Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек



1. Сүйектің сынуы
2. Сүйек сынғанда алғашқы көмек
3. Буынның шығуы
4. Буын шыққанда алғашқы көмек
Жануарларда сүйектің сынуы өте көп кездеседі.Сүйек толық сынған жағдайда, сүйектің сынған жақтары бір-бірінен алыстайды.Жартылай сынған жағдайда- жарықтар түседі, шетттері мүжіледі; ашық сынған жағдайда- терісі жыртылады, ал жабық сынғанда- терісі бүтін күйде болады.Сүйектің сынуы буындардың ішінде және буынның сыртындағы түрінде кездеседі.
Сынық(fractura) - сүйек бүтіндігінің бұзылуы.Пайда болуына байланысты туа біткен және жүре пайда болған сынық болып бөлінеді.
Туа пайда болған сынықтар құрсақішілік кезінде қалыптасып, кездейсоқ жиі жағдайда, көпше түрде кездеседі және олар төлдің қаңқасының кемшіліктерінен болады. Туа пайда болған сынықтардан туу кезінде төлді шығаруға жұмсалған күштің әсерінен болған сынықтарды ажырата білген жөн.
1. Алғашқы ветеринариялық жәрдем Б.К.Ильясов, А.Б.Ильясов Шымкент 2011ж.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы: Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек

Орындаған : Сембаев М.О.
Тексерген: Ахметжанов О.Н.

Семей 2015
Жоспар
1. Сүйектің сынуы
2. Сүйек сынғанда алғашқы көмек
3. Буынның шығуы
4. Буын шыққанда алғашқы көмек

Сүйектің сынуы
Жануарларда сүйектің сынуы өте көп кездеседі.Сүйек толық сынған жағдайда, сүйектің сынған жақтары бір-бірінен алыстайды.Жартылай сынған жағдайда- жарықтар түседі, шетттері мүжіледі; ашық сынған жағдайда- терісі жыртылады, ал жабық сынғанда- терісі бүтін күйде болады.Сүйектің сынуы буындардың ішінде және буынның сыртындағы түрінде кездеседі.
Сынық(fractura) - сүйек бүтіндігінің бұзылуы.Пайда болуына байланысты туа біткен және жүре пайда болған сынық болып бөлінеді.
Туа пайда болған сынықтар құрсақішілік кезінде қалыптасып, кездейсоқ жиі жағдайда, көпше түрде кездеседі және олар төлдің қаңқасының кемшіліктерінен болады. Туа пайда болған сынықтардан туу кезінде төлді шығаруға жұмсалған күштің әсерінен болған сынықтарды ажырата білген жөн.
Жүре пайда болған сынықтар жарақаттық және патологиялық болып екіге бөлінеді.
Жарақаттық сынық деп - белгілі күштің (механикалық) әсерінен сау сүйектің тұтастығының бұзылуын айтады. Ал патологиялық сынық болса сүйектегі әртүрлі аурулардан қалыптасатын зақымдалу мен қабыну, асқыну, шіру, т.б. өзгерістердің салдарынан дамиды (остемиелит, туберкулез, эхинококк, жаралы ісіктер).
Сынық

Ашық Жабық

Ашық сынық - деп жарақаттанған сүйек бөлігінің аймағындағы тері мен кілегейлі қабаттың тұтастығының бұзылуын айтады. Бұл сынықтар өте қауіпті болып саналады, өйткені ол уақытта залалдану мен қабыну қаупі жоғары болады. Тері қабатының зақымдануы - сынық тудырушы күштің әсерінен немесе өткір сүйек сынықтарының теріні зақымдануынан және сырқатты тасымалдау әсерлерінен де болуы мүмкін.

Жабық сынықтар - деп жарақаттанған сүйек бөлігінің аймағындағы тері мен кілегей қабаттың тұтастығының сақталуын айтады.Терісі бүлінбеген жабық сынық тез жазылады. Белгілері. Аяқ - қолдың сүйегі түгел сынған жағдайда бірден ақсайды, қатты ауырады, сол жері ісіп кетеді, сынған жердің ұзындығы және пішіні кішірейеді, сүйектері қырнайды, сүйектердің бөліктерінің шықырлағаны естіледі. Сүйектің сынған бқліктері қимылдап тұрады. Жартылай сынған жағдайда мүшелердің қалыпты жұмысы бұзылады , сынған жерін қолымызбен сыйпап ұстағанда қатты ауырғанын байқауға болады.
Алғашқы көмек.Сүйек қозғалмас үшін, аяқ- қол қимылдамау қажет, ол үшін сол жерді арнайы байламмен қатты бекіту қажет.Ашық сынықта жарақаттың және терінің айналасын йодпен зарарсыздандырып, дәкемен байлап, содан соң қатты затпен бекітеді.Оларды қолда бар заттан дайындаймыз, мысалы: фанер, қалың кардон, ағаш қабықшаларынан немесе арнайы сымнан жасалған гипстер қолдануға болады.Сынған жерге арнайы байламдар қолданады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек туралы
Сүйек сынғанда мен буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек жайлы
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек туралы ақпарат
Сүйек сынуларында және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек туралы мәлімет
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек. Сүйектің сынуы
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек жайлы мәлімет
Пәндер