Психогенетиканың қалыптасып дамуы


Психогенетиканың қалыптасып дамуы
Жоспар:
- Психогенетика туралы жалпы түсінік.
- Психогенетиканың даму тарихы
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Психогенетика туралы жалпы түсінік.
Психогенетика - психо . . . және грекше genetikos - туылуына, шығу тегіне жататын дегенді білдіреді. Сонымен қатар бұл терминге тағы бірнеше түсініктеме беруге болады. Мысалы:
- 1) психикалық және мінез-құлықтық кейбір құбылыстардың тұқымқуалаушылық сипатын және олардың генотипке тәуелділігін зерттейтін ғылым саласы.
- 2психологияның генетикамен шектес саласы, психологиялық процестердің генетикалық негіздерін зерттейтін салааралық ғылым.
Генетика тұқымқуалаушық пен өзгергіштік заңдарын зерттейді. Тұқымқуалаушық тұқымына тән сипаттардың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп сақталуына мүмкіндік туғызады. Өзгергіштік жеке даму процессінде организмдердің жаңа белгілерге ие болу қасиеті. Жыныстық көбеюде белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа тұқымқуалай берілуінің негізгі заңдылықтарын ең алғаш чех ғалымы Грегор Мендель 1865 жылы ашқан. Генетика- бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы.
Тұқым қуалаушылық - ата тектерге тән белгілерді сақтаудағы тірі ағзалардың ортақ қасиеті. Тіршілік иесінің бұл ерекшелігін көбеюге дейінгі ДНҚ-ның еселенуі кезіндегі генетикалық ақпараттың берілуімен қамтамасыз етіледі. Тұқымқуалаушылық - ұрпақтар арасындағы материалдық және функционалдық сабақтастықты қамтамасыз ететін тірі организмдерге тән қасиет. Тұқым қуалаушылыққа байланысты тірі организмдердің морфология, физиология және биохимия құрылымы мен жеке даму ерекшеліктері ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Организмдердегі тұқымқуалаушылық факторларының болатынын алғаш болжам жасап, тұқым қуалау заңдылықтарын ашқан Г. Мендель болды. Ол ата-аналық дарабастарды бір-бірінен бір не бірнеше белгілері бойынша ажыратылады, ал ол факторлар ата-аналарынан ұрпақтарына жыныс жасушалары арқылы беріледі деген қорытынды жасады (Мендель заңдары) .
Өзгергіштік - тірі ағзалардың өз ата-енелерінен (ата тектерінен) айырмашылығындағы ортақ қасиеті. Дарақтар көбею кезінде ата тектерінен ешкімнің көшірмесін толық бере алмайды. Шындығына келсек, дарақтардың жыныссыз көбеюі кезінде де аналық формалардың дәлме-дәл көшірмесі болмайды. Өзгерістерді математикалық талдау арқылы есептеп шығаруға болады. Өзгергіштік белгілердің қарапайым графикалық жолдардың біреуі - өзгермелі нұсқалар қатары және өзгермей нұсқалық қисық сызық.
Тұқым қуаламайтын (модификациялы) өзгергіштік - қоршаған ортаның әрекетіне тікелей тәуелді. Мәселен, таудағы өсімдіктер мен жануар аласа болады. Бұл олардың икемділік сақтап, денесі қатты салқындаған кезде энергиясын жоғалтып алуынан құтқарады. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік құбылысы генетикалық жағынан біркелкі ағзалардан жақсы бақыланады. Сынақ тәжірибе ретінде, мысалы, өсімдіктердің өсімді көбеюі кезінде ұрпақтар саны көбірек алынады. Қызылталдық біреуінен (қарақат, терек, т. б. ) бірнеше бұтақ кесіп алып, олардан генетикалық жағынан барабар ағзалар есіруге болады. Біз осы дарақтарды әр түрлі жағдайларда (температура, жарық, топырақ ылгалдылығының сапасы мен дәрежесінде) отырғызсақ, фенотиптік жағынан әр алуан ұрпақтар аламыз. Ағзалардың әрқайсысы өз генотипін барынша қолайлылықта пайдаланады. Адамның бір жұмыртқадан туған егізінен тұқым қуаламайтын өзгергіштік айқын көрінеді.
Тұқым қуалау өзгергіштігін генотип, яғни тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері: хромосомалар, гендер қамтамасыз етті. Тұқым қуалау өзгергіштігі эволюциялық үдерісте орасан зор рөл атқарды. Соның арқасында ата тектерден ерекшеленіп қана қоймай, осы айырмашылықтарды келесі ұрпақтарға табыс етуге жәрдемдесе алатын ұрпақ пайда болды. Тұқым қуалау өзгергіштігшің үш негізгі түрі бар. Ұрпақтың үйлесімді өзгергіштігі кезінде ата тектердің белгілері жаңаша үйлесіп, қиыстырылды. Мәселен, қосбуданды шағылыстыру кезінде F 2 -дегі 16 ұрпақтардың әрқайсысынан «шешесіне де, әкесіне де ұксамайтын», атап айтқанда жасыл және өсімді ұрпақтар болды. Ал көпбуданды шағылыстыру кезінде көзге көрінетін белгілер саны ондаған немесе жүздеген мөлшермен есептеледі. Мұнымен бірге ата-ананың әрқайсысы өз ата тектерінен орасан көп белгілерді өзімен бірге тасымалдап жеткізеді. Ал мейоз кезінде хромосомалар кездейсоқ таратылады. Қандай да бір белгіге әсер ететін генетикалық материалдың кенеттен, секірмелі өзгеруін Мутация деп атайтынымыз белгілі. Бұл құбылыс еселену кезінде жиі етеді. Мысалы, бір нуклеотидтің орнына екінші бірін-бірі толықтыратын нуклеотид сапқа тұрады. Мутация тетігі күрделі және сан алуан. Ең ұсақ мутациялық өлшембірлік - мутон. Бар болғаны бір нуклеотид мутон бола алады. Бүл бір амин қышқылды өзгертеді, сөйтіп бүкіл нәруыздың түтас қасиетін өзгерте алады. Мутация ДНҚ-да біршама сирек өтеді. Жасуша өзінің тұқым қуалау материалын сақтауға тырысады. Мутация жиілігінің әр алуан болуы мүмкін. Бір геннің (гаметалар санына шакканда) мутациялардың орташа жиілігі дрозофил үшін - 1:100 000, адам үшін - 1:200 000 қатынасындай. Алайда жоғары сатыдағы ағза хромосомасының гаплоидтық жиынтығында тіпті бірнеше мың гендер болатынын ескеретін болсак, олардың әрқайсысы ең болмағанда 1:1 000 000 жиілікте өзгерте алатын мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайда ең болмағанда бір мутациялы гендері бар гаметалар саны жеткілікті мөлшерде көп болады. Дрозофиланың 50 -100 гаметаның әрқайсысынан кем дегенде бір мутация пайда болады.
Бір ағзаның әр алуан гендері әр түрлі жиілікте мутацияланады. Жүгері тұқымы реңінің гені 500 жиілікпен мутациялайды, ал тұқым өжімдігінің гені 1 жиілікте миллион гамета мутацияға ұшыратады. [1]
Психогенетиканың негізін Ф. Гальтон, Н. Жуел-Нильсон және т. б. қалады. Психогенетикалық жетістіктер адамның жасы келген сайын, оның зердесінің жеке ерекшелігіне генотиптің тигізер ықпалы айқындалып, күшейе түсетінін көрсетеді. Мысалы, адамның миллиондаған жылдар бойы ортаға бейімделу қабілетінің жетілуі, оның өзгеге және қоғамға деген қатынастары тұлғалық ерекшелігінің қалыптасуы осының айғағы.
Психогенетиканы кейде психология саласына жатқызады. Психогенетика адамның жеке тұлғалық психологиялық ерекшелігінің шығу тегі мен қалыптасуын генотип ортаның ықпалы арқылы қарастырады. Ғылымда адамның психикалық қызметінің даму факторлары туралы біржақты көзқарас қалыптасқан. Психогенетикадағы көптеген ізденістер жоғары психикалық қызметтің индивидтер арасындағы әртүрлілігін зият, ақыл-парасатпен салыстыруға айрықша мән береді. Психогенетикадағы тектестік дәрежесі мен ақыл-парасат күйінің көптеген көрсеткіштерінің арасында тікелей байланыс бар екендігін тапты. Адамдық, әлеуметтік факторлар мен жағдайлар жеке тұлғалық психикалық ерекшеліктерді генотипке бейімдеуге ықпал етеді деген болжам күшін жойған жоқ.
2. Психогенетиканың даму тарихы
Психогенетиканың ғылым ретінде қалыптасуы ағылшын ғалымы Ф. Гальтон есімімен байланысты.
Ф. Гальтон атасы Эразм Дарвин жағынан Чарльз Дарвиннің туыс ағасы болған. Дарвин медицина саласындағындай, Ф. Гальтонның отбасы өз ортасында қару жасаумен және банктік шаруалар арқылы өте танымал болған. Тұқымқуалаушылықтың сырларын ашумен айналысып, бір жатрлы егіздерді зерттеп бастаған. Адамның кейбір қасиеттері ұрпақтан-ұрпаққа ата-бабаларына берілетінің айқындаған. Сонымен қатар Ф. Гальтонды Н. А. Тимирязев «Англияның қайталанбас зерттеуші ғалымы және ойшылы» деген. Жас кезінде Ф. Гальтон көп саяхаттаған, география мен этнография қызықтырған. Оңтүстік Африкадағы зерттеуі үшін Географиялық қоғамның алтын медалімен марапатталып, Корольдік қоғамға сайланды. Топографиямен, метеорологиямен айналысқан. Ф. Гальтонның жетістіктерінің аяқ алысы деп 1865 жылғы «Тұқым қуалаушылық, талант және мінез» атты мақаласы адамның тұқым қуалаушылық мәселесі жайлы жұмысының бастамасын айтуға болады. 1869 жылғы «Дарындылықтың тұқым қуалаушылығы: оның заңдылықтарын зерттеу және нәтижелілігі» атты кітабында Ф. Гальтон дарындылықтың тұқым қуалаушылық мәселесін шешті.
Ф. Гальтонның еңбегіне сүйене отырып, корольдік әскери коллегияға түскендердің дарындылық қасиетін анықтаудың үш деңгейі мен баға беруде Кетленің «Орта деңгейден ауытқу» заңы енгізілді. Аталған заңға сәйкес ойлау қабілетінің тұрақты орта деңгейі, ал одан ауытқу генийге және идиотизмге дейін болады деген. И. И. Кангаевтің айтуы бойынша ағылшын математигі, статистикадағы биометрикалық мектептің басшысы, Гальтонның шәкірті, әрі досы К. Пирсон аталған еңбекті жақсы бағалап « Дарындылықты дәлелдеп қана қоймай, әрі итермелейтін күш болып табылады» деген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz