлер туралы ақпарат бөлімі, 1926 жылы қоғамға қауіпті тұлғаларды халықаралық тіркеу бөлімі, 30-шы жылдарда сәйкестендіру және полициялық радио байланыс бөлімі құрылған болатын. Қатысушы мемлекеттерде ұлттық полициялық орталықтар құрылған болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz